Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B03208 Сандық архивтану және құжаттану в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Пәндер

  • Әл-Фараби және қазіргі заман

    Пәннің мақсаты – студенттердің әлемдік және ұлттық мәдениеттің даму контекстіндегі ұлы түркі ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми және философиялық мұрасы туралы түсініктерді қалыптастыру. Әл-Фараби мұрасының ерекшеліктері және оның түркі философиясының қалыптасуына тигізген әсері; шығыс философиясының Еуропалық Ренессансқа әсер ету сипаты; ұлттық және әлемдік философия тарихының дәстүрлі және қазіргі заманғы мәселелері қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қаржы сауаттылығының негіздері

    Пәннің мақсаты: қаржылық ақпаратты түсіну мен олардың жеке қаржы мәселелеріне қатысты сауатты және негізделген шешімдер қабылдау үшін студенттерде ұтымды қаржылық мінез-құлықты қалыптастыру, сонымен қатар сыни тұрғыдан бағалау қабілетін арттыру, қаржылық құралдарды, оның ішінде цифрлық технологияларды пайдалану арқылы қаржылық қызметтерді тұтынушылар ретінде олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға байланысты процестерді талдау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері

    Пәннің мақсаты – сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылықтарды алдын-алу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қағидалары мен нормаларын қолдануды іс-жүзінде көрсете білу, жауапкершілік қабілетін қалыптастыру, азаматтық-құқықтық жауапкершілікке ие болып, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті, күнделікті өмірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің жүйесі мен қызметі, сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайлар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің халықаралық тәжірибесі оқытылатын болады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеудің әдістері

    Мақсаты: әдіснамалық және ғылыми мәдениетті қалыптастыру; ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жүргізуде білім, білік және дағдылар жүйесін қалыптастыру. Зерттеудің жалпы ғылыми әдістері, оның ішінде ғылыми білімнің объективті мазмұнын табу үшін ғылыми ақпаратты іздеу, өңдеу, жүйелеу, талдау, синтездеу, жалпылау және дәлелдеу әдістері зерделенеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақстанда іс қағаздарын жүргізу

    Пәннің мақсаты-түрлі тарихи кезеңдердегі мемлекеттік басқару аппараттардағы кеңсе жұмысының даму тенденцияларын және іс жүргізу жұмысын жетілдіру жолдарын талдау қабілетін қалыптастыру. Мынадай аспектілер қарастырылады: Қазақстанда іс жүргізудің қалыптасуы; ХV-ХІХ ғ.және ХХ ғ. іс жүргізуді ұйымдастырудың ерекшеліктері, іс жүргізудің қазіргі заманғы жүйесі, құжаттардың алуан түрлері мен типтерін дайындау мен ресімдеудің ерекшеліктері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Абай ілімі

    Мақсаты – болашақ мамандардың бойында өзін-өзі тану қабілетін қалыптастыру, Абай ілімін қазіргі Қазақстанның руханилығы мен зиялылығының негізі ретінде пайдалану, ел бірлігін және қоғамның азаматтық ынтымағын нығайту мақсатында өзінің кәсіби білімін, түсінігі мен қабілеттерін гуманизм және білім беру призмасы арқылы қолдана білу. Оқытылатын болады: Абай ілімі туралы түсінік; оқыту қайнары; Абай ілімінің құрамдас бөліктері; Абай ілімінің категориялары; Абай ілімін өлшеу құралдары; Абай ілімінің мәні мен мағынасы.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шетелдер архивтері

    Пәннің мақсаты - студенттердің шетел архивтерді зерттеу саласында ғылыми көзқарастарын қалыптастыру және шетел архивтануының даму кезеңдерін көрсету. Пән әртүрлі тарихи кезеңдердегі шет елдерде архивтердің пайда болу, қалыптасу және даму тарихын, негізгі анықтамалар мен категориялық аппараттын зерделеуге, шетелдік архивтанудың негізгі мәселелерінің мәнін ашуға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Кәсіпкерлік

    Пәннің мақсаты – экономикалық ойлау тәсілін; коммерциялық іске асырылатын индустриялық-инновациялық жобаларға бағытталуды қалыптастыру үшін қажетті өз бизнесін құрудың теориясы мен практикасы саласында базалық білімдерді қалыптастыру. Кәсіпкерлік, шағын және орта бизнестің ішкі және сыртқы ортасының негізгі шарттары; мемлекеттік реттеу және мемлекеттің кәсіпкерлік орта үшін рөлі мәселелері қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экология және адам тіршілігінің қауіпсіздігі

