6B02195 Өнертану в Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Мәдениет және өнер, білім беру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы кәсіби өнертанушылық, көркем-сыни, ғылыми-зерттеу, оқытушылық және менеджерлік қызмет үшін қажетті білімі мен құзыреттілігі бар жоғары білікті және бәсекеге қабілетті маманды даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B024 Өнертану
-
ҰБТ-дағы пәндер Шығармашылық емтихан және Шығармашылық емтихан
-
Білім беру саласы 6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B021 Өнер
Пәндер
-
Әлемдік бейнелеу өнерінің тарихы
«Әлемдік бейнелеу өнерінің тарихы» пәні көркем стильдердің, бағыттардың, сәулет, мүсін, кескіндеме, графика, сәндік-қолданбалы өнер ағымдарының жалпы эволюциясын ашып көрсетуді мақсат етеді. Курс бағдарламасы теориялық мәселелер бойынша дәрістік материалдар мен семинарлық сабақтарды біріктіруге, өнер туындыларын талдауға негізделген.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Қазақ бейнелеу өнерінің тарихы
«Қазақ бейнелеу өнерінің тарихы» пәні еліміздің кәсіби өнерінің қалыптасу және одан әрі даму мәселелеріне арналған. ХХ ғасырдың басынан қазіргі заманға дейінгі қазақ бейнелеу өнерінің ұлттық мектебінің даму кезеңдерінің хронологиясы мен ориенталист-суретшілердің шығармашылығын басты назарда ұстай отырып, жетекші шеберлердің көркем мұрасын зерттеуге бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Әлем драматургиясы
«Әлем драматургиясы» курсы драматургия мен театрдың пайда болу, қалыптасу және даму процесінің заңдылықтары мен ерекшеліктерін; әр түрлі елдердің, аймақтардың, дәуірлердің драматургиясы мен театр өнерінің негізгі жанрлары мен түрлерін зерттейді. Әлемдік драматургияның дамуына байланысты ұлттық дәстүрлердің ерекшеліктерін, тарихи атаулар мен фактілерді біледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Театртануға кіріспе
«Театртануға кіріспе» курсы театр өнерінің пайда болуы мен дамуының жалпы заңдылықтарын, кәсіби ерекшеліктерін ашады. Театртанудың теориясы мен тәжірибесіне және оның құрамдас бөлігі театр сынына кіріспе болып табылады. Бұдан басқа театртанудың мақсаты мен даму бағытын анықтап, студенттерді драмалық және сахналық шығармалардың, театртанудың методологиясымен таныстыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Қазақ театрының тарихы
«Қазақ театрының тарихы» пәнінің бағдарламасы Қазақстанда театр дамуының эволюциясын, оның қалыптасуы мен қазіргі кезеңдегі жағдайын да қарастырады. Барлық бөлімдер хронологиялық ретпен құрастырылған, бұл театрдың қалыптасу тарихы мен оның жанрларының негізгі кезеңдерінен, сондай-ақ кәсіби актерлердің, режиссерлердің, драматургтердің, театр суретшілерінің шығармашылығынан мол хабар береді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Кино өнері
«Кино өнері» курсы кино өнерінің пайда болу, қалыптасу және даму үрдісінің заңдылықтары мен ерекшеліктерін, әр түрлі елдердің, аймақтардың, дәуірлердің кино өнерінің негізгі жанрларын зерттеуге бағытталады. Міндеттері: ең көрнекті кинорежиссерлердің, шетелдік кино актерлерінің, сценаристерінің шығармашылығын терең зерттеу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Кинотануға кіріспе
«Кинотануға кіріспе» пәнінің мақсаты – кинотану саласының өзіне тән көркемдік-құрылымдық және шығармашылық-техникалық ерекшелігі, қоғамдағы мәдени-әлеуметтік маңызы, бағыт-бағдарымен таныстырады. Пән – кино тарихы, кино сыны, кино теориясына кіріспе ретінде басқа да арнайы пәндермен тығыз байланыста оқытылады. Кино өнері саласындағы сыни ойлау дағдысын қалыптастырады. Білім алушы кино өнерінің заманауи кезеңдегі жаңа әдістерін меңгеру арқылы рухани құндылықтар жүйесіндегі бейнелік шешім тәсілдерін талдау мүмкіндіктерін игереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Қазақ киносының тарихы
Қазақстандағы кино өнерінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңі. Қазақ киносының ерекшелігі, оның басқа да өнер түрлерімен өзара байланысы мәселелері. Қазақстандағы кинопроцесс эволюциясының іргелі мәселелері. Кинематографиялық тәжірибенің дамуын талдау. Стилистика және көркем шеберлік мәселелерін зерттеу. Кинорежиссураның ұлттық мектебінің қалыптасуын қарастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Кино тарихы
«Кино тарихы» курсы кино өнерінің қалыптасу және даму үрдісін, заңдылықтары мен ерекшеліктерін, кино өнерінің негізгі жанрлары мен түрлерін зерттеуге бағытталады. Курс міндеті киногерлердің шығармашылығымен терең танысу және кино туындыларды талдап үйрену.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Кинотеледраматургияға кіріспе
«Кинотеледраматургияға кіріспе» білім алушыларға кино және телевизия сценарийлерілер мен пьеса жазу өнерінің негіздерімен таныстыратын курс. Білім алушылар драманың тарихы мен эволюциясынан бастап қазіргі заманғы тенденцияларға дейінгі драманың әртүрлі аспектілерін зерттейді. Курс пьеса мен сценарийдің құрылымын, композициясын, сипатын, диалогын, баяндау стилі мен жанрын қарастырады. Курстың мақсаты аналитикалық және шығармашылық дағдыларды, сондай-ақ театр, кино және телевизия туралы сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Әлем киносының тарихы
Курс Еуропа, Америка, Азия киносының тарихынан тұрады. ХІХ-ХХ ғасырлардағы Еуропа, АҚШ киносы. Дыбыстық кинематограф. Жанрлық бөлу. Әлемдік кинода прокаттау жүйесін ұйымдастыру. Экрандау тәжірибесін игеру. Азия киносы. 90-шы жылдардағы кинематография: ерекше формалары және жаңа кино тілі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Өнертануға кіріспе
«Өнертануға кіріспе» курсы бейнелеу өнерінің пайда болуы мен дамуының жалпы заңдылықтарын, кәсіби ерекшеліктерін ашады. Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларының классификациясын тереңірек қарастыру арқылы білім алушыға олардың өзара айырмашылықтарын ажырата білуге мүмкіндік береді. Олардың қалыптасу және даму тарихын кәсіби тұрғыда кеңірек зерттейді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Еуропа киносының тарихы
«Еуропа киносының тарихы» курсы елтану қағидалары бойынша құрылады, еуропалық кинодағы идеялар мен көркемдік бағыттардың пайда болуы, дамуы және өзара әсері, Француз авангарды, сюрреализм, поэтикалық реализм, киноимпрессионизм, экспрессионизм, неореализм, экзистенциализм, "жаңа толқын", постмодернизм қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Көркем сын негіздері
«Көркем сын негіздері» курсы білім алушыларды сыни қызметтің белгілі бір құралдарымен және стратегиясымен таныстырады, өнер туындыларын сипаттау, талдау, сыни бағалау және түсіну сияқты аналитикалық қабілеттерін дамытады. Білім алушылар көркем және өнертану мәтінін жазудың бастапқы кәсіби дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Театр сыны негіздері
«Театр сыны негіздері» «Театртану» бейіні бойынша жүргізілетін негізгі пән болып табылады. Пәнді оқу барысында білім алушылар театр өнерінің негізгі мәні мен принциптерін оқып үйренеді. Олар драматургиялық және театрлық шығармаларды талдауды меңгереді. Сабаққа қатысу нәтижесінде білім алушы өзбетінше шығармашылық дағдыларын нығайтып, сыни және әдеби талғамын жетілдіреді. «Театр сыны негіздері» пәнінде білім алушылар көркем сынның озық үлгілері мен үздік сыни жұмыстарды меңгеру үшін театртанушы ғалымдардың жұмыстарын оқиды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Азия киносының тарихы
Курс бағдарламасы білім алушыларды Азия киносы тарихының қалыптасуын, даму кезеңдерімен таныстырады. Шығыс Азия киносының өзіндік ерекшелігін қарастырады. Жапон, Қытай, Гонконг, Оңтүстік Корея киносында танымал болған режиссерлардың фильмдеріндегі авторлық кино тілінің эстетикалық құндылықтарын зерттейді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Деректану
Пән өнер тарихы бойынша мұрағаттық, ауызша, жазбаша, аудиовизуалды деректерді оқып-үйренудің практикалық дағдыларын қалыптастыруға, өнертану зерттеулерінің келесі кезеңдерін өткізу үшін бастапқы деректерді жинауға, талдауға, өңдеуге және ұсынуға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Кинотеледраматургия негіздері
«Кинотеледраматургия негіздері» - кино, телевидение және театр саласына пьесалар, сценарийлер дайындауға арналған курс. Бұл курста білім алушылар әдеби шығармаларды экранға бейімдеу, түпнұсқа сценарийлер жасау және режиссерлермен бірлесе жұмыс қағидалары сынды негізгі білімдерді алады. Сондай-ақ олар театр, кино және теледраматургияның түрлі жанрларын үйреніп, олардың ерекшеліктері мен тарихын зерттейді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Антика және ортағасырлардағы Еуропа театрының тарихы
Курс антика және ортағасырлардағы театрдың пайда болу, қалыптасу және даму процесінің заңдылықтары мен ерекшеліктерін зерттейді. Курс білім алушылардың драмалық шығармаларды аналитикалық талдау дағдыларын, театр процесінің негізгі бағыттары мен негізгі оқиғаларын жүйелеу әдіснамасын дамытуға бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Мұрағат материалдарымен жұмыс
Бұл курс мұрағат ісінің тарихи кезеңдерін, республикалық мұрағаттар қызметінің теориялық және әдістемелік негіздерін, олардың құрамы мен мазмұнын, мұрағат ісінің қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелерін, мұрағат ісі жөніндегі заңнаманы қарастырады. Қазақстанның мұрағат мекемелерінің жұмысын ғылыми ұйымдастыру мен қазіргі заманғы әдістемесінің мәселелерін ашуға ерекше назар аударылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Антика және орта ғасырлар дәуіріндегі театр және балет
«Антика және орта ғасырлар дәуіріндегі театр және балет» театр өнерінің пайда болуы мен көркемдік қызметтің бір түрі ретінде қалыптасу кезеңінде оның тарихы туралы білім алуға арналған. Курс студенттерге балеттанушы маман ретінде қажетті жалпы әдістемелік, теориялық және практикалық ережелерді, критерийлер мен дағдыларды игеруіне негізделген.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Археология негіздері
«Археология негіздері» пәнінің курсы болашақ өнертанушыларда археологиялық зерттеулердің барысы мен әдістемесі туралы түсінік қалыптастыруға арналған. Археология аймақтың өткен даму тәжірибесін қайта құрудағы маңызды құрал ретінде қарастырылады, пән аясында ел археологиясының қазіргі деректерінен белгілі Қазақстан тарихы мен мәдениетінің артефактілері зерттеледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Балет драматургиясының теориялық негіздері
«Балет драматургиясының теориялық негіздері» курсы болашақ балетмейстерлерді әртүрлі жанрдағы балет спектакльдерінің драматургиясын кәсіби талдауға дайындауға бағытталған. Хореографиялық театр драматургиясының принциптерін және оның өзіндік ерекшеліктерін, сондай-ақ хореографиялық шығармаларды жасау және қою процесін түсіну және талдау қабілеті. Әдеби шығарма мен либреттоға салыстырмалы талдау жасау дағдыларын алу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Әдебиеттану
Пәннің мақсаты әдебиет тарихын зерделеу үшін қажетті ұғымдар мен терминдер жүйесін, көркем шығарманы талдаудың ғылыми принциптерін меңгеруді қамтиды. Әдебиеттану теориясы мен терминдерін, заманауи әдеби процесті бағалап талдауға қажетті түсініктерді үйретеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Кино сыны негіздері
«Кино сыны негіздері» пәні білім алушыларды сыни ойлауға, фильмдерді талдау мен интерпретациялауға, өз ойы мен әсерін жазбаша түрде жеткізе білуге бағытталған курс. Курс арқылы білім алушылар кино тілі, фильм құрылымы, монтаж, операторлық өнер, актерлік шеберлік және дыбыстық қатар сияқты кинематографиияның түрлі аспектілерін зерттейді. Сонымен қатар кино жанрлары мен стильдерді талдайды, кино тарихын, жетекші режиссерлер мен кинематографистердің туындыларын зерттейді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Ежелгі дүние өнерінің тарихы
«Ежелгі дүние өнерінің тарихы» пәні әлемдік өнерді қалыптастыру және одан әрі дамыту мәселелерін зерттеуге арналған. Курста ежелгі дүние өнеріндегі көркем шығармашылықтың алғашқы кезеңнен бастап қалыптасу кезеңдерінің жалпы хронологиясы қадағаланады, дамудың стильдік белгілерін зерттеуге ерекше көңіл бөлінеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Кинемотография тарихы
Курс кинематографияның нақты шығармашылық үрдістегі эстетикалық жүйелердің, стильдердің, өнердің әртүрлі түрлерінің жанрлары мен формаларының алуан түрлілігін, қоғамның құндылықтар жүйесін, оның эстетикалық, рухани қажеттіліктерін айқындайды. Пән бағдарламасында әлемдік кино өнерінің тарихын қалыптастырған кәсіби киномектептердің ерекшеліктерін, жеке стильдері арқылы танымал болған тұлғалардың жеке шығармашылық бағдарламалары үздік фильмдер мысалында тереңдетіледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
ТМД елдері театрының тарихы
«ТМД елдері театрының тарихы» курсында білім алушылар славян халықтарының, Кавказ елдерінің, Орталық Азия елдерінің фольклорлық театрының пайда болуы мен қалыптасу тарихын, революцияға дейінгі ТМД елдерінің ұлттық театрларының даму эволюциясын, ХІХ-ХХ ғғ. жағдайын, ТМД елдерінің театр өнерінің дамуының негізгі тенденцияларын зерттеуді үйретеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Әдеби шығармаларды бағалау және талдау
Пәннің негізгі мақсаты – сөз өнерінің түп төркінін, тегін, қалыптасу тарихын, даму заңдылықтарын, көркемдік және эстетикалық ерекшеліктерін оқыту, әдеби шығарманы талдаудың тәсілдері мен құралдары арқылы меңгеруге дағдыландыру, алған білімдерін іс жүзінде пайдалана білуге машықтандыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Актерлік өнерді талдау бойынша семинар
«Актерлік өнерді талдау бойынша семинар» негізгі пән болып табылады. Пәнді оқу барысында спектакльдің басқа бөліктерінен оқшауланып, тек актерлік өнер ғана талдауға алынады. Бастапқыда актердің бір роліне талдау жасалады. Актердің ойыны спектакльдің күрделі құрылымындағы алатын орны арқылы талдауды үйренеді, актердің тұтас шығармашылық портретін жазады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Кәсіби бағытталған шетел тілі
«Кәсіби бағытталған шетел тілі» пәні үздіксіз білім беру жүйесіндегі жетекші сала болып табылады және сол себепті де ол шет тілінің базалық курсын жалғастырады. Болашақ мамандардың сөйлеу мәдениетін арттыруға, студенттердің коммуникативті-сөйлеу құзіреттілігін қалыптастыруға, ғылыми мәтіндерді оқып түсінуге және кәсіби пікірталастар жүргізуге қажетті дағдыларды игеруге ықпал етеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Ренессанс дәуіріндегі шетел театры
«Ренессанс дәуріндегі шетел театры» курсы Қайта өрлеу дәуірінің театрының пайда болу, қалыптасу және даму үрдісінің заңдылықтары мен ерекшеліктерін зерттейді. Курс студенттердің жалпы әдіснамалық, теориялық және практикалық ережелерді, өлшемдер мен дағдыларды меңгеруіне негізделген.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Ағартушылық дәуіріндегі шетел балетінің тарихы
Бұл курс хореографиялық өнер эволюциясының негізгі кезеңдері мен оның ең жоғарғы түрі – балет туралы түсінік алуға бағытталған. Даму тарихы туралы және әртүрлі елдердің би өнерінің ерекшеліктерімен танысу, сонымен қатар хореографиялық өнердің ерекшеліктерімен және оның негізгі түрлері, жанрлары мен формаларының қалыптасу процесімен танысу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Кино тарихын зерттеудің негіздері
Курс кино тарихының зерттеу практикасына қатысты ғылыми таным әдістері туралы арнайы кинотанушылық тұрғыда өнертану ілімі ретінде, сонымен қатар білім алушыларды ғылым әдіснамасының негізгі мәселелері туралы жүйелі және тұтас түсініктерді қалыптастыруға бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Драматургиядағы архетиптік негіздер
«Драматургиядағы архетиптік негіздер» курсы кино, театр драматургиясындағы қаһармандардың бейнелерінде көрініс тапқан қазақ мәдени дәстүрінде өзгеретін негізгі архетиптерді зерттеу. Архетиптік образдың түсінігін, анықтамасын, тарихын, мотивтерін психологиялық тұрғыдан жүйелі түрде талдауды үйрену.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Антикадан ХХ ғасырға дейінгі драма теориясы
Курс драма теориясының негізгі мәселелері мен түсініктерін, драманың даму тарихы туралы түсінікті қалыптастырады. Студент драманың заңдылықтарын әдебиет пен театр туындысы ретінде, драмалық шығарманың құрылымын, оның құрылу заңдарын, поэтика мен жанрлық ерекшеліктерді үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Мұражайтану және мұрағат ісі
«Мұражайтану және мұрағат ісі» пәні мұражайтану, мұрағат ісі және нормативтік-құқықтық базаның жағдайы туралы білім жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Курста білім алушылар мұрағаттық құжаттармен жұмыс жасау әдістемесін меңгеріп, мұрағат-мұражай ісімен жұмыс дағдыларын қалыптастырып жүйелі жұмыс істеуді үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Антика дәуірінің бейнелеу өнері
Курста білім алушылар антика мәдениетінің құрамына кіретін ежелгі Грекияның, Этрусктер мен Рим өнерінің барлық саласымен тереңірек танысады. Хронологиялық кезеңдер бойынша өнер туындыларын ажыратады және талдап үйренеді. Ежелгі антикалық кезеңдегі сәулет өнері, мүсін өнері және қолөнері туындыларының көркемдік шешімі мен құндылықтарын бағалай алады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Кино сыны
Кино сыны - кинотанушы, киноредактор, кино тарихшысы, киносыншы мамандандыру бағытындағы негізгі пәндер қатарында оқытылады. «Кино сыны» пәнінің мақсаты болашақ киносыншы мамандарын фильмді құрылымдық жағынан талдаудың әдіс-тәсілдеріне және сын-пікір жазуға үйрету.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Кинотеледраматургия бойынша әдеби курс
«Кинотеледраматургия бойынша әдеби курс» әдебиет пен киноның, сонымен қатар телевидениенің байланысын тереңдетіп зерттейді. Бұл курс студенттердің әдеби шығармаларды кино және телевизия сценарийлеріне қалай бейімдеу туралы түсініктерін кеңейтуге арналған. Курста студенттер роман, әңгіме, пьеса, поэма сияқты түрлі әдеби шығармаларды талдап, олардың экранға қалай бейімделгенін зерттейді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Ежелгі кезеңнен ХIX ғасырға дейінгі Қазақстан бейнелеу өнері
«Ежелгі кезеңнен ХIX ғасырға дейінгі Қазақстан бейнелеу өнері» пәні аймақтың жалпы тарихи-мәдени даму контекстінде Қазақстан халқының бейнелеу өнерінің қалыптасу хронологиясын зерттейді. Палеолит дәуірінен ХІХ ғасырға дейінгі тақырыпты зерттеу өнер тәжірибесін берудегі дәстүрлер сабақтастығын байқауға мүмкіндік береді, ежелгі көшпенділер өнерінің стильдік белгілерінің ерекшеліктеріне айрықша көңіл бөлінеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Америка киносының тарихы
Курс америкалық кино өндірісінің қалыптасу жылдарын қарастырады. Голливудтың алтын ғасыры. Америка киносындағы жанрлар жүйесі. Тәуелсіз кино кезеңі мен белсенді өкілдері. Америка киносындағы жаңа кезең. Киногерлерінің шығармашылығын талдау, алған білімдерін іс жүзінде пайдалана білуге машықтандыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Көрсетілімдік семинар
Курс бағдарламасы әлемдік кино үрдісімен және даму кезеңдерімен таныстырады, кино теориясының эволюциясы туралы өзіндік көзқарас қалыптастыруға көмектеседі. Пәннің ерекшелігі – әлем киносының көрнекті режиссерларының үздік шығармаларын талдап, бақылауға алады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Өнер ескерткіштерін сипаттау және талдау
Оқытылатын пән аясында көркем шығарманы сипаттау және талдау әдістемесі қарастырылады, оның әр түрлі салаларында: кескіндеме, графика, сәндік-қолданбалы өнер, contemporary-art өнер туындыларын сипаттау және талдау әдістерінің ерекшеліктерін жүйелеу жүргізіледі; архитектураның көркемдік тілін және оның ерекшелігін түсінуге көмектесетін архитектурадағы кеңістіктік тұжырымдамалар зерделенеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Балет артисінің орындаушылық өнерін талдау бойынша семинар
Бұл курс балет артисінің орындаушылық өнерін зерделеуге бағытталған, ол балет спектакліндегі орындау техникасымен синтезде жасалған образды егжей-тегжейлі тексеруді, классикалық би өнерінің дамуына үлес қосқан классикалық би мұғалімдерінің әдіс-тәсілдерін зерттеуді қамтиды. Балет орындау техникасы. Балеттегі пластикалық бейненің негізі ретінде ішкі және сыртқы техниканың және басқа компоненттердің мағынасын түсіну.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Қазақстан хореографиясының тарихы
Қурс тарихи қалыптасқан халық дәстүрлерін зерттеу және олардың ХХ ғасырдың бірінші ширегіне дейін өзіндік ұлттық хореографияның дамуына әсерін қамтиды. Сонымен қатар, курс би тілінің семантикасын және қазақ би өнерінің алуан түрлілігін зерттеуге бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Актерлік өнер және режиссура негіздері
