8D07108 Электр энергетикасы в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру бағдарламасының мақсаты - энергетикадағы инновациялық технологияларды жобалау кезінде теориялық білімі мен зерттеу әдістерін практикада қолдануға қабілетті жоғары білікті мамандарын даярлау болып табылады, олар энергетика саласының электр энергиясын тұтыну, сондай-ақ жобалау және ғылыми ұйымдарда және техникалық университеттерде кәсіпорындарында және ұйымдарында жұмыс істеуге құзыретті болады деп күтілуде
-
Академиялық дәреже Докторантура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 3 года
-
Кредиттер көлемі 180
-
Білім беру бағдарламаларының тобы D099 Энергетика және электр техникасы
-
Білім беру саласы 8D07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
-
Дайындық бағыты 8D071 Инженерия және инженерлік іс
Пәндер
-
Заманауи бағдарламалық жүйелер және электр энергетикасы мен электротехника есептерін модельдеудің математикалық әдістері
Пәнді оқытудың мақсаты белгілі бір міндеттерге арналған "ақылды " энергетикалық ортаны жобалау мен модельдеуде жүйелі білім мен дағдыларды қалыптастыру Пәнді оқудың нәтижесінде докторанттар қабілетті болуы керек: 1. "Ақылды желілерді"жобалау және модельдеу арқылы есептер шығарудың мәселелері мен ерекшеліктерін саралау 2. Микрогенерациялық жүйелердің құрылымы мен жұмыс істеу принциптеріне негізделген есептерді шешу әдістерін жіктеу 3. Жүйелерге олардың бүкіл өмірлік циклі бойына технологиялық және инфрақұрылымдық талаптарды әзірлеу 4. Энергиямен жабдықтаудың техникалық жүйелерінің даму заңдылықтарын болжау 5. Нақты уақыт режимінде белгілі бір ғимаратта энергия тұтынуды бақылауға мүмкіндік беретін заманауи бағдарламалық жасақтама кешендерінің құрылысы мен жұмыс істеу принциптерін түсіну Пәннің мақсаты. Пән докторанттарда электр энергетикалық және электротехникалық міндеттерді модельдеудің заманауи бағдарламалық кешендері мен математикалық әдістері туралы жүйеленген білімді қалыптастыруға бағытталған Бұл курста келесі аспектілер қарастырылады: "ақылды желілерді", микрогенерациялық жүйелерді, "Ақылды" энергетикалық орталарды белгілі бір міндет бойынша жобалау және модельдеу, олардың бүкіл өмірлік циклі бойына жүйелерге технологиялық және инфрақұрылымдық талаптарды әзірлеу, міндеттер энергия беру жүйелерін әзірлеушілер, нақты уақыт режимінде белгілі бір ғимаратта энергия тұтынуды бақылау қызметтерін құру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Техникалық жүйелерде бейімделген басқару
Пәнді оқытудың мақсаты доктораннтардың басқару теориясының тәсілдерімен таныстыруға бағытталған Пәнді оқудың нәтижесінде докторанттар қабілетті болуы керек: 1. Басқару теориясының тәсілдері жиынтығы жәйлі білімді реттеуге 2. Адоптацияның анықталған және стохастикалық алгоритмдерін классификациялауға 3. Алынған нәтижелерді түсіндіруге 4. Адаптивті жүйелерді сипаттауға 5. Адаптивті басқарылатын жүйелердің компьютерлік моделін құрастыруға Пәннің мақсаты. Пән докторанттарды басқару теориясының тәсілдерімен таныстыруға бағытталған Бұл курста келесі аспектілер қарастырылады: адаптивті басқару тәсілдерінің мәселерімен тәсілдері, сызықты объктілерді идентификаациялау және тура адаптивті басқару жүйелерін автоматтандыру теориясының негіздері, адоптацияның анықталған және стохастикалық алгоритімі, адаптивті басқару жүйелердің функционалды схемаларын синтездеу және саралау
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Электрэнергетикалық және электртехникалық комплекстерді жоспарлаудың заманауи тәсілдері
