6B02122 Баспа ісі в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Баспа ісіндегі, баспа және онлайн басылымдар саласындағы теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларды меңгерген, баспа ісінде заманауи технологияларды қолдануға қабілетті бакаларларды даярлау
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B029 Аудиовизуалды құрылғылар және медиа өндіріс
-
ҰБТ-дағы пәндер Шығармашылық емтихан және Шығармашылық емтихан
-
Білім беру саласы 6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B021 Өнер
Пәндер
-
Мамандыққа кіріспе
Пәннің мақсаты баспа ісі мамандығының негіздерін, теориясы мен тәжірибесін оқыту, баспа саласындағы мамандықтармен танысу, редакторлық қызметтің ерекшеліктерін білу. Медиа және журналистика, өнер, кітапхана ісі саласындағы редакторлық қызметті үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Қазақ баспасөзінің тарихы
Пәннің мақсаты қазақ баспасөзінің қалыптасуы мен даму жолдарын, газет, журналдардың шығу тарихы мен сол кезеңдегі қоғамдық-саяси оқиғалардың баспасөзде жазылуы, редакция мен авторлар, басылымның бағыт-бағдары мен мазмұны туралы білім беру. Қазақ баспасөзі тарихын біледі, әр жылдардағы баспасөздің көтерген мәселелері мен өзекті тақырыптарына талдау жасайды. Белгілі публицистер мен жетекші тұлғалардың шығармашылық шеберліктері туралы біледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Кітаптану негіздері
Пәннің мақсаты кітаптану ғылымының негіздері, салалары, қызметі мен қазіргі жай-күйін оқыту; кітаптану ғылымының тұжырымдамалары мен ғалымдар еңбектер негізінде білім алады; кітаптану ғылымының нысандарын анықтауды үйренеді; кітаптану ғылымының негізгі тұжырымдарын біледі; кітаптану ғылымының даму кезеңдеріне, алғашқы қолжазба кітаптан бүгінгі күнгі электронды кітаптардың сапасы мен мазмұнын талдайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Отандық медиаөндіріс
Пәннің мақсаты - қазақстандық медиаөндірістегі заманауи технологиялар мен жаңалықтар мәселелерін оқыту, медиаөндірістегі телевизияның, радионың, интернеттің рөлі мен қызметін үйрету; отандық медиаөндірістің дамуы туралы ақпаратты сараптауды меңгеру. Медиаөндіріс саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға бейімдеу; білім алушылар қазіргі медиаға тұтынушының сұранысын қанағаттандыратын өнім дайындауды үйрету.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мерзімді баспасөз жанрлары
Пәннің мақсаты – журналистиканың жанрлары мен пішіндері, түрлі жанрдағы мәтіндердің ерекшеліктерін оқыту. Түрлі жанрларда материалдарды дайындау тәсілдері мен шынайылықты көрсету әдісін меңгеру. Жанрлар мен пішіндердің заман талабына сай транформациялануын үйрету.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Кітап дизайны
Пәннің мақсаты - кітап безендіру технологиясындағы графиктік бағдарламаларды, компьютердегі графикалық кескіндер, декоративті Word Art қаріптерін қолдану, «Adobe Page Maker», «InDesign» бағдарламалары, кескіндемелік-суреттік «Corel Draw», «Adobe Photo Shop» бойынша жұмыс істеуге үйрету.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кітап ісіндегі кәсіпкерлік
Пән үш бағытты қамтиды: баспа ісіндегі бизнесті басқару, қызметтің экономикалық, әлеуметтік және экологиялық аясы; бизнес идея және бизнес жоспарды дамыту; пәннің негізгі бағыттарының бірі ретінде студенттерді жеке жауапкершілікке, ынталандыруға, инновациялыққа, талпынысқа және қоғам алдындағы жауапкершілікке үйретеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ телерадиожурналистика тарихы
