6B02124 Медиаөнер в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Креативті индустрияны дамытуға үлес қосатын, медиаөнімдердің мазмұны мен сапасын арттыратын, өнер туындыларының көркемдік ерекшеліктерін, аудиторияға ұсынуға дейінгі және жарық көргеннен кейінгі үдерісті сыни тұрғыдан сараптайтын маман даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B029 Аудиовизуалды құрылғылар және медиа өндіріс
-
ҰБТ-дағы пәндер Шығармашылық емтихан және Шығармашылық емтихан
-
Білім беру саласы 6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B021 Өнер
Пәндер
-
Қазақ баспасөзінің тарихы
Пәннің мақсаты қазақ баспасөзінің қалыптасуы мен даму жолдарын, газет, журналдардың шығу тарихы мен сол кезеңдегі қоғамдық-саяси оқиғалардың баспасөзде жазылуы, редакция мен авторлар, басылымның бағыт-бағдары мен мазмұны туралы білім беру. Қазақ баспасөзі тарихын біледі, әр жылдардағы баспасөздің көтерген мәселелері мен өзекті тақырыптарына талдау жасайды. Белгілі публицистер мен жетекші тұлғалардың шығармашылық шеберліктері туралы біледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Медиакоммуникация негіздері
Пәннің мақсаты бұқаралық коммуникацияны оқыту, түрлері мен теорияларының негізгі қағидаларын меңгерту, практикалық дағдыларын үйрету. Медиакоммуникация бойынша қызметтің ерекшеліктерін біледі, медиаконвергенцияның негізгі принциптерін үйренеді. Медиакоммуникация негіздерін біледі, аудиториямен, әріптестермен, мемлекеттік тұлғалармен және басқа да ұйымдармен байланыс жасаудың әдістерін үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Жазу және редакциялау технологиясы
Пәннің мақсаты – білім алушыларды жазу өнері мен редакциялауға үйрету. Ақпаратты баяндау, деректер мен сандарды қолдану, тақырып қою, маңызды ақпаратты таңдау, тұжырым жасау, мақаланың композициясын құру секілді шығармашылық тапсырмаларды орындау арқылы мақала жазуға және дайын мәтіндерді редакциялауды оқыту. Автордың ойын ұтымды жеткізудің теориялық мәселелері мен қоса редакциялаудың түрлерін меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экология негіздері және тіршілік қауіпсіздігі
Адамзаттың басты құндылықтарына бағынышты жеке тұлғаның экологиялық мәдениетін дамыту, экологиялық көзқарасты қалыптастыру арқылы экологиялық ақпараттың жариялылығына сай қазіргі кездегі қоршаған ортаның көптеген экологиялық мәселелерін шешу қоғамның саналы іс-әрекеті мен әрбір адамның жоғары деңгейде экологиялық ой-санасына байланысты.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
«Өнер және гуманитарлық ғылымдар» бағытындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» пәні адамның толық моральдық дамуы үшін қажет. Гуманитарлық мамандықтар бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласын реттейтін нормативті актілерді зерделеу лингвистика, өнер, дизайн және басқа салалардағы мамандарды даярлауға арналған. Бұл пәнді оқытудың мақсаты - негізгі мамандықтар бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негіздерін қалыптастыру болып табылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ және әлем өнері тарихы
Пәннің мақсаты қазақ және әлем өнерінің тарихы мен ерекшеліктерімен, өнер әлеміндегі тұлғалардың шығармашылығын оқыту. Ұлттық және әлем өнерінің тарихындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды, сәулет және бейнелеу өнеріндегі құндылықтар, қолөнердің қалыптасуы мен дамуы, сондай-ақ бүгінгі өнер түрлерінің бағыт-бағдары жайлы біледі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Ғылыми зерттеу негіздері
Пәннің мақсаты әлеуметтік зерттеу әдістерін, ғылыми мақала, ғылыми жоба, жұмыс жазудың талаптары мен негіздерін үйрету. Ғылыми зерттеудің теориялық және эмпирикалық әдістерін, олардың ерекшеліктерін, зерттеу нысанына қарай пайдалануды үйрету. Эксперимент жасау, сауалнама құрастыру, сауаланаманың қорытындысын шығару, зерттеу жұмысында түрлі талдау әдістерін пайдалана отырып, интернет платоформалар көмегімен қорыту, ғылыми ақпараттық базалармен, халықаралық ғылыми басылымдар базаларымен жұмыс істеуге дағдылану.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әдеби тіл нормалары