Пәнді оқытудың мақсаты докторанттарды функционалды қасиеттер мен режимдерді саралауға, электр энергетикасында инновациялық технологиялар мен компоненттерді таңдап проектілеуге бейімдеу болып табылады Пәнді оқудың нәтижесінде докторанттар қабілетті болуы керек: 1. Заманауи электр энергетикалық жүйелерді құрудың ғылыми негізін, оларды саралау мен синтездеу, проектілеу технологияларын, электр энергетикалық жүелердің жұмыс жасауы және дамуы кезінде техникалық шешімдерді оптималды іске асыру тәсілдері мен принциптері 2. Интелектуалды энергетикалық жүйелер аясындағы мәліметтерді реттеу 3. Электр энергетикалық жүйелер мен желілердің дамуын заманауи құрылғыларды, проектілеу әдістері мен технологияларын ескере жобалау 4. Күрделі жүйелердің математикалық моделі, заманауи электр энергетикалық жүйелердің жұмыс режимін саралау әдістері және оларда инновациялық технологияларды пайдалану негізінде тәжерибе жасау 5. Энергетикалық жүйелерді интеллектуалды, энергоинформациялы жүйелерге көшіру концепциясын іске асыру нәтижелеріне болжам жасауға Пәннің мақсаты. Пән докторанттарды энергетикадағы инновациялық технологтяларды таңдауға және саралауға, олардың функционалды режимдерін және қасиеттерін саралауға машықтандыруға бағытталған Бұл курста келесі аспектілер қарастырылады: заманауи энергетикалық жүйелерді құрастырудың ғылыми негіздері, оларды саралау мен синтездеу технологиялары, жобалау, электр жүйелерінің жұмыс жасау және даму барысында оптималды техникалық шешімдерін іске асыру тәсілдері мен принциптері
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Баламалы энергия көздерін қолданудың заманауи мәселелері
Пәнді оқытудың мақсаты докторанттарды баламалы энергия көздерін қолданудың заманауи мәселелерімен таныстыру Пәнді оқудың нәтижесінде докторанттар қабілетті болуы керек: 1. баламалы энергия көздерін қолданудың заманауи мәселелерінің жағдайын сипаттауға 2. баламалы энергия көздерін қолданудың заманауи мәселелерін зерттеу барысында алынған экспериментал мәліметтперді жалпылауға 3. баламалы энергия көздерінен энергия алуға арналған қондырғылардың жұмыс жасау принципін түсіндіруге 4. баламалы энергия көздерін қолданудың заманауи мәселелерін зерттеу барысында алынған нәтижелерді түсіндіруге 5. баламалы энергия көздерін қолданудың заманауи мәселелерін зерттеудегі қолданылатын теориялық және практикалық тәсілдерді диференциялауға Пәннің мақсаты. Пән докторантты баламалы энергия энергия көздерін пайдалануда туындайтын заманауи мәселелермен таныстыруға бағытталған Бұл курста келесі аспектілер қарастырылады:жаңартылатын энергия көздері, жұмыс принципі, жаңартылатын энергия көздерінен энергияны өндіретін қондырғылардың типтік сипаттамалары мен параметрлері
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеудің әдістері
Пәнді оқу кезінде докторанттар келесі аспектілерді зерттейді: негізгі идеялар мен негізгі қағидаттарды, танымдық іс-әрекеттің заңдары мен механизмдерін зерттеу. Ғылым мен техниканың дамуының этикалық мәселелерін, негізгі рухани құндылықтарды және олардың кәсіби қызмет үшін маңыздылығын қарастыру. Қазіргі энергетика мен инжинерияның ғылыми-әдістемелік құралдарын меңгеру арқылы ғылымның эвристикалық және әдіснамалық саласындағы докторанттардың білімін кеңейту және жетілдіру. Докторанттардың инженерлік, атап айтқанда энергетика саласындағы зерттеудің әдіснамалық мәселелері бойынша сыни ойлау мәдениетін және өзіндік рефлексия дағдыларын қалыптастыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Техника-интеллектуалды қызмет және инженерлік мәселелерді шешу теориясы
