Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B04202 Халықаралық құқық в Сулейман Демирель атындағы университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Қазақстан және халықаралық деңгейде осы саланы толық игерген маман ретінде саналатын және де қоғамның заманауи сұраныстарына жауап бере алатын, шет тілдерін меңгерген, халықаралық жария және жеке құқық саласындағы білікті мамандар даярлау. Осы бағдарламаның сапалық ерекшелігі – халықаралық құқық саласында жоғары дәрежедегі білімі бар мамандарды даярлау ғана емес, сонымен қатар, өзін-өзі дамытуға, өзіндік ізденіске, құқықтық проблемаларды анықтап оны шешуге, оның ішінде креативті және критикалық ойлау тәсілдерін пайдалана отырып, замануи мамандарды даярлау болып табылады.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B049 Құқық
  • Дайындық бағыты 6B042 Құқық

Пәндер

  • Азаматтық құқық негіздері

    Пәнді оқу барысында студенттер жеке құқықтың негізгі институттары ұғымдарын, оларды пайдалану ерекшеліктерін және азаматтық құқықтың басқа құқық салаларымен арақатынасын қарастырады. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер: жеке құқық ұғымы мен мазмұнын меңгереді; азаматтық құқықтық қатынастар ұғымы және оның құрамын айқынтай алады; азаматтық құқық қағидаттарын меңгереді және нақты мәселелерді шешу кезінде олардың мазмұнын пайдаланалады; жеке құқық көздері және олардың арақатынасын түсінеді; азаматтық құқықтардың пайда болу негіздерін және оларды жүзеге асыру тәсілдерін біледі; азаматтық құқықтарды қорғаудың нысандары мен тәсілдерін қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Түрік тілі 1

    Курсты аяқтаған соң студенттер түрік тілінде жазу, сөйлеу, оқу, тыңдау дағдыларымен қатар түрік тілінің грамматикалық ерекшеліктерін де меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Заттық құқығы

    «Заттық құқығы» пәнін оқу мақсаты студенттердің заттық құқығының түсінігі, белгілері және жүйесі туралы білімдерін қалыптастыру. Оқыту барысында студенттер мүліктің құқықтық табиғатын, мүліктік құқықтарды алу және тоқтату негіздерімен танысады, шектелген заттық құқығының түрлерін ажыратады және оларды қорғау жолдарын біледі. Оқыту нәтижелері бойынша студенттер заттық құқығының туындау, жүзеге асыру және тоқтату тәртібін реттейтін құқықтық актілерді қолдану дағдыларына ие болады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Салыстырмалы конституциялық құқық

    Бұл пәнді оқыту барысында студенттер конституциялық құқықтың маңызды ғылыми – теориялық ережелерін, әр алуан мемлекеттермен Қазақстан Республикасының конституциясының даму кезеңдері зерттеу, сонымен қатар, демократиялық, құқықтық, әлеуметтік және зайырлы мемлекетті құру процесінде мемлекет пен қоғамның негізгі заңы ретіндегі Конституцияның рөлі мен функцияларын меңгеру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Түрік тілі 2

    Курс соңында студенттер жазу, сөйлеу, оқу, тыңдау дағдылары мен қабілеттерімен бірге түрік тілінің грамматикалық ерекшеліктерін игереді, сөз білімі саласында білім алады, фразеологиялық, терминологиялық сөздер мен сөз тіркестерінің көмегімен тілдік лексикасын кеңейтеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Құқықтану саласындағы ағылшын тілі

    Бұл пәнді оқытудың мақсаты кәсіби қарым-қатынас; көпшілік алдында сөйлеу; кәсіби ақпарат алу мақсатында заң әдебиеттерін оқу арқылы кәсіби заң қызметі процесінде шет тілді мәтіндермен жұмыс істеу үшін қажетті көлемде құқықтану бойынша лексика-грамматикалық минимумды; негізгі лексикасын (бейтарап, ғылыми стиль), сондай-ақ ағылшын тіліндегі заң терминологиясын; шет елдердегі құқықтарын; құқықтың негізгі бағыттарын көрсететін ағылшын тілінің лексикасы мен фразеологиясын; ағылшын тілінде хат алмасуды; ағылшын тіліндегі арнайы әдебиеттерді рефераттау, аннотациялау және аудару негіздерін меңгеру болып табылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 6
  • ҚР Қылмыстық құқығы