Пәннің мақсаты - болашақ редакторларды тіл сауаттылығына үйрету, тілдік норма (лексикалық, сөзжасамдық, грамматикалық, дыбысталу нормасы); этика – сөз нормалары (сөйлеу этикасының ережелері); коммуникативті норма (сөйлеу қарым-қатынасының тиімділік қағидалары) туралы түсінік қалыптастыру, орфоэпиялық норма – сөздерді дұрыс айту, лексикалық норма сөздерді іріктеп, талғаммен қолдану, граммматикалық норма сөйлеу мәдениетінде ойдың дәлдігі, сөздің анықтығы мен тазалығы және көңіл күйге әсер ететін шынайылығын үйрету. Әдеби тіл нормаларын біледі, сөзді дұрыс қолдануды үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Драматургия негіздері
Пәннің мақсаты драматургия негіздері бойынша теориялық білім беру; классикалық драматургияның дәстүрлі негіздері туралы үйрету; драматургиялық шығармаларды ғылыми талдау техникасын меңгеру; классикалық және қазіргі заманғы драматургияның негізгі бағыттарын зерделеу; драматургиялық шығарманы жасаудың негізгі ережелері мен тәсілдерімен таныстыру; театрландырылған көріністер мен мерекелер үшін драматургиялық негіз құру әдістерін үйрену.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Графикалық дизайн
Пәннің мақсаты коммуникация ғылымы мен эстетика өнерінің өзара байланысын түсіндіру, коммуникациялық дизайн ретінде медиаөнімнің аудиторияға әсер ету мүмкіндіктерін арттыру, сондай-ақ графикалық бағдарламаларда түрлі элементтер мен әдістерді пайдалануды меңгерту.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Видеоөнім дайындау
Пәннің мақсаты бейнетүсірілім мен монтаж жасаудың негізгі техникасын үйрету; цифрлық технологияларды қолданып видеотүсірілім, видеомонтаж жасау кезінде түрлі анимациялық, телевизиялық эффектілер қолдануды, монтажкезінде кадрлар ережесін сақтауды меңгерту.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Медиа және бизнес
Пәннің мақсаты студенттерде заманауи медиа-бизнес туралы түсінік қалыптастыру; медиа бизнесті және оның қоғамдық экономикалық жүйедегі орны мен рөлін зерттеу; түрлі зерттеу тәсілдері мен әдістерін меңгеру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Анимациялық өнер
Пәннің мақсаты білім алушыларға анимациялық өнердің қалыптасу, даму жолдары мен жанрлық ерекшеліктерін, қазіргі цифрлық технология мүмкіндіктерін пайдаланудағы ізденістер туралы нақты ақпарат беру, мультфильм сценарийін жазу, режиссерлік шеберлікке үйрету.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ телерадиожурналистика тарихы
Пәннің мақсаты – қазақ телерадиожурналистиканың қалыптасуы мен даму жолдары туралы білім беру. Ұлттық телевизия тарихындағы хабарлар мен тележүргізушілердің шығармашылық мектебін оқыту. Телевизияның ақпараттық, танымдық, тәрбиелік бағыттағы қызметін айқындайтын хабарлардың ерекшеліктерін, техникалық мүмкіндіктері мен шығармашылық ізденістерін біледі. Білім алушылар пән барысында телевизия тарихымен ғана емес, тәжірибесін үйренеді, ақпарат дайындайды, түрлі тақырыпта видеосюжет түсіреді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Қаржылық сауаттылық негіздері
Пәннің мақсаты білім алушыларда жеке қаржыға қатысты шешімдер қабылдау кезінде ұтымды қаржылық мінез-құлықты, сондай-ақ цифрлық технологияларды пайдалану арқылы қаржылық қызметтерді тұтынушылар ретінде олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға байланысты процестерді сыни бағалау және талдау қабілетін қалыптастыру. Курс шеңберінде білім алушылар қаржы саласындағы барлық құралдарды практикада қолдануды, жинақтарды сақтауды және көбейтуді, бюджетті сауатты жоспарлауды үйренеді, салықтарды есептеу және төлеу және салық есептілігін дұрыс толтыру бойынша практикалық дағдыларға ие болады, қаржылық ақпаратты талдауды және барабар инвестициялық стратегияны таңдау үшін қаржы өнімдерінде бағдарлауды үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кинодраматургия
Пәннің мақсаты әдеби-кинематографикалық шығармашылықтың табиғатын, ерекшеліктерін, әдебиеттің прозалық және драмалық шығармаларының негізінде фильм жасаудың мүмкіндіктерін, фильмнің көркемдік негізі сценарий жазуға, оны талдауға үйрету.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Web технология