Пәнді оқытудың мақсаты инженерлік мәселелерді есептеуде қолданатын тәсілдер мен модельдерді жүйелеу Пәнді оқудың нәтижесінде докторанттар қабілетті болуы керек: 1. Мәселелерді және мәселені қою ерекшелігін реттеуге 2. Жүйелі әдіс пен құрылымы мен әрекет етуіне негізделген мәселелерді шешу әдістерін классификациялауға 3. Әдістер негіздемесін және қолданылатын әдістерін сиппаттап, оларды қолдануға нұсқаулық беруге 4. Техниканың түрлі аясына қатысты есептердің шешіміне түсінік беруге 5. Техникалық жүйлердің даму заңдылықтарын болжауға Пәннің мақсаты. Пән докторанттың инженерлік мәселелерді шешу тәсілдері мен моделдері, жалпылама әдістерді қолдану аясындағы білімдерін бір жүйеге келтіруге бағытталған Бұл курста келесі аспектілер қарастырылады: мәселені шешудегі жалпы әдістер, мәселені саралау, техникалық объектілердің жүйелі анализі және техникалық жүйелердің даму заңдылықтары мен құрылымы
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Басқару субъектілерін модельдеу және сәйкестендіру
Пәнді оқытудың мақсаты докторанттың өздігінен басқару объектілері мен жүйелерінің моделін құрастырудағы білімі мен машығын қалыптастыру болып табылады Пәнді оқудың нәтижесінде докторанттар қабілетті болуы керек: 1. Басқару объектілері мен жүйелерінің моделдеудің аналитикалық және экспериментал принциптерін комбинациялау 2. Алынған нәтижелерді жалпылауға 3. Модельдің басқару жүйесіндегі орнын анықтауға 4. Оъектілерді модельдеудегі заманауи бағыттарды сипаттауға 5. Зерттеліп отырған объект немесе процессті модельдеу әдісін таңдап алуға Пәннің мақсаты. Пән доктораннтардың басқару объектілері мен жүйелерінің моделін құрастырудағы білімі мен машығын қалыптастыруға бағытталған Бұл курста келесі аспектілер қарастырылады: негізгі физикалық процестерді сипаттайтын теңдеулер негізінде басқару объектілерінің математикалық моделінің құрастырылу принципі, идентификация мәселесіне жүйелі көзқарас, сызықты және бейсызық объектілер мен жүйелер индентификациясының түрлі әдістері мен алгоритмдері, күрделі технологиялық жүйелердің математикалық моделдерін құрастыру тәсілдері
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Академиялық жазу
Пәнді оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Энергетикалық салада лайықты журналды таңдаудан бастап, мақаланың әр бөлігін жазумен, тіпті мақала мен рецензияға жауап беруге, сондай-ақ дәлелдерді тексеруге дейін ғылыми журналдарда жазу және жариялау; қадамдық нұсқаулықтар мен ұтысты гранттық ұсыныстарды қалай жазу керектігі туралы көрнекі мысалдар. Ғылыми және инженерлік зерттеулер нәтижелері бойынша баяндаманы дайындау әдістемесі. Презентацияны дайындауға басшылық: достық және қол жетімді стильдегі нақты, дәйекті және сенімді презентация, әсіресе халықаралық ортада тиімді презентацияларды өткізуге қажетті дағдылар. Көрнекілік құру және презентацияларды құрылымдау бойынша практикалық ұсыныстар.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Бейсызық электр тізбектерінің теориясы
Пәннің мақсаты: докторанттарды бейсызық электр тізбектерінің теориясымен таныстыру Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1 Бейсызық электр тізбектерінің теориясының ғылыми негіздерін және саралау технологияларын жалпылау 2 Бейсызық электр тізбектеріндегі өтпелі процесстерді саралау тәсілдерін классификациялау 3 Бейсызық электр тізбектерінің теориясының даму тарихын сипаттау 4 Электр тізбектерінің математикалық модельдерінің, бейсызық электр және магнит тізбектерідің жұмыс режимдерін саралау тәсілдері негізінде тәжерибе жасау 5 Тұрақты және айнымалы бейсызық ток тізбектерін есептеу Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: бейсызық тұрақты және айнымалы ток тізбектер және осы тізбектердегі өтпелі процесстер. Бейсызық тізбектердің жұмыс режимдерінің тұрақтылығының теориясының негіздері
