6B03204 Архивтану, құжаттану және құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру бағдарламасының мақсаты-құжаттарды жинақтау, сақтау, сараптау, пайдалану және жариялаудың кәсіби міндеттерін шешуге, электрондық құжат айналымы жүйелерінде жұмыс істеуге икемді, архив ісі, басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету және археография салаларында білікті және бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B043 Кітапхана ісі, ақпараттарды өңдеу және мұрағат ісі
-
ҰБТ-дағы пәндер Қазақ/Орыс тілі және Қазақ/Орыс әдебиеті
-
Білім беру саласы 6B03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат
-
Дайындық бағыты 6B032 Журналистика және ақпарат
Пәндер
-
Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері
Пәннің мақсаты: сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылықтарды алдын-алу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қағидалары мен нормаларын қолдануды іс-жүзінде көрсете білу, жауапкершілік қабілетін қалыптастыру, азаматтық-құқықтық жауапкершілікке ие болып, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті, күнделікті өмірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің жүйесі мен қызметі, сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайлар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің халықаралық тәжірибесі оқытылатын болады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қаржы сауаттылығының негіздері
Пәннің мақсаты: қаржылық ақпаратты түсіну мен олардың жеке қаржы мәселелеріне қатысты сауатты және негізделген шешімдер қабылдау үшін студенттерде ұтымды қаржылық мінез-құлықты қалыптастыру, сонымен қатар сыни тұрғыдан бағалау қабілетін арттыру, қаржылық құралдарды, оның ішінде цифрлық технологияларды пайдалану арқылы қаржылық қызметтерді тұтынушылар ретінде олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға байланысты процестерді талдау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шетелдер архивтері
Пәннің мақсаты - студенттердің шетел архивтерді зерттеу саласында ғылыми көзқарастарын қалыптастыру және шетел архивтануының даму кезеңдерін көрсету. Пән әртүрлі тарихи кезеңдердегі шет елдерде архивтердің пайда болу, қалыптасу және даму тарихын, негізгі анықтамалар мен категориялық аппараттын зерделеуге, шетелдік архивтанудың негізгі мәселелерінің мәнін ашуға бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Абай ілімі
Мақсаты – болашақ мамандардың бойында өзін-өзі тану қабілетін қалыптастыру, Абай ілімін қазіргі Қазақстанның руханилығы мен зиялылығының негізі ретінде пайдалану, ел бірлігін және қоғамның азаматтық ынтымағын нығайту мақсатында өзінің кәсіби білімін, түсінігі мен қабілеттерін гуманизм және білім беру призмасы арқылы қолдана білу. Оқытылатын болады: Абай ілімі туралы түсінік; оқыту қайнары; Абай ілімінің құрамдас бөліктері; Абай ілімінің категориялары; Абай ілімін өлшеу құралдары; Абай ілімінің мәні мен мағынасы.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қосалқы тарихи пәндер
Пәннің мақсаты студенттердің арнайы тарихи пәндер білімдерін олардың кәсіби қызметінде пайдалану қабілетін қалыптастыру. ҚТП принциптері мен әдістері, қазіргі заманғы арнайы тарихи пәндерде қолданылатын негізгі ұғымдар мен терминдердің мазмұны, арнайы тарихи пәндердің қалыптасу және даму тарихы, қалыптасу кезеңдері, қазіргі жағдайы, ҚТП тарихи және архивтанулық зерттеулеріндегі ерекшеліктері мен рөлдері қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әл-Фараби және қазіргі заман
Пәннің мақсаты: студенттердің әлемдік және ұлттық мәдениеттің даму контекстіндегі ұлы түркі ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми және философиялық мұрасы туралы түсініктерді қалыптастыру. Әл-Фараби мұрасының ерекшеліктері және оның түркі философиясының қалыптасуына тигізген әсері; шығыс философиясының Еуропалық Ренессансқа әсер ету сипаты; ұлттық және әлемдік философия тарихының дәстүрлі және қазіргі заманғы мәселелері қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кәсіпкерлік
Мақсаты: экономикалық ойлау тәсілін; коммерциялық іске асырылатын индустриялық-инновациялық жобаларға бағытталуды қалыптастыру үшін қажетті өз бизнесін құрудың теориясы мен практикасы саласында базалық білімдерді қалыптастыру. Кәсіпкерлік, шағын және орта бизнестің ішкі және сыртқы ортасының негізгі шарттары; мемлекеттік реттеу және мемлекеттің кәсіпкерлік орта үшін рөлі мәселелері қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеудің әдістері
Мақсаты: әдіснамалық және ғылыми мәдениетті қалыптастыру; ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жүргізуде білім, білік және дағдылар жүйесін қалыптастыру. Зерттеудің жалпы ғылыми әдістері, оның ішінде ғылыми білімнің объективті мазмұнын табу үшін ғылыми ақпаратты іздеу, өңдеу, жүйелеу, талдау, синтездеу, жалпылау және дәлелдеу әдістері зерделенеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экология және адам тіршілігінің қауіпсіздігі
Мақсаты-адамның табиғатпен өзара әрекеттесу жағдайларын үйлесімді оңтайландыру қағидаттарын іске асыратын табиғатты пайдаланудың заманауи тұжырымдамаларына негізделген бірқатар негізгі құзыреттерді қалыптастыру. Оқытылатын болады: адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін табиғи ресурстарды тұрақты дамыту, сақтау және молайту қағидаттары, тәуекелдерді бағалау және азайту әдістері, қауіптерден, апаттардың салдарын жою шаралары, табиғи апаттар, қоршаған ортаны қорғау және қоршаған ортаны ұтымды басқару.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Архивтану
Мақсаты: студенттердің архивтануды кешенді ғылыми пән ретінде, болашақ кәсіби қызмет шеңберінде оны зерттеудің әдістері мен мәселелері туралы тұтас жүйелі түсініктерін қалыптастыру. Архивтанудың нормативтік-құқықтық базасы, Қазақстандағы архив ісінің ұйымдастырылуы, архивтану қағидаттары, архив құжаттарын жіктеу және жүйелеу, архив құжаттармен жұмыс істеудің негізгі кезеңдері сынды мәселелер қарастырылады
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Классикалық тілдер (латын, араб, парсы) (бастапқы деңгей)
Курста классикалық тілдердің (араб, парсы, латын) фонетикасын, лексикасын және грамматикасын бастауыш деңгейде оқыту қарастырылған. Оқу материалы негізінен диалогтік формада беріледі және қарапайым лексикалық-грамматикалық безендірілуімен ерекшеленеді. Алынған дағдылар мен білімдерді «Классикалық тілдер (араб, парсы, латын) (жалғастырушы деңгей)» пәнді оқу кезінде қолдану керек.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Қазақстанның мемлекеттік мекемелері
Пәннің мақсаты студенттердің мемлекеттің саяси жүйесінде мемлекеттік мекемелердің орны мен рөлін талдау қабілетін қалыптастыру. Мемлекеттік құрылыстың нысандары, мемлекеттік мекемелердің тарихи дамуындағы жүйесі, құзыреттері, функциялары мен жаңғыртылуы, мемлекеттік мекемелердің қызметі мен билік өкілеттіктері бойынша (заңнамалық, атқарушы, сот), мемлекеттік аппарат жүйесіндегі орны бойынша (жоғары, орталық, жергілікті) жіктелуі қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Құжаттық лингвистика
Пәннің мақсаты - студенттердің әртүрлі мазмұндағы құжаттардың мәтіндерімен жұмыс жасауда ақпараттық-құжаттамалық мәдениетін қалыптастыру. Іскерлік қарым-қатынастың негізгі теориялық тұжырымдамалары, іскери құжаттардың алуан түрлерінде тілдік құралдарды қолдану ерекшеліктері қарастырылады, құжаттарды стандарттау мен біріздендірудің тілдік жақтарына көп көңіл бөлінеді. Пән құжат лингвистикасының принциптерін, жіктемесі мен жүйелеуді, негізгі ережелерінің мазмұнын зерттеуге бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы
Курстың мақсаты: Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихының негізгі кезеңдерін, оның ішінде Ресей империясының Қазақстандағы реформалары мен эксперименттерін, Алаш қозғалысының тарихын, Кеңсетік жүйедегі Қазақстан тарихын, ХХ ғасырдың 20-30 жж. зобалаң, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы КСРО-ның ыдырауының себебі ретінде, Қазақстанның тәуелсіздік алуын зерттеу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Қазақстанда іс қағаздарын жүргізу
Пәннің мақсаты-түрлі тарихи кезеңдердегі мемлекеттік басқару аппараттардағы кеңсе жұмысының даму тенденцияларын және іс жүргізу жұмысын жетілдіру жолдарын талдау қабілетін қалыптастыру. Мынадай аспектілер қарастырылады: Қазақстанда іс жүргізудің қалыптасуы; ХV-ХІХ ғ.және ХХ ғ. іс жүргізуді ұйымдастырудың ерекшеліктері, іс жүргізудің қазіргі заманғы жүйесі, құжаттардың алуан түрлері мен типтерін дайындау мен ресімдеудің ерекшеліктері.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Деректану
Пәннің мақсаты - студенттердің құжаттардың құндылығын сараптау үшін олардың архив қорларын толықтырудағы әсерін тигізуде, құжаттар, деректермен жұмыс жасауға дағдыларын қалыптастыру. Пән деректанудың теориялық-әдіснамалық негіздерін, деректану принциптерін, жіктелуі мен жүйеленуін, дереккөзбен жұмыс істеудің негізгі кезеңдерінің мазмұнын: деректанулық эвристика, тарихи деректердердің сыртқы және ішкі сындарын, тарихи деректерді талдауды зерттеуге бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 5
-
Құжаттану
Пәннің мақсаты - студенттердің құжаттану ғылымның әдістемелік және ұйымдастырушылық мәселелерін зерттеу негізінде салалық құжаттамалық жүйені анықтау және бағалау мүмкіндігін қалыптастыру. Құжаттанудың негіздері, ұғымдық аппараттын қалыптастыру, құжаттарды жіктеу, жүйелеу, құжаттың материалдық негіздері, құжаттамалық қызметтің негізгі бағыттарының мазмұны, құжаттанудың қазіргі заманғы қолданбалы пәндермен өзара байланыстары қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 6
-
Классикалық тілдер (латын, араб, парсы) (жалғастырушы денгей)
Жалғастырушы деңгейге сәйкес қажетті білім мен дағдыны қалыптастыратын пән. Курс грамматика мен лексиканы, атап айтқанда, фонетиканы, тіл мен дыбыстардың айтылуын ажыратуды қарастырады. Бұл материал күрделі лексикалық және мағыналық сөз тіркестері бар грамматикалық сөйлемдерден тұрады. Архив және кітапхана қорларындағы дереккөздермен (араб, парсы және латын тілді) жұмыс жасауға үлесін тигізеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 6
-
ҚР еңбек құқығы
Пәннің мақсаты: ҚР еңбек қатынастарын реттейтін құқықтық нормаларды қолдану ерекшеліктерін талдау қабілетін қалыптастыру; еңбек қатынастарына қатысты іс жүргізу құжаттарын жасай білу. Окытылатын болады: еңбек құқығының мәні, мақсаты мен көздері, субъектілер туралы, еңбек тәртіптік жауапкершілігі туралы жалпы ережелер, қызметкерлердің жекелеген санаттарымен еңбек шартын жасасу тәртібі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Архивтанудың теориясы мен әдістемесі
Пәннің мақсаты - студенттердің архивтанудың теориялық және әдістемелік бағыттары жөнінде жүйелі түсініктерін қалыптастыру. Келесі аспектілер қарастырылады: архив құжаттарын жіктеудің теориялық негіздері; қорландыру, архивтерде құжаттарды ұйымдастыру бойынша жұмыс әдістемесі; архивтерді құжаттармен жинақтаудың ғылыми-әдістемелік аспектілері; архивтану теориясы мен әдістемесі саласындағы ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыс.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету технологиясы және ұйымдастыруы
Пәннің мақсаты - студенттердің құжаттармен жұмыс істеуді ұйымдастыру мен технологиясының жүйелі түрде түсініктерін және алынған білімдерін тәжірибеде қолдану қабілеттілігін қалыптастыру. БҚҚ қызметін ұйымдастыру; БҚҚ қызметтерінің құрамын айқындау жөніндегі нормативтік-әдістемелік құжаттардың құрамы мен мазмұнын талдау; басқару құжаттарының технологиясы, жобалануы және әзірленуі; азаматтардың өтініштері бойынша іс жүргізуді ұйымдастыру мәселелері қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау
Пәннің мақсаты - студенттердің заманауи ақпараттық қоғамды дамытуда ақпараттардың мәні мен маңыздылығын түсіну қабілеттілігін қалыптастыру. Пән қорғалатын ақпараттың құрамын, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметтің түрлері мен әдістерінің ақпарат қауіптерінің құрылымын, ақпараттық қауіпсіздікті құқықтық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету негіздерін, ақпараттық қауіпсіздікті жіктеуді, ақпаратты қорғау әдістері мен құралдарын талдауды зерделеуге бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Архивтік менеджмент және маркетинг
Пәннің мақсаты студенттердің басқарудың қазіргі заманғы әдістері мен технологияларын, архивтік қызметті табысты насихатталуын сипаттау және бағалау қабілетін қалыптастыру. Пән архивті басқарудың негізгі функцияларын және архив ісінде менеджмент пен маркетингтің қазіргі заманғы үрдістерін, архив ісінің экономикасын зерделеуге, архивте маркетингтік қызметтерді қолдануға бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
ҚР әкімшілік құқығы
Пәннің мақсаты: мемлекеттік реттеу мен басқару ерекшеліктерін талдау қабілетін қалыптастыру; биліктің атқарушы органдарының қызметінде құқық нормаларын қолдана білу; әкімшілік мәжбүрлеу және әкімшілік жауапкершілік саласындағы құқықтық құжаттарды ресімдей, жүйелей білу.Окытылатын болады: Әкімшілік құқық көздері; әкімшілік-құқықтық қатынастардың мазмұны; әкімшілік құқық субъектілері; әкімшілік-құқықтық әдістер; әкімшілік жауапкершілік; әкімшілік құқық бұзушылықтардың түрлері.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Электронды құжаттар және архивтер
Пәннің мақсаты студенттердің республикадағы және шетелдегі электронды құжат айналымының қазіргі жай-күйі, архивтерде электронды құжаттардың сақтау перспективалары туралы жүйелі түсініктерін қалыптастыру. Электронды құжаттармен архивтік жұмыс дағдыларын меңгеруге, құжаттардың өмірлік циклын, электронды архивтерді құру үшін қазіргі заманғы аппараттық-бағдарламалық құралдарды зерделеуге және электронды құжат жүйелерінде жұмыс істей білуге бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Ведомстволық архивтер
Курстың мақсаты-студенттерге ведомстволық архивтердің жұмысын ұйымдастыру туралы терең және жан-жақты түсінік беру. Ұйымдар архивтерінің міндеттері мен функциялары, құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелері, ведомстволық архивтер қызметінің қағидаттары, құжаттарды ведомстволық сақтауды ұйымдастыруға қойылатын ережелер мен талаптар, толықтыру, есепке алу, сараптау, мемлекеттік архивтерге құжаттарды дайындау және беру үдерісі қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Аудиовизуалды архивтер
Пәннің мақсаты- студенттердің аудиовизуалды архивтер құжаттарын құру, сақтау және пайдалану салаларында теориялық білімдер мен тәжірибелік дағдылар қабілеттілігін қалыптастыру. Кинофотофоноқұжаттар архивін қалыптастыру және дамыту; аудиовизуалды құжаттардың жіктелуі; аудиовизуалды архивтің құрамы мен мазмұны; толықтыру көздері; есепке алу; кинофотофоноқұжаттардың сараптамасы; аудиовизуалды құжаттарды сақтау технологиясы; КФФ архивінің ақпараттық жұмысы; аудиовизуалды құжаттарды пайдалану мәселелері қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Ғылыми- техникалық және бизнес архивтер
Пәннің мақсаты - студенттердің ғылыми-техникалық және бизнес құжаттамамен жұмыс жасау дағдылары мен оларды іс жүзінде тәжірибеде қолдануға қабілеттілігін қалыптастыру. Пән бизнес және ғылыми-техникалық құжаттаманы іріктеуді, жинақтауды, жүйелеуді, сипаттауды, есепке алуды және пайдалануды; ҒТҚ ғылыми-анықтамалық аппаратының жүйесін, ҒТҚ және бизнес құжаттаманың құндылығын сараптауды; ҒТҚ архиві құжаттарының сақталуын қамтамасыз етуді зерделеуге бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 6
-
Жеке текті архивтер
Пәннің мақсаты -болашақ архивистердің жеке текті құжаттармен жұмыс жасаудың дағдыларын қалыптастыру. Жеке текті құжаттармен жұмысты ұйымдастыру, толықтыру, құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу, жеке архивтерді мемлекеттік архивтерге сақтауға беру; жеке құжаттарды іріктеу; жеке архивтердің құжаттарын сатып алу үдерісін бағалау; жеке архивтердің құжаттарын пайдалану сынды мәселелер қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Палеография
Курстың мақсаты студенттердің палеография саласында теориялық білім мен практикалық дағдыларын қалыптастыру. Пән жазуды, олардың эволюциясын, жазу ерекшеліктерін; мәтіндерді оқу; құжаттардың мерзімін анықтау; құжаттың және оның авторының жазылған жерін анықтау; қолжазбалардың түпнұсқалығын және жалғандығын анықтау, палеографияның әдістері мен техникалық тәсілдерін анықтау; қолжазба мәтіндерін зерттеуге бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Архив құжаттарын сақталуын қамтамасыз ету және архивтік климатология