    ҚР Қылмыстық құқығы пәнін игеру аясында студенттер қылмыстық құқық саласындағы білімді меңгереді. Пәнді игеру кезінде студент қылмыстық заң, қылмыстық құқық бұзушылықтар түсінігі, қылмыс категориялары, жаза тағайындау тәртібі және басқа қылмыстық құқықтың негізгі категориялары мен институттарын зерттейді. Студент қылмыстық-құқықтық нормаларды қолдану дағдыларын дамытады, құқықтық мәдениет пен құқықтық сананың, қылмыстарға төзбеушіліктің жоғары деңгейін қалыптастырады. Сонымен қатар жазалану шектерін көрсете отырып, қылмыстың нақты түрлерінің құрамын анықтауға, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің тиісті баптары бойынша қылмыстарды дұрыс саралау қабілетін игереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 6
  • Халықаралық жария құқық II

    Бұл пәнді терең меңгеруге бағыттау арқылы студенттерді Халықаралық, мемлекеттер ынтымақтастығының құқықтық мәселелер кешенін үйрету; студенттердің адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау, қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастықты регламенттеу сияқты мемлекетаралық қарым-қатынастар салаларында олардың нормаларын бірлесіп қолдануға бағытталған халықаралық құқық арақатынасы және оларды өзара әрекеттесуінен туындайтын арнайы мәселелерді зерттеу; құқықтық мәселелерді дербес шешу дағдыларын меңгеруге көмектеседі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 5
  • Халықаралық қылмыстық құқық

    Халықаралық қылмыстық құқық курсы осы сала құқық негіздерін білуге және нақтылауға бағытталған және халықаралық құқықтың осы маңызды және өзекті саласын реттейтін принциптер мен нормаларды қамтиды. Студенттер халықаралық қылмыстық құқық негіздері туралы түсінікке ие болады және халықаралық мәселелер бойынша құқықтық дәлелдеу, зерттеу және талдау бойынша практикалық дағдыларға ие болады. Студенттер жалпыға қол жетімді құралдар мен мәліметтер базасын пайдалануы керек.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • ҚР Азаматтық процестік құқығы I

    "Азаматтық процесстік құқығы 1" пәнін игерудің мақсаты студенттердің жалпы юрисдикциялық соттарында азаматтық істерді қарау және шешу бойынша соттың және процеске өзге де қатысушылардың іс жүргізу қызметі туралы тұтас түсінігін қалыптастыру, құқықтық дерек көздермен, соның ішінде нормативтік құқықтық актілермен, құқық қолдану практикасы материалдарымен, арнайы әдебиеттермен дербес білікті жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру; соттарда дауларды шешу практикасын талдау, жалпы юрисдикциядағы соттар қабылдаған шешімдердің құқықтық салдарларын бағалау және іс жүргізу құжаттарын құрастыру болып табылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Кәсіпкерлік

    Курс кез келген қызмет саласы үшін қажетті негізгі білім болып саналады. Бұл курс сізге тиімді бизнесті нөлден қалай құруға болатындығын түсінуге және шағын кәсіпкерлікті басқару мен дамытудың практикалық дағдыларын дамытуға көмектеседі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Тіршілік қауіпсіздік негіздері

    Курс бастауыш, жалпы, орта кәсіптік және жоғары білім беру мекемелерінде оқытылатын оқу пәні болып табылады. Бұл курс студенттерге қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын және жеке қауіпсіздік мәселелеріне көзқарасты саналы түрде дамытуға көмектеседі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • ҚР Қылмыстық процестік құқығы

    «ҚР Қылмыстық процестік құқығы» пәнін оқу барысында, алдын ала тергеу органдарының, прокуратураның және соттың қылмыстық процедуралары туралы студенттерінің білімін қалыптастыру, қылмыстық процестің барлық мәселелері бойынша ғылымның қылмыстық процестік заңнамасының теориялық қағидаларын меңгеру, Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексінің нормаларын практикалық қолдану үшін практикалық дағдыларды меңгеру және студенттердің тергеу амалдарын және жағдайларын оңтайлы шешуге қабілеттілігін қалыптастыру және дамыту болып табылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Дауларды шешудің балама түрі