Пәннің мақсаты – қазақ телерадиожурналистиканың қалыптасуы мен даму жолдарымен танысу, ұлттық телевизия тарихындағы алғашқы хабарлар мен тележүргізушілердің шығармашылық мектебінен хабардар ету. Телевизияның ақпараттық, танымдық, тәрбиелік бағыттағы қызметін айқындайтын хабарлардың ерекшеліктерін, техникалық мүмкіндіктері мен шығармашылық ізденістерін білу. Білім алушылар пән барысында телевизия тарихымен ғана емес, оның тәжірибесін, шығармашылық шеберханасын да меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Веб-басылымдарды құрастыру
Пәннің мақсаты - толыққанды сайтты құрудың негізгі кезеңдерімен таныстыру; веб-парақтарды құру кезінде қолданылатын негізгі технологиялармен (HTML тілі, CSS- стильдердің каскадты кестелері, JavaScript - қосымша мүмкіншіліктеріне шолу жасау, серверлік скрипттер, CMS-сайттарды басқару жүйелері) үйрету. Веб-сайттарды жасау кезінде пайдаланылатын бағдарламалармен (HomeSite, FTP-клиент, PhotoShop), сайтқа арналған мәтіндерді және графиканы дайындау, сайт дизайны және сайт бойынша сауатты навигация құру жолдарын, сайттың өмірлік циклі, сондай-ақ Интернетте одан әрі қолдау және алға жылжу тақырыптарын меңгерту.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеу негіздері
Пәннің мақсаты әлеуметтік зерттеу әдістерін, ғылыми мақала, ғылыми жоба, жұмыс жазудың талаптары мен негіздерін үйрету. Ғылыми зерттеудің теориялық және эмпирикалық әдістерін, олардың ерекшеліктерін, зерттеу нысанына қарай пайдалануды үйрету. Эксперимент жасау, сауалнама құрастыру, сауаланаманың қорытындысын шығару, зерттеу жұмысында түрлі талдау әдістерін пайдалана отырып, интернет платоформалар көмегімен қорыту, ғылыми ақпараттық базалармен, халықаралық ғылыми басылымдар базаларымен жұмыс істеуге дағдылану.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
Пәннің мақсаты: мемлекет және құқық сияқты категорияларды ашып көрсету, құқықтың ұлттық салалары туралы студенттерге қажетті жалпы ұсыныстар беру, Қазақстан Республикасының негізгі құқықтық нормаларымен, оның ішінде конституциялық, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық салалардағы және Қазақстан құқығының басқа салаларындағы нормативтік-құқықтық актілермен таныстыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экология негіздері және тіршілік қауіпсіздігі
Мақсаты: білім алушыларға адамның қоршаған ортамен қауіпсіз өзара әрекеттесу әдістері, қоршаған орта қауіпсіздігі, қоршаған орта факторлары мен қоршаған орта сапасының жаһандық өзгеруі және олардың салдары, су ресурстарының экологиялық қауіпсіздігі, әуе бассейні, жер ресурстарының деградациясы, экологиялық тәуекелдер, азық-түлік қауіпсіздігі, адамның қызметімен байланысты табиғи - техногендік апаттар және олардан қорғану тәсілдері туралы білім беру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазіргі баспа ісі
Пәннің мақсаты - қазіргі баспа өндірісіндегі өзекті мәселелерін оқыту; кітап ісі мен баспа саласындағы озық технологиялар жетістігі туралы түсіндіру; компьютерлік бағдарламаларды үйрету; баспа саласын дамытудың озық тәжірибесін меңгерту; мемлекеттік тапсырыс бойынша кітап шығару, кітап саудасын ұтымды ұйымдастыру жолдарын оқыту; аударма кітаптар мен мемлекеттік тілдегі кітаптарды шығару ісін үйрету.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Электронды кітап
Пәннің мақсаты - электронды кітапхана тарихы, электронды кітапхана дамуының үрдістерін оқыту. Электронды кітапхананың білім берудегі жылдам әрі тиімді қызметін үйлестіруді, электронды кітап дайындауды үйренеді. Кітапхана мәліметтерін сақтау және өңдеу барысында компьютерлік бағдарламаларды қолдануды меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Баспа өнімдерін тарату теориясы мен тәжірибесі
Пәннің мақсаты баспа өнімдерін тарату теориясы мен тәжірибесін оқыту; баспа өнімдерін тарату ісіндегі түрлі технологиялар жайлы білу. Ең табысты бизнестің бірі саналатын баспа өнімдерін тарату ісінің негіздерін үйренеді. Қазіргі редакциялық-баспа үдерісіндегі қолжазбаны қабылдау-келісімшарт жасау – редакциялау – рәсімдеу – беттеу – корректура – басу – дайын кітап – маркетинг және тарату үдерісі жайлы біледі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әдеби тіл нормалары
