7M02313 Қазақ филологиясы в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Қазақ филологиясының ғылыми-теориялық негіздерін, оны зерттеудің инновациялық әдістерін меңгерген ғылыми қызметкер, білім беру мекемелерінде заманауи технологияларды қолдана білетін академиялық біліктілігі жоғары оқытушы, масс-медиа редакторын, ғылым және білім беру, басқару-әкімшілік саласындағы менеджер дайындау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M060 Филология
-
Білім беру саласы 7M02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M023 Тілдер және әдебиет
Пәндер
-
Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)
Мақсаты: ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жоспарлауда практикалық дағдыларды қолдану, ғылыми зерттеу бағыттары туралы білімдерін жүйелеу және қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Пән зерттейді: ғылыми мақалалар мен диссертацияларды жоспарлау, ұйымдастыру және ресімдеудің нысандары мен әдістері; презентацияларда, баяндамаларда, жобаларда, мақалаларда ғылыми зерттеу нәтижелерін қорытындылау түрлері.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
ХХI ғасыр лингвистикасы: мәселелері мен әдістері
Мақсаты: дәстүрлі және жаңа амалдар мен әдістерді пайдалана отырып филологияның ақпараттық өрісін сараптауға және cындарлы бағалауға қабілетті маман қалыптастыру. Жаңа тұжырымдамалар, теориялық негіздер; линвисткалық зерттеулердің заманауи әдіснамасының басым және әлсіз тұстары; контент-талдау, логикалық-мағыналық моделдеу, топтастыру, типтеу, трансформациялық, статистикалық, семантикалық, стилистикалық т.б. талдау түрлері пәннің мазмұнын құрайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шетел тілі (кәсіби)
Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ тілінің когнитивті грамматикасы
Мақсаты: когнитивті грамматиканың ұғымдары мен категорияларын, саралайтын, жүйелейтін маман қалыптастыру. Когнитивті грамматиканың қалыптасып, дамуы; грамматикалық категориялардың антропоөзектілігі, метатілі; ғаламның тілдік бейнесі; когнитивтік грамматиканың дамуындағы жаңа үдерістер, ғылыми шешімді қажет ететін өзекті мәселелер пән мазмұнын қамтиды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ дискурсын зерттеу технологиялары
Мақсаты: дискурс теориясының негізгі концепцияларын, жанрларын, прагматикасын, саралайтын, талдайтын, дискурсты талдаудың әдістемелік технологияларын меңгерген маман қалыптастыру. Дискурс онтологиясы; жанрлық ерекшеліктерінің әдістемелік технологиялары; негізгі бағыттар мен мектептер; зерттеудің басты қағидаттары; талдаудың философиялық-әдістемелік негіздері; лингвистикалық әлеуметтік-психологиялық, лингвопрагматикалық т.б. аспектіде зерттеу технологиялары; дискурстағы сөйлеу тәсілдерінің қолданылу ерекшелігі пән мазмұнын қамтиды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ тілі: ұлттық құндылықтар парадигмасы
Мақсаты: қазақ халқының болмысы мен танымында тарихи қалыптасқан ұлттық-мәдени кодтарды когнитивтік лингвомәдени бағытта саралайтын, бағалайтын маман қалыптастыру. Ұлттық концептер мен құндылықтар жүйесі; когнитивтік және лингвопсихологиялық талдаулар; тарихи, мәдени, рухани болмыс пен концептерді Адам Қоғам - Табиғат үштігі бойынша когнитивтік лингвомәдени бағытта жүйелеу жолдары пән мазмұнын қамтиды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Лингвопоэтика негіздері
Мақсаты: қазақ көркем сөз өнерінің поэтикасын әдеби тілдің даму заңдылықтары негізінде зерделейтін, бағалайтын, ғылыми талдау жасайтын маман қалыптастыру. Қазақ көркем сөзіндегі сөз бен ой байланысының мәні; сөз, сөз тіркестерінің қолданысы; кісінің сана деңгейін, ішкі болмысын, білім мен білік деңгейін танудың басты құралдары; лингвопоэтикалық және когнитивтік талдау әдістері пән мазмұнын қамтиды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Абайдың поэтикалық әлемі
Мақсаты: Абай Құнанбаевтың ақындық әлемін зерттеудің көкейкесті міндеттерін айқындайтын, оны мейлінше жан-жақты, ғылыми негізде саралайтын, талдайтын маман қалыптастыру. Ақын әлемін зерттеудің көкейкесті міндеттерін айқындау жолдары; пәнаралық зерттеулер жүргізген ғалымдар еңбектерінің ