Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M02208 Дүниежүзі тарихы в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Пәндер

  • Халық және даму

    Пәннің мақсаты: магистранттарға «халық» және «даму» ұғымдарын түсіндіру, сондай-ақ, олардың өзара әрекеттесу ерекшеліктерін сипаттау. Сонымен қатар, халықтың дамуына әсер ететін демографиялық фактор, туу мен өлім көрсеткіші сияқты маңызды үдерістер мен тенденциялар зерттелетін болады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Басқару психологиясы

    Пәннің мақсаты басқару психологиясының іргелі түсініктерін түсіндіру, кәсіби тұрақтану процесінде басқару аймағының аспектілерін теориялық және тәжірибелік қолдану алғышарттарын анықтау қабілеттілігін қалыптастыру. Оқу курсы топтық құбылыстар мен процестерді басқару психологиясы бойынша заманауи көзқарастарды түсінуді қалыптастырады. Пән келесі мәселелерді оқытуға бағытталған: басқару психологиясының, басқару қарым-қатынастағы жеке тұлға, жеке тұлғаның мінез-құлқын басқару негізгі принциптері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Әлеуметтік тарихты оқытудың жаңа бағыттары

    Пәннің мақсаты: пәнге тән зерттеу әдістерін ұсыну, қоғамдық тарих контекстінде дамып келе жатқан бағыттар мен ғылыми мектептер туралы мәлімет беру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)

    Мақсаты: ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жоспарлауда практикалық дағдыларды қолдану, ғылыми зерттеу бағыттары туралы білімдерін жүйелеу және қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Пән зерттейді: ғылыми мақалалар мен диссертацияларды жоспарлау, ұйымдастыру және ресімдеудің нысандары мен әдістері; презентацияларда, баяндамаларда, жобаларда, мақалаларда ғылыми зерттеу нәтижелерін қорытындылау түрлері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі әлемдік дамудың негізгі тенденциялары

    Пәннің мақсаты: жаһандық демографиялық дамудың негізгі тенденцияларын және соған байланысты проблемаларды анықтау және талдау; жаһандық деректерді сыни талдауда алған дағдылары негізінде жаһандық контексте әртүрлі мегатрендтерді түсіну

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шетел тілі (кәсіби)

    Пәнің мақсаты – еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, шет тілін оқытудың халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттіліктерді меңгеру және жетілдіру, өйткені шет тілі арқылы болашақ магистрант академиялық білімге, жаңа технологияларға және заманауи ақпаратқа қол жеткізеді, болашақ магистранттың мәдениетаралық, кәсіби және ғылыми қызметінде шет тілін қарым-қатынас құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жоғары мектептің педагогикасы

    Мақсаты - жоғары оқу орындарының дидактикасы, тәрбие мен білім беруді басқару теориялары, педагогикалық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау білімдері негізінде университетте педагогикалық іс-әрекеттің қабілетін қалыптастыру. Болашақ оқытушының білім беру қызметін ОКТ қолдана отырып жобалауды, Болон процесін жүзеге асыруды,дәріскерлік,кураторлық шеберлікті оқыту/тәрбиелеу және бағалау стратегиялары мен әдістерін қолдана отырып (TLA-стратегиялар) игеруді қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • ЕО заңдары және адам құқықтары

    Курстың мақсаты: Еуропалық құқықтың жұмыс істеу ерекшеліктерін, оның ішінде Еуропалық заңнама шеңберінде Адам құқықтары проблемаларын дамыту және шешу жолдарын зерттеу. Магистранттар ЕО-ның негізгі институттарының жұмыс істеуі, олардың өзара іс-қимылы, сондай-ақ интеграциялық процесті басқарудың әртүрлі әдістеріне арналған оқу материалын игеретін болады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Дүниежүзі тарихы: жаңа методологиялық бағыттар

    Пәннің мақсаты: әлемдік тарих ғылымындағы стратегиялар мен заманауи тәсілдер мен тенденцияларды және Батыс Еуропа және Америка гуманитарлық ғылымдарының ұлттық тарихтағы тарихи оқиғаларды түсіндіру мен білім өндіруге әсерін зерттеу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Мақсаты: магистранттардың рационалды-теоретикалық ойлаудағы негізгі дүниетанымдық және әдістемелік мәселелерді құраушы ғылыми білімнің ерекше түрі ретіндегі заманауи ғылым философиясы туралы терең түсінік қалыптастыру. Қарастырылады: Ғылымның тарихы және философиясының пәні, Ғылымның пайда болуы және қалыптасуы, Әлеуметтік және гумантарлық ғылымдардың тарихы мен философиясы, Қазіргі заманғы жаһандық өркениет дамуының философиялық мәселелері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Тарихтың концептуалдық модельдері