Пәннің мақсаты - болашақ редакторларды тіл сауаттылығына үйрету, тілдік норма (лексикалық, сөзжасамдық, грамматикалық, дыбысталу нормасы); этика – сөз нормалары (сөйлеу этикасының ережелері); коммуникативті норма (сөйлеу қарым-қатынасының тиімділік қағидалары) туралы түсінік қалыптастыру, орфоэпиялық норма – сөздерді дұрыс айту, лексикалық норма сөздерді іріктеп, талғаммен қолдану, граммматикалық норма сөйлеу мәдениетінде ойдың дәлдігі, сөздің анықтығы мен тазалығы және көңіл күйге әсер ететін шынайылығын үйрету. Әдеби тіл нормаларын біледі, сөзді дұрыс қолдануды үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Қаржылық сауаттылық негіздері
Пәннің мақсаты білім алушыларда жеке қаржыға қатысты шешімдер қабылдау кезінде ұтымды қаржылық мінез-құлықты, сондай-ақ цифрлық технологияларды пайдалану арқылы қаржылық қызметтерді тұтынушылар ретінде олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға байланысты процестерді сыни бағалау және талдау қабілетін қалыптастыру. Курс шеңберінде білім алушылар қаржы саласындағы барлық құралдарды практикада қолдануды, жинақтарды сақтауды және көбейтуді, бюджетті сауатты жоспарлауды үйренеді, салықтарды есептеу және төлеу және салық есептілігін дұрыс толтыру бойынша практикалық дағдыларға ие болады, қаржылық ақпаратты талдауды және барабар инвестициялық стратегияны таңдау үшін қаржы өнімдерінде бағдарлауды үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Телерадиожурналистика жанрлары
Пәннің мақсаты – телевизия мен радио жанрларының құрылымы туралы білім беру. Телевизия мен радиожанраларына қойылатын талаптарды үйрету, сондай-ақ жанрлар трансформациясына қатысты ғылыми тұжырымдарды талдау, аталған жанрларда сюжет, хабар түсіру шеберлігін меңгеру. Жанрлардың түрленуі мен жаңа пішіндерін аңғара отырып, жанр құраушы элементтерді білу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақ әдебиетінің тарихы
Пәннің мақсаты қазақ әдебиетінің тарихы мен әр кезеңдегі ақын-жазушылардың көркем шығармаларын талдауды оқыту. Қазақ әдебиетінің даму бағыттары мен салалары, қоғамдық саяси ахуалға әдебиеттің әсері, резонанс тудырған шығармалардың жазылу тарихы мен қаламгердің шығармашылық шеберханасын оқып, үйрету. Қазақ әдебиетінің озық үлгілерін талдауды меңгерту.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Әдебиет теориясы
Пәннің мақсаты – қазақ әдебиетінің теориясына қатысты ғылыми еңбектерді, әдебиет теориясы, әдебиеттану мәселелері оқыту. Сөз өнерінің салалары мен әдебиет теориясын оқып, әр кезеңдегі қаламгерлер шығармашылығымен танысу. Көркем шығарманы талдау мен жазудың ерекшеліктері түсініп, әдеби жанрларды тануға дағдылану. Әдеби жанрда жазуға үйрету.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Баспа ісі және социология
Пәннің мақсаты - баспа ісі және социология арасындағы байланыс туралы оқыту. Болашақ баспагерлерді әлеуметтанудың проблематикасына, тәсілдеріне үйрету. Баспа ісіндегі әлеуметтік зерттеулерді пайдалануды, әлеуметтанудың тәсілдерін үйрету. Мәдени және рухани құндылықтар жайлы оқыту.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Редактордың шығармашылық шеберлігі
Пәннің мақсаты - танымал редакторлардың шығармашылық шеберханасы туралы оқыту. Редакторлық шығармашылықтың қалыптасуы мен дамуы туралы білім беру. Мәтінмен жұмыс жасаудағы редактор мен автордың байланысы, редакторлық түзетудің әдіс-тәсілдерін үйрету. Мәтінді түзетудегі редакторлық позицияны қалыптастыру машығын меңгерту.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Кино өнеріндегі аударма және редакторлық жұмыс