Пәннің мақсаты веб-қосымшалардың жұмыс істеу механизмдерін, сонымен қатар қосымшаларды жазу үшін қажетті білім мен дағдылар туралы түсінік қалыптастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Медиадизайн
Пәннің мақсаты болашақ мамандарды заманауи дизайнерлік технологиялармен, дизайн мен фирмалық стиль жасаудың базалық қағидаларымен іс жүзінде таныстыру; жеткілікті теориялық білім беру және қажетті практикалық дағдыларды қалыптастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Режиссура
Пәннің мақсаты туындының саяси-әлеуметтік, көркемдік-идеялық, тәрбиелік, эстетикалық, философиялық мән-мағынасын түсіндіру, біртұтас көркемдік идеялық ойға құрылған туынды жасауға үйрету.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Медиамәтін жазу
Пәннің мақсаты студенттерді заманауи медиатекстердің алуан түрлілігімен таныстыру; медиатекстердің типологиясы туралы (жанрлар, мақсаттар, тарату арналары, текстуралар және т.б. бойынша), сондай-ақ жанрлық формалардың конвергенциясы туралы түсінік қалыптастыру; дәстүрлі журналистік мәтіндерді (ақпараттық, аналитикалық, публицистикалық), жарнамалық және PR-мәтіндерді журналистік мәтіндермен салыстыра отырып оқыту.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Кинотану өнері
Пәннің мақсаты эстетикалық қызмет пен өндіріс түрі ретіндегі кино өнерінің табиғаты туралы түсінік қалыптастыру; ХХI ғасыр мәдениетіндегі кинематографтың рөлі мен орнын, оның өнердің басқа түрлерімен өзара байланысын зерттеу; әлемдік және отандық киноның дамуындағы негізгі кезеңдерге үйрету, жекелеген авторлардың: сценаристердің, режиссерлердің шығармашылығын монографиялық зерттеу, кинофильмді талдау дағдыларын қалыптастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Медиапсихология
Пәннің мақсаты - әлемдік мәдениеттің қарқынды дамып келе жатқан саласы ретінде медиапсихология туралы білім беру. Сондай-ақ тұлға мен бұқаралық ақпарат құралдарының өзара іс-қимылының психологиялық аспектілерін оқыту. Медиаөнімді қабылдау және оның әсері үйрету. Ақпараттың берілу, қабылдау, пайдалану түрін игереді. Медианы қолданудың әлеуметтік мәселелерін талқылайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Медиакоммуникация жанрлары
Пәннің мақсаты медиа жанрлары мен пішіндерін, түрлі жанрдағы мәтіндердің ерекшеліктері туралы білім беру; түрлі жанрларда материалдарды дайындау тәсілдері мен шынайылықты көрсету әдістерін меңгерту; жанрлар мен пішіндердің заман талабына сай трансформациялануы ерекшеліктерін оқыту.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Режиссердің шығармашылық шеберханасы
Пәннің мақсаты режиссура саласына керекті барлық техниканы жетік меңгерту; әлем мен қазақстандық өнер туралы толық түсінік қалыптастыру; кино мен телевидение саласында жұмыс жасайтын ең мықты режиссер теоретиктер мен практиктердің шығармашылығымен таныстыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Кинорецензия
Пәннің мақсаты студенттерге киноға рецензия жазуды үйрену, рецензия жанрының ерекшеліктерін, тілдік, стильдік және көркемдік сипатын, кинорецензияның сын және журналистика жанры ретіндегі мүмкіндіктерін түсіндіру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Театртану
Пәннің мақсаты сахналық өнердің тарихы мен теориясын, сынын, театр мен медиа арасындағы байланысты түсіну, театрдың әлеуметтік институт ретіндегі ағартушылық, тәрбиелік, танымдық, ойындық міндеттерінің қоғамдағы қажеттілігін білу, театр сынын жазуға үйрену.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Деректі кино өндірісі
Пәннің мақсаты кино тарихы бойынша базалық білімді қалыптастыру; деректі кино өнерінің қалыптасу заңдылықтарын жинақтау; ұлттық деректі фильм өнері дамуының әр кезеңдегі ерекшеліктерін ұғыну; өзінің шығармашылық мәтіндерін жазу кезінде кино өнерінің тарихы мен теориясы бойынша білімді қолдану.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Медиасын
