Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D07101 Мұнайхимия в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Ғылыми көзқарастар мен инновациялық технологияны қолдана отырып, заманауи тұжырымдамалар негізінде мұнайхимиясы және мұнай өңдеу саласында іргелі, қолданбалы тәжірибелік зерттеулер жүргізуге қабілетті, өздігінен зерттеу жүргізуге жүйелі ойлаумен, практикалық дағдыға ие, көшбасшылық қасиеттері бар ғылыми, ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау. Бағдарлама маманның кәсіби қалыптасуына бағытталған: - мұнай және мұнайлы шикізатты өңдеуге кешенді заманауи әдіснаманың негізі принциптерін қолдануды негіздеу. - диссертациялық жұмысты орындау кезінде қажетті зерттеулерді жүргізу үшін ғылыми зерттеудің міндеті мен мәселесін жүйелеу және интерпретациялау. - мұнайхимиясы мен мұнайхимиялық синтез аймағында заманауи инновациялық технология негізінде ғылыми зерттеулерді өзбетінше жүргізуге кешенді әдіснамаларды жүзеге асыру. - мұнайхимиясы мен мұнай өңдеуде белгілі зерттеушілердің әдеби және патенттік жарияланымдар негізінде алынған теориялық және эксперименттік нәтижелерді аргументті нақты ғылыми дискуссиямен, жүргізілген эксперименттік әдістердің негізінде баға беру
  • Академиялық дәреже Докторантура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 3 года
  • Кредиттер көлемі 180
  • Білім беру бағдарламаларының тобы D097 Химиялық инженерия және процесстер

Пәндер

  • Мұнай өңдеудегі өнеркәсіптік катализ

    Пәннің мақсаты – катализаторды заманауи әдістермен дайындауды, таңдауды, зерттеуді меңгеру мен катализдің теориялық аспектісін негіздеуді қалыптастыру. Оқу курсы катализатор мен адсорбенттің химиялық, фазалық құрамы, субструктрасы, текстурасы, морфологиясын басқарудың технологиялық амалдарын салыстыуды қалыптастырады. Пәнді оқыту бағытталған: мұнай өңдеу, мұнайхимиясындағы өндірістік катализатордың қасиетін зерттеу әдістеріне; катализдік процестің әртүрлі сатысында катализдік реакциялардың механизміне.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Катализаторларды зерттеудің қазіргі әдістері

    Пәннің мақсаты – ерітінді мен қатты фазаның бетінде жүретін катализдік өзгерістердің химизмін және қасиетін заманауи әдістер негізінде физикалық процестерді критикалық тұрғыдан бағалауды қалыптастыру. Оқу курсы гетерогенді және гомогенді катализаторларды кешенді физика-химиялық зерттеу қабілетін қалыптастырады. Пәнді оқыту бағытталған: РФА, ЯМР-, ПМР-спектроскопия, ЭМ, ТПД заманауи зерттеу әдістерімен катализ процестеріндегі ерекшелікті анықтау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Катализдік процестермен катализаторды зерттеудің физика-химиялық негізі

    Пәннің мақсаты – катализаторлар мен катализдік процестерді зерттеудің физикалық-химиялық негізі үшін қолданылатын заманауи әлемдік ғылымның әдістерін талдау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы қатты катализатордың бетінің фазалық құрамын, атомдық структурасын, микроструктурасын және қасиетін заманауи әдістер негізінде критикалық бағалауды қалыптастырады. Пәнді оқыту бағытталған: рентгендік дифракция, оптикалық спектроскопия және магнитті-резонансты әдістер көмегімен катализ құбылыстары.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеудің әдістері

    Пәннің мақсаты: докторанттарда жоғары деңгейде фундаменталды және қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізуді қамтамасыз ететін және халықаралық талаптарға сай келетін нәтижелерді алуға мүмкіндік беретін зерттеулердің қазіргі заманғы инновациялық теориялық және эксперименталдық әдістерін саналы түрде таңдап және қолдана алатындай креативті қабілеттерін қалыптастыру. Оқу курсы докторанттарға ғылыми-инновациялық қызметке белсенді қатысуға және ғылыми нәтижелерді коммерцияландыруға ынталандырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Мұнай және мұнай шикізатын қалдықсыз өңдеу технологиясы