Мақсаты - Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету әдістерін меңгеру және оларды іс жүзінде қолдана алу. Курс архив қоймаларының температуралық және ылғалдылық режимін сақтаудан бастап, қалпына келтіру, архивтік климатология мәселелеріне дейін құжаттарды ұзақ уақыт сақтау мәселелерін шешумен байланысты архив жұмыстарының кезеңдерін зерттеуге бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Персоналды басқару
Пәннің мақсаты - персоналды басқару саласында теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларды меңгеру қабілетін қалыптастыру. Келесі аспектілер қарастырылады: қазіргі жағдайдағы кадр саясаты, кадр қызметінің жұмысын заңнамалық, нормативтік-әдістемелік және ұйымдастырушылық реттеу, еңбек қатынастарын құжаттандыру, кадр құжаттарымен жұмыс жасау, кадр қызметінде құжаттардың ағымдағы сақталуы, жеке құрам бойынша құжаттар, менеджмент үрдісі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Электронды құжат айналым жүйелері
Пәннің мақсаты студенттердің электронды құжат айналымы туралы теориялық білімдерімен және ЭҚЖ-мен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын қалыптастыру. ЭҚЖ айқындау, жіктелуі, функциялары, ЭҚАЖ жұмысын құқықтық реттеу, электронды құжат айналымын енгізу ерекшеліктері (ЭҚЖ таңдау, енгізу әдістемесі, нақты ұйымдардың ЭҚЖ-ға қойылатын талаптарды әзірлеу), мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің жұмыстарында ЭҚЖ қолдану сынды мәселелер қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Құжаттаманы басқарудың құқықтық негіздері
Пәннің мақсаты - студенттердің құжаттаманы басқарудың құқықтық негіздері туралы жүйелі түсініктері мен болашақ кәсіби қызметтерінде алынған білімдерді қолдануға қабілеттілігін қалыптастыру. «Ашық қоғам», «ақпараттық қоғам», «ақпараттандыру» ұғымдары, құжаттаманы басқаруды құқықтық реттеу туралы қоғамды ақпараттандыру; Қазақстанда ҚБҚ құқықтық жүйесі; шетелде құжаттаманы басқаруды ұйымдастырудың құқықтық негізінің қазіргі заманғы үрдістері мен қағидаттары қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Интеллектуалдық құқық
Пәннің мақсаты: практикалық қызмет (ғылым, білім, әдебиет, өнер, өнеркәсіп, компьютерлік технологиялар, Спорт және т.б.) саласында зияткерлік меншік нәтижелерін қорғауды реттейтін құқықтық нормаларды талдау, бағалау, қолдану және пайдалану қабілеттерін қалыптастыру. Окытылатын болады: зияткерлік меншік құқығының негізгі ұғымдары; авторлық, патенттік құқықтарды, қызметтік туындылар мен өнертабыстарды құқықтық қорғау зерделенетін болады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Қазақстан тарихнамасы
Пәннің мақсаты- зерттеу жұмыстарында тарихнамалық талдау әдістерін тиімді пайдалану қабілеттілігін қалыптастыру. Пән Отандық тарихнаманың қалыптасу және даму кезеңдері мен тарихи білімнің даму деңгейлерін зерттеуге бағытталған: ІХ-ХІІ ғасырлардағы тарихнамалық ой; Қазақстан тарихының тарихнамалық дәстүрі (ХІІІ - ХҮІІІ ғғ.). ХІХ ғ. тарихнаманың даму ерекшеліктері. ХХ ғ. Қазақстан тарихнамасы. Тәуелсіз Қазақстанның тарихнамасы қарастырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Архив құжаттарын құндылығын сараптау және бағалау
Мақсаты-архивтанудың теориялық қағидаттарына сәйкес құжаттардың құндылығын бағалау және сараптау саласында студенттердің практикалық дағдыларын қалыптастыру. Курста ҚР Ұлттық архив қорын қалыптастырудағы құжаттарды бағалаудың рөлі. Сараптама әдістері мен өлшемшарттары. ҚР ҰАҚ құжаттарын санаттау. Архивтік құжаттарды материалдық бағалау әдістемесі. Құжаттардың құндылығын сараптаудағы деректанулық талдау.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
ҚБҚ және архив ісіндегі консалтинг және аудит
Мақсаты студенттердің басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету және архив ісін саласында консалтинг және аудит жүргізу технологиясы бойынша практикалық машықтары мен дағдыларын қалыптастыру. Курста басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету және архив ісі саласындағы консалтинг пен аудиттің теориялық негіздері, консалтинг пен аудиттің әдіснамасы, кеңесшілік және аудиторлық қызметтерді құжаттамалық тұрғыда ресімделуі қарастырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру негізі