«Актерлік өнер және режиссура негіздері» пәні театртанушыларға арналған. Ол болашақ театртанушыға актерлік және режиссерлік шеберліктің теориялық негіздерін береді. Курс нәтижесінде алынған арнайы білім театр өнерін түсіну үшін теориялық негіз болады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Әдеби шығарманың экрандалуы
Курстың негізгі мақсаты – экрандалған әдеби шығармаларды салыстыра отырып, кино өнерінің көркемдік табиғатына негіз болған теориялық тұжырымдар туралы білім жүйесін қалыптастыра отырып, экрандық өнер туындыларын талдаудың тәсілдерін меңгеру жолдары қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Қайта өрлеу дәуіріндегі Еуропа театрының тарихы
«Қайта өрлеу дәуіріндегі Еуропа театрының тарихы» курсы - театртанушы дайындаудағы базалық пән. Қайта өрлеу дәуіріндегі театрдың пайда болу, қалыптасу және даму үрдісінің заңдылықтары мен ерекшеліктерін зерттейді. Драматургтердің шығармашылығымен таныса отырып, даму үдерісін біледі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Деректі кино тарихы мен теориясы
«Деректі кино тарихы мен теориясы» курсының мақсаты – деректі кино тарихын оқыту. Көркемдік тәсілдердің деректі материалмен байланысы. Әлемдік кинематограф тарихындағы деректі кино өнерінің тақырыптық-идеялық бағыты. Деректі кино тарихындағы кинотанушылық және мұрағат материалдарымен танысу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Сахна тілі шеберлігі
«Сахна тілі шеберлігі» курсы болашақ өнер саласының мамандарына таза сөйлеу және дауыс мүмкіндіктерін жетілдіріп дамыту; жанрлық және стильдік тұрғыда әдеби шығармаларды талдау арқылы бейнелі ойлау дағдыларын қалыптастыру; тіл техникасы арқылы тіл заңдылығын сақтай отырып, оқылатын мәтінді тыңдаушыға толық жеткізуге әрекеттену.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Әлем театрының тарихы
Курс бағдарламасы театр мәдениетінің дамуының жалпы заңдылықтарын қарастырады. Студенттерді әлемдік театр өнерінің пайда болуы, қалыптасуы және дамуы туралы білімнің көптүрлілігін көрсету – антикалық кезеңнен қазіргі уақытқа дейін, көркемдік процестердің әр алуандығын үйретуге бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Кәсіби қазақ (орыс) тілi
Курс шығармашылық мамандық студенттерінің кәсіби орыс (қазақ) тілін LSP деңгейінде меңгеруге арналған (арнайы мақсаттар үшін, кәсіби-бағдарлы қарым-қатынас). Болашақ мамандардың тіл мәдениетін көтеруге, студенттердің коммуникативті-тілдік компетенциясын қалыптастыруға және дамытуға, қазақ тілінде сөйлеушілермен кәсіби байланыс жасап, тәжірибе алмасу және кәсіби дискуссия жүргізуге септігін тигізеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Кино теориясына кіріспе
Курс бағдарламасы экран өнерінің даму заңдылықтарын, кинематографтың қалыптасу, даму сатыларын, кино өнерінің өзіндік ерекшелігін, фильм эстетикасы мен телевидение саласының өзара қарым-қатынасын қарастырады. Пән бағдарламасы сын, заманауи кино тарихындағы маңызды деректерді танымал тұлғалардың шығармашылығымен байланыстыра отырып жаңа теориялық концепциялар негізінде меңгеріледі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Сөз сөйлеу мәдениетінің негіздері
Бұл курс көпшілік алдында сөйлеу, спектакльді талқылауға қатысу дағдыларын меңгеруге бағытталған. Курс көпшілік алдында анық, мазмұнды және мәнерлі сөйлеу дағдыларын меңгеруге, сөйлеу мәдениетін білуге, сауатты жазу және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын жетілдіруге бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Көркем сын шеберлігі
Курс маңызды теоретиктер мен көркем сын практиктерінің негізгі еңбектері мен мәтіндерін зерттеуге; сынның өзекті мәселелері мен көркем сын тарихының негізгі дәстүрлері арасындағы байланысты ашуға; әртүрлі сыни жанрдағы сауатты мәтіндерді жасауға арналған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Бейнелеу өнері
«Бейнелеу өнері» курсын оқу барысында білім алушылар бейнелеу өнерінің тарихын ежелгі дәуірден ХХ ғасырға дейінгі қарастырады. Бейнелеу өнерінің тарихын кезең-кезеңімен оқи отырып, көркемдік стильдермен, бағыттармен және ағымдармен танысады. Олардың қалыптасуы мен дамуына ықпал еткен танымал суретшілердің өмірі мен шығармашылығын және көркем туындылардың тарихын оқып біледі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Зияткерлік меншік
Зияткерлік меншік құқығы пәні, оның негізгі принциптері мен ұғымдары туралы жалпы түсінік береді. Курста авторлық құқық және өнеркәсіптік меншік құқығы - өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, фирмалық атауына, тауарлық белгілерге, компьютерлік бағдарламаларға қатысты осы меншік нысандарын құқықтық қорғау мәселелері егжей-тегжейлі қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 2
-
Орта ғасырдағы Батыс Еуропа бейнелеу өнері
«Орта ғасырдағы Батыс Еуропа бейнелеу өнері» пәні орта ғасырдағы Батыс Еуропа территориясында қалыптасқан мәдениеттердің өзара ерекшелігі мен көркемдік құндылықтарын оқып үйренуге арналған. Курсты оқу барысында Византия және орта ғасырдағы Италия, Франция, Германия, Англия және т.б. мемлекеттердің территориясында қалыптасқан өнер түрлері бойынша қарастырылып, зерттеледі. Бейнелеу өнерінің сәулет, кескіндеме, мүсін, кітап миниатюрасы мен сәндік қолданбалы өнерінің стильдік, кезеңдік ерекшеліктерін ажырата білуге баса назар қойылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Сахна тілі негіздері
Курстың негізгі міндеттері болашақ өнер саласы мамандарының табиғи сөйлеу және дауыс мүмкіндіктерін жетілдіріп дамыту; жанрлық және стильдік жағынан өзгеше әдеби шығармаларды талдау арқылы бейнелі ойлау қабілеттерін қалыптастыру; меңгерілген тіл техникасы арқылы қазақ тілі заңдылығын сақтай отырып, оқылатын мәтінді тыңдаушы – көрермен қауымға толық жеткізуге әрекеттену.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Классицизм және ағартушылық дәуіріндегі Еуропа театрының тарихы
Курс ХVII және ХVIII ғасырлардағы театрдың пайда болу, қалыптасу және даму үрдісінің заңдылықтары мен ерекшеліктерін зерттейді. Пән театр тарихында маңызды орын алатын осы кезеңнің негізгі идеологиялық, дәуірлік, стильдік ерекшеліктерін анықтап, студенттердің пьесаларға сауатты әрі кәсіби талдау жасау біліктіліктерін арттыруға бағытталған. Көрнекті драматургтер мен театр қайраткерлерінің шығармашылықтары қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Кескіндеме
Пән кескіндеме шеберлігін игеру үшін, сонымен қатар кескіндеме өнеріндегі көркем бейнені талдау тәжірибесін игеру үшін, суретшінің көркемдік әдістерімен, туындының құрылымымен, материалдық-техникалық және стилистикалық ерекшеліктерімен таныстыру үшін қажет.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Театр өнері
Курс театр өнерінің ерекшеліктерімен, әлемдік драматургияның жауһарларымен, аты аңызға айналған қойылымдардың тарихымен, сондай-ақ атақты актерлер мен режиссерлердің, театр суретшілерінің өмірі мен шығармашылығын таныстырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Қазіргі Қазақстанның өзекті мәселелері
«Қазіргі Қазақстанның өзекті мәселелері» курсы қауіпсіздік пен салауатты өмір салтын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, экологияны және антропогендік әсерді зерттейді. Инклюзивті білім беруді (оқытуға тең қол жетімділік) және тұрақты дамуды (экология, экономика және қоғам балансы) қарастырады. Осы мәселелердің құқықтық, әлеуметтік және этикалық аспектілерін қазақстандық контексте талдайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 2
-
ХІХ - ХХ ғасырдың басындағы шетел балет театрының тарихы
Бұл курс XIX және ХХ ғасырдың басындағы хореографиялық өнердің негізгі бағыттарын ұлы хореографтардың шығармашылығы мен олардың туындылары мысалында зерттеуді қамтиды, ХХ ғасырдың басындағы хореография өнерінің дамуының нақты жағдайы мен белгілі бір бағыттың пайда болу себептеріне кәсіби көзқарасты қалыптастыруға ықпал етеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Кино сынынан семинар
Курстың мақсаты - білім алушыларды кино спецификасының негіздерін, фильм жасау процестерін, теориялық кинотану негіздерін білумен қамтамасыз ету; білім алушыларды ерекше кинематографиялық терминдерге, ұғымдық аппаратты иеленуге және кинотанудың ғылыми терминдерін оқыту. Пәнді оқытудың міндеттері: әлемдік кинематографияның дамуын және оны көрсетудегі киносынының рөлін түсіну; әр түрлі стильдегі және жанрдағы кинематография туындыларын талдау дағдыларын меңгеру; қазіргі киноның мәдени, эстетикалық, идеологиялық функцияларын түсіну.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
XVII-XVIII ғасырлардағы шетел театрының тарихы
Бұл курс XVII-XVIII ғасырлардағы театрдың пайда болу тарихының, қалыптасу және даму процесінің заңдылықтары мен ерекшеліктерін зерттейді. Курс студенттердің драмалық шығармаларды аналитикалық талдау дағдыларын, театр процесінің негізгі бағыттары мен түйінді оқиғаларын жүйелеу әдістемесін, театр өнері туындыларын түсіндіруге бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Режиссерлік өнерді талдау бойынша семинар
Семинарға қатысу білім алушыларда өзіндік шығармашылық жұмыс дағдыларын дамытады, сыни қабілеттерін жетілдіреді, қазіргі театр процесін дамыту контексінде режиссердің шығармашылығын жан-жақты қарастырады. Стиль, жанр, режиссура құрылымы. Театр режиссерінің шығармашылық портреті. Театр өнерінің туындыларын талдау әдістері. Сыни талдаудың әртүрлі әдістері.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Шешендік өнер негіздері
Пәннің мақсаты шешендік өнер негіздерін үйрену. Қызмет салаларына байланысты шешендік өнердің жіктелуі. Шешендік өнер теориясы және практикалық дағдылар. Шешендік өнер әлеуметтік құбылыс ретінде. Білімгерлерге көпшілік алдында сөйлеуге дайындық әрекеттерінің алгоритмін ұсыну. Сөз сөйлеудің бастапқы дағдыларын үйрену. Сөйлеуді талдау мен өзбетінше саралаудың негізгі элементтерін меңгеру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Батыс Еуропа классикалық өнерінің тарихы
«Батыс Еуропа классикалық өнерінің тарихы» курсы бейнелеу өнерінің тарихынан білім алуға және әлемдік бейнелеу өнерінің даму заңдылықтары саласындағы жалпы идеяларды алуға бағытталған. Көркем стильдердің эволюциясының логикасын түсіну және бағдарлай білу, сонымен қатар көркем стильдердің ерекше белгілерін атай білу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Сценарий шеберлігі
