Жаңа білім беру бағдарламасы

7M01501 Химия в ОАИУ

Пәндер

  • Жалпы және бейорганикалық химияны оқыту әдіснамасы мен заманауи технологиясы

    Бейорганикалық химины оқытудың негізгі тапсырмалары және заманауи әдіснамалық әдістерін, сонымен қатар жалпы және бейорганикалық химияның мазмұны мен ЖОО-да химияны оқытудың инновациялық технологияларын меңгертеді. Бейорганикалық химияны интерактивті оқытудың заманауи ұйымдастыру жолдарын және бейорганикалық химияны оқыту ерекшеліктерін зерттеуді ұйымдастыруға бағыттайды. Қашықтықтан оқыту әдістерін, ерекшеліктерін меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Аналитикалық химия және сирек элементтерді оқытудың әдістемелік негіздері

    Аналитикалық химия және сирек элементтерді оқытудың әдістерін заманауи аспектілерді есепке ала отырып ғылыми-зерттеу үдерісінде талаптарға сай меңгертеді. Аналитикалық химия және сирек элементтерді оқытудың әдістерін оқыту және негіздік және қышқылдық қосылыстардың химиялық анализ әдістеріне, ИК-спектрометриялық және термографикалық әдістеріне және рентгенограммалардың шешу амалдары мен микроскопиялық талдау жасай алуына дағдыландырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Органикалық және жоғары молекулалық қосылыстар химиясын оқытудың әдістемелік негіздері

    Органикалық химияны заманауи оқыту әдістемелерінің негізі мен міндеттерін, ЖОО-нан кейінгі білім беру саласында органикалық химия курсын зерттеудің әдіснамалық негіздерін меңгертеді. Органикалық химия пәнінің теориялық негіздерін, ЖОО-нан кейінгі білім беру саласындағы органикалық химия курсының айырмашылығы мен ерекшеліктерін органикалық химия дәрістерінің мазмұны мен құрылымын ұйымдастыруға бағыттайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Ғылым тарихы мен философиясының өзекті мәселелерін, ғылымның табиғатын философиялық түсінудің қазіргі әлемдік дәстүрі ретінде қарастырады. Ғылым тарихы мен философиясының қазіргі заманғы мәселелерін, қазіргі тарих пен ғылым философиясының тұжырымдамалық және әдіснамалық аппаратын түсіндіреді. Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ғылым тарихындағы философиялық мәселелерге салыстырмалы талдау жүргізеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Жоғары мектептің педагогикасы

    Жоғары мектеп дидактикасының жалпы теориялық негіздерін; оқытушының кәсіби және коммуникативтік құзыреттілігін; жоғары мектептегі заманауи білім беру технологияларын қарастырады. Мынандай құзыреттіліктерді қалыптастырады: жоғары мектепте оқыту негіздерін білу; формаларды, әдістерді, білім беру технологияларын білу; цифрлық технологияларды пайдалана отырып, білім алушылармен кері байланыс орнату; жоғары мектепте сабақ өткізудің нысандары мен әдістерін меңгеру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Басқару психологиясы

    Заманауи психологияның ғылыми-теориялық салаларын түсіндіреді. Ұлтаралық қарым-қатынастағы әлеуметтік-психологиялық құбылысты анықтайды. Еңбек ұжымындағы конфликтіні реттеудің механизмдерін, тәсілдерін сипаттайды. Коммуникативтік технологияларды пайдаланады, диагностикалық коррекция жасайды. Тұлғааралық қарым-қатынасты, сапалы нәтижеге қол жеткізу ұмтылысын, білімін жетілдіру жұмыстарын ұйымдастырады. Көшбасшылық, жетекшілік қабілеттерге ие болуға дағдыландырады. Жаңа идеялар мен үдерістерді жасауға, ғылыми, кәсіби толықтығын, инновациялығын жетілдірудің машықтарын тұжырымдайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Шетел тілі (кәсіби)