Пәннің мақсаты - аударма және редакторлық жұмыстың маңызы мен мәні туралы оқыту. Медиаөндірістегі аударма жасаудың қиындықтары мен өзекті мәселелерін біледі. Кино өнеріндегі аударма және редакторлық жұмыстың құрылымы мен ерекшеліктерін үйренеді. Кино тілін зерттеуші ғалымдардың пікірін негізге ала отырып, қазіргі кино аудармаға талдау жасайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Медиаэтика
Пәннің мақсаты - медиа саласындағы этикалық мәселелер мен оларды шешудің жолдарын үйрену. Жарнама, жаңалықтар, қоғамдық қатынастар саласында кездесетін түрлі қиындықтар мен кедергілерді оқыту. Моральдық тұрғыдан кемелденген кәсіби медиа маманының құзыреттіліктері жайлы білім беру. Қауіпсіздік және әлеуметтік желі, иммерсивті журналистикадағы этика, жеке бас құпиясын сақтау әдебі, қоғамдық құқық, сөз бостандығы, этикалық нормалардың қақтығысына қатысты мысалдардан тәжірибе жинақтау арқылы оқыту.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Отандық және шетелдік баспа ісінің тарихы
Пәннің мақсаты - отандық кітап ісінің даму үрдістерін үйрету; отандық баспа ісінің тарихына қатысты ғылыми еңбектерді оқыту. Отандық баспа саласындағы үдерістер мен жаңалықтар туралы түсінік қалыптастыру. Қазақстандық баспа өндірісін дамытудың өзекті мәселелерін зерттеуді үйрету.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Контент-редактор
Пәннің мақсаты - ресми порталдар мен сайттардағы мазмұн сапасын анықтауды оқыту. Сайт мазмұнын дамытуда мәтін, видео, графика, суреттерді үйлестіру, мәтінмен жұмыс жасауды, сондай-ақ HTML туралы негізгі білімді үйрету. Копирайтингтің негізгі дағдыларын, құжаттарды жылдам жүктеу мен мәтінді тез өңдеудің жолдарын меңгерту.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Баспа ісінің құқықтық негіздері
Пәннің мақсаты баспа ісі мен БАҚ саласындағы заңдарды жетік білудің маңызы мен мәнін түсіну. Баспагердің ар, заң алдындағы жауапкершілігі туралы жалпы мағлұмат беру. Авторлық құқық мәселелері жөнінде түсінік қалыптастыру. Сөз бостандығы, журналистің құқықтары мен міндеттері туралы үйрету.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Баспа ісіндегі мультимедиялық технологиялар
Пәннің мақсаты - баспа ісіндегі инновациялық технологиялар және олардың қазіргі кездегі маңызын, ерекшелігін түсіну. Білім алушыларды автоматтандыру жүйелеріндегі ақпаратпен жұмыс істей білетін маман болып қалыптастыру. Баспа бизнесіндегі ақпараттық басқару жүйесінің принциптерін, баспа бизнесіндегі ақпараттық кеңістік технологиясын дамытуды үйрету; сандық деректер базасын басқару жүйесін ұйымдастыру және пайдалану әдістемесін меңгеру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Редакция жұмысын ұйымдастыру
Пәннің мақсаты - редакция құрылымы, жауапты қызметкерлер жұмысы, әрбір қызметкердің құқықтары мен міндеттерін оқыту. Редакция жұмысын ұйымдастырудағы күндік, апталық, айлық, тоқсандық, жылдық, стратегиялық жоспар жасауды үйренеді. Жоспарлаудың маңызы мен орындау жауапкершілігін меңгереді. Жауапты мамандар қызметін бағалау мен тапсырма берудің тәсілдерін тәжірибемен салыстыра отырып талдау жасайды. Қазіргі әртүрлі ақпарат құралдары, ақпарат агенттіктері, жарнама агенттіктерінің редакция құрылымымен танысып, жұмысын ұйымдастырудағы тәжірибесін үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу
Пәннің мақсаты - масс-медиа, шығармашылық өндірістің негізгі элементтері, интернеттегі интерактивті әдіс-тәсіл, формат пен стиль, жарнама мен хабарлама, жаңалықтар мен спорт бағдарламасы, очерк, деректі фильм және реалити бағдарлама, сұқбат және ток-шоу хабарлары, музыка, варьете және комедия, корпоративтік, ағартушылық және балаларға арналған бағдарламалар, қойылым, кәсіби мүмкіндіктер жайлы толыққанды білім беру; түрлі ақпарат құралына мәтін жазудың ерекшеліктерін үйрету.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Медиаөндірістегі PR технологиялар