Пәннің мақсаты – сценарий жазу дағдыларын үйрету. Сценаристтер шығармашылығының әдістемесі мен әдістері. Диалог және монолог. Киносценарий мен пьесаның тілдік стилистикасының ерекшелігі. Пәнді оқыту барысында драматургиядағы көркем мәтін мен сценарий мәтінінің мазмұндық мәнін аша отырып, мазмұн мен форма бірлігін талдап, қалай жазудың әдіс-тәсілдерін үйретеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Құқық негіздері
Курс мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы білімді қалыптастырады. Бұл курстың оқу пәніне мемлекет пен құқықтың пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтары, Негізгі Заң туралы ұғымдардың анықтамасы, сондай-ақ конституциялық, азаматтық, қылмыстық және әкімшілік сияқты қазақстандық құқықтың базалық салаларының негізгі ережелері кіреді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 2
-
Батыс және Шығыс бейнелеу өнері
«Батыс және Шығыс бейнелеу өнері» пәні сәулет, мүсін, кескіндеме, графика, сәндік-қолданбалы өнер ағымдарының жалпы эволюциясын көрсетуге арналады. Пәнді оқу барысында білім алушылар көркемдік шығармашылықтың хронологиялық кезеңдерден және өнердегі жалпы стильдер мен бағыттардан хабардар болады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Костюм тарихы
Костюм тарихының негізгі түсініктері. Киім стильдерінің сипаттамасы: ежелгі грек стилі, готика стилі, Ренесанс, Барокко, Рококо, Классицизм, Ампир, Романтизм, Модерн, Гарсон. Балет костюмінің даму тарихы. Хореография стилі - костюм стилі. Костюм тарихы мен әлемдік мәдениеттің даму параллелінің дамуы.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Қаржылық сауаттылық негіздері
Курс шеңберінде білім алушылар қаржы саласындағы барлық құралдарды практикада қолдануды, жинақтарды сақтауды және көбейтуді, бюджетті сауатты жоспарлауды үйренеді, салықтарды есептеу және төлеу және салық есептілігін дұрыс толтыру бойынша практикалық дағдыларға ие болады, қаржылық ақпаратты талдауды және барабар инвестициялық стратегияны таңдау үшін қаржы өнімдерінде бағдарлауды үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
ХХ ғасырдағы драма теориясы
«ХХ ғасырдағы драма теориясы» курсы білім алушыларды ХХ ғасырдың драма теориясы мен драмалық өнерімен, режиссерлік театрдың қалыптасуына ықпал еткен «жаңа драманың» пайда болуымен және қалыптасуымен таныстырады. Оқыту нәтижесінде білімгер негізгі ұғымдар жүйесін игеріп, драма теориясының категориялық аппаратының өзгеретіндігі туралы ойларды қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Театр костюмінің тарихы
Костюм тарихының ерекшеліктерін терең зерттеу шығармашылық мамандарды кәсіби даярлаудың ажырамас бөлігі болып табылады. Киім - бұл адамзат мәдениетінің ең дара туындысы. Тарихи костюм сахна шеберлері шығармашылығының сарқылмас қайнар көзі болып табылады, көркем образды ашуға және жасауға көмектеседі. Курс өткен мен қазіргі тарихи және халық костюмдерінің ажырамас байланысын көрсетіп, Еуропа мен Азияның тарихи қалыптасқан мәдениеттерінде стильдердің дамуы туралы түсінік қалыптастыруға бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Шығармашылық психология негіздері
«Шығармашылық психология негіздері» курсында шығармашылық психологиясының негізгі міндеті мен шығармашылық процестегі креативтіліктің психологиялық механизмдерін және заңдылықтарын үйренеді. Курста шығармашылық адамның жасампаздық қызметі, өзіндік ерекшеліктері мен белсенділігі айқын көрініп, сатылай талданады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Кинотеледраматург шеберлігі
Курста кино, театр және телевидение саласындағы драматургия негіздері оқылады. Телевизиялық жобаларды, пьесалар мен сценарийлерді жазу шеберлігі. Сценарий мен пьеса жазудың құрылымдық ерекшеліктерін қарастырады. Курста драматургия мен кинотеледраматургияға қатысты теориялық материалдар қайталанып, оларды студенттердің шығармашылық жұмыстарын, курстық жобаларын іс жүзіне асыру барысында алмастырып отыру қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әлем және қазақ анимациясының драматургиясы
«Әлем және қазақ анимациясының драматургиясы» курсының бағдарламасы әлем және қазақ анимациялық өнерінің қалыптасу тарихы мен даму кезеңдері, шығармашылық және көркемдік үдерісін зерттеуге арналған пән. Әлем және қазақ анимация тарихындағы үздік фильмдермен бірге озық тәжірибе мысалдары талданады. Анимациялық фильмдердің драматургиясы қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Балеттік сын бойынша семинар
«Балеттік сын бойынша семинар» курсы студенттерге кәсіби және сыни сөздің толық тереңдігі мен мәнін ашады. Ол балет сынының міндеттерімен, сыни пікірлердің этикасымен таныстырады. Ол заманауи балет өнеріндегі оқиғаларға және болашақ кәсіби қызмет саласындағы балеттік көзқарастарыңызды бағалауға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Өнер саласындағы менеджмент
Курс өнер саласындағы басқару негіздерін және менеджмент жүйесінің жалпы принциптерін, мәдениет саласындағы ұйымдарды басқарудың практикалық дағдыларын, мәдени қызметтің қазіргі жағдайларымен танысуды, сонымен қатар өнер индустриясының негізгі басқару ерекшеліктерін зерттеуге арналған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Кәсіпкерлік негіздері
Курс барысында білім алушылар өздерінің қабілеттерін іске асыруға және қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған инновациялық тәсіл негізінде өндіріс факторларын ұтымды біріктіруде көрінетін жеке тұлғаның қабілеттерін іске асыру ретінде кәсіпкерлік қызметті зерттейді. Курстың мақсаты-жаңадан бастаған жеке кәсіпкердің практикалық дағдыларын игеру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Орталық Азия киносы
Курс бағдарламасы Орталық Азия елдеріндегі кино өнерінің қалыптасу тарихын, даму сатыларын әлем киносы тарихымен, кино өнерінің эстетикасымен байланыстыра отырып, жаңа кезеңдегі Орталық Азия киносын танымал кино қайраткерлер шығармашылығымен тұтастықта қарастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Музыкалық-хореографиялық формаларды талдау
«Музыкалық-хореографиялық формаларды талдау» курсы хореографиялық мәтіннің музыкалық негізін, оның балет қойылымын құрастырудағы маңызды құрамдас бөлігін, сондай-ақ олардың терең байланысын ашуға ықпал етеді. Курс музыкалық бағыттардың даму тарихын және олардың хореографияға әсерін ашады, әр түрлі музыкалық формалардың балет спектакльдерінің стилі мен жанрлық әртүрлілігіне әсерін ашады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кинодағы психоанализ негіздері
Курс кино туралы психоаналитикалық ой-пікірлерге қысқаша шолу болып табылады. Киноның көрерменге психологиялық тұрғыда әсер ететіндігін талдай отырып, кино мен психоанализ арасындағы қарым-қатынастың дамуын, фильм сынының психоаналитикалық әдістемесін және фильмнің психикалық жұмысы талданады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
ХІХ - XXI ғасырлардағы Қазақстан бейнелеу өнері
Бұл пән ел өнерінің кәсіби нысандарының қалыптасу және одан әрі даму мәселелеріне арналған. ХІХ және ХХІ ғасырлардағы қазақ бейнелеу өнерінің ұлттық мектебінің даму кезеңдерінің хронологиясы мен ориенталист-суретшілердің шығармашылығы басты назарға алынады; жетекші шеберлердің көркем мұрасы зерттеледі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Өнер психологиясының негіздері
«Өнер психологиясының негіздері» курсында шығармашылық процестің психологиялық механизмдері ашылады. Шығармашылық психологиясының әртүрлі тұжырымдамалары қарастырылады, шығармашылық процеске тән жалпы психологиялық заңдылықтар сипатталады. Өнердегі креативті ойлаудың теориялық негіздеріне сүйене отырып белсенділігін арттыру зерттеуге арналады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Киносценарий мен пьеса жазу әдістемесі
Курстың мақсаты әлеуметтік, мәдени және тарихи контексте драматургия туындысының көркем мәтінінің мазмұндық мағынасын түсіндіру, драматургия туындысының көркемдік мәтінінің формасы мен мазмұнының бірлігін анықтау, драматургия туындысының көркем мәтінін формасы мен мазмұнының бірлігі ретінде талдау, драматургия туындысының мәтініне тұтас контекстік талдау жасау.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
ХІХ ғасырдағы Еуропа театрының тарихы
Курс ХІХ ғасырдағы театрдың романтизм, натурализм және символизм сияқты көркем бағыттарымен және олардың ерекшеліктерімен таныстырады. Курс театр тарихын зерделеуге сыни көзқарасты дамытуға бағытталған. Алынған білімнің нәтижесі - білім алушының әр спектакльді талдай білуі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Заманауи қазақ киносы
«Заманауи қазақ киносы» курсының мақсаты қазақ көркемсуретті киносының әлеуеті мен қазіргі жағдайын саралай зерттеу. Қазіргі киноның отандық кинопрокаттағы орны мен рөлі айқындау. Қазіргі қазақ киносындағы көркемдік-экономикалық процестердің өзекті мәселелерін талдау.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Кино сыны шеберлігі
«Кино сыны шеберлігі» курсы кино өнеріндегі құбылыстар мен ағымдар ерекшелігін қарастырады, өнер бағытының дамуына кинотанушылық баға береді, кино өнерінің өзіндік табиғатын идеялық, эстетикалық концепция, стиль және түрлі жанрлар жүйесін қарастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Əлем және қазақ анимациясының тарихы
«Әлем және қазақ анимациясының тарихы» пәні анимациялық өнердің қалыптасуы мен даму эволюциясын зерттейді. Әлем және қазақ анимациясындағы маңызды кезеңдер, бағыттар, көркемдік мектептер мен авторлық стильдер талданады. Анимациялық туындылардың идеялық-мазмұндық ерекшеліктері, техникалық жаңалықтары және мәдени ықпалы қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Театр және би костюмінің тарихы
Бұл курс ежелгі дәуірден ХХ ғасырдың басына дейінгі тарихи еуропалық костюмнің дамуындағы негізгі сипаттамалық белгілер мен жалпы заңдылықтарды зерттеуге бағытталған. Сахна кейіпкерінің мінез-құлық ерекшелігіне тарихи киімнің әсерін қарастырады. Қазақтың дәстүрлі киімінің қалыптасу тарихын, ою-өрнек және зергерлік өнерінің семантикасын қарастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
XIX ғасырдағы «Жаңа драма»
