Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B09101 Ветеринариялық қауіпсіздік в С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру бағдарламасының мақсаты еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, кең іргелі білімі мен практикалық дағдылары бар, жұмыс берушілердің талаптарын ескере отырып, жануарлар ауруларын диагностикалаудың, алдын алудың және емдеудің заманауи әдістерін меңгерген жаңа формациядағы мамандарды даярлау болып табылады.
  • Академиялық дәреже Специалитет
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 5 года
  • Кредиттер көлемі 300
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B083 Ветеринария
  • ҰБТ-дағы пәндер Биология және Химия
  • Білім беру саласы 6B09 Ветеринария
  • Дайындық бағыты 6B091 Ветеринария

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Академиялық мәтіндерді жазу, аннотациялау, әдістемені меңгеру, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін құрастыру, ресімдеу тәсілдерін меңгеру және мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде кәсіби тілдік дағдыларды дамыту.
  • Макро - және микроорганизмдер ағзалары мен жүйелері құрылымының зоологиялық жүйелілігі мен морфологиялық ерекшеліктерін тұжырымдау, жануарлар ағзасындағы физиологиялық және биохимиялық процестердің мәнін түсіну, ұлпа жасушалары мен организм жүйелерінің зерттеу әдістерін меңгеру, латын грамматикасын және латын ветеринариялық терминология негіздерін білу.
  • Дәрілік заттар тудыратын фармакодинамикалық әсерлердің негізгі механизмдерін түсіну және ветеринариялық препараттарды мөлшерлеу және рецепттерді регламенттеу принциптерін білу.
  • Жануарлар ағзалары мен тіндерінің анатомиялық және физиологиялық жағдайын, әртүрлі патологиялар кезіндегі патологиялық жағдайды диагностикалау және жою әдістерін талдау, өзінің дәрігерлік ойлау қабылетін кәсіби қызметімен біріктіру
  • Тірі организмдер белгілерінің өзгеруінің тұқымқуалаушылық заңдылықтарын түсіндіру және бастапқы материалды биометриялық өңдеу дағдыларын игеру.
  • Жануарларды күтіп бағу, азықтандыру және пайдалану кезінде ветеринариялық-санитариялық стандарттар туралы білімді қолдану
  • Қоршаған ортаның жай-күйі және жұмыс орындарындағы еңбек жағдайлары туралы ақпаратты бағалау, еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін біріктіру, ветеринариядағы құжат айналымының заңнамалық регламенттелуі мен номенклатурасын түсіну, ветеринариялық іс-шаралардың экономикалық негіздемесін ұсыну, сот сараптамасы мәселелерінде құзыретті болу
  • Жануарларда патологиялық процестердің пайда болуындағы микроорганизмдердің рөлін интерпретациялау, иммунология мен серологияның негіздерін және індеттік процестің негізгі буындарының маңыздылығын түсіндіру
  • Жануарлар әлемінің түрлерін жүйелеудің негізгі заңдылықтарын тұжырымдау, инфекциялық және инвазиялық этиологиядағы ауруларды диагностикалаудың негізгі әдістерін зерттеу және осы патологиялар кезінде өнімді және өнімсіз жануарларды емдеу-алдын алу шараларының әдістемесін ұсыну.
  • Жұқпалы емес этиологиядағы патологиялар, иондаушы сәулелерден туындаған аурулар және уланулар кезіндегі этиопатогенездің және емдеу-профилактикалық іс-шаралардың теориялық және практикалық негіздерін қалыптастыру, зертханалық диагностика дағдыларын игеру және нәтижелерді түсіндіру
  • Құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет туралы жалпы ұғымдарды, академиялық адалдық қағидаттарын білу, кәсіпкерлік, экономика, қаржы және қазіргі әлемдегі жасанды интеллект саласында теориялық білімге ие болу.
  • Өнімді және өнімсіз жануарлардың физиологиялық жағдайы мен аурудың сипатын ескере отырып, әртүрлі патологиялар кезінде таңдалған терапевтік шараларды негіздеу, мүшелер мен тіндердегі патологиялық өзгерістерді түсіндіру.
  • Жануар және өсімдік тектес өнімдерді өндіру технологиясы мен гигиенасының қағидаларын және олардың сапасына ветеринариялық-санитариялық баға беруді меңгеру
  • Қоршаған ортаны қорғаудың теориялық және тәжірибелік негіздерін тұжырымдау, жануарлар мен алынған өнімдердің экологиялық әл-ауқаты мен ветеринарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Top