    Дауларды шешудің балама түрі дәстүрлі сот процесінен тыс дауларды шешудің әдістерін, соның ішінде медиация, арбитраж және келіссөздерді зерттейді. Бұл курс дауларды балама реттейтін принциптерді, процестерді және құқықтық негіздерді, сондай-ақ осы әдістермен байланысты артықшылықтар мен қиындықтарды қамтиды. Студенттер проблемаларды шешу бойынша практикалық дағдыларды дамытып, әртүрлі құқықтық контексттердегі балама шешудің рөлі туралы түсінік алады, заң, бизнес және халықаралық қатынастар салаларындағы тиімді дау шешу маңызды болып табылатын мансапқа дайындалады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • ҚР Азаматтық процестік құқығы II

    Пәнді оқытудың мақсаты – - азаматтық процестік құқық саласы бойынша кәсіби қызметке дайындау; - студенттерде азаматтық сот ісін жүргізудің түрлері мен сатылары туралы жүйелі, кешенді білімдер мен дағдыларды қалыптастыру. Пәннің міндеттері: - студенттерді азаматтық процестің жекелеген сатыларын, оның ішінде, атқарушылық іс жүргізуді, сондай-ақ шетелдік тұлғалардың қатысуымен іс жүргізуді реттейтін азаматтық-процестік нормалармен таныстыру; - азаматтық процестік құқықтың арнайы нормаларымен жұмыс істеуге дағдыландыру және оларды нақты өмірлік жағдайға қолдануға үйрету; - студенттерді азаматтық сот ісін жүргізу барысында туындайтын құқықтық жағдайларды талдауға және кәсіби міндеттерді дербес шешуге үйрету.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Интеллектуалдық меншік құқығы

    Осы пәннің нәтижесінде студенттер әр түрлі елдердің Интеллектуалды меншік құқығына салыстырмалы талдау жүргізеді, интеллектуалды және инновациялық қызмет туралы түсінік, Интеллектуалды меншік құқығы туралы түсінік қалыптастырады, «Интеллектуалды меншік құқығы» жүйесінің, оның институттарының, тұжырымдамаларының, субьектілерінің жұмысын зерттейді, тақырып, әдіс және дереккөздер, авторлық құқық негіздері, оның принциптері, объектілері, субъектілері, шығармалар авторларының жеке мүліктік және мүліктік емес, сабақтас құқықтары туралы түсініктерді анықтайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Халықаралық ұйымдар құқығы

    Бұл курсты оқу барысында, нормалары халықаралық ұйымдардың мәртебесін анықтайтын, олардың құрылуы мен қызметі мәселелерін реттейтін қазіргі заманғы халықаралық құқық саласын меңгеру. Бұл салада халықаралық нормалардың екі тобы қалыптасады: ұйымның «ішкіқұқығы» - ұйымның құрылымын, оның органдарының құзыреті мен жұмыс тәртібін, қызметкерлердің мәртебесін реттейтін ережелер; Ұйымның «сыртқықұқығы» - ұйымның мемлекеттер мен басқа халықаралық ұйымдармен келісім шарттарының нормалары.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Халықаралық шарттар құқығы

    Осы пәнді меңгеру нәтижесінде студент, халықаралық сипаттағы мәмілелер және халықаралық коммерциялық келісім-шарттар ұғымы, халықаралық келісімшарттық құқықтың коллизиялық мәселелері; халықаралық коммерциялық келісімшарттарды құқықтық реттеуді біріздендіру; тауарларды халықаралық сатып алу-сату шартының ерекшелігі; интернет-коммерцияны құқықтық реттеу тәртібін меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • Қазақстан Республикасындағы әкімшілік рәсімдер және әкімшілік сот ісін жүргізу

    Пәннің мақсаты әкімшілік рәсімдер саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге, оның ішінде мемлекеттік органдардың ведомствоаралық қызметін ұйымдастыруға және жария құқық саласындағы даулар саласындағы әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібі туралы түсінігін қалыптастыру. Мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін, әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруға байланысты қатынастарды, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібін реттеуге байланысты құқықтық қатынастар оқытылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • Адам құқықтарының халықаралық құқығы

    Пәннің мақсаты студенттерде адам құқықтарының әлеуметтік және заңды табиғаты туралы, заңнама, халықаралық актілер және қазақстандық және шетелдік азаматтардың құқықтарын қорғау механизмдері туралы жүйелі түсінік қалыптастыру болып табылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • Миграция және кеден құқығы