Курс драма теориясының негізгі мәселелері мен тұжырымдамалары, драматургия ілімінің тарихы туралы түсінік қалыптастырады. Студент ХІХ ғасыр драматургиясының әдебиет пен театр шығармашылығының бір түрі ретіндегі заңдылықтарын, драмалық шығарманың құрылымын, құрылыс заңдылықтарын, поэтикасын, жанрлық ерекшеліктерін зерттейді. Драманы театрландырылған талдау дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Қайта өрлеу дәуірі өнерінің тарихы
«Қайта өрлеу дәуірі өнерінің тарихы» пәні Қайта өрлеу дәуіріндегі Еуропа өнерінің ерте, жоғарғы және кешеуіл кезеңдерінің негізгі даму кезеңдерін зерттеу мәселелерін қамтиды. Өнер мен мәдениеттегі жалпы және жеке стильдік аймақтық белгілердің қалыптасуы контекстінде ұлттық көркем мектептердің қалыптасу мәселелері баяндалады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Хореографиялық өнер психологиясының негіздері
Курс шығармашылық процестің психологиялық механизмдерін ашады. Шығармашылық психологиясының әртүрлі концепциялары қарастырылады, шығармашылық процеске тән жалпы психологиялық заңдылықтар көрсетіледі. Шығармашылық бірегейліктің эмпирикалық көрінісіне психологиялық талдау жасалады. Курстың міндеттеріне суретшінің шығармашылық тұлғасының ерекшеліктерін және оның қызметінің заңдылықтарын ашылуы кіреді. Шығармашылық қабілеттердің әртүрлі құрамдас бөліктері және оларды дамыту әдістері ашылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Шығармашылық психология
Курс шығармашылық психологияның тарихын, өнер теориясындағы психологиялық тәсілдердің келешегін, қазіргі заманғы өнердің даму жолдарының көпнұсқалылығын зерттеудегі өнер психологиясының рөлін, шығармашылық шабыттану проблематикасын, жасампаз тұлғасын, түпсаналылықты, жарақатты, денелік, өнердегі гендерді; сонымен қатар шығармашылық ізденістің креативтілік теориясын және белсендендіру тәсілдерін зерттеуге арналған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Спектальді талдау бойынша семинар
Курста білім алушылар сахналық шығарманы заманауи театр процесінің дамуы контексінде жан-жақты қарастыруды үйренеді. Әр талдауда немесе ауызша баяндауда білім алушы спектакльдің барлық жасаушыларының: драматург, актер, режиссер, суретші, композитордың жұмысы туралы өз пікірін білдіруді үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ислам елдерінің өнері
«Ислам елдерінің өнері» курсы аясында оның пайда болуы мен даму тарихы оқытылады. Араб халифаты, Магриб елдері мен Мавритандық Испания өнерінің стилистикалық ерекшеліктері, мәдени парадигмалар мен көркемдік концепциялары талданады. Сондай-ақ Үндістан, Иран, Орталық Азия және Түркия сынды мұсылман мемлекеттерінің өнері қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кино теориясының тарихы
Курс бағдарламасы кинематограф тарихын теориялық аспектіде қарастырады. Кинематограф тарихы және теориясымен байланыстағы пән бағдарламасы кино сынының қалыптасу тарихын ғылыми пән деңгейінде қарастырады. Оқыту нәтижесінде кино тарихының хронологиялық принципі кино теориясының эстетикалық негізімен байланысында қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Балет сынының шеберлігі
Бұл курс спектакльді жан-жақты талдауға қажетті жеке тұлғалық, эстетикалық көзқарастарды қалыптастыруға бағытталған. Ол хореографиялық өнер туындысын көркемдік-эстетикалық талдау негізінде, кәсіби мәселелерді шешуде шығармашылық көзқарасты қолдана отырып, әр түрлі сын жанрларында өзіндік авторлық өнімді жасауға көмектеседі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Бейнелеу өнерінің көркемдік материалдары мен технологиялары
«Бейнелеу өнерінің көркемдік материалдары мен технологиялары» пәні аясында студенттер бейнелеу өнерінің әртүрлі түрлерінің: кескіндеме (станокты және монументалды), графика, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер туындылары орындалуының технологиялық аспектілерімен танысады; бейнелеу өнерінің әртүрлі түрлерінде қолданылатын материалдардың, техникалық құралдар мен әдістердің әртүрлілігін зерттейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Әдебиет пен кинодағы мифология
Курс білім алушыларды мифологиялық сюжеттердің негізінде туған өнердегі көркем туындылармен таныстырып, олардың шығармашылық тұрғыдан ойлануы мен қиял кеңістіктерінің кеңеюіне мүмкіндік береді. Мифологияны зерттеу тарихты тереңірек зерттеуге ықпал етеді, ежелгі дәуірдің мәдениеті мен өнері, дін тарихы, сондай-ақ әдебиет пен кинематография тарихындағы мифология мен миф жасау құбылыстарын түсінудің негізіне үйретеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Бүгінгі әлемдік театрлық үдеріс және ЖИ
Пән әлемдік театр өнерінің қазіргі тенденцияларын және оның дамуына ықпал ететін заманауи технологияларды зерттеуге бағытталған. Театрдағы инновациялық әдістер мен ЖИ рөлі, оның көрермендермен интерактивті қатынасын қалыптастырудағы мүмкіндіктері талқыланады. Білімалушылар театрлық қойылымдарда ЖИ қолданудың шығармашылық және техникалық аспектілерін меңгеріп, өнердегі жаңа әдіс-тәсілдерді талдайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Фильм көрсетілімі және талдау
«Фильм көрсетілімі және талдау» курсы кинотану саласында кәсіби мамандар дайындау жүйесіндегі маңызды пәндер қатарына жатады. Семинар және талдау сағаттарында әлем киносының даму сатылары, кино теориясының эволюциясына, жалпы заңдылықтарына өзіндік пікір қалыптастыруға мүмкіндік беріледі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Кино теориясы
«Кино теориясы» курсы кәсіби мамандық саласында білім алушы дайындау жүйесінің маңызды бөлігі. Курс кинематография өнерінің дамуының жалпы заңдылықтарын, кино мен телевидениенің пайда болуы мен даму тарихын, кино мен телевидениенің ерекшеліктерін, фильмнің эстетикасын, қазіргі киноның, телевидениенің және т.б. өнер және бұқаралық байланыс құралдарын қарастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
ХХ ғасырдағы шетел театрының тарихы
«ХХ ғасырдағы шетел театрының тарихы» курсы білім алушыларды театр өнерінің өзгешелігімен және театр тарихының негізгі кезеңдерімен, актер, режиссер және драматургтердің шығармашылығымен таныстырып, танымал театр қойылымдары туралы толық мағлұмат береді. ХХ ғасырдағы драматургиядағы жаңа жанрлар мен режиссерлік тұжырымдарға ерекше тоқтала кету басты мақсат болып табылады. Бүгінгі күнгі театр үдерісіне тигізген ықпалына назар аудару.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
XVII-XVIII ғасырлардағы Батыс Еуропа өнерінің тарихы
«XVII-XVIII ғасырлардағы Батыс Еуропа өнерінің тарихы» пәні жаңа заман өнерін, барокко мен классицизмнің стильдік белгілерін, Еуропаның жекелеген елдерінің көркем мәдениетіндегі көріністерінің ерекшеліктерін зерттеуге арналған. Жалпы мәдениет аясын қалыптастырудағы тарихи контекстке, олардың осы заман өнеріндегі үлкен стильдік бағыттардың құрылуына тигізген ықпалына ерекше назар аударылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Бейнелеу өнерінің теориясы
Курс бейнелеу өнерін теориялық тұрғыда танудың негізгі әдістері мен түсіну аппаратын игеруге; өнер теориясының басты бағыттарына; негізгі теориялық концепцияларға; көркем туындыны интерпретациялаудың әртүрлі типтеріне; жаңа әдістердің талдау ерекшеліктеріне және олардың заманауи тәжірибемен байланысына; өнертанудың өзекті мәселелерін қарастыруға арналған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Театр сыны шеберлігі
Бұл курс театрлық шығарманы талдаудың жолдарымен таныстырады. Спектакльдің жекелеген бөліктерін талдаудан бастап, біртіндеп оның басқа элементтерін қосуды үйренеді. Пьесаны және актерлік өнерді баса назарға ұстай отырып, музыка, сахналық безендіруді де талдауға машықтанады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Заманауи кино үдерісі
Курстың мақсаты – қазіргі әлемдік кинематографтың адамзат мәдениеті саласындағы өзекті жағдайын зерттеу. Әлемдік кинопрокаттағы заманауи киноның орны мен рөлі. Көркемдік-эстетикалық, қоғамдық-мәдени, сондай-ақ қазіргі әлемдік кинодағы технологиялық үдерістер (кино өнері, киноиндустрия, жаңа кинотехнология) мәселелерін зерттеу.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Кино өнеріндегі мифология
Курс аясында студент әлемдегі және қазақ киносындағы мифологиялық сюжеттер мен бейнелермен танысып, зерттейді. Ұсынылған курс мифті мәдениет феномені, таным нысаны және рухани мәдениеттің негізі ретінде ашады, сонымен қатар әртүрлі халықтар мен өркениеттердің мифологияларындағы заңдылықтар мен ерекшеліктерді көрсетеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Заманауи Еуропа киносы
«Заманауи Еуропа киносы» курсы еуропалық киноның адамзат мәдениеті саласындағы қазіргі жағдайын зерттейді. Әлемдік кинопрокаттағы еуропалық киноның орны мен рөлі. Қазіргі еуропалық кинодағы көркемдік және экономикалық процестердің негізгі мәселелерін саралап талдау.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Шығыстың ойын-сауық мәдениеті
Курс өз тілі, өзіндік мәдениеті, өзіндік ұлттық дәстүрлері бар, мыңжылдықтар бойы қалыптасқан, театрлары бір-біріне ұқсамайтын Үндістан, Қытай және Жапония театрларының кеңістігіндегі музыка, маска, костюм контекстінде ойын-сауық мәдениетін қарастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Драма теориясы
«Драма теориясы» курсы білім алушыларға драматургияның даму тенденцияларын жалпы мәдени және театр аспектілері аясында қарастырып, идеялық-көркемдік бағалаудың әдістемелік критерийлеріне үйретеді. Драма теориясы тарихы мен драматургияның өзіне тән табиғатын терең ашып көрсетеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Шығыс киносы
Курс бағдарламасы шығыс кино өнерінің өзіндік ерекшелігін, қалыптасу, даму сатыларындағы жалпы заңдылықтарды, экран өнерінің эстетикасын, заманауи кезеңдегі шығыс киносының дамуын көрнекті киногерлер шығармашылығымен байланыста қарастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Сахналық өнер теориясының негіздері
Курс балет студенттеріне арналған негізгі пән болып табылады. Мұнда студент ХІХ ғасырдағы театрдағы көркемдік бағыттары - романтизм, натурализм және символизммен және олардың ерекшеліктерімен танысады. Курс студенттердің театр тарихын түсінуге сыни көзқарасын дамытуға бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Хореография өнерінің негізгі бағыттары және ЖИ