    Пәннің мақсаты – адамның табиғатпен өзара әрекеттесу жағдайларын үйлесімді оңтайландыру қағидаттарын іске асыратын табиғатты пайдаланудың заманауи тұжырымдамаларына негізделген бірқатар негізгі құзыреттерді қалыптастыру. Оқытылатын болады: адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін табиғи ресурстарды тұрақты дамыту, сақтау және молайту қағидаттары, тәуекелдерді бағалау және азайту әдістері, қауіптерден, апаттардың салдарын жою шаралары, табиғи апаттар, қоршаған ортаны қорғау және қоршаған ортаны ұтымды басқару.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Архивтану

    Мақсаты: студенттердің архивтануды кешенді ғылыми пән ретінде, болашақ кәсіби қызмет шеңберінде оны зерттеудің әдістері мен мәселелері туралы тұтас жүйелі түсініктерін қалыптастыру. Архивтанудың нормативтік-құқықтық базасы, Қазақстандағы архив ісінің ұйымдастырылуы, архивтану қағидаттары, архив құжаттарын жіктеу және жүйелеу, архив құжаттармен жұмыс істеудің негізгі кезеңдері сынды мәселелер қарастырылады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Құжаттық лингвистика

    Пәннің мақсаты - студенттердің әртүрлі мазмұндағы құжаттардың мәтіндерімен жұмыс жасауда ақпараттық-құжаттамалық мәдениетін қалыптастыру. Іскерлік қарым-қатынастың негізгі теориялық тұжырымдамалары, іскери құжаттардың алуан түрлерінде тілдік құралдарды қолдану ерекшеліктері қарастырылады, құжаттарды стандарттау мен біріздендірудің тілдік жақтарына көп көңіл бөлінеді. Пән құжат лингвистикасының принциптерін, жіктемесі мен жүйелеуді, негізгі ережелерінің мазмұнын зерттеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Алгоритмизация және программалау негіздері

    Мақсаты-студенттердің қолданбалы бағдарламаларды әзірлеу, ақпаратты өңдеу, қолданбалы мәселелерді шешу үшін ақпараттық технологиялар құралдарын жүйелі қолдану саласында білім мен дағдыларды игеруі. Курста алгоритмнің негізгі қасиеттері, алгоритмдерді құрудың жалпы принциптері, алгоритмдердің классификациясы, бағдарламалау тілдерінің деңгейлері, компиляторлар мен интерпретаторлар, С тілінің алфавиті, С тілінің элементарлық конструкциялары, деректер түрлері, амалдар мен өрнектер. басқару операторлары қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Іскерлік шет тілі

    Пәнді оқытудың мақсаты студенттердің кәсіби салада тәжірибелік мақсатта қолдану үшін қажетті жазбаша және ауызша іскерлік қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру және дамыту болып табылады. Курста мыналар қарастырылады: Кәсіби саладағы іскерлік шет тілі: Оқу: түпнұсқа мәтіндер, кәсіби бағыттағы мәтіндердің аңдатпалары. Сөйлеу: диалогтар мен монологтық мәлімдемелер, сұхбат. Тыңдалым. оқу тақырыптарына сәйкес түпнұсқа дереккөздер.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау

    Пәннің мақсаты - студенттердің заманауи ақпараттық қоғамды дамытуда ақпараттардың мәні мен маңыздылығын түсіну қабілеттілігін қалыптастыру. Пән қорғалатын ақпараттың құрамын, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметтің түрлері мен әдістерінің ақпарат қауіптерінің құрылымын, ақпараттық қауіпсіздікті құқықтық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету негіздерін, ақпараттық қауіпсіздікті жіктеуді, ақпаратты қорғау әдістері мен құралдарын талдауды зерделеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Электронды құжаттардың деректануы

    Мақсаты: студенттердің тарихи зерттеулерде электронды құжаттарды жасау, өңдеу және пайдаланудың деректанулық аспектілерімен байланысты теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру. Компьютерлік деректанудың әдістері мен технологиялары, дәстүрлі тарихи дереккөздерді электрондық нысанға көшіру, тарихи зерттеулерде электронды құжаттарды пайдаланудың жалпы методологиялық мәселелері, электронды архивтерде ақпаратты пайдалану сынды мәселелер қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Python тілінде программалау