Пәннің мақсаты студенттердің медиа-сын сияқты журналистік қызмет саласы туралы түсініктерін және БАҚ-тың барлық түрлерінің медиа мәтіндерін дұрыс сыни талдаудың практикалық дағдыларын қалыптастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Аудио және видео өңдеу техникасы
Пәннің мақсаты аудио, видео өңдеу техникасын үйрету, аудио-видеоны өңдеуге арналған компьютерлік бағдарламаларды меңгеру, өз өнімдерін дайындап, өңдеуге дағдылану.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мобильді медиа
Пәннің мақсаты – мобильді медианың мүмкіндіктерін үйрету, түрлі қосымшалар арқылы монтаж жасау, суретке түсіру, тікелей эфир жүргізу және басқа аудио, видео материалдарды мобильді қосымшалар көмегімен жасауды меңгеру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Видеоблоггинг
Пәннің мақсаты студенттерді ең танымал жұмыстарды мысал ете отырып, заманауи бейне жанрларымен таныстыру; бейнеблогингтің көрнекі бөлігінің ерекшеліктерін, блогта және репортажда режиссураны үйрету; вирустық бейнелердің ерекшеліктерін талдау; түсірілімнің барлық параметрлерін сақтай отырып, жұмыс жасауға үйрету.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Медиаменеджмент және маркетинг
Пәннің мақсаты - медиаменеджменті мен маркетингі тарихымен, теориясы, әлемдік медиадағы озық тәжірибелері жайлы білім беру. Интерактивті тәсілді меңгерту, менеджмент аясында проблемаларды шешу және жобалау-сараптамалық дағдыларын үйрену. Ұжымды басқарудың негізгі принциптерін, басқару түрлерін, әріптестермен байланыс жасау, бір мақсат, бір мүддеге жұмылдырудың тәсілдерін меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Медиақұқық
Пәннің мақсаты медиадағы құқықтық мәселелер туралы білім беру, медиатұтынушының құқығын сақтауға үйрету. Медиадағы өз құқығын сақтаудың жолдарын меңгерту. Медиаға қатысты заңнамалық құжаттармен таныстыра отырып, нақты кейстерді талдау арқылы болашақ мамандарға құқықтық тәрбие беру. Ақпарат тарату мен ақпаратты тұтыну, талдау, құқықтық проблемалардың туындауына әсер ететін жағдаяттарды түсіндіру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Медиамониторинг
Пәннің мақсаты – бұқаралық коммуникация құралдарының қызметіне мониторинг жасайтын платформалармен жұмыс істеуге, үлкен деректерді талдауға, әлеуметтік медиа мен мерзімді баспасөз, телевизия мен радио тұтынушысының түрлі саладағы көңіл толмаушылық, сыни пікірлерін анықтау, сондай-ақ тілдік, этносаралық қарым-қатынас мәселелеріне қатысты пікірлерді сараптау.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Медиажобалар экономикасы
Пәннің мақсаты экономикасы саласындағы тұжырымдамаларды, негізгі ғылыми бағыттарды, жобалардың жаңа медиа саласындағы жобалық қызметті талдау әдіснамасын, медиа жобаларға қызметті трансформациялау қағидаттарын, медиа жобалардың тиімділігін бағалаудың сапалық және сандық көрсеткіштерін, медиа жобалардың тиімділігін бағалаудың есептік модельдерін, медиа жобаларды өндірістік және маркетингтік жоспарлау негіздерін қалыптастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Әлемдік медиасаясат
Пәннің мақсаты болашақ мамандарда медиаполитика саласында теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін қалыптастыру; билік және басқару органдарымен медианың өзара іс-қимыл дағдыларын меңгеру; әлеуметтік және экономикалық мүдделерді ілгерілету мақсатында қоғамдық (лоббистік және ақпараттық) науқандардың тиімділігін талдау мен бағалауды ұйымдастыру және жүргізуді үйрету.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Аудио және видеоподкаст
Пәннің мақсаты студенттерде подкасттардың медиа-формат ретіндегі ерекшелігі туралы түсінік қалыптастыру; аудио және видео подкасттардың негізгі жанрларымен таныстыру; әртүрлі тілдердегі қолданыстағы подкасттарды зерттеу; подкасттарды жазу, орнату және жобалау дағдыларын дамыту; подкасттар аудиториясының ерекшеліктерін түсінуді қалыптастыру, подкасттың әлеуетті аудиториясын анықтай білу; подкасттарды монетизациялау тәсілдерімен таныстыру және жергілікті жарнама жасау дағдыларын дамыту.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Медиастилистика