    Іскерлік және ғылыми салалардағы ауызша және жазбаша қарым-қатынас функцияларын түсіндіреді. Анықтамалық, әдістемелік және ғылыми әдебиеттердегі қажетті ақпаратты пайдаланады. Оқытылған тілдік материалға, фондық елтанушылық және кәсіби білімге сүйене отырып, мамандық бойынша шынайы монологиялық және диалогтік сөйлеуді қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жоғары мектепте химиялық эксперимент жүргізу әдістемесі

    Зертханалық және демонстрациялық тәжірибелердің барлық әдістері мен тәсілдерінің міндеттері мен мақсаттарын айқындайды. Демонстрациялық және зертханалық эксприменттердің жасалу жолдарын толыққанды меңгертеді. Бейорганикалық қосылыстардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын сипаттайтын реакциялар, қышқылдардың химиялық қасиеттері, химиялық байланыс пен зат құрылысы тақырыбына тәжірибелер мен зерттеулерді жүргізуге, ұйымдастыруға дағдыландырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Химияны оқытуда сын тұрғысынан ойлау технологиясы

    Химияны оқытуда сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімді түрлерін, оқу-тәрбие жұмысы барысында химияны оқытуда сын тұрғысынан ойлау технологиясының барлық тәсілдерін меңгертеді. Жаһандану үдерісінің қарқынды кеңеюі аясында сын тұрғысынан ойлау технологиясы қолдану шеберлігіне дағдыландырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Химия-педагогикалық зерттеу әдістемесі

    Химия-педагогикалық зерттеулердің негіздерінің өзекті мәселелерін және педагогикалық зерттеудің негізі болған кәсіби талдауды меңгертеді. Оқу үдерісі барысында студенттің өзіндік жұмыс жасау әрекетін іске асыруға және педагогтың идеалды бейнесі мен кәсіби өзін-өзі тану мен өзіндік дамуының бағдарын, педагогикалық іс-әрекеті жетістігінің шарттарын қолдануға, химия-педагогикалық зерттеулердің негіздерінің жетістіктерін іс жүзінде енгізіп отыруға дағдыландырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қолданбалы химия негіздері

    Қолданбалы химияның қасиеттері мен құрылысы арасындағы байланыстарды меңгертеді. Электролит ерітінділеріндегі реакция жүру механизмі, қышқылдар, негіздер, тұздарды алудың жалпы тәсілдерін айқындайды. Қолданбалы химиядағы қазіргі химиялық байланыстар теорияларын меңгеруге, кәсіби қызметіндегі теориялық білімдерін қолдануға бағыттайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Химияны оқытудың интербелсенді әдістері

    Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің заманауи интербелсенді әдістердің соңғы үлгілерін меңгертеді. Химияны оқытудың интербелсенді әдістерін барлық қағидалары мен ережелерін қолдануға, жаңа технологияны, инновациялық, интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық, ЖОО-ғы оқытудың заманауи технологиясын, инновациялық оқытудың интербелсенді әдістерін химияны оқыту үдерісінде пайдалануға дағдыландырады. Қашықтықтан оқыту әдістерін, ерекшеліктерін меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Химия және жалпы химия технологиялары бойынша фундаментальды сұрақтар

    Химия және жалпы химия технолoгиялары бойынша фундаментальды сұрақтардың теориялық және қолданбалы аспектілері үдерісінің жалпы және жеке қағидаларын айқындайды. Жоғары мектепте химиялық технолoгияның заңдылықтарын, экономика негіздерін, химиялық өнеркәсіпте пайдалану әдістері мен заңдылықтарын қолдануға, алынған теориялық білімдерді қолданысқа енгізіп практика жүзінде іске асыруға дағдыландырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Бейорганикалық химияның қазіргі кездегі мәселелері

    Мектеп, ЖОО және ЖОО-дан кейінгі білім жүйесінде бейорганикалық химияның теориялық негіздері әдіснамасын меңгертеді. Бейорганикалық химияны оқытудың негізгі тапсырмалары және заманауи әдіснамалық әдістері мен оқу материалдарының құрылым-логикалық байланысын, бейорганикалық химия теориясының ұғымдары мен ережелерін қолдануға дағдыландырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Беттік активті заттар химиясы