    Мақсаты - Python бағдарламалау тілі мысалында сәйкес пәндік салалардағы мәселелерді шешу үшін жылдам өтуге мүмкіндік беретін объектіге бағытталған және функционалдық бағдарламалау тәсілдерін қолдану қабілетін қалыптастыру. Курста Python тілі, деректер түрлері, операциялары, операторлары, кіріктірілген нысан түрлерi, математикалық объектілерді және есептерді енгізу үшін numpy кітапханасы, GUI-мен қосымшалар жасау, графикалық кітапханаларға шолу: Tkinter, PyQT. Python-дағы класстар.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 6
  • Құжаттану

    Пәннің мақсаты - студенттердің құжаттану ғылымның әдістемелік және ұйымдастырушылық мәселелерін зерттеу негізінде салалық құжаттамалық жүйені анықтау және бағалау мүмкіндігін қалыптастыру. Құжаттанудың негіздері, ұғымдық аппараттын қалыптастыру, құжаттарды жіктеу, жүйелеу, құжаттың материалдық негіздері, құжаттамалық қызметтің негізгі бағыттарының мазмұны, құжаттанудың қазіргі заманғы қолданбалы пәндермен өзара байланыстары қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 6
  • Жасанды интеллект негіздері

    Курстың мақсаты жасанды интеллект саласындағы зерттеулердің негізгі бағыттарын зерттеу және интеллектуалды мазмұнмен проблемаларды шешу болып табылады. Пәнді меңгеру нәтижесінде студент жасанды интеллект міндеттерінің ерекшеліктерін және логикалық программалаудың рөлін, білімді ұсыну моделін логикалық бағдарламалау дағдыларына ие болуы керек, жасанды интеллект жүйелерін әзірлеуде логикалық бағдарламалау дағдыларын меңгеруі тиіс.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 5
  • Автоматтандырылған ҒАА әзірлеу әдістері мен технологиялары

    Курстың мақсаты студенттердің автоматтандырылған ҒАА әзірлеу саласында тәжірибелік дағдылары мен біліктерін қалыптастыру. Келесі мәселелер қарастырылады: Архивтің электрондық ғылыми-анықтамалық аппаратын құру, автоматтандырылған ақпараттық-іздестіру жүйелерін (ААІЖ) жіктеу, ААІЖ-ны әзірлеу кезеңдері, АҒАА әзірлеу технологиясы, архивтік мекемелердің деректер базасы, архивтің ААЖ модульдерінің функционалдығы, электронды ҒАА құру әдістемесі, архивтік анықтамалықтар бойынша ААІЖ.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Веб архивтеу

    Пәннің мақсаты ақпаратты іздеу, жинау, өңдеу, сақтау, тарату және пайдалану бойынша дағдылар мен білімді қалыптастыру. Курста қарастырылады: сандық материалдарды архивтеу үдерісі, веб-құжаттарды көшіруге арналған бағдарламалық жасақтаманың заманауи түрлері, веб-сайттарды архвтеу, веб-архивтеу құралдары, файлдарды архивтеу, сандық деректерді сақтау, веб-архивтеу саласындағы халықаралық стандарттар.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Электронды құжаттар және архивтер

    Пәннің мақсаты студенттердің республикадағы және шетелдегі электронды құжат айналымының қазіргі жай-күйі, архивтерде электронды құжаттардың сақтау перспективалары туралы жүйелі түсініктерін қалыптастыру. Электронды құжаттармен архивтік жұмыс дағдыларын меңгеруге, құжаттардың өмірлік циклын, электронды архивтерді құру үшін қазіргі заманғы аппараттық-бағдарламалық құралдарды зерделеуге және электронды құжат жүйелерінде жұмыс істей білуге бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Ақпараттық құқық және цифрландыру

    Пәннің мақсаты: ақпараттық құқықтың ерекшеліктерін талдау қабілетін қалыптастыру; ақпараттық құқықтың қолданылу аясын бағалау; құқықта цифрлық технологияларды пайдалану дағдыларын қалыптастыру. Окытылатын болады: ақпараттық заңнама, цифрландыру; цифрлық технологиялардың мемлекеттік және қоғамдық институттарға әсері; құқықтық практикада цифрлық технологияларды қолдануға байланысты жаңа артықшылықтар мен қатерлер; цифрлық әлемде адам құқықтарын қамтамасыз ету.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметін құжаттау