    Пәннің мақсаты – көмір, мұнай және газды қалдықсыз өңдеу технологиясының даму келешегін, бағытын, күйін бағалау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы мұнай, мұнайлы шикізатты қалдықсыз өңдеу технологиясының өзектілігін түсінуді қалыптастырады. Пәнді оқыту бағытталған: мұнайды қалдықсыз өңдеу технологиясының негізгі теориялық заңдылықтарына, физика-химиялық негізіне; химиялық қосылыстар синтезі үшін мұнай, көмір, қалдықсыз өңдеу технологиясының оңтайлы сызбасын.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Академиялық жазу

    Пәннің мақсаты: докторанттарда ғылыми зерттеулердің нәтижелері бойынша өз ұстанымдары мен қорытындыларын, аргументтері мен гипотезаларын академиялық жазу стилінде көрсете білу қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ашық басылымдарға ұсынудың, ғылыми жобалар конкурстарына қатысудың және басқа елдердің ғалымдарымен қарым-қатынастың әдіснамалық негізін қалыптастырады. Курсты меңгеру нәтижесінде докторант қабілетті болады:-Scopus және Web of Science деректер қорына кіретін халықаралық ғылыми журналдарда жариялау үшін ғылыми мақалалар жаза алуға; ғылыми жұмыстарды сыни талдауға, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсете алуға;әдебиеттерді және өз нәтижелерін талдау негізінде қорытынды жасап, диссертациялық жұмыс дайындауға

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Майлағыш материалдар отыны және арнайы өнімдер үшін присадканың нәзік өндірісінің химиясы және технологиясы

    Пәннің мақсаты – майлағыш материалдар, отындар үшін присадоктың нәзік өндірісінің технологиясы мен химиясының қағидаларын критикалық бағалауды қалыптастыру. Оқу курсы присадоктың нәзік өндірісінің технологиясы, химиясы аймағында заманауи теория, практиканы критикалық талдауды қалыптастырады. Пәнді оқыту бағытталған: алынатын присадоктың қасиетіне, селективтілігіне әсер ететін технологиялық параметрлерді, берілген қасиеттегі майлағыш материалдар алу процесін басқару негізі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мұнай, газ және көмірді терең өңдеудің қазіргі технологиясы

    Пәннің мақсаты – көмір, мұнай және газды терең өңдеудің технологиялық процестерін жетілдіру арқылы табиғи шикізат көздерінен аз шығынды мақсатты өнімдердің шығымын арттырудың күйін, келешегін, бағытын бағалауды қалыптастыру. Оқу курсы көмір, мұнай, газды терең өңдеудің қажеттілігін түсінуді қалыптастырады. Пәнді оқыту бағытталған: көмір, мұнай, газды терең өңдеудің негізгі теориялық заңдылықтары, процестің физика-химиялық негізі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Қалдықтарды екіншілік өңдеуге қатыстыру арқылы шикізатты терең өңдеу және мұнай мен мұнайлы щикізатты өңдеудің технологиялық процестерін жасау қабілетін көрсету арқылы көмірсутекті шикізатты комплексті өңдеудің теориялық аспектілеріне үлес қосу.
  • Мұнай, газ және көмірді терең өңдеу процестерінің қазіргі технологиясының негізі мен оған қолданылатын аппаратура және технологиялық қондырғыны меңгеру.
  • Мұнайөңдеу саласының белгілі зерттеушілерінің әдеби және патенттік қорын, теориялық және тәжірибелік оқу кезінде алынған дәлелденген базаны қолдана отырып, аргументтелген ғылыми пікірталас жүргізу.
  • Присадок өндірісінің қазіргі технологиясын жасау. Берілген қасиетке ие присадоктарды синтездеудің жалпы заңдылықтарын жазу.
  • Нақты технологиялық процестер үшін катализатор түйіршіктерін тиімді қолданылу критерийін анықтау. Катализаторды өндіріске енгізудің масштабты ауысу шартының келешегін бағалау.
  • Мұнайхимиясы мен мұнайхимиялық синтез аймағында қазіргі инновациялық технологиялар негізінде кешенді ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру.
  • Мұнайхимиясы мен мұнай-, газ өңдеу аймағында зама-науи ғылыми және практикалық мәселелерді шешу мен қалыптастыруда, ғылыми-зерттеу, эксперименттік-зерттеу және басқару қызметін ұйымдастыруда құзыретті болу.
  • Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқу сабақтарының барлық түрлерін жоспарлау және өткізу кезінде мұнайхимия саласындағы психологиялық-педагогикалық білім мен білімнің интеграциясын қамтамасыз ету.
Top