Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01704 Шетел тілі: екі шетел тілі в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Пәндер

  • Әл-Фараби және қазіргі заман

    Пәннің мақсаты: студенттердің әлемдік және ұлттық мәдениеттің даму контекстіндегі ұлы түркі ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми және философиялық мұрасы туралы түсініктерді қалыптастыру. Әл-Фараби мұрасының ерекшеліктері және оның түркі философиясының қалыптасуына тигізген әсері; шығыс философиясының Еуропалық Ренессансқа әсер ету сипаты; ұлттық және әлемдік философия тарихының дәстүрлі және қазіргі заманғы мәселелері қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Бірінші шет тілінің практикалық грамматикасы

    Пәннің мақсаты: тіл құрылымы жайлы іргелі білім қалыптастыру және шет тілінде грамматикалық тұрғыдан дұрыс сөйлеудің практикалық дағдыларын қалыптастыру. Пән грамматикалық қатар құрылымы, грамматикалық құбылыстар, морфологиялық және синтаксистік конструкцияларды құру және пайдалану ережелері және бірінші шет тілінің грамматикасын дамытудың қазіргі заманғы үрдістерді оқытуға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Абай ілімі

    Мақсаты – болашақ мамандардың бойында өзін-өзі тану қабілетін қалыптастыру, Абай ілімін қазіргі Қазақстанның руханилығы мен зиялылығының негізі ретінде пайдалану, ел бірлігін және қоғамның азаматтық ынтымағын нығайту мақсатында өзінің кәсіби білімін, түсінігі мен қабілеттерін гуманизм және білім беру призмасы арқылы қолдана білу. Оқытылатын болады: Абай ілімі туралы түсінік; оқыту қайнары; Абай ілімінің құрамдас бөліктері; Абай ілімінің категориялары; Абай ілімін өлшеу құралдары; Абай ілімінің мәні мен мағынасы.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экология және адам тіршілігінің қауіпсіздігі

    Мақсаты-адамның табиғатпен өзара әрекеттесу жағдайларын үйлесімді оңтайландыру қағидаттарын іске асыратын табиғатты пайдаланудың заманауи тұжырымдамаларына негізделген бірқатар негізгі құзыреттерді қалыптастыру. Оқытылатын болады: адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін табиғи ресурстарды тұрақты дамыту, сақтау және молайту қағидаттары, тәуекелдерді бағалау және азайту әдістері, қауіптерден, апаттардың салдарын жою шаралары, табиғи апаттар, қоршаған ортаны қорғау және қоршаған ортаны ұтымды басқару.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қаржы сауаттылығының негіздері

    Пәннің мақсаты: қаржылық ақпаратты түсіну мен олардың жеке қаржы мәселелеріне қатысты сауатты және негізделген шешімдер қабылдау үшін студенттерде ұтымды қаржылық мінез-құлықты қалыптастыру, сонымен қатар сыни тұрғыдан бағалау қабілетін арттыру, қаржылық құралдарды, оның ішінде цифрлық технологияларды пайдалану арқылы қаржылық қызметтерді тұтынушылар ретінде олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға байланысты процестерді талдау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кәсіпкерлік

    Мақсаты: экономикалық ойлау тәсілін; коммерциялық іске асырылатын индустриялық-инновациялық жобаларға бағытталуды қалыптастыру үшін қажетті өз бизнесін құрудың теориясы мен практикасы саласында базалық білімдерді қалыптастыру. Кәсіпкерлік, шағын және орта бизнестің ішкі және сыртқы ортасының негізгі шарттары; мемлекеттік реттеу және мемлекеттің кәсіпкерлік орта үшін рөлі мәселелері қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Бірінші шет тілінің фонетика практикумы

    Пәннің мақсаты: оқытылатын бірінші шет тілінің дыбыстары мен фонетикалық жүйесі туралы базалық білімді қалыптастыру. Бұл пән тілдің дыбыстық құрылымы және оның компоненттері туралы түсінік, шет тілінің айтылу нормасы, дауысты және үнсіз дыбыстардың жіктелуі, сөйлеу аппаратының құрылысы және оның сөйлеу дыбыстарын құрудағы функциялары оқытуға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Ғылыми зерттеудің әдістері

    Мақсаты: әдіснамалық және ғылыми мәдениетті қалыптастыру; ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жүргізуде білім, білік және дағдылар жүйесін қалыптастыру. Зерттеудің жалпы ғылыми әдістері, оның ішінде ғылыми білімнің объективті мазмұнын табу үшін ғылыми ақпаратты іздеу, өңдеу, жүйелеу, талдау, синтездеу, жалпылау және дәлелдеу әдістері зерделенеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері

    Пәннің мақсаты: сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылықтарды алдын-алу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қағидалары мен нормаларын қолдануды іс-жүзінде көрсете білу, жауапкершілік қабілетін қалыптастыру, азаматтық-құқықтық жауапкершілікке ие болып, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті, күнделікті өмірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің жүйесі мен қызметі, сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайлар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің халықаралық тәжірибесі оқытылатын болады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Педагогика

    Мақсаты - тәрбие теориясы мен дидактикасының теориялық негіздерін, тұтас педагогикалық үрдісті меңгеру, білімді тәжірибеде қолдану қабілетін қалыптастыру. Пән түсініктік аппаратты, педагогиканың ғылым ретінде дамуының негізгі кезеңдерін; педагогиканың әдіснамалық негіздерін, КҚО теориясын, мектеп дидактикасын, тәрбие теориясын, педагогикалық қызметтің мәнін, тұтас педагогикалық үдерісті ұйымдастыруды, сабаққа қойылатын талаптарды зерттеуге, педагогикалық қызмет негіздеріне, педагогикалық жүйені басқаруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемелері

    Пәннің мақсаты: студенттерде тәрбие процесінің мәні, оның формалары мен әдістері туралы білімді қалыптастыру, сондай-ақ қазіргі заманғы тұжырымдамалар мен тәрбие модельдерімен танысу, сондай-ақ тәрбие процесінің заңдылықтары мен принциптерін анықтау дағдыларын қолдану; тәрбие процесінің әдістерінің тиімділігін талдау; білім алушыларды тәрбиелеу және әлеуметтендіру жөніндегі жұмысты жобалау, жоспарлау, ұйымдастыру

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 3
  • Шет тілдерін оқыту әдістері тарихы

    Пәннің мақсаты: Білім алушыларды шет тілін оқыту әдістемесінің теориясы мен тәжірибесінің тарихымен және негізгі бағыттарымен таныстыру, олардың эволюциялық даму жолына ғылыми көзқарас қалыптастыру. Пән сонымен қатар шет тілін оқыту саласындағы заманауи талаптар арқылы шет тілін оқыту әдістемесінің дамуының маңызды кезеңдерін сыни және шығармашылық тұрғыдан түсінуге, оқытудың әдістері мен тәсілдерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын тарихи тұрғыдан анықтауға бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 6
  • Инклюзивті білім беру

    Пәннің мақсаты: білім берудің инклюзивті моделін жүзеге асыруда ғылыми идеялар мен кәсіби құзіреттілік жүйесін қалыптастыру. Курсты меңгеру нәтижесінде студенттер: инклюзивті білімге айналу жолдарын және оның мүмкін болатынын анықтау. Білім сапасын қамтамасыз ететін өзгерістер; мүмкіндігі шектектеулі оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдауды жүзеге асыру; инклюзивті білім процесінде педагогикалық өзара әрекеттестік субъектілерінің қызметін жобалау; инклюзивті білім беруді енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 3
  • Базалық екінші шет тілі А1

    Пәннің мақсаты: фонетика, лексика және грамматика сияқты аспектілерде тіл құралдары мен тілдік дағдыларды нығайтып, кәсіби және тұлғааралық қарым-қатынас құралы ретінде екінші шет тілінде қолдану қабілетін қалыптастыру. Сәлемдесу тіркестері, әліпби, сандар, есімдіктер, предлогтар, сұрау есімдігі, модальды етістіктер және т.б. оқытылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Базалық шет тілі В1 (бірінші)

    Пәннің мақсаты мәдениетаралық деңгейде шет тілді қарым-қатынас жасау қабілетін қалыптастыру, өнімді және рецептивті тілдік материалды тереңдету және кеңейту. Етістіктерді қолданудың грамматикалық ережелері, модальды етістіктер, сын есім шырайлары, және тұйық етіс формалары қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 6
  • Базалық екінші шет тілі А2

    Пәннің мақсаты: тұлғааралық және мәдениетаралық қарым-қатынас мәселелерін шешу үшін ауызша және жазбаша коммуникацияны жүзеге асыру қабілетін қалыптастыру. Пән етістіктерді қолданудың грамматикалық ережелері, етістер, модальдік етістіктер және сөйлеуде, оқу мен жазудағы грамматикалық ұстанымдар мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 5
  • Жасерекшелік психологиясы

    Пәннің мақсаты психологияның әртүрлі тұжырымдамаларында, теориялары мен парадигмаларында бағдарлану қабілетін қалыптастыру, сонымен қатар кәсіби және әлеуметтік қызметте заманауи психологияның жетістіктерін қолдану. Пән қазіргі жас ерекшелік психологиясының негіздеріне, оның категориялық аппаратына, проблемалық өрісі, теориялық және әдіснамалық негіздерін меңгеруге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 6
  • Тіл біліміне кіріспе

    Пәннің мақсаты – студенттерді тіл ғылымы пәнімен және міндеттерімен, қазіргі лингвистика құрылымымен, зерттеу бағыттарымен, тіл білімінің негізгі бөлімдерімен таныстыру; негізгі лингвистикалық ұғымдар мен лингвистикалық терминология туралы түсініктерін қалыптастыру; студенттерді одан әрі лингвистикалық цикл пәндерін оқуға дайындау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 5
  • Базалық шет тілі В2 (бірінші)

    Пәннің мақсаты: кәсіби қызметтің түрлі салаларында, ғылыми және практикалық жұмыста шет тілін қолдануға мүмкіндік беретін коммуникативтік құзыреттілікке қабілетін қалыптастыру. Шартты сөйлемдер, ырықсыз етіс, төлеу сөз және күрделі сөйлемдерді құрастыру үшін қажетті конструкциялар мен клишелер зерделенетін болады. Әр түрлі тақырыптарда ағылшын тіліндегі дәрістер тыңдтып, мәтіндерді оқыту.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 5
  • Бірінші шет тілін оқыту әдістемесі

    Пәннің мақсаты: шет тілін оқыту әдістемесінің мақсаты, міндеттері, қағидалары, басқа пәндермен байланысы қарастырылады. Пән шет тілін оқытуда дәстүрлі және заманауи АҚТ құралдарының пайдалану, тыңдау, жазу, оқу, сөйлеу қабілеттерін үйретудің жолдары, шет тілін оқытудағы интерактивті және инновациялық әдістер оқытуға арналған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Ауызша және жазбаша екінші шет тілі практикумы B1

    Пәннің мақсаты: екінші шет тіліндегі сөйлеу және қарым-қатынас мәдениетін түсіну. Пән мәдениетаралық қарым-қатынасты қалыптастыруға, зерттелетін екінші шет тіліндегі түпнұсқа мәтіндермен (жарнамалар, хабарламалар, сұхбаттар, электрондық пошталар және т.б.) жұмыс істеуге, өз ойларын қарапайым тіркестермен еркін жеткізе білуді үйретуге бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 6
  • Ғылыми жазу

    Пәннің мақсаты: студенттердің жазбаша ғылыми коммуникацияның мақсаттары мен міндеттерін тану және жүргізу қабілетін, жазбаша және ауызша мәтіндердің ғылыми стилінің ерекшеліктерін, ғылыми мәтіндерді ұйымдастыру принциптерін қалыптастыру,алынған білімді жазбаша және ауызша форматтарда зерттеу жұмыстарын жасау кезінде қолдану. Пән "тіл стилі", "сөйлеу стилі", "функционалдық стиль", "сөйлеу жанры"ұғымдарын,тілдің ғылыми стилін, оның қасиеттері мен түрлерін қарастыруғабағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 6
  • Академиялық жазу

    Пәннің мақсаты: шет тілінде ғылыми жарияланымдар жасау, талдау, түсініктеме беру, қорыту, ғылыми зерттеулер жүргізу қабілетін қалыптастыру. Пән академиялық қарым-қатынас түсінігі, түрлері, нысандары мен функциялары, ақпаратты жинау, өңдеу және сақтаудың әртүрлі әдістері мен тәсілдері, ғылыми стильдің ерекшеліктері және оқу және ғылыми академиялық қарым-қатынас саласында іске асыру тәсілдерін оқытуға бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 6
  • Білім беру платформалары және қашықтан оқыту әдістемесі