    Пәннің мақсаты - студенттердің мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжат жүйесін ұйымдастырудың әдістері мен технологияларын қолдану мүмкіндігін және құжаттар мен олардың жүйелерін басқару бойынша түрлі әдістемелік және нормативтік құжаттарды әзірлеу дағдыларын қалыптастыру. Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінің үдерістерін құжаттандыру саласы, жіктелуі, құжаттаудың құқықтық негіздері қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Архивтік менеджмент және маркетинг

    Пәннің мақсаты студенттердің басқарудың қазіргі заманғы әдістері мен технологияларын, архивтік қызметті табысты насихатталуын сипаттау және бағалау қабілетін қалыптастыру. Пән архивті басқарудың негізгі функцияларын және архив ісінде менеджмент пен маркетингтің қазіргі заманғы үрдістерін, архив ісінің экономикасын зерделеуге, архивте маркетингтік қызметтерді қолдануға бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Электронды үкіметтің ақпарат және құжаттамасын басқару

    Пәннің мақсаты студенттердің басқару қызметтінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануда жүйелік білімдерін және тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру. ҚР-да электронды үкіметті қалыптастыру, электронды үкіметтің нормативтік-құқықтық базасы, мемлекеттік органдардың Интернет-сайттарын дамыту, мемлекеттік билік органдарының қызметі туралы ақпаратқа және электронды түрде ұсынылатын мемлекеттік қызметтерге қоғамдық қол жеткізу, инфрақұрылымын құру сынды мәселелер қарастырылды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Архивтанудың теориясы мен әдістемесі

    Пәннің мақсаты - студенттердің архивтанудың теориялық және әдістемелік бағыттары жөнінде жүйелі түсініктерін қалыптастыру. Келесі аспектілер қарастырылады: архив құжаттарын жіктеудің теориялық негіздері; қорландыру, архивтерде құжаттарды ұйымдастыру бойынша жұмыс әдістемесі; архивтерді құжаттармен жинақтаудың ғылыми-әдістемелік аспектілері; архивтану теориясы мен әдістемесі саласындағы ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыс.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Қазақстанның мемлекеттік мекемелері

    Пәннің мақсаты студенттердің мемлекеттің саяси жүйесінде мемлекеттік мекемелердің орны мен рөлін талдау қабілетін қалыптастыру. Мемлекеттік құрылыстың нысандары, мемлекеттік мекемелердің тарихи дамуындағы жүйесі, құзыреттері, функциялары мен жаңғыртылуы, мемлекеттік мекемелердің қызметі мен билік өкілеттіктері бойынша (заңнамалық, атқарушы, сот), мемлекеттік аппарат жүйесіндегі орны бойынша (жоғары, орталық, жергілікті) жіктелуі қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Цифрланған құжаттардың архивтерін құру және пайдалану

    Пәннің мақсаты-студенттердің архив құжаттарын цифрландырудың заманауи технологиялары туралы жүйелі түсініктері мен архивте сканерлер және басқа да техникалық құралдармен жұмыс жасау әдістерін үйрену қабілеттілігін қалыптастыру. Архив құжаттарын цифрлаудың модельдік нысандары; құжаттарды цифрлаудың техникалық құралдары; сканерлеуші құрылғылардың жұмыс қағидаттары; архивтік құжаттарының мәтінін тану, цифрландыру үдерісінің бағдарламалық қамтамасыз етуін таңдау әдістемесі, архив құру қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Технотронды архивтер

    Мақсаты: студенттердің технотронды архивтер құжаттарын құру, сақтау және пайдалану салаларында теориялық білімдер мен тәжірибелік дағдылар қабілетін қалыптастыру. Технотронды архивтің қалыптасуы және дамуы, архив құжаттарының жіктелуі, технотронды архивтің құрамы мен мазмұны, толықтыру көздері, есепке алу, құжаттардың құндылығын сараптау, сақтау технологиясы, технотронды архивтің ақпараттық жұмысы, технотронды архив құжаттарын пайдалану мәселелері қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 6
  • ЭҚЖ электронды архивтерді жинақтау көзі ретінде