Пән хореографияның заманауи бағыттарын, оның даму үрдістерін және өнердегі жаңа тенденцияларды зерттеуге бағытталған. Пән аясында хореографиялық шығармашылықтың негіздері мен техникалары қарастырылады, сонымен қатар, жасанды интеллекттің хореография өнерінде қолданылу мүмкіндіктері талқыланады. ЖИ арқылы би қозғалыстарын талдау, жаңа хореографиялық композициялар құру және технологияларды шығармашылық процеске интеграциялау әдістерін меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
ТМД елдері киносының тарихы
Курс бағдарламасы пәнаралық байланыс тұрғысынан ТМД елдері киносының тарихын, жанрлар эволюциясы, стиль және әлем киносындағы ағымдар байланысы тұрғысынан сипаттайды. Экран мәдениетінің қалыптасу және даму тарихына терең бойлау, аудиовизуалды зерттеу нысандарының кең ауқымын қамту.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Театр және мифология
«Театр және мифология» курсы білім алушыларды мифологиялық сюжеттерге құрылған драматургиямен таныстырады және олардың шығармашылық қиялы мен ойлау қабілетін жандандыруға көмектеседі. Миф пен рәсім, халықтық мерекелер, діни мистериялар. Миф пен әдебиеттің арақатынасының эволюциялық және типологиялық аспектілері. Эпос, мифтер және олардың театр өнеріндегі көрінісін біледі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Театр теориясының негіздері
Бұл пән студенттердің театрдың теориялық, тарихи және практикалық мәселелерін түсінуі үшін қажет. Курс театр туралы ғылымның қазіргі жай-күйі туралы таныстыруға, театр үрдісінің теориялық ұғынуына дағдыландыру, театртану әдіснамасын меңгеруге бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Өнердегі мифология
«Өнердегі мифология» курсы бейнелеу өнеріндегі мифологияның ролі мен маңыздылығын анықтауға бағытталған. Курс барысында бейнелеу өнерінде айқын көрініс тапқан мифологиялық сюжеттер қарастырылып, олардың өнер тарихындағы даму сатылары, талқылану ерекшеліктері анықталады. Курс білім алушыларға өнердегі мифология мен мифологизацияны ажыратуға және шығармашылық қиялын арттыруға көмектеседі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Заманауи драматургия
Пән студенттерде толықметражды көркем фильмнің сценарийін, телехикаяның сценарийін, қысқаметражды фильмді жазу дағдыларын, сценарий шеберлігінің тарихы мен теориясын меңгеруді, сценарий шеберлігінің негізгі ұғымдарын білуді, бастапқы дереккөздерді талдауды және сценарий құруды қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Шығыс театры
Курс Үндістан, Қытай және Жапония мәдениетімен, театрымен таныстырады. Бұл елдердің театрлары бір-біріне ұқсамайды. Үндістан, Қытай және Жапония театрлары мыңжылдықтар бойы қалыптасқан мәдени үдеріс алдыңғы кезеңдерде басты элементтерді сақтай отырып, үздіксіз дамыды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Хореография режиссурасын талдау cеминары
«Хореография режиссурасын талдау семинары» курсы режиссер-хореографтың қызмет саласын түсінуге, сюжетті және хореографиялық мәтін құрастыру әдістерін, композиция жасау кезіндегі стиль мен стилизация түсінігін зерттеуге бағытталған. Мәтін, композициялық суреттің мағынасы және музыкалық материалды таңдау.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Киносценарий стилистикасы және ЖИ
Пән сценарий жазудың көркемдік және стильдік аспектілерін, драматургиялық құрылымын, кейіпкер сипаттау тәсілдерін зерттеуге бағытталған. Жасанды интеллект технологияларының сценарий жазу процесіндегі қолдану мүмкіндіктері, алгоритмдік модельдер арқылы мазмұн генерациялау әдістері мен олардың шығармашылық үдеріске ықпалы қарастырылады. Сценарий жазудың дәстүрлі және ЖИ көмегімен жаңаша тәсілдерін тәжірибе жүзінде меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Шығыс өнерінің тарихы
«Шығыс өнерінің тарихы» пәні ежелгі кезеңнен бастап Үндістан, Жапония, Қытай, Корея, Индонезия өнерін зерттеуге арналған. Пәнді оқу барысында студенттер шығыс елдерінің өнері дамуының ерекшеліктері мен заңдылықтары туралы түсінік алады, бейнелеу өнерінде көрініс тапқан осы елдердің эстетикалық түсініктері мен ұстанымдарының қалыптасуына әсер еткен факторлар туралы біледі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Сын бойынша семинар және ЖИ
Сын бойынша семинар дәрістік сабақтарда алынған білімді бекітуге және өзіндік жұмыс дағдыларын қалыптастыру процесіне арналған, оның барысында көркем өмірдің өзекті мәселелері мен үрдістері талқыланады, отандық материалда сынның түрлі теориялары, дискурстары мен стратегиялары пысықталады. Жасанды интеллекті пайдаланып өз ойларын кәсіби тұрғыдан еркін әрі мәнерлі жеткізуге үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
ХХ ғасырдағы әлем театрының тарихы
«ХХ ғасырдағы әлем театрының тарихы» курсы студенттерді ХХ ғасырдағы еуропалық және американдық театрдың даму үдерісімен таныстырады. ХХ ғасырдағы драматургия жанрларына және театрдың режиссурасына ерекше назар аударылады. Л.Жуве, А.Арто, Б.Брехт, Э.Пискатор, П.Брук, Е.Гротовский, Д.Стрелер және басқа да көрнекті режиссерлердің теориясы мен театр практикасы мен ХХ ғасырдың театрлық тұжырымдамалары назарға алынады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Кәсіби кино сыны және ЖИ
Пән заманауи кино өнерін кәсіби деңгейде сыни тұрғыда талдауға және бағалауға үйретеді. Пән аясында кинотану әдістемелері, көркемдік талдау үлгілері және кино сынын жазудың жанрлық формалары қарастырылады. Дәстүрлі және цифрлық сынның өзара байланысын, сондай-ақ ЖИ көмегімен визуалды және мазмұндық құрылымды талдау тәсілдерін меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Театр сынының тарихы
Курс отандық және шетелдік театр сынының кеңістігін зерттейді. Театр сынының негізгі даму кезеңдерімен таныстырады; өзіндік кәсіби қызметпен байланысты негізгі қабілеттері мен дағдыларды қалыптастырады. Алған білімдерінің көрінісі ретінде әрбір спектакльге талдау жұмыстарын өткізіп отырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазіргі әлемдік сәулет
Курс болашақ өнертанушыларға әлем сәулет өнері дамуының заманауи тенденцияларын оқытады. Курс барысында ХХ-ХХІ ғасырдағы сәулет өнеріндегі негізгі стильдік бағыттар ашылады. Курс модернизм және постмодернизм сәулет өнері мен ондағы жаңа ағымдарды зерттеуді қамтиды. Заманауи сәулетшілердің шығармашылығымен танысады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Өнер шығармаларын экспертизалау
«Өнер шығармаларын экспертизалау» курсы «Өнертану» оқу бағдарламасының негізгі пәні болып табылады, ол дәріс материалдарынан, практикалық сабақтардан тұрады. Курстың мақсаты – өнер туындыларын сараптау және ғылыми атрибуциялау әдістемелерімен таныстыру. Курстың міндеттері: мұражай заттарының әртүрлі топтарын ажырату ерекшеліктеріне, әртүрлі категориядағы мұражай заттарын ғылыми сипаттау және талдау әдістеріне үйрету.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Театртанудағы редакциялау
Пәннің мақсаты редакторлық жұмыс негіздерінің маңызды аспектілері туралы білім жүйесін қалыптастыру, редакторлық жұмыстың негізгі принциптерімен, редакторлық этика талаптарымен, қазіргі редакциялауда тәжірибенің маңыздылығымен таныстыру, алған білімдерін кәсіби қызметте қолдануға үйрету.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Редакторлық жұмыс
Пәннің мақсаты редакциялаудың ғылыми-теориялық, практикалық және әдістемелік негіздерін үйрету, редакторлық талдау әдістері мен құралдарын қолдана отырып мәтінмен жұмыс жасау, алған білімдерін іс жүзінде қолдануға үйренеді. Мәтін түрлерін кәсіби редакциялау және түзету дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
ТМД елдері және Орталық Азия киносы
Курс студенттерді фильмді талдаудың белгілі бір құралдары мен стратегияларымен, бейнелеу және дыбыстық шешіммен, монтаждың табиғатымен, кино бейнесінің мағынасымен, кинематографиялық кеңістік туралы түсінікпен, кинодағы уақытпен таныстырады. Курс фильмді талдауға кіріспе болып табылады және тыңдаушыларды мәдениеттің осы күрделі құбылысының негізгі тарихи және теориялық аспектілерімен таныстырады. Курс аясында тыңдаушылар фильмді талдауда қолданылатын негізгі тұжырымдамаларды игере алады, кино тарихының негізгі кезеңдерімен, кино зерттеушілері қолданатын заманауи әдістермен таныса алады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кинорежиссура
Курс бағдарламасы режиссерлық қызмет туралы жалпы мәлімет береді. Пән бағдарламасын меңгеруде режиссура теориясының тұжырымдамаларымен және монтаждың негізгі түсініктерімен танысады. Курс материалдары тақырыптық терминологияға негізделген және пән бағдарламасын толық меңгеруге мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Әлем және қазақ музыкасының тарихы
«Әлем және қазақ музыкасының тарихы» курсы театртанудың құрамдас бөліктерінің бірі ретінде студенттердің музыкалық-тарихи ойлауын қалыптастыру мақсатында оқытылады. Курс біртұтас музыкалық-тарихи процесс контекстінде ең маңызды музыкалық құбылыстармен таныстырады. Ол белгілі бір музыкалық-тарихи кезеңге тән музыканы театрландыру принциптерін меңгеруге бағытталған. Курс қазақ музыкасының тарихымен және оның негізгі даму кезеңдерімен таныстырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Редакторлық жұмыс негіздері
Редакторлық жұмыс негіздерінің маңызды аспектілері, редакторлық жұмыстың негізгі қағидалары, редакторлық этиканың талаптары, қазіргі таңдағы редакторлық жұмыс жүргізуде редакторлық тәжірибенің маңызыдылығын айқындау. Бильдредакторы және кино редакторының негізгі қызметтері мен ерекшелігін біледі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Заманауи Азия және Америка киносы
«Заманауи Азия және Америка киносы» курсы білім алушыларды заманауи Азия мен Америка кинематографистерінің ұлттық жаңа кезеңдегі жағдайымен таныстырады. Бағдарлама аясында қазіргі әлемдік кино үрдісіндегі негізгі тенденцияларды: даму заңдылықтарын, негізгі бағыттарды, кино тіліндегі инновацияларды қарастырып, кинотанушылық тұрғыдан салыстырмалы талдау жасалады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Театр менеджменті
Пән театр ісін ұйымдастыру негіздерімен таныстырады, театрдың ұйым ретіндегі қызметі туралы түсінік қалыптастырады. Болашақ театр танушыларға театр саласындағы менеджмент принциптері туралы түсінік береді, театрдың өндірістік қызметінің негіздерімен, басты ұғымдармен таныстырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Постдрамалық театрдағы сценография