    Беттік активті заттар (БАЗ )химиясын оқыту барысында қойылып отырған негізгі талаптарды айқындайды. Жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді оқыту барысында үздіксіз меңгеруге, алынған білімдерді қорытындылай отырып, зерттеу барысын тиімді ұйымдастыруға дағдыландырады. БАЗ химиясы өнімдерінің кеңінен қолданылуын, техникада, тұрмыста және медицинада жаңа органикалық материалдардың қажеттілігін меңгертеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Суда ерігіш полимерлер химиясы

    Суда ерігіш полимерлер химиясы аспектілерін зерттеу барысында қойылып отырған негізгі талаптарды меңгертеді. Жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді оқыту барысында үздіксіз қолдануға, алынған білімдерді қорытындылай отырып, зерттеу барысында тиімді іске асыруды ұйымдастыруға, суда ерігіш полимерлер химиясы өнімдерін кеңінен қолданылуына, техникада, тұрмыста және медицинада жаңа органикалық материалдардың қажеттілігінің өсуіне баға беруге үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Электрохимиялық процестің кинетикасы мен термодинамикасы

    Электрохимиялық процестің кинетикасы мен термодинамикасы әдіснамасының негізгі қағидаларын меңгертеді. Электрохимия үрдістерін оқу процесі барысында теориялық негіздеме арқылы ұйымдастыруға, электрохимияның заманауи теориялық қорытынды ұйғарымдарын практикалық тұрғыда және нәтижелерін іске асыруда қолдануға бағыттайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Физикалық химияның заманауи мәселелері

    Физикалық химияның заманауи мәселелерін оқытудың инновациялық заманауи әдістерін айқындайды. Физикалық химияның негізгі қағидаларын теориялық және практикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып тиімді әдістерін меңгертеді. Оқу-тәрбие үдерісі барысында білім алушыларға басты мәселелерді түсіндіруде заманауи ақпараттық технологияларды қолдануға үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Аналитикалық химияның таңдамалы бөлімдері

    Аналитикалық химияның теориялық негіздеріне қатысты барлық химикаттар мен құрал-жабдықтардың ерекшеліктерін айқындайды. Аналитикалық химияның теориялық негіздерін оқытудың әдістерін заманауи талаптарға сай меңгертеді. Аналитикалық химияның теориялық негіздері ұғымы, тотығу-тотықсыздану процестерін, типтерін, теңдеулерін құрастыру әдістерін қолдануға дағдыландырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Физика-химиялық зерттеу әдістері

    Физика-химиялық зерттеу әдістерін зерттеу барысындағы инновациялық тәсілдерді қолдана келе физика-химиялық зерттеу әдістерін меңгертеді. Физика-химиялық зерттеу әдістердің талап етілген нәтижелеріне қол жеткізуге ұмтылдарады. Ғылыми зерттеу барысында алынған теориялық білімді ұштастыра білуге дағдыландырады. Теориялық, өндірістік жағдайларда квантты-механикалық әдістерді үздіксіз және тиімді түрде қолдануға бағыттайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Химиялық технолoгияның теориялық және қолданбалы аспектілері

    Химиялық технолoгияның теориялық және қолданбалы аспектілері үдерісінің жалпы және жеке қағидаларын айқындайды. Жоғары мектепте химиялық технолoгияның заңдылықтарын, экономика негіздерін, химиялық өнеркәсіпте пайдалану әдістері мен заңдылықтарын, химиялық технолoгияның заттардың ыдырауы бойынша алынған нәтижелерді зерттеу барысында қолдануды, алынған теориялық білімдерді қолданысқа енгізіп практика іс жүзінде қолдануды меңгертеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Химиядан ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау

    Химиядан ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау пәнінен тоериялық білімдерін меңгертеді. Химиядан ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау әдістері мен оларды қолданудың ерекшеліктерін айқындайды. Химиядан ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлауда үдерістерді пайдалана отырып анализді және алынатын нәтижелерді талдауға үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Химиядан білім берудің ғылыми-педагогикалық негізі