    Мақсаты: студенттердің электронды құжат айналымы (ЭҚА) электронды архивтердің толықтыру көзі ретінде, олардың негізгі проблемалары мен зерттеу әдістерін болашақ кәсіби қызмет аясында қарастыру туралы түсінік қалыптастыру. Электронды құжаттармен толықтырудың нормативтік-құқықтық базасы, толықтыру көздері, құжаттарды сканерлеу және дерекқорға енгізу, ЭҚ жинақтау тәсілдері, электронды құжаттардың сараптамасы, ЭҚ сақталуы сынды мәселелер қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Электронды құжат айналым жүйелері

    Пәннің мақсаты студенттердің электронды құжат айналымы туралы теориялық білімдерімен және ЭҚЖ-мен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын қалыптастыру. ЭҚЖ айқындау, жіктелуі, функциялары, ЭҚАЖ жұмысын құқықтық реттеу, электронды құжат айналымын енгізу ерекшеліктері (ЭҚЖ таңдау, енгізу әдістемесі, нақты ұйымдардың ЭҚЖ-ға қойылатын талаптарды әзірлеу), мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің жұмыстарында ЭҚЖ қолдану сынды мәселелер қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Веб программалау

    Пәннің мақсаты: студенттерді мәліметтер қоры және бағдарламалық кешен компоненттерді құру саласында жоба-технологиялық қызметке даярлау, заманауи инструментальды құралдар мен Интернет-технологияларды пайдаланып технологиялық үдерістерді автоматтауға үйрету.Пән бойынша келесі аспектілер қарастырылады: Web-қосымшаларын проектілеу мен өңдеудің архитектуралық ерекшеліктері. ASP.NET-де өңдеу

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Деректер базасы

    Курс мәліметтер қорын жобалау, құру және жүргізудің негізгі мәселелерімен таныстырады. Мәліметтер қорын жобалау процесі концептуалды көзқарас тұрғысынан қарастырылады. Дерек қорын жоспарлау, дерек қорын таңдау және дерек қорын басқарумен байланысты мәселелерді зерттеледі. Қазіргі ДҚБЖ жұмыс істеу принциптері қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Құжаттаманы басқарудың құқықтық негіздері

    Пәннің мақсаты - студенттердің құжаттаманы басқарудың құқықтық негіздері туралы жүйелі түсініктері мен болашақ кәсіби қызметтерінде алынған білімдерді қолдануға қабілеттілігін қалыптастыру. «Ашық қоғам», «ақпараттық қоғам», «ақпараттандыру» ұғымдары, құжаттаманы басқаруды құқықтық реттеу туралы қоғамды ақпараттандыру; Қазақстанда ҚБҚ құқықтық жүйесі; шетелде құжаттаманы басқаруды ұйымдастырудың құқықтық негізінің қазіргі заманғы үрдістері мен қағидаттары қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Персоналды басқарудағы ақпараттық технологиялар

    Пәннің мақсаты студенттерді персоналды басқару мәселелерін шешуде мамандандырылған компьютерлік бағдарламалармен және корпоративтік ақпараттық жүйелермен жұмыс істеудің тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру. Қазіргі заманғы ұйымдарда ақпараттық технологияларды пайдалану, персоналды басқарудағы ақпараттық технологиялар, ақпараттық технологиялар персоналды бейімдеу тетігі ретінде, кадр жұмысын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етілуі, персоналды басқару саласындағы анықтамалық-іздестіру жүйелері сынды мәселелер қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Бұлттық технологиялар

    Пәннің мақсаты: Бұлттық есептеулердің технологиясымен таныстыру. Жаңа АТ-инфрақұрылымның қалыптастыруында бұлтты есептеулерді пайдалану. Бұлттық қызмет құру үшін технологияларды дамыту, қолданыстағы бұлт қызметтерімен жұмыс істеуге. Осы курстың нәтижесінде студенттер бұлтты есептеу қалай пайдалану керектігін үйренеді. Олар бұлтты есептеулердің тапсырмаларын пайдалануға дайын болады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • Құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету саласындағы ақпараттық технологиялар

    Мақсаты: студенттердің құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету саласында ақпараттық технологияларды қолданудың қолданбалы негіздерін сипаттау мен бағалауда қабілеттілігін қалыптастыру. ҚБҚ-де ақпараттық технологияларды енгізу кезеңдері; автоматтандыру тиімділігін бағалау әдістері; дерекқорлар және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету; ҚБҚ-де Интернет-технологияларды қолдану, ҚБҚ-де пайдаланылатын ақпараттық жүйелерде ақпаратты қорғау құралдары қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • ҚБҚ және архив саласындағы аутсорсинг