Мақсаты: студенттердің шығармашылық тұрғыда ойлау, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жеке жүргізу, талдау және ақпаратты қорытындылау қабілеттілігін қалыптастыру. Мынадай аспектілер қарастырылады: ғылыми зерттеулерді жіктеу; ғылыми зерттеулерді жүргізудің жалпы санаттары, ұғымдары, қағидаттары, әдістері мен әдіснамалары; ғылыми зерттеу тақырыбын таңдау; ғылыми ақпаратты жинау; ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, жоспарлау, дайындау, ресімдеу; ғылыми зерттеулердің нәтижелерін енгізу.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Архив құжаттарын қайта қалпына келтіру технологиялары
Мақсаты - студенттердің құжаттарды қалпына келтіру әдістерін меңгеру және оларды тәжірибеде қолдануға қабілеттілігін қалыптастыру. Қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру. Реставратордың құжаттармен жұмыс істеу ережелері. Технологиялық нұсқаулар және қалпына келтіру технологиялары. Реставратордың бүлінген құжатпен жұмысы. Құжатты дезинфекциялық өңдеу. Құжаттарды тазарту. Дәстүрлі емес ақпарат тасымалдаушыларын қалпына келтіру. Қалпына келтіру технологиялары. Қалпына келтіру төлқұжаты қарастырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
ҚБҚ және архив саласындағы аутсорсинг
Мақсаты: студенттердің теориялық білімі мен практикалық дағдыларын қалыптастыру және аутсорсинг саласындағы техникалық әдістерді игеру. Курста мыналар қарастырылады: Аутсорсинг түсінігінің мазмұны, негізгі принциптері. ҚБҚ және архив ісінде аутсорсингтің нормативтік-құқықтық реттелуі. Құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету саласындағы аутсорсинг. Архивтік аутсорсинг. Архивтік аутсорсингте ақпараттық технологияларды пайдалану. Құжаттарды архивтік өңдеу және жою.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету саласындағы ақпараттық технологиялар
Мақсаты: студенттердің құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету саласында ақпараттық технологияларды қолданудың қолданбалы негіздерін сипаттау мен бағалауда қабілеттілігін қалыптастыру. ҚБҚ-де ақпараттық технологияларды енгізу кезеңдері; автоматтандыру тиімділігін бағалау әдістері; дерекқорлар және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету; ҚБҚ-де Интернет-технологияларды қолдану, ҚБҚ-де пайдаланылатын ақпараттық жүйелерде ақпаратты қорғау құралдары қарастырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Автоматтандырылған архивтік технологиялар
Пәннің мақсаты - студенттердің архив ісі саласындағы автоматтандырылған технологияларі туралы базалық білімдерін қалыптастыру. Пән студенттерді курс терминологиясымен және архив ісін ақпараттандыру кезеңдерімен, архив ісін ақпараттандыру объектілері және мақсаттарымен, ақпараттық технологиялары және оларды архивке енгізуді ұйымдастырумен, электронды құжаттармен және архивтермен жұмыс істеу әдістемесімен таныстыруға бағытталған.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Археография
Пәннің мақсаты - әр түрлі типтегі басылымдар үшін құжаттарды анықтау және таңдау қабілеттілігін қалыптастыру. Пән археография теориясы мен тәжірибесін, құжаттық жарияланымдарды дайындау әдістемесін, құжаттарды анықтау және іріктеу қағидаттарын, археографиялық өңдеуді, әртүрлі кезеңдегі құжаттардың мәтінін таңдау және беру әдістемесін, жарияланымның ғылыми-анықтамалық аппаратын құрастыруды, жарияланатын құжаттардың археографиялық ресімделуін зерделеуге бағытталған.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 6
-
Қазақстан тарихының деректері
Мақсаты - студенттердің өздерінің кәсіби қызметінде және әлеуметтік тәжірибесінде қазіргі заманғы ғылымның тарихи деректер туралы әдістерін қолдануға қабілеттілігін қалыптастыру. Деректердің жіктелуі, жекелеген түрлері: заңнамалық, статистикалық деректер, іс жүргізу материалдары; мерзімді баспасөз; архив құжаттары, аудиовизуалды құжаттар, жеке текті құжаттар, эпистолярлық деректер, «Мәдени мұра», «Архив 2025» бағдарламалары аясындағы анықталған деректер қарастырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Іс қағаздарын жүргізудің даму тенденцияларын, құжаттаманы басқаруды ұйымдастырудың құқықтық негізінің принциптерін талдай отырып, басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінің жұмысын ұйымдастыру.