    Пәннің мақсаты: магистранттарды фиолософия мен методологияның негізгі түсініктерімен таныстыру; тарихи процестің категорияларын талдау, методологиялық теорялардың әртүрлі бағыттарымен және концептуалдық модельдермен таныстыру

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Халықаралық ұйымдар мен даму

    Пәннің мақсаты: магистранттарда мемлекетаралық органдар мен ұйымдарды реттейтін қағидалар мен ережелерді білім призмасы арқылы, сондай-ақ олардың құқықтық мәртебесін және қызметтік функцияларын анықтау арқылы, халықаралық қоғамдық құқықтың маңызды саласының мәселелерін түбегейлі білу; студенттерді жетекші халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ олардың жұмыс істеуінің институционалдық аспектілерімен нормативтік-құқықтық актілермен таныстыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Қазіргі әлемдік жүйеде экономикалық даму теориясы мен саясаты

    Мақсаты: дүние жүзінің ірі аймақтарының қазіргі әлемдік экономикалық даму теориясы мен саясатының ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру. Курс экономикалық дамудың теориялық негіздерін зерттейтін және оның сәйкес саясатын қазіргі заманғы тарихи фон контекстінде қарастыратын кешенді курс болып табылады. Бұл курс экономикалық даму процестеріне тән іргелі сипаттарды және олардың әртүрлі елдердегі әртүрлі көріністерін терең зерттеуді қамтамасыз етуге арналған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 6
  • Қазіргі заманғы тарихи ғылымға пәнаралық көзқарас

    Пәннің мақсаты: тарихи құбылыстар мен үдерістерді зерттеуге қатысты пәнаралық әдістердің қалыптасуы мен даму тарихы бойынша білімді меңгеру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Батыс Европадағы саяси ойдың тарихы

    Пәннің мақсаты: магистранттардың саяси ілімдер тарихын ғылым ретінде, саяси идеологияның даму заңдылықтары туралы, мемлекет, үкімет, саясаттың маңызды және әсерлі тұжырымдамаларының мазмұны мен тарихы туралы тұтас көзқарасын қалыптастыру. Бұл курсты меңгеру магистранттардың ғылыми-теориялық ойлау, саяси және тарихи сана-сезімін қалыптастыруға ықпал етуі керек.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Халықаралық ауылшаруашылық саясат

    Пәннің мақсаты: «халықаралық ауылшаруашылық саясат» түсінігін, әлемдік ауыошаруашылық саясаттың даму тарихы мен әлемнің түрлі аймақтарындағы даму ерекшеліктерін талдау мен қарастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Сыни аргументация негізінде «жаңа тарихи ғылым» мен әлемдік даму тенденциялары бойынша қазіргі шетелдік және философиялық, ғылыми ұстанымдарды шетел тілінде де интерпретациялау
  • Дүниежүзі тарихы бойынша зерттеулер жүргізу үшін қазіргі теориялық әдістер мен ғылыми ұстанымдарды пайдалану
  • Пәнаралық ұстаным мен қазіргі методологиялық концепцияларды пайдалана отырып, қазіргі әлемдік саяси, экономикалық дамуда қолданбалы зерттеулерді жүргізу
  • Инновациялық технологиялар мен психология әдістерін пайдалана отырып, дүниежүзі тарихы мәселелері бойынша ғылыми жұмысты ұйымдастыру және зерттеу жобаларын дайындау
  • Көпполярлы жаһандық әлем жағдайларында саяси, экономикалық пен қоғамдық үдерістердің ғылыми экспертизасын жүргізу
  • Дүниежүзі тарихының оқу пәндері бойынша сабақтарды инновациялық технологиялар мен цифрлық білім құралдары қолдана отырып, өткізу
  • Дүниежүзі тарихының оқу пәндері бойынша оқу-әдістемелік комплекстер мен білім алушылардың оқытылудағы күтілетін нәтижелерін бағалау критерийлерін дайындау
  • Педагогикалық үдерісті ұйымдастыруда педагогика мен психология білімін пайдалану
  • Қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастар мен саяси-экономикалық даму саласындағы қоғамдық және халықаралық ұйымдарға кеңес беру
  • Пәнаралық ұстанымдарды пайдалана отырып, орталықтар, қоғамдық пен мемлекеттік ұйымдар, сонымен қатар бұқаралық ақпараттық құралдар үшін қазіргі әлемдік үдерістердің эксперттік пен сараптамалық зерттеулерін құрастыру
  • Командада жұмыс жасау, барлық академиялық этика қағидаларын сақтай отырып, зерттеу мен педагогикалық қызметті жүзеге асыру
Top