    Мақсаты: студенттердің теориялық білімі мен практикалық дағдыларын қалыптастыру және аутсорсинг саласындағы техникалық әдістерді игеру. Курста мыналар қарастырылады: Аутсорсинг түсінігінің мазмұны, негізгі принциптері. ҚБҚ және архив ісінде аутсорсингтің нормативтік-құқықтық реттелуі. Құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету саласындағы аутсорсинг. Архивтік аутсорсинг. Архивтік аутсорсингте ақпараттық технологияларды пайдалану. Құжаттарды архивтік өңдеу және жою.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • Архив құжаттарын қайта қалпына келтіру технологиялары

    Мақсаты - студенттердің құжаттарды қалпына келтіру әдістерін меңгеру және оларды тәжірибеде қолдануға қабілеттілігін қалыптастыру. Қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру. Реставратордың құжаттармен жұмыс істеу ережелері. Технологиялық нұсқаулар және қалпына келтіру технологиялары. Реставратордың бүлінген құжатпен жұмысы. Құжатты дезинфекциялық өңдеу. Құжаттарды тазарту. Дәстүрлі емес ақпарат тасымалдаушыларын қалпына келтіру. Қалпына келтіру технологиялары. Қалпына келтіру төлқұжаты қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • Автоматтандырылған архивтік технологиялар

    Пәннің мақсаты - студенттердің архив ісі саласындағы автоматтандырылған технологияларі туралы базалық білімдерін қалыптастыру. Пән студенттерді курс терминологиясымен және архив ісін ақпараттандыру кезеңдерімен, архив ісін ақпараттандыру объектілері және мақсаттарымен, ақпараттық технологиялары және оларды архивке енгізуді ұйымдастырумен, электронды құжаттармен және архивтермен жұмыс істеу әдістемесімен таныстыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • Археография

    Пәннің мақсаты - әр түрлі типтегі басылымдар үшін құжаттарды анықтау және таңдау қабілеттілігін қалыптастыру. Пән археография теориясы мен тәжірибесін, құжаттық жарияланымдарды дайындау әдістемесін, құжаттарды анықтау және іріктеу қағидаттарын, археографиялық өңдеуді, әртүрлі кезеңдегі құжаттардың мәтінін таңдау және беру әдістемесін, жарияланымның ғылыми-анықтамалық аппаратын құрастыруды, жарияланатын құжаттардың археографиялық ресімделуін зерделеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 6
  • Блокчейн технологияларына кіріспе

    Пәннің мақсаты тәжірибелік жұмыста блоктау технологиясын негіздеу, жобалау және қолдану қабілетін қалыптастырудан тұрады. Пән бойынша келесі аспектілер қарастырылады: Бағдарламалық қамтамасыз етудің архитектурасы және оның блокчейн технологиямен байланысы. Блокчейн технологиясын анықтаудың әртүрлі тәсілдері. Блокчейнды жобалау. Блокчейн арқылы иелену құқығын басқарудың негізгі концепциялары. Иелену құқығын құжаттау. Деректерді хештеу.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • ҚБҚ және архив ісіндегі консалтинг және аудит

    Мақсаты студенттердің басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету және архив ісін саласында консалтинг және аудит жүргізу технологиясы бойынша практикалық машықтары мен дағдыларын қалыптастыру. Курста басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету және архив ісі саласындағы консалтинг пен аудиттің теориялық негіздері, консалтинг пен аудиттің әдіснамасы, кеңесшілік және аудиторлық қызметтерді құжаттамалық тұрғыда ресімделуі қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • Деректер қоры қосымшаларын құру

    Пәннің мақсаты: ірі масштабты жобаларға деректер қорының қосымшаларын жобалау және әзірлеу әдіснамасын қолдану қабілетін қалыптастырудан тұрады. Пән бойынша келесі аспектілер қарастырылады: SQL Server қауіпсіздік модельдерімен, қосылымдардың есептік жазбаларымен және дерекқор пайдаланушыларының есептік жазбаларымен жұмыс. SQL Server резервті көшірмесін жасау. SQL Server Agent қауіпсіздік мүмкіндіктерін іске асыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру негізі