- Ғылыми, анықтамалық және тәжірибелік мақсаттарда ҚР Ұлттық архив қорының құжаттарын (аудиовизуалды, ғылыми-техникалық және жеке текті құжаттар) анықтау, іріктеу және пайдалану.
- Отандық және шетелдік архивтану, құжаттану, архивтану теориясы мен әдістемесі, іс жүргізу, мемлекеттік мекемелердің тарихы, археография, деректану, тарих және тарихнама салаларында кәсіби білімдерін көрсету.
- Архив және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету жұмысына ақпараттық жүйелер мен бағдарламаларды енгізу, электрондық құжат айналымы жүйесін таңдау, кәсіпорындардың электрондық архивін құру, ақпараттық қауіпсіздікті, деректердің тұтастығын және ақпаратты қорғауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету.
- Архивтік аутсорсинг қызметтерін, архивтік климатологияның заманауи әдістемелерін, қайта қалпына келтіру технологияларын, құжаттарды ведомстволық сақтауды ұйымдастыруға қойылатын ережелер мен талаптарды қолдана отырып, архивтік құжаттардың (оның ішінде аудиовизуалды, ғылыми-техникалық, электрондық) сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жүргізу.
- ҚР Ұлттық архив қорын құжаттармен (ғылыми-техникалық, аудиовизуалды, электрондық, жеке текті құжаттар) жинақтау кезеңдерін талдау, құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу, сараптамалық қорытынды жасау.
- Тарихи деректермен жұмыс істеу кезінде қослқы тарихи пәндер, деректану, құжаттық лингвистика, араб, парсы және латын тілдерінің білімдерін пайдалана отырып, құжаттардың түпнұсқалығын, палеографиялық ерекшеліктерін, ақпараттың құндылығын бағалау өлшемшарттарын анықтау.
- Аутсорсингтік, консалтингтік және аудиторлық қызметтерді жүргізе отырып, архив саласындағы және құжаттамалық қамтамасыз етудегі менеджмент пен маркетингтің тиімділік факторларын айқындау, оларды іске асыруға бағытталған іс-шараларды жоспарлау және жүзеге асыру.
- Персоналды басқару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, кадрлық және басқарушылық құжаттаманы әзірлеу арқылы электрондық құжат айналымын оңтайландыру, кадрлық консалтинг пен аудитті жүргізе отырып, құқықтық нормаларды іске асыратын шешімдер мен іс-қимылдар қабылдау.
- Ғылыми зерттеулер жүргізу үшін отандық және шетелдік архивтер қорларындағы құжаттарды анықтау, іріктеу, археографиялық өңдеу әдістемесін және архивтік құжаттармен жұмыста зияткерлік меншік құқықтарын реттеу әдістерін іс жүзінде қолдану.
- Ақпараттық технологияларды қолдана отырып, дәстүрлі және электрондық құжаттарды мемлекеттік сақтауға қабылдау, құжаттарды реставрациялау, дезинфекциялау және тазарту және өшіп бара жатқан мәтінді қалпына келтіру бойынша жұмыстарды жүзеге асыру.
- Философия, әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, экология, информатика, тарих, тарихнама, қосалқы тарихи пәндер, мемлекеттік мекемелердің тарихы, экономика, лингвистика және құқық сияқты сабақтас ғылымдардың білімдерін кәсіби мақсаттарында пайдалану, стандартты емес жағдайларға бейімделу, командада жұмыс істеу.