    Пәннің мақсаты: мектепте ағылшын тілі мен әдебиетін оқытуда заманауи ақпараттық-білім беру технологияларын сипаттау қабілетін қалыптастыру. Пән интернет-ресурстардың, мультимедиялық, электрондық құралдардың көмегімен білім алушылардың оқу үдерісі мен уәждемесін қарқындатуды зерделеуге, тіл мен әдебиетті пәнге бағдарланған креативті оқыту жүйесіндегі ақпараттық технологиялардың әдістемелік әлеуетін түсінуге бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Арнайы мақсаттарға арналған тіл С1

    Пәннің мақсаты: кәсіби қызмет міндеттерін шешу үшін немесе қарым-қатынас саласы мен жағдайына сәйкес кәсіби коммуникацияны жүзеге асыру қабілетін қалыптастыру. Пән диалогтық және полилогиялық қарым-қатынастың функционалдық түрлері; әртүрлі сөйлеу шығармаларының композициялық-тілдік типтері (реферат, аннотация, пікір, баяндама, эссе) оқытуға бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 6
  • Екінші шет тілі В1

    Пәннің мақсаты: екінші шет тіліндегі берілген жеке фразалар мен жиі қолданылатын сөздерді, кең көлемді сөздерді түсіну, әуежайда, вокзалда кез келген ортада айтылған қысқа қарапайым диалогтарды түсіну, оқу барысында қарапайым мәтіндердің хаттардың, электрондық хабарламалардың мазмұнын түсіну. Пән таныс тақырыптар мен ауызекі тілде ақпарат алмасуды талап ететін қарапайым жағдайларда қарым-қатынас жасай білуге бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 6
  • Оқытылатын тілдің стилистикасы (бірінші шет тілі)

    Пәннің мақсаты: бірінші шет тілінде ауызша және жазбаша сөйлеуді қисынды, дәлелді және анық құру қабілетін қалыптастыру. Пән риториканы, стилистиканың негізгі түсініктерін, тілдің стилистикалық құралдарының функционалдық стильдерін, стилистикалық ресурстар мен оқылатын тілдің нормаларын оқытуға бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Аймақтық лингвистика

    Пән мақсаты: Студенттерде оқытылатын тілдің лексикалық және грамматикалық ерекшеліктерін ескере отырып, аймақтық тіл білімі туралы білім кешенін қалыптастыру. Пән аймақтық тіл білімі туралы негізгі түсінікке, шет тілінің аумақтық вариативтілігі туралы терең, жүйеленген білімді қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Бірінші шет тілінің лексикологиясы және оқыту әдістері

    Пәннің мақсаты: лексикология мен лексикографияның, лексикалық-семантикалық талдаудың негізгі терминдерін түсінуді қалыптастыру. Пән лексикология мен лексикографияның негізгі бөлімдері, лексикалық талдау әдістері, тілдің әртүрлі стильдеріне тән лексикалық құбылыстар ұғымын зерттеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 6
  • Арнайы мақсаттарға арналған тіл С2

    Пәннің мақсаты: әлеуметтік, академиялық және кәсіби мақсаттарда тілді икемді және тиімді пайдалану қабілетін қалыптастыру. Пән шет тілі мұғалімінің кәсіби даярлығының ерекшеліктері, үздіксіз шет тілінде білім беру тұжырымдамасы, оқытудағы заманауи технологиялар мультимедиялық және дәстүрлі оқулықтардың артықшылықтары мен кемшіліктерін оқытуғабағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Екінші шет тілі В2

    Пәннің мақсаты: студенттерде Екінші шет тілінің фонетикасы, морфологиясы мен синтаксисі және екінші шет тіліндегі күнделікті сөйлеу тәжірибесі туралы жеткілікті білім қалыптастыру. Пән студенттердің тілге деген қызығушылығын арттыруға, Екінші шет тілінің грамматикасын тереңдетіп оқуға, тілдің функционалдық стильдерінің негізгі ерекшеліктерін білуге бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Шет тілін оқытудағы контрастивтік талдау

    Пән мақсаты: бірінші (ана) тілдің жеке құбылыстары мен бірліктерін оқытылатын шет тіліндегі берілу құралдарымен салыстыра отырып зерттеу. Пән контрастивті талдауда шет тілін меңгеруді және оқуды жеңілдету үшін екі тіл арасындағы тіларалық сәйкестіктерді, ұқсастықтар мен айырмашылықтарды салыстырмалы түрде зерттеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Тілі оқытылатын елдің әдебиеті