Пәннің мақсаты - медиаөндіріс саласында тиімді қарым-қатынас жасаудың тәсілдерін үйрету. Қоғаммен байланыс жасаудың медианарықтағы өнімді жылжытудың технологиясын оқыту. Қоғамдық пікірді зерттеу арқылы медиаөнім дайындауды ұйымдастыруға, сондай-ақ қарым-қатынас жасау мен әрекет ету амалдарын үйренеді. Медиаөндіріс саласындағы аудиятория сұранысы мен талабын, қызығушылығы мен психологиялық ахуалына талдау жасауға машықтанады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Медиапсихология
Пәннің мақсаты - әлемдік мәдениеттің қарқынды дамып келе жатқан саласы ретінде медиапсихология туралы білім беру. Сондай-ақ тұлға мен бұқаралық ақпарат құралдарының өзара іс-қимылының психологиялық аспектілерін оқыту. Медиаөнімді қабылдау және оның әсері үйрету. Ақпараттың берілу, қабылдау, пайдалану түрін игереді. Медианы қолданудың әлеуметтік мәселелерін талқылайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
MS Share Point Designer-дағы Web-технологиялар
Пәннің мақсаты - еліміздегі және әлемдік баспасөз басылымдарында журналист қолданатын әдіс-тәсілдер мен жаңа технологияларды оқыту; заманауи редактор жұмысындағы жаңашылдықтарды үйрету.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Баспа ісінің менеджменті мен маркетингі
Пәннің мақсаты - нарық жағдайында баспа ісінің менеджментін, білімді де білікті баспагер-редакторларды, баспа ісінің проблемалық мәселелерін шешуге байланысты жүйелі дағдыларын, еңбек нарығында бәсекеге қабылетті жалпы және кәсіби мәдениетін оқыту. Баспа саласын ұйымдастыру мен басқарудағы түрлі технологияларды, маркетингтік қызмет туралы ұғымды, маркетингтің базалық концепцияларын, маркетингтің функционалдық концепцияларын үйрету. Маркетингтік технологиялардың басқа арналарымен жарнаманың өзара әрекеттестігі тұрғысынан кітаптар нарығына жарияланымдарды насихаттау мәселелерін меңгеру. Кітап таратуға арналған науқандар дайындау жолдарын үйрету.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Медиазерттеу
Пәннің мақсаты - медиақұрылымды зерттеудің маңызы мен мәнін, ерекшеліктерін, әдістерін үйрету; медиазерттеудің түрлі мүмкіндіктері туралы оқыту. Медиа саласында стратегиялық жоспарлаудың моделін меңгереді. Медиаөндірістегі өнімді өткізу және жоспарлы, нақты көрсеткіштерді салыстыра талдауға үйренеді. Медиаөндірістегі сұраныс пен қызығушылықты қанағаттандыру әдістерін оқып біледі. Медианы зерттеудің түрлі тәсілдері мен әлеуметтік зерттеу әдістерін үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Баспа және полиграфия
Баспа және полиграфия өндірісінің қоғамдық-әлеуметтік, қоғамдық-саяси, қоғамдық-экономикалық, руханият саласындағы қызметі мен рөлі туралы түсінік қалыптастырады. Мәтіндік және графикалық материалдарды басып шығарудағы заманауи технологиялар мен баспа ісіндегі редакторлық жұмыстың өзара байланысын үйретеді
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Аударма кітаптар шығару
Пәннің мақсаты - аударма кітап шығару тарихы мен тәжірибесін оқыту. Аударма кітап шығарудың маңызы мен аударма жасау, редакторлық жұмыс жүргізудің ерекшеліктерін үйрету. Аударма кітаптардың ғылым мен білімді дамытуда, ұлттық руханиятта алатын орны мен рөлі туралы пікір қалыптастыру. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жарық көрген «100 жаңа оқулық. Гуманитарлық білім» арнайы жобасының өнімдерінің сапасы, мазмұнымен танысып, аударма, редакторлық қызметтің қыр-сырын меңгерту.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Қазіргі қазақ публицистикасы