    Химиядан білім берудің ғылыми-педагогикалық негізі курсының қағидалары мен негіздемелерін айқындайды. Теориялық мазмұнның өзекті мәселелерін ғылыми тұрғыдан, заманауи өндіріс үрдістеріне сай жақандану іс әрекеттерін есепке алуды меңгертеді. Заманауи химияның теориялық курсының кез келген зертханалық тәжірибелерін жасауға дағдыландырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Органикалық химияның қазіргі кездегі мәселелері

    Органикалық қосылыстардың негізгі сыныптарының өкілдері мен номенклатурасы арасындағы генетикалық байланысты үйренуге бағыттайды. Интерактивтік әдістерді қолдана отырып органикалық химиядағы атаулы реакцияларды оқытудың әдіснамасын меңгертеді. Органикалық заттар мен органикалық реакциялардың жіктелуін, циклді, карбоциклді және гетероциклді органикалық қосылыстардың құрылысын және қасиеттерін іс жүзінде қолдануға дағдыландырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Химияны оқытудың жаңа интерактивті әдістерін зерттейді және қолданады. Заманауи технологияларды сын тұрғысынан бағалайды және өзінің кәсіби қызметінде қолданады.
  • Аналитикалық химия мен сирек элементтердің әдістемелік негіздерін талдайды. Органикалық химия мен жоғары молекулалық қосылыстардың құрамы мен құрылымын түптейді.
  • Химияны оқытудағы ғылыми-педагогикалық негіздердің жаңа бағыттарын зерттейді және оларды кәсіби қызметте қолданудың тиімділігін дәлелдейді. Әлеуметтік-қоғамдық өмірде суда еритін полимерлердің кинетика және термодинамика, электрохимия және химия білімдерін қолданудың маңыздылығын дәлелдейді
  • Бейорганикалық, аналитикалық және органикалық химия теориясындағы жаңа бағыттарды зерттейді және нәтижелерін эксперименттер жүргізуде қолданады.
  • Химия-педагогикалық саладағы зерттеудің жаңа әдістерін талдайды және оларды сыни бағалап, қолданады. Жоғары мектепте химиялық эксперименттер жүргізу әдістемесін жетік меңгереді.
  • Тарих пен философияның өзекті мәселелерін табиғи ғылым ретінде философиялық пайымдаудың қазіргі әлемдік дәстүрі ретінде бағалайды. Ғылыми зерттеулер жүргізуге және арнайы пәндер бойынша жаңа форматта оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін кәсіби деңгейде шет тілін еркін меңгерген.
  • Қолданбалы химия, физикалық химия бойынша жаңа химиялық байланыстарды зерттейді және ғылыми-педагогикалық жұмысында қолданады. Химиялық технологияның теориялық және қолданбалы аспектілерін әртараптандырады және осы саладағы жаңа үрдістерді анықтайды.
  • Химия аясындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жобалайды, жоспарлайды, модельдейді және олардың өзектілігі мен тиімділігін дәлелдейді. Физикалық химия ғылымының дамуындағы әлемдік жағдайлар мен үрдістерді зерттейді және өзінің практикалық қызметінде сыни бағалаумен қолданады. Беттік-белсенді химиялық заттардың интерактивті әдістерін жалпылайды.
  • Жоғары мектеп дидактикасының негіздері туралы, жоғары мектеп оқытушысының кәсіби құзыреттілігі, студенттік орталықтандырылған оқыту және бағалау қағидаттарын ескере отырып, оқу сабақтарын ұйымдастыру және өткізу, сондай ақ жоғары мектепте сабақ өткізу дағдылары негізгі білімін меңгерген. Сапалы нәтижеге қол жеткізуге ұмтылады, ғылыми-педагогикалық қызметте ұйымдастыру және басқару дағдыларын жетілдіреді.
  • Жалпы және бейорганикалық химияны оқытудың заманауи әдістері мен технологияларын жобалайды және олардың нәтижелілігін дәлелдейді. Химия және химия технологиясы бойынша іргелі сұрақтар тізімін жасайды және оларды кәсіби қызметте қолданады.
Top