    Мақсаты: студенттердің шығармашылық тұрғыда ойлау, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жеке жүргізу, талдау және ақпаратты қорытындылау қабілеттілігін қалыптастыру. Мынадай аспектілер қарастырылады: ғылыми зерттеулерді жіктеу; ғылыми зерттеулерді жүргізудің жалпы санаттары, ұғымдары, қағидаттары, әдістері мен әдіснамалары; ғылыми зерттеу тақырыбын таңдау; ғылыми ақпаратты жинау; ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, жоспарлау, дайындау, ресімдеу; ғылыми зерттеулердің нәтижелерін енгізу.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Архивтану, оның ішінде шетелдік архивтану, құжаттану, іс жүргізу, архив ісінің теориясы мен әдістемесі, археография, мемлекеттік мекемелер тарихы, деректану, құжаттық лингвистика саласындағы кәсіби қызметте қажетті іргелі білімді көрсету.
  • Архив құжаттарын (оның ішінде электрондық және технотрондық) жинақтау, қорландыру, сақтауды қамтамасыз ету, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүргізу, отандық және шетелдік архивтерден құжаттарды анықтау.
  • Цифрландыру және реставрациялау технологиясы, архивтің автоматтандырылған ғылыми-анықтамалық аппаратын, автоматтандырылған ақпараттық-іздестіру анықтамалықтарын жүргізу жөніндегі бағдарламалық қамтамасыз етумен және жабдықпен жұмыс істеу, архив құжаттарының мәліметтерін тақырыптық дерекқорларға енгізу.
  • Ақпараттық құқық нормаларын пайдалана отырып, ғылыми зерттеулер үшін жарияланатын құжаттарды археографиялық ресімдеуді және оларға түсініктеме беруді, дәстүрлі тарихи деректерді электрондық нысанға аударуды жүзеге асыру.
  • Электрондық құжат айналымы жүйесі шеңберінде құжаттаманы ұйымдастыру және құжаттармен жұмыс жасауда заманауи ақпараттық технологияларды (бұлтты технологиялар, жасанды интеллект, блокчейн технологиялары) пайдалану, қазіргі заманғы ЭҚЖ арқылы автоматтандырылған міндеттер мен процестер сыныптарын талдау.
  • Кәсіби қызметте ақпараттық жүйелер (бағдарламалау тілдері) және заманауи ақпараттық технологиялар (жасанды интеллект, блокчейн, бұлтты технологиялар) саласындағы базалық білімді қолдану, мәліметтер базасын құру, ақпаратты құру, өңдеу және қорғау үшін технологияны, бағдарламалық жасақтаманы және форматты таңдау.
  • Тұжырымдаманы әзірлеу, кәсіпорынның электрондық архивін жобалау және құру, электрондық құжат айналымы жүйелерінде жұмыс жүргізу, ақпаратты қорғау әдістері мен құралдарын меңгере отырып, мәліметтер базасындағы ақпараттың қауіпсіздігін, тұтастығын және сенімділігін қамтамасыз ету.
  • Ғылыми зерттеулерде технотронды құжаттарды пайдалану, аудиовизуалды және электрондық құжаттарға деректанулық талдау жүргізу, веб-қосымшаларды, веб-архивтеу, деректер базасын және басқа да ғылыми-білім беру ресурстарын әзірлеу.
  • Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету бойынша жұмысты орындау, әртүрлі типтегі құжаттарды құрастыру, ЭҚЖ және ECM-жүйелеріне жасанды интеллект технологияларын енгізу әдістемесін меңгере отырып, кадр қызметінің жұмысын ұйымдастыру.
  • Ақпараттық құқық, архивтік менеджмент және маркетинг негіздерін пайдалана отырып, персоналды басқаруды, басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласында және архив ісінде консалтингтік, аудиторлық және аутсорсингтік қызметтер жүргізу.
  • Архив ісін ақпараттандыру және құжаттарды басқару үдерісін түсіндіру, ұйымдардағы цифрландыру бойынша практикалық міндеттерді шеше отырып, электрондық үкіметтің даму тиімділігін бағалау.
  • Кәсіби қызметте ғылыми зерттеу әдістерін, философия, мәдениеттану, менеджмент, мемлекеттік мекемелер тарихы, құжаттық лингвистика, экология, қаржылық сауаттылық және кәсіпкерлік, құқықтың іргелі білімдерін қолдану, шет тілінде іскерлік коммуникацияны сауатты құру, дұрыс, адамгершілік-жауапты шешімдерді өз бетінше қабылдау.
Top