«Постдрамалық театрдағы сценография» курсы білім алушыларды еуропалық және американдық театрдың даму үдерісінде сценографияның маңызын таныстырады. Постдрамалық театр сценографиясына ерекше көңіл бөлінеді. Спектакльдердегі сценографияның орны мен маңызы қарастырылады. Суретші мен режиссердің спектакль жасаудағы жұмыстары сараланады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Музыка тарихы
Курс тұтас музыкалық-тарихи процесс контекстіндегі маңызды музыкалық құбылыстармен таныстырады. Музыка өнерінің қалыптасу тарихын, жалпы музыканы жанрлары бойынша, елдер және мектептер бойынша зерттейді. Музыкалық-тарихи кезеңге тән музыканы театрландыру принциптерін меңгеруге бағытталған.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Қазіргі театр сыны
Курс негізгі профиль пәні болып табылады. Курс театр өнері мәселелеріне арналған мақала жазуға машықтандырады. Проблемалық мақалалар қазіргі заманғы театр өмірінің, драматургияның жай-күйінің, театр сынының, сахна өнерінің эстетикалық мәселелерінің, дәстүр мен жаңашылдық мәселелерінің, ұлттық және шетелдік театр өнерінің кең ауқымына қатысты болуы мүмкін.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Заманауи өнер сыны
Курс қазіргі заманғы көркем сынның өзекті мәселелеріне арналған, оны зерттеу барысында негізгі теориялық концепцияларды, сыни қызметтің қазіргі әдіснамалық принциптері мен дискурстарын игеру жүзеге асады; қазіргі заманғы өнердің негізгі ағымдарын және көркем сынның жағдайын зерттеу жүргізіледі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шығыс Еуропа киносы
Курс студенттерді қазіргі Шығыс Еуропа киносымен таныстырады. Қазіргі еуропалық кинематографиядағы көркемдік және экономикалық процестердің негізгі мәселелерін талдауды үйретеді. Курс бағдарламасы Шығыс Еуропа кино өнерінің өзіндік ерекшелігін, қалыптасу, даму сатыларындағы жалпы заңдылықтарды, экран өнерінің эстетикасын, заманауи кезеңдегі Шығыс Еуропа киносының дамуын көрнекті киногерлердің шығармашылығының мысалында қарастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. бірінші жартысындағы Батыс Еуропа өнері
«ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. бірінші жартысындағы Батыс Еуропа өнері» пәнінің курсы Еуропаның ХІХ ғасырдың соңындағы ұлттық мектептерінің өнерін және ХХ ғасырдың басындағы модерн мен модернизмнің стильдік белгілерінің қалыптасуы мен дамуы мәселелері қарастырылады. Пән аталған кезеңдегі дәуірдің көркем мәдениетіндегі шығармашылық үдерістер мен бағыттардың даму барысын оқуға арналған.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Театр ісін басқару
Пән студенттерді театр ісін ұйымдастыру негіздерімен таныстырады, театрдың ұйым ретіндегі қызметі туралы түсінік қалыптастырады. Болашақ балеттану маманына театр саласындағы басқару принциптері туралы түсінік береді, театрдың өндірістік қызметінің негіздерімен, негізгі ұғымдарымен таныстырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Кино саласындағы PR-менеджмент
Курста PR-мен қазіргі заманғы әдістерге, жарнамаға және маркетингке ие ақпараттық және коммуникациялық саласындағы тәжірибелік дағдыларды үйрету. PR саласына деген тәжірибелік дағдыны арттыру, маркетинг, брендинг және консалтинг әдістері мен құралдарын тиімді пайдалануға бағыттау.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
ТМД елдері хореографиялық өнерінің тарихы
Бұл курс ТМД елдеріндегі хореографияның дамуының тарихи ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған. ТМД елдеріндегі жалпы балет процесіне заманауи хореография ағымдарының әсерін салыстыру, сондай-ақ осы елдердегі көрнекті хореографтар мен орындаушылардың шығармашылығымен танысуға бағытталған.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Галерея ісі
«Галерея ісі» курсы «Өнертану» бейінінің оқу бағдарламасының кәсіби пәндерінің бірі болып табылып дәріс материалдарынан, практикалық сабақтардан тұрады. Курстың мақсаты: галерея ісі туралы білім жүйесін қалыптастыру. Курстың міндеттері: галереялық іс саласындағы тәжірибелік жұмыстың негіздерімен таныстыру, өнер саласындағы көрме өнімін әзірлеудің технологиялық циклін көрсету, әлеуметтік-мәдени және көркем ортаны талдау дағдыларын үйретеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Балет спектакліндегі сценография
«Балет спектакліндегі сценография» курсы студенттерге әр түрлі дәуірлердегі балет театрының репертуарын құрайтын классикалық мұрасы қандай көркемдік-декоративті құралдармен және композициялық әдістермен жасалғандығы туралы түсінік береді. Алған білімдерінің көрінісі ретінде әрбір спектакльдің сценографиясына талдау жұмыстарын өткізіп отырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Телерадиожурналистика
Курс бағдарламасы телерадиожурналистика саласындағы негізгі ұғымдармен, телевидение, радиодағы журналист қызметінің принциптерімен таныстырады. Шығармашылық белсенділікті дамыту мақсатында тілші, баспа және интернет басылымдарының редакторы мамандығының практикалық дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Режиссура және монтаж
Курс бағдарламасы студенттерге теледидар мен кинодағы шығармашылық құрамдас бөліктері ретінде монтаждық біріктірулердің әртүрлі түрлерін пайдалану мүмкіндіктері туралы түсінік береді; дұрыс, сауатты монтаждаудың әдістерін үйретеді. «Режиссура және монтаж» курсы монтаждаудың теориясы мен тарихын таныстырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Кино теориясы бойынша арнайы курс
Курс бағдарламасы кинематографтың заманауи кезең аудиовизуалды өнер жүйесіндегі орнын, заманауи кино үрдісінің озық тәжірибелерін кинотану теориясы аясында, сондай-ақ, ұқсас өнер салалары (ТВ, театр, бейнелеу және сәулет өнері, музыка) жүйесінде қарастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
ХХ ғасырдағы балет жауһарлары
«ХХ ғасырдағы балет жауһарлары» курсы өткен дәуірдің балет мұрасын зерттейтін пәннің практикалық жалғасы болып табылады және ХХ ғасырдағы көрнекті орыс хореографтарының балет қойылымдарын зерттеуді, шетелдік балет өнері мен отандық хореографияның жауһарларымен танысуды қамтиды. Курс балет спектакльдерінің жауһарларымен және олардың жасалу тарихымен таныстырады, көрнекті кеңес балетмейстерлері мен өз дәуіріндегі жаңашылдардың шығармашылық ізденістерімен танысуға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Заманауи әлемдік театр процесі
«Заманауи әлемдік театр процесі» курсы білім алушыларды Еуропадағы, Шығыстағы, Ресейдегі, Канададағы және Америкадағы заманауи театр дамуының негізгі дағыттарымен таныстырады. Білім алушылар сабақта жаңа замандағы әлемдік театр өнерінің (драма, актерлік және режиссура, хореография , сценография) мәселелерін талдауды үйренеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Заманауи фильм семинары
Курстың мақсаты білім алушыларды кино ерекшелігінің негіздерін, фильм түсіру үдерістерін, теориялық кинотану негіздерін білумен қамтамасыз ету; білім алушыларды нақты кинематографиялық терминдерге, кинотану ұғымдық аппараты мен ғылыми терминдерін меңгеруге үйрету.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ балетінің зерттелуі
«Қазақ балетінің зерттелуі» курсы қазақ би өнерінің дамуындағы жаңа кезең ретінде республикамыздың балет өнерінің даму ерекшеліктерін ашады. Республиканың жетекші ұжымдарында ұлттық хореографияның даму ерекшеліктерін түсінуге ықпал етеді. Қазақтың көрнекті хореографтарының балет шығармашылығымен таныстырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
ТВ бағдарламалар сценарийі
Курс мақсаты білім алушылардың кәсіби білімін жоғарлату негізінде ТВ-ның жұмыс істеу принциптерін, кино және театрмен байланысын, айырмашылығын, жанрлық ерекшеліктерін, драматургиясын толық қамтып түсіндіру. ТВ сценарий дайындау барысында осы аспектілерді қолдануды үйрету.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Спектакльді қалпына келтіру бойынша семинар
«Спектакльді қалпына келтіру бойынша семинар» курсының мақсаты өткен жылдар немесе дәуірлер қойылымын қалпына келтіру әдістемесін үйрету. Қайта құру – театртанушылар мен театр сыншылары үшін деректану базасының элементі. Қойылымды қалпына келтірудің маңызды функциясы - оны көрмеген адамдарға сахналық шығарма туралы максималды түсінік беру. Қойылымды қалпына келтіру драмалық әрекеттің толық, дәйекті сипаттамасын көрсетуді білдіреді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Әдеби редакциялау
Көркем мәтінді әдеби редакциялау. Редактордың автормен жұмысы. Пәнді оқытуда қойылатын міндеттер: редакциялаудың негізгі әдістерін меңгеру; мәтінді редакциялаудың мәні мен міндеттерін ұғыну, мәтінді түзету әдістемелеріне машықтану; стилистикалық талдау әдістерін меңгеру; редакторлық анализ және редакциялаудың жалпы схемасымен танысу.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Арт-журналистика және БАҚ стилі
«Арт-журналистика және БАҚ стилі» курсы «Өнертану» бейінінің оқу бағдарламасының негізгі пәні болып табылып, семинарлық және практикалық сабақтардан тұрады. Курстың мақсаты БАҚ-да мәдени өмірді жариялау әдістерімен таныстыру. Курс барысында білім алушылар Арт-журналистика саласындағы теориялық біліммен қамтамасыз ету, сыни мақалалар, рецензиялар, шолулар жазуға, мәдени өмір оқиғаларын жариялауға, сұхбат алуға үйренеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Кинотележурналистика
Курстың негізгі мақсаты – кино және телевизия саласындағы журналистік қызметтің өзіндік ерекшелігі мен жалпы талаптар бойынша мәтіндер қалыптастыру, кәсіби талдау тәсілдеріне үйрету, сондай-ақ, экрандық өнер туындыларын талдаудың заманауи кезеңдегі жаңа тәсілдерін меңгеру жолдары қарастырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Кинодраматургия
Курс студенттерді драмалық мәтіндерді, пьесаларды, сценарийлерді және теледидарлық сценарийлерді құрудың жалпы заңдарымен таныстырады. Қазіргі кино және теледидар сценаристикасындағы жанрлардың, бағыттардың және стильдердің жаңа тенденцияларын зерттеу. Курстың негізінде академиялық еңбектер жатыр. Курсқа М.М.Бахтиннің академиялық еңбектері негіз етіп алынған, олар қазіргі таңда әдебиеттану мен драматургия саласында терең және жан-жақты қамтылған.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Заманауи бейнелеу өнері