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Энергияны түрлендіру тәсілдері, ядролық және термоядролық энергетика
Пәнді оқытудың мақсаты докторанттарды ядролық және термоядролық энергияның электр энергиясына айландыру тәcілдерімен және ядролық реактор, басқармалы термоядолы синтез және плазмалық үдеткіштің жұмыс жасау принципі, типтік параметрлерімен және сипаттамаларымен таныстыру Пәнді оқудың нәтижесінде докторанттар қабілетті болуы керек: 1. термоядролы қондырғыларды зерттеу күйін рангтеуге 2. термоядролы реактордің үлгісі болып табылатын коаксиалды плазмалы үдеткіште жүргізілген зертханалық жұмыстардың нәтижелері талқылап жалпылауға 3. ядролық реактор, плазмалы үдеткіш, БТС параметрлері және сипаттамаларын, жұмыс істеу принципін түсіндіруге 4. ядролық және термоядролық энергетика мәселелерін зерттеу бойынша алынған нәтижелерді талдауға және түсіндіруге 5. ядролық және термоядролық энергетика мәселелерін зерттеу бойынша әртүрлі мәселелерді қарастыру үшін теориялық принциптер мен практикалық әдістерді тәжірибе жүзінде түсіну үшін дифференциялауға Пәннің мақсаты. Пән докторанттарды ядролық және термоядролық энергияның электр энергиясына айландыру тәcілдерімен және ядролық реактор, басқармалы термоядолы синтез және плазмалық үдеткіштің жұмыс жасау принципі, типтік параметрлерімен және сипаттамаларымен таныстыруға бағытталған Бұл курста келесі аспектілер қарастырылады: Әлем, бойынша ғылыми зертханаларында термоядролық энергетика мәслесін зерттеуге бағытталғын жұмыстарға шолу. Ядролық реактор, плазмалы үдеткіш, УТС параметрлері және сипаттамалары, жұмыс істеу принципі. Термоядролы реактордің үлгісі болып табылатын коаксиалды плазмалы үдеткіште жүргізілген зертханалық жұмыстардың нәтижелері талқылау
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Энергетикадағы жүйелердің жұмыс режимдерін жобалау және талдау дағдысын қолдану
- Инновациялық технологиялар саласындағы әлемдік және Қазақстандық ғылымның ғылыми тұжырымдамаларын контекстендіру;
- Білім беру және ғылыми-зерттеу жұмыстарының басымдықтарын шешімдерді әзірлеуге және оларды жүзеге асыруға қатысуға, қоғам мүдделерімен бірлесе отырып, жеке мүдделерді көрсетуге талдау жасау
- Ғылыми-техникалық әдебиеттерде жарияланған нәтижелерді қарастыру, ғылыми-әдістемелік тезистерді, мақалалар мен есептерді талдау және жазу дағдыларын қолдана отырып, электрлік процестерді программалау және модельдеу дағдыларын меңгеру.
- Электр тізбектерінің математикалық модельдері, сызықты емес электр және магниттік тізбектердің режимдерін талдау әдісі негізінде тәжірибе жасау
- Алынған нәтижелердің маңыздылығын және оларды одан әрі зерттеуде қолдану жолдарын зерттеу, зерттеу нәтижелеріне негізделген қорытындылар жасау, алған білімдеріне байланысты осы тақырып бойынша мәселелерді шешуде тәуелсіз шешімдер қабылдау
- Зерттеу нысандарын модельдеу және жобалау үшін заманауи ақпараттық технологияларды қолдану
- Бейімді басқару негізінде қасиеттерді зерттеу процесінде алынған эксперименталды, модельді және теориялық нәтижелерді жалпылау
- Энергетикалық жүйенің қазіргі жай-күйіне байланысты нақты ғылыми-техникалық міндеттерді іске асырудың теориялық және практикалық әдістерін білу
- Эксперименттік және теориялық зерттеулерді ұйымдастыру, командалық жұмыс дағдыларын қолдану туралы шешім қабылдау
- Электр энергетикасы бойынша концептуалды ұйымдастырылған білімді саралау және оның кәсіптік білім беру, оларды жарияланатын ғылыми-инновациялық зерттеу жұмыстарының конкурстарына беру үшін жобалар жасау контекстіндегі рөлін түсіну
- Негізгі ғылыми-техникалық мәселелерді шешуде алынған нәтижелерді болжау және түсіндіру