    Миграциялық және кедендік құқық адамдар мен тауарлардың шекара арқылы қозғалысын реттейтін құқықтық негіздер мен ережелерді зерттейді. Бұл курс иммиграциялық саясаттарды, босқындар және баспана заңдарын, шекара қауіпсіздігін, кедендік рәсімдерді және сауда талаптарын қамтиды. Студенттер халықаралық шарттарды, ұлттық заңдарды және жаһандық мобильділіктің экономика мен қоғамдарға әсерін талдайды. Курс студенттерді заң, үкімет, халықаралық ұйымдар және бизнес салаларындағы мансапқа дайындайды, шекарааралық қызметті реттеудің күрделілігі мен қиындықтарына назар аударады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • Атқарушылық іс жүргізу

    Студент атқарушылық іс жүргізу заңдарының нормаларына талдау жүргізуді, атқарушылық іс жүргізу тәжірибесінде өз бетінше қолдануды, процестік құжаттарды құрастыруды, азаматтық істер бойынша шығарылатын сот актілерінің орындалуы тәртібін, мүліктен өндіріп алу бөлігінде қылмыстық істер бойынша шығарылатын үкімдердің орындалу ерекшеліктерін, аралық сот және халықаралық коммерциялық төреліктердің шешімдерінің орындалу дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • Халықаралық заң фирмаларының практикасынан таңдамалы кейстер

    Бұл пән аясында, халықаралық құқық фирмаларының тәжірибесінен кейстерді зерттеуді және оларды талдауды меңгереді. Нəтижесінде студенттерге теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде пайдалануға мүмкіндік беріледі. Процедуралық құжаттарды (талап арыздар, тапсырмалар, анықтамалар, шешімдер мен шағымдар) жасау дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • Жасанды интеллект (AI), киберқауіпсіздік және құқық

    «Жасанды интеллект (AI), киберқауіпсіздік және құқық» курсы жасанды интеллект технологияларындағы жетістіктермен және сандық дәуірдегі киберқауіпсіздіктің маңыздылығымен байланысты құқықтық және реттеушілік проблемаларды үйренеді. Студенттер AI мен киберқауіпсіздікті реттейтін құқықтық негіздер мен нормаларды түсінуге назар аудара отырып, заң, технология және сандық дәуірдегі этиканы ұштастыра отырып меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Келіссөздер жүргізу, халықаралық шарттар мен мәмілелер жобаларын талдау, оларды әзірлеп үйрену, сот процестеріне қатысу, сонымен қатар, құқықтық саланы халықаралық деңгейде ғана емес, отандық заңнамамен жұмыс жасай алатын дағдыларға ие болады.
  • Бәсекеге қабілеттілігін арттырады, ұлттық және халықаралық құқықты саралау, сондай-ақ Қазақстан Республикасында ратификациялаған еуропалық құқықтық жазбаларды меңгеру, зерттеу және басқа да құқықтық заңнамалармен құқықтық актілерді зерттеу, орындау.
  • Теориялық және қолданбалы сипаттағы зерттеулер жүргізуге қабілетті болады және халықаралық-құқықтық құбылыстар мен процестерді ғылыми талдаудың негіздерін меңгереді.
  • Білікті құқықтық қорытындылар (баға) мен құқықтық сипаттағы құжаттарды жасауға қабілетті болады.
  • Халықаралық жария және жеке құқық саласында кәсіби нәтижеге қол жеткізу үшін қойылған міндеттерді шешудің дұрыс тактикасын әзірлеуге қабілетті болады.
  • Халықаралық құқықтың негізгі ұғымдары мен терминологиясын түсіндіруге, ажыратуға және қолдануға қабілетті болады.
  • Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге қабілетті болады.
  • Практикалық және теориялық проблемаларды шешу үшін бастапқы және қайталама құқықтық ресурстарды пайдалана отырып, құқықтық зерттеулер жүргізуге қабілетті болады.
  • Коммуникативтік байланыстарды құруға және қолдауға қабілетті болады.
  • Әртүрлі мәселелерді талдау және шешу дағдыларын дамыту, сонымен қатар қазіргі қоғамда негізделген шешімдер қабылдау үшін сыни ойлау мен этикалық принциптерді дамыту.
Top