    Пәннің мақсаты: орта ғасырдан ХХ ғасырдың соңына дейінгі ағылшын-америка әдебиеттері туралы түсінік қалыптастыру. Пән ерте және жетілген орта ғасыр, қайта өрлеу, Барокко, классицизм, сентиментализм, предромантизм, романтизм, реализм, нео-романтизм, модернизм, постмодернизм оқытуға бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Ауызша және жазбаша екінші шет тілі практикумы B2

    Пән мақсаты: екінші шет тілін оқытуда жазбаша және ауызша сөйлеуді тереңдетіп оқытуды қамтамасыз ету. Пән екінші шет тілінде әртүрлі тақырыптарды ауызша талқылау қабілетін дамытуға, сондай-ақ қысқа әңгімелер, эсселер және т.б. сияқты жазба жұсыстарының әр алуан түрлерін орындау кезінде жазбаша дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Бағалаудың өлшемдік технологиялары

    Пәннің мақсаты: оқу жетістіктерін критериалды бағалаудың когнитивтік және функционалдық құзыреттіліктерін қалыптастыру. Курсты меңгеру нәтижесінде студенттер: бағалау қызметінің функциялары мен құрылымын анықтау; оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып бағалау әдістерін қолдану; критериалды бағалауды ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық негіздеріне талдау жасау; оқушыларды объективті бағалау үшін рубрикаторларды әзірлеу және қолдану; педагогикалық процесте критериалды бағалаудың тәртібін құрастыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 6
  • Екінші шет тілінің практикалық курсы C1

    Пән мақсаты: студенттердің мәтіндермен жұмыс жасауда тілдік және мәдени құзіреттілігін тереңірек дамыту. Пән нақты тәжірибе мен жеке естеліктерден бастап тарихи оқиғаларға дейінгі тақырыптарды түсіндіру, баяндау, сипаттау және талқылау, топтық іс-шаралар арқылы екінші шет тілі мәдениеті мен қоғамының түрлі аспектілерін оқытуға бағытталған.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • Тілді меңгеру деңгейін анықтау технологиясының практикумы

    Пәннің мақсаты: ағылшын тілін шет тілі ретінде меңгеру деңгейін бағалайтын тестілердің әртүрлі түрлерімен жұмыс істеу қабілетін қалыптастыру. Пән тыңдалым, оқылым, жазылым және сөйлеу секілді аспектілер бойынша тестімен жұмыс істеу дағдыларын меңгеруге бағытталған және тілдің лексикалық, грамматикалық заңдылықтары бойынша тиісті білім деңгейін дамытуға бағытталған.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • Ауызша және жазбаша екінші шет тілі практикумы C1

    Пәннің мақсаты: тілдік дағдылардың төрт түрі бойынша екінші шет тілін дамыту - болашақ кәсіби іс-әрекет контекстінде оларды қолдану үшін тыңдау, жазу, сөйлеу және оқу. Мәдениетаралық деңгейде шеттілдік қарым-қатынас, өнімді және рецептивті тілдік материалды тереңдету және кеңейту, аутенттік мәтінді оқу және түсіну, өз ойын еркін жаза білу.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • Фонетика теориясы және оқыту әдістемесі

    Пәннің мақсаты: фонетиканың теориялық негіздерін, тіл грамматикасы мен сөйлеу қызметінің арақатынасының принциптерін ашу қабілетін, олардың ерекшеліктерін көрсете отырып, қалыптастыру болып табылады. Пән фонетиканың мәні, міндеттері, басқа ғылыми пәндермен байланысы, әдістері, ағылшын орфоэпиялық нормасы және басқа да айтылу нұсқалары, ағылшын дауысты және дауыссыз дыбыстарының айырымдық белгілері және оларды оқыту әдістемесі оқытуға бағытталған.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • Тіл мәдениеті (екінші шет тілі)

    Пәннің мақсаты; екінші шет тілінде адамдармен қарым-қатынас жасау, мәдениетаралық және этникалық айырмашылықтарды ескере отырып, психологиялық байланыстар орнату қабілетін қалыптастыру. Пән қарым-қатынас түрлері мен стилін, коммуникативтік жағдайды және оның құрамдастарын, педагогикалық қарым-қатынас ерекшелігін оқытуға бағытталған.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • Екінші шет тілі әдебиеті