Пәннің мақсаты медиастилистика туралы лингвистикалық білімнің ерекше саласы ретінде оның гуманитарлық білімнің басқа салаларымен, сондай-ақ стилистикалық ғылымның басқа бөлімдерімен байланысы туралы оқыту; медиатекстердің стильдік мәртебесін анықтаудың негізгі тәсілдерімен таныстыру; медиастиль ұғымдарын байланысты ұғымдармен байланыстыру, медиатекстің негізгі стильдік және стилистикалық сипаттамаларын, сондай-ақ типологияны қарастыру стилистикалық аспектідегі медиа мәтінді талдау; функционалды семантикалық-стилистикалық категориялар аспектісінде медиа мәтінді талдау; медиа мәтінді кешенді стилистикалық талдау дағдыларын қалыптастыру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Медиаэтика
Пәннің мақсаты - медиа саласындағы этикалық мәселелер мен оларды шешудің жолдарын үйрену. Жарнама, жаңалықтар, қоғамдық қатынастар саласында кездесетін түрлі қиындықтар мен кедергілерді оқыту. Моральдық тұрғыдан кемелденген кәсіби медиа маманының құзыреттіліктері жайлы білім беру. Қауіпсіздік және әлеуметтік желі, иммерсивті журналистикадағы этика, жеке бас құпиясын сақтау әдебі, қоғамдық құқық, сөз бостандығы, этикалық нормалардың қақтығысына қатысты мысалдардан тәжірибе жинақтау арқылы оқыту.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Медиасауаттылық
Пәннің мақсаты ақпаратты дұрыс тұтыну жайлы білім беру. БАҚ-тың рөлі мен функцияларын, БАҚ өз функцияларын орындайтын жағдайларды түсінуге, медиаконтентті сыни бағалауға үйрету; өзін-өзі көрсету және сапалы контентті тұтыну үшін түрлі медиамен өзара іс-қимыл жасауға баулу; кез келген медиаконтентті құру үшін дағдыларды меңгерту.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Фотоөнер: мобилография
Пәннің мақсаты студенттерді фотографиямен өнер ретінде таныстыру; фотография жасау процесін меңгеру; фотографияны мобилография мен арт-журналистикада қолдану ерекшеліктерін зерттеу.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Сценарий жазу өнері
Пәннің мақсаты драматургия мен сценарий жазу шеберлігінің теориялық негіздерін меңгеру; әр түрлі іс-шара сценарийлерін өз бетінше жазу дағдыларын қалыптастыру және сценарийлік жоспарды әзірлеу әдістемесін меңгеру; драматургияның, сценарийлік шеберліктің теориялық негіздерімен және сценарийлердің әр түрлі типтерімен таныстыру; сценарийлік материалды іріктеу технологиясын және беруді ұйымдастыру, дайын сценарийлердің идеялық-көркемдік деңгейін анықтау және драматургиялық талдау әдістемесін меңгеру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Саунд дизайн
Пәннің мақсаты медиөнімді дыбыстық безендіруге, түрлі дыбыстық эффектілерді сәтті пайдалануға үйрету. Кинофильмде, театрда, телевизияда дыбыспен әрлеудің техникасын меңгеру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Әлеуметтік медиа
Пәннің мақсаты студенттерге әлеуметтік медианың жұмыс істеу принциптері туралы білім қалыптастыру, кәсіби қызметте әлеуметтік медианың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану біліктері мен дағдыларын дамыту.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Редакциялау теориясы мен тәжірибесі
Пәннің мақсаты студенттерге әлеуметтік қарым-қатынастың тарихи процесінде қалыптасқан әлеуметтік-мәдени қызметтің нақты саласы ретінде аударылған мәтіндерді редакциялаудың теориясы мен практикасы туралы түсінік беру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Медиа жоспарлау
Пәннің мақсаты медиа-жоспарлау технологияларын меңгеру; студенттерде медиа-жоспарларды, медиа-жоспарлау теориясының негізгі ұғымдарын әзірлеуге қажетті білім мен дағдылардың негізгі кешенін қалыптастыру; медиа-жоспарлаудың негізгі параметрлерін және жарнамалық науқандарды жоспарлау процесінің кезеңдерін, медиа-жоспарлау процесінде қолданылатын зерттеу құралдарын, жарнамалық медианы таңдау технологияларын меңгеру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
Профессии
Оқыту нәтижелері
- жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді шешуде ауызша және жазбаша түрде қазақ, орыс және шет тілдерінде байланыс жасау.
- ақпараттарды іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және таратуда цифрлық технологияны, әртүрлі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану және тіршіліктің әртүрлі салаларында кәсіпкерлік білімді қолдана білу;
- әлемдік көзқарасты қалыптастыруда философиялық білімді қолдана білу, сонымен бірге азаматтық ұстаным қалыптастыруда тарихи дамудың негізгі этаптары мен заңдылықтарын талдай білу, ғылыми зерттеу негіздерін меңгеру;
- әлеуметтік және экологиялық мәдениет, қауіпсіздік сақтау мәдениетін меңгеру, жасыл экономикадан хабардар болу.
- құқықтық сауаттылықты арттыру, мінез-құлық мәдениеті мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын, кәсіби қызмет этикасын сақтаудың маңызын түсіну.
- Қаржылық тәуекелдердің, дағдарыстардың, алаяқтықтың әсерін бағалау негізінде меншікті ақша бюджетін басқару, жеке бюджетті жоспарлау, қаржы өнімдері мен инвестициялау құралдарын қолдану бойынша талдамалық қабілеттерін дамыту; қаржы заңдары мен ережелерін, цифрлық және қаржылық технологияларды, оның ішінде мобильді қосымшаларды қолдану негізінде ұтымды қаржылық мінез-құлыққа кепілдік беретін қазіргі заманғы қаржы құралдарын пайдалану дағдыларын қалыптастыру; салықтарды есептей және оңтайландыра білу, міндетті зейнетақы жарналары мен басқа да төлемдерді есептеу дағдыларын қолдану, сақтандыру өнімдерін пайдалану.
- медиа теориясы мен тәжірибесін, медиакоммуникация негіздерін, жазу өнерінің қыр-сырын, ақпаратты жеткізудің тәсілдерін меңгеру; медианың әртүрлі аудиториясына арнап мәтін жазуға үйрену; мәтіннің мазмұны мен құрылымын, әдеби тіл нормалары мен сөз мәдениетін білу, қазақ және әлем өнері мен баспасөзінің, телерадиожурналистика тарихымен танысу.
- медиамәтін жазу, медиастилистика, редакциялау тәжірибесін үйренеді, мәтін өңдеу теориясын біледі, кинорецензия жазуға дағдыланады.
- балаларға арналған контентті зерттеуге, медиаөнім, медиадизайн теориясын, web технология, фото, аудио, видеоөнімдерді дайындауға, анимациялық өнердің мүмкіндіктерін түсініп, мобилография, графикалық, саунд дизайн жасауға, медиаөнердің технологиялық мүмкіндіктерін үйрену.
- медиаұйымды басқаруды, ұйымдастыруды, жобалық менеджментті, медиасаясатты білу. Медиаөндірістің құқықтық негіздерімен танысып, менеджмент пен маркетинг тәсілдерін жоба басқаруда, контент талдауда үйрену. Аудитория сұранысы мен қызығушылығын зерттеу, тапсырыс талабын түсіну, медиа этиканы сақтауға, медиакоммуникация жанрларында жазуға дағдыланады. Тұтынушы нарығына талдау жасауға үйрену. Аудиторияны зерттеудің түрлі әдістерін меңгеру.
- медиаөнім дайындауда өнер, психология, сыни ойлау мәдениеті бойынша озық тәжірибелерді үйрену; өнер туындыларының табиғатын түсініп, драматургия, кинодраматургия, театртану, сценарий жазу негіздерін және сын жанрларын білу, режиссерлік шеберлікке үйреніп, медиаөнім сценарийін жазуды меңгеру.
- медиалық сауаттылыққа үйрену; әртүрлі жанрдағы медиаөнім дайындау, видеоблог жүргізу, әлеуметтік медианың түрлі тәсілдерін меңгеру, кинотану негіздерін, деректі кино табиғатын үйреніп, түсіну және шығармашылық шеберлігін дамыту, мобильді медиа мүмкіндіктерін меңгеру.