Курстың мақсаты білім алушыларға әлемдік бейнелеу өнерінің қазіргі жағдайын зерттеуден, көркем ағымдардың даму барысын зерделеуден, астарлы сюжеттердің мазмұнын ашып, концепциясын тереңірек түсіндіруден тұрады. Курс барысында заманауи бейнелеу өнерінің түрлерімен, бағыттарымен, құралдарымен, жаңа технологияларымен және шығармашылық тұлғаларымен танысады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Театртанушылық зерттеудің әдістері
Курс бейіндеуші пән болып табылады. Мұнда театр зерттеушінің негізгі құралы ретінде театрлық зерттеу әдістерімен танысады. Курс театр өнері құбылыстарын теориялық ұғыну дағдыларын дамытуға, олардың заманауи театртану әдіснамасын меңгеруіне бағытталған.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Еуропадағы жаңа драма
Курстың мақсаты студенттерге қазіргі заманғы еуропалық драматургияның дамуы мен тарихын және жаңа драматургия туралы білім беру. Жаңа драманың аймақтар мен тұлғалар бойынша даму заңдылықтары мен ерекшеліктерін анықтау. Мұндай курстар студентке жаңа драманың ерекшелігімен тереңірек танысуға мүмкіндік береді. Қойылған пьесалары мен ең танымал авторлардың шығармалары талданып өтеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Телесериал драматургиясы
Курс мыналарды қамтиды: телехикая сценарийін жасау ерекшелігін меңгеру; телевизиялық немесе киностудиялардың редакциясының құрылымы мен штаттағы сценаристінің міндеттерін түсіну; телехикаялардың негізгі түрлерін талдау; қазіргі заманғы телехикаяның ең сұранысқа ие жанрларының проблематикасы мен поэтикасын зерделеу; практикада жаңа композициялық тәсілдерді әзірлеу, атауын таңдауды игеру және телехикая сценарийінің түпнұсқасымен жұмыс істеу үшін сценарий тобын қалыптастыру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Баспа ісі
«Баспа ісі» пәнінің мақсаты - қазіргі заманғы кітап баспа ісінің ауқымы, оның даму динамикасы мен беталысы, әлемде және жекелеген елдерде шығарылатын баспа өнімдерінің көлемі, сонымен қатар осы өнімдердің түрлері туралы түсінік беру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Өнер тарихының әдіснамасы
Курс өнер тарихын зерделеудің әртүрлі әдіснамалық тәсілдерін зерттеуге; ескерткіштерді сипаттау, түсіндіру және талдау принциптерін өзгертуге; биографиялық әдістің жанрлық қызмет ету заңдарын; өнер тарихындағы стилистикалық талдау әдісін, иконографиялық, иконологиялық әдістер мен семиотиканы қалыптастыруға және дамытуға; өнер теориясындағы структурализм, постструктурализм және постмодернизм ережелерін бұзуға арналған.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Хореографияның заманауи бағыттары
Курс өз қызметін заманауи хореография жанрына арнаған шетелдік хореографтардың шығармашылық ізденістерін ашады. Курс қазіргі би өнеріндегі инновацияның табиғатын талдау мен түсінуге және қазіргі би өнерінің жалпы даму заңдылығын және оның әртүрлі бағыттарын бағалауға ықпал етеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Көркем сын бойынша практикум
«Көркем сын бойынша практикум» курсы casestudy форматында талқылауды; әлеуметтік, мәдени, саяси контексттегі сыни хатты енгізуді; дәлелді жұмыс пен логикалық ойлау дағдыларын дамытуды қамтиды. Сол арқылы кең көлемдегі мәселелерді шешуге қабілетті практикалық тәжірибелерді игерген кәсіби сыншының мәдени ойлау жүйесін қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Фильмнің драматургиялық құрылымы
Пән кинофильмдердің құрылымдық негіздерін, драматургиялық элементтерін және олардың көркемдік қызметін зерттеуге бағытталған. Пән аясында фильмнің басталуы, дамуы, кульминациясы және аяқталуы сияқты негізгі кезеңдер талданады. Сонымен қатар, сюжет пен кейіпкерлердің дамуы, диалогтардың рөлі, конфликттің қалыптасуы және шешімі қарастырылады. Студенттер фильмдердің драматургиялық құрылымын талдай отырып, кинодраманың негізгі заңдылықтары мен техникаларын меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Мұрағаттық кинотану
«Мұрағаттық кинотану» курсының бағдарламасы кинотану саласындағы болашақ мамандарды кәсіби тұрғыда мұрағат материалдарын пайдалана отырып, ғылыми жұмыс жүргізуге, сценарий жобаларын дайындауда, көркемсуретті, деректі, ғылыми-көпшілік, анимациялық фильм түсіруде деректерді пайдалана білуге бағытталған.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Балеттанудағы редакциялау
Бұл курс шетелдік балет өнерінің қазіргі жағдайын зерттеуге бағытталған. Қазіргі балет өнерінің логикалық дамуын түсіну үшін ХХ ғасырдың екінші жартысында Еуропа мен Америкадағы ірі оқу орталықтары мен эксперименттік театрларды зерттеу. Шетелдік атақты хореографтардың шығармашылығымен таныстырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Кино және театр драматургиясы
«Кино және театр драматургиясы» - бұл драмалық өнер негіздерін түсінуге және сценарий мен пьеса жазу дағдысын қалыптастыруға үйрететін курс. Курстың негізгі компоненттерінің бірі – кино мен театрға арналған драматургияны салыстырмалы талдау. Білім алушылар шығарманың қай аспектілері түрлі форматтарға бейімделгенін және әр жағдайда қандай әдістер мен тәсілдер тиімдірек екенін білетін болады. Курс көркемдік шешімді экранға немесе сахнаға қалай бейімдейтінін түсіну үшін режиссура, монтаж теориясын тәжірибеде қолданады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазіргі кино сыны
Қазіргі кино сыны түрлі гуманитарлық ғылымдар тоғысында қарастырылады: философия, психология, мәдениеттану, тарих және өнер философиясы. Кино сыны – таза эстетика және кино тарихшысы мен теоретиктер үшін аса құнды мұрағат материалы болады. Заманауи фильм талдаулары қазіргі кезеңдегі әдебиет, бейнелеу өнеріндегі, театр және музыка саласындағы ағымдар мен теориялық тұжырымдар негізін білуді талап етеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
XXI ғасырдағы Қазақстан балеті
Бұл курс еліміздегі қазіргі балет өнерінің пайда болуы мен даму тарихын зерттеуге, Қазақстандағы театр және хореография өнерінің дамуының субъективті және объективті процестерімен танысуға мүмкіндік береді. Курс өз қызметін заманауи хореография жанрына арнаған отандық хореографтардың шығармашылық ізденістерін ашады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Фильмді құрылымдық талдау
«Фильмді құрылымдық талдау» курсы кино өнеріндегі жанрлар түрлену құбылысын, өнер туындыларының көркемдік-эстетикалық критерийлерін әлем киносының үздік фильмдері арқылы қарастырады, кинорежиссура саласындағы заманауи қолтаңба, драматургия, актерлық өнер, дәстүрлі кино мектептерінің озық тәжірибелерін және ағымдар ерекшелігін көрсетілімдік талдау арқылы қарастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
ХХІ ғасырдағы шетелдік балет
Бұл курс шетелдік балет өнерінің қазіргі жағдайын зерттеуге бағытталған. Қазіргі балеттің логикалық дамуын түсіну, қазіргі би өнеріндегі инновацияның табиғатын түсіну және ХХІ ғасырдағы заманауи би өнерінің жалпы даму заңдылықтарын бағалау үшін ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Еуропа мен Америкадағы ірі оқу орталықтары мен эксперименттік театрларды зерттеу.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Кино социологиясы
«Кино социологиясы» курсының мақсаты әлеуметтік институттың зерттеу объектісі ретінде киноөнер жасаудың теориялық негіздерін зерттеу болып табылады. Әлеуметтік білім саласы ретінде пән қазіргі заманның өзекті мәселелерін: кинокурстың әлеуметтік-демографиялық құрылымы, киноның халықтың әр түрлі топтарына әсері, қазіргі адам мен қоғам өміріндегі киноның рөлі талдау дағдыларын үйретеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Көркем сын тарихы
Курс өнертанушы маманды даярлаудағы базалық пәндердің бірі. Пәнді оқу барысында білім алушы көркем сын тарихының қалыптасу кезеңдерін ежелгі және орта ғасырлардан бастап ХХ-ХХI ғасырларға дейін қарастыра отырып, қалыптасқан жүйелер мен тарихи кезеңдердің ерекшеліктерін тереңірек зерделеуге бағытталады. Сыни пікірлерді қалыптастырушы ғұламалар мен кәсіби сынды ғылыми тұрғыда зерттеуші тұлғалардың шығармашылықтарымен танысады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазіргі драматургия
Курс болашақ театртанушының драмалық шығарманың құрылымы, оны құру заңдары туралы қазіргі заманғы түсініктерді барынша меңгеруіне және драматургиялық туындыларды талдаудың театртанушылық дағдыларын меңгеруіне арналған. ХХІ ғасыр басындағы көрнекті авторлардың драмалық әдістерінің ерекшеліктерімен танысады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Қазіргі режиссура
Курс бағдарламасы фильмді құрылымдық талдау тәсілдерін меңгеру мен сараптамалық талдау әдістерін пайдалана білуге бағытталған. Курс фильмдерді талдауға кіріспе ретінде студенттерді осы күрделі мәдени құбылыстың негізгі тарихи және теориялық аспектілерімен таныстырады. Курста студенттер киноталдауда қолданылатын негізгі ұғымдарды меңгеріп, кино тарихының негізгі кезеңдерімен, кино зерттеушілері қолданатын заманауи әдістемелермен танысады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Оқытылатын тілдің нормаларына сәйкес қоғамдық-саяси және оқу-кәсіптік тақырыптардағы мәтіндерді ауызша және жазбаша тілде өндіретін және шығаратын болады.
- Тарихи-философиялық білім, мәдени және қоғамдық-саяси дүниетаным, жаһандану және мәдениетаралық өзара іс - қимыл жағдайында кәсіби өзін-өзі жүзеге асырудың психологиялық-құқықтық аспектілері негізінде қазіргі заманның оқиғалары мен үдерістерін білуі мен түсінуін көрсете алады.
- Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған сценарийлердің түпнұсқа мәтіндерін, сондай-ақ отандық және әлемдік өнер мәселелері бойынша ғылыми басылымдарға рецензиялар мен мақалаларды жаза алады.
- Бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар, шолулар, интернет-мәтіндер, сараптамалық телерадиобағдарламаларда авторлық сыни қызметті жүзеге асыра алады.
- Мәдениет пен өнер, креативті индустрия саласында ақпараттық менеджмент дағдыларын меңгеретін болады.
- Креативті индустрия мамандарымен командалық ынтымақтастық жағдайында жұмыс істей алады.
- Өнертану әдебиеттерімен жұмыс жасай алады, бейнелеу өнері, театр, кино және музыка туындыларын талдай алады.
- Әлемдік өнердегі көркем үдерістің ерекшелігін талдай алады және өнер тарихы мен теориясы бойынша зерттеу жұмысымен айналыса алады.
- Өнертану әдіснамасын, тарихи және теориялық зерттеулерге әдіснамалық тәсілдерді қолдана алады.
- Өнертанудың негізгі тұжырымдамаларын ғылыми зерттеулерде және сыни қызметте қолдана алады.