Пәннің мақсаты - публицистикалық жанрда жазуды үйрету. Мерзімді басылым беттерінде жарияланып жүрген публицистикалық материалдарды негізге ала отырып, өздері де публицистикалық шығарма жазуға машықтану.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Журналистік зерттеу әдістері
Пәннің мақсаты - журналистік зерттеу әдістерінің ерекшеліктерін білуге үйрету. Журналистік зерттеу мен ғылыми зерттеудің өзара ұқсастықтары туралы білім алады. Бақылау, сұқбат, сауалнама әдістерінің мүмкіндіктерін үйренеді. Ғылыми зерттеудің құрылымы, әдебиеттермен жұмыс, ғылыми тұжырымдарды салыстырып, түйін жасайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Әдеби сын
Пәннің мақсаты - әдеби сынның қалыптасуы мен даму кезеңдерін, әдеби сын жанрларын оқыту. Әдеби сынның бүгінгі ахуалы туралы зерттеу жасайды. Қазақ әдеби сынының кәсіби мәселелерін зерделей отырып, сыни мақала жазуды үйренеді. Бүгінгі әдеби үдерістегі сынның әлеуеті жайлы көзқарастарды талдайды. Соңғы жылдары баспадан жарық көрген көркем шығармаларға сыни мақала жазуды үйренеді. Әдеби сынның публицистикалық және сатиралық жанрларын меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Полиграфия өндірісінің технологиясы
Пәннің мақсаты - полиграфия өнімдерінің сипаттамасы, кітап беттері мен парақтары, өлшем бірліктер, кітаптың көлемдік көрсеткіштері, компьютерлік өңдеу және безендіру бағдарламалары туралы білім беру. Коррректура және корректуралық таңбаларды үйрету. Кітап аппаратын және мәтін-бейне материалдарды беттеуді меңгеру. Полиграфиялық өңдеу-безендіру үдерістерімен таныстырып, кітап мұқабасын дайындау технологиясын үйрету.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Дата журналистика
Пәннің мақсаты - жаңалықтар туралы статистикалық деректерді, маңызды деректерді көрсету және сараптауды білуге, деректерді сұрыптау арқылы мазмұнды репортаждар мен жаңалықтар дайындауды үйрету. Әлемдік журналистикада ауқымды деректерді жинау мен жариялауды оқыту. Деректерді табу, жинақтау және сұрыптау, жариялауға дайындау секілді үдерістерді меңгеру. Аудитория үшін қызықты деректерді жинақтаудың әдістерін білу. Нақты мәліметтер базасымен жұмыс істейді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Салалық басылымдарды редакциялау
Пәннің мақсаты - салалық басылымдардың редакциялау курсында білім алушылар салалық терминдерді үйрету. Салалық мәтіндердің оқырманға түсінікті әрі қарапайым тілмен жеткізу әдістерін меңгерту. Салалық басылымдардың ерекшеліктерін айқындай отырып, әртүрлі саладағы мәтіндермен редакторлық жұмыс жасауға үйрету. Білім, ғылым, өнер, мәдениет, экономика, саяси басылымдардың мәтіндерін спецификалық ерекшеліктерін ажырата білуге дағдылау.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Әлем журналистикасының тарихы
Пәннің мақсаты - әлемдік журналистиканың қалыптасуы мен дамуы, тарихи кезеңдері туралы толыққанды білім беру. Танымал ақпарат агенттіктері мен алпауыт медиамагнаттар, конгломераттар тәжірибесі туралы деректер енігізде оқыту. Әлемдік журналистиканың бағыт-бағдары мен даму кезеңдері бойынша мағлұмат жинақтайды. Журналистік ақпарат тарату тәжірибесімен танысып, кәсіби біліктілігін дамытады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Стилистика және әдеби редакциялау
Пәннің мақсаты - мәтінді жасау және өңдеу заңдылықтары, журналистік шығарманы талдау және редакциялау әдісі туралы редактор-баспагерлердің жүйелі білім беру. Газеттегі, баспадағы қолжазбалармен жұмыс істеу кезінде әдеби редакторға қойылатын талаптарды, стилистика туралы білімді үйрету. Авторлық стильдің қалыптасу кезеңдерін, стилистикалық нормаларды оқыту.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
Профессии
Оқыту нәтижелері
- жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді шешуде ауызша және жазбаша түрде қазақ, орыс және шет тілдерінде байланыс жасау.