    Пән мақсаты: студенттерді екінші шет тілінде жазушылардың түпнұсқадағы шығармаларымен таныстыру.Пән әртүрлі көркем стильдермен танысу және көркем мәтіндерді талдау дағдылары мен шеберлігі негізінде көркем шығармаларды терең түсінуге қол жеткізу. Авторлардың өмірбаяндары және көркем әдебиеттің негізгі шығармалары, очерктер, новеллалар, екінші шет тіліндегі қысқа әңгімелер оқытуға бағытталған.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • Жалпы тіл білімі

    Пәннің мақсаты қазіргі ғылыми парадигмалар аясында өзекті лингвистикалық бағыттарда бағдарлану қабілетін қалыптастыру, олардың маңызды мәселелері мен жетістіктерін білу. Пән тілдің қазіргі теориясының негізгі ережелерін, даму тарихын және лингвистикалық мектептер мен тіл білімінің маңызды бағыттарын, қазіргі лингвистикалық зерттеу әдістерін оқытады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • Грамматика теориясы және оқыту әдістемесі

    Пәннің мақсаты: ағылшын тілінің грамматикалық құрылымының мәселелері бойынша оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу қабілетін қалыптастыру болып табылады. Пән теориялық грамматика тарихы, тіл деңгейі түсінігі, морфологиясы, негізгі грамматикалық түсініктер, сөйлеу бөліктерін жіктеу принциптері, синтаксис және оларды оқыту әдістемесін қарастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • Тестілеу техникасының практикумы (бірінші шет тілі)

    Пәннің мақсаты: студенттердің тілді оқыту әдістемесінде жаңа үрдістерді ұстану, тілді оқыту жүйесін терең түсіну, қазіргі заманғы әдістемеде тестілеудің негізгі үрдістерін меңгерту қабілеттерін дамыту. Пән 4 дағды бойынша тестілеумен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Құқық, экология, кәсіпкерлік, қаржылық сауаттылық және Абай мен әл-Фараби ілімінің идеологиялық негіздерінің тоғысындағы білімін кәсіби қызметінде пайдалана отырып, ұлттық бірегейліктерді қалыптастыру
  • Ғылыми білімнің формалары мен әдістерін, педагогикалық ғылымның, пәндік саланың және кәсіптің дамуының негізгі бағыттары мен перспективалары жайлы тұтастай түсінікке ие болу
  • Әлеуметтік-мәдени жағдайды және тұлғаның даму деңгейін ескере отырып, белсенді әлеуметтік-психологиялық оқыту әдістерін қолдана отырып, шет тілі бойынша білім беру процесін жүзеге асыру
  • Алған білімді ана тілінде және шет тілінде ауызша және жазбаша түрде пратикада қолдану
  • Шеттілдік білім беру әдістемесін білу негізінде IELTS, TOEFL, DELF, DALF, HSK сертификаттауға дайындайтын курстар үшін жеке бағдарламалар дайындай білу
  • Оқытылатын тіл елінің салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын, әдебиетін, тіл мәдениетін және мәдени және әлеуметтік ерекшеліктерін зерделеу арқылы мәдениетаралық, әлеуметтік-лингвистикалық, тілдік құзыреттіліктерді қалыптастыру
  • Оқушының эмоционалдық-құндылық аясын дамыту мақсатында тәрбие жұмысын жобалау
  • Педагогтердің әртүрлі кәсіптік бірлестіктерінің қызметіне қатысу
  • Ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдістемелік және ұйымдастырушылық-басқарушылық міндеттерді шешу үшін қажетті жалпы теориялық және кәсіптік пәндердің негіздерін меңгеру
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (Word, Exel, PowerPoint, жасанды интеллект және басқа компьютерлік бағдарламалар) тиімді сабақтар ұйымдастыру барысында, оның ішінде қашықтан оқыту платформаларын да пайдалану
  • Кәсіби біліктілікті жүйелі түрде арттыруға, тұрақты кәсіби өсуге және жеке қасиеттерін дамытуға ұмтылу
  • Әріптестермен, басшылықпен және ата-аналармен кәсіби өзара қарым-қатынасты ұйымдастыруды жүзеге асыру
Top