- ақпараттарды іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және таратуда цифрлық технологияны, әртүрлі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану және тіршіліктің әртүрлі салаларында кәсіпкерлік білімді қолдана білу.
- әлемдік көзқарасты қалыптастыруда философиялық білімді қолдана білу, сонымен бірге азаматтық ұстаным қалыптастыруда тарихи дамудың негізгі этаптары мен заңдылықтарын талдай білу мүмкіндігі.
- дене шынықтырудың әдістерімен және құралдарымен толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету, қауіпсіздік мәдениетін меңгеру, экологиялық жағдайдан хабардар болу.
- құқықтық сауаттылықты арттыру, мінез-құлық мәдениеті мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын, кәсіби міндеттерін орындау.
- қаржылық тәуекелдердің, дағдарыстардың, алаяқтықтың әсерін бағалау негізінде меншікті ақша бюджетін басқару, жеке бюджетті жоспарлау, қаржы өнімдері мен инвестициялау құралдарын қолдану бойынша талдамалық қабілеттерін дамыту; қаржы заңдары мен ережелерін, цифрлық және қаржылық технологияларды, оның ішінде мобильді қосымшаларды қолдану негізінде ұтымды қаржылық мінез-құлыққа кепілдік беретін қазіргі заманғы қаржы құралдарын пайдалану дағдыларын қалыптастыру; салықтарды есептей және оңтайландыра білу, міндетті зейнетақы жарналары мен басқа да төлемдерді есептеу дағдыларын қолдану, сақтандыру өнімдерін пайдалану.
- ҚР БАҚ туралы заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерін, іскерлік қатынастар этикасын, мәтінді редакциялаудың емлесін, синтаксисін, орфографиясын, материал стилін білу; баспа ісі саласының тарихын, қалыптасу және даму кезеңдері мен аворлық мәтінді редакциялауды, кітап басу ісі жөніндегі нақты білімдерді меңгеру, шығармашылық шеберлік пен редакторлық жұмысты дамыту.
- ақпарат көздерімен жұмыс істеу принциптерін және ақпарат жинау әдістерін білу (сұхбат, бақылау, мәтіндік, графикалық, бейне, аудио нысандардағы мазмұнмен жұмыс), газет-журнал (теле, радио, интернет) өндірісінің негіздерін білу; баспа ісіндегі мультимедиялық технологиялар бойынша білімін көрсетіп, ақпараттық өнімдерді өндіру, WEB басылымдарға арналған кескіндерді редакциялап, фрагменттеу, Web-сайттар мен Web-басылымдарды жасап, әзірлеуге дағдылану, полиграфия өндірісінің технологиясын меңгеру.
- редакциялық қызметтің теориясын, әдістерін, тәсілдері мен құралдарын, газет-журнал өндірісінің негіздерін білу; баспа ісінің менеджменті және басқару туралы білім алып, оны іс жүзінде қолдану, редакция жұмысын ұйымдастыруды игеру.
- ақпараттың қоғамның санасы мен мінез құлқына әсер ету әдістерін, медиаиндустриядағы отандық қазақ мерзімді баспасөзі мен телерадиожурналистикасының тарихы мен технологиясын білу; баспа өнімдерін тарату теориясы мен практикасын, отандық және шетелдік баспа ісіндегі қоғаммен байланыс қатынастары жөніндегі білімін және оларды баспа бизнесінде пайдалану дағдысына көрсету, отандық баспасөз бен телерадиожурналистика тарихы мен медиаөндіріс технологияларын меңгеру.
- журналистиканың негізгі жанрларын, олардың стилистикалық ерекшеліктерін, оқырмандарды баспа өнімдері мен ақпараттарды сапалы ұсыну бойынша өз қорытындыларын жасауға шақыратын әртүрлі журналистік жанрлардың стилистикасы туралы білу; әдебиет теориясы мен тарихын білу, сапалы баспа өнімдері және ақпараттарды ұсынып, әртүрлі баспасөз және телерадио жанрларында жазуды меңгеру, журналистік жарияланымдар дайындау; баспа ісі мен бұқаралық ақпарат құралдарының электрондық мәліметтер базасымен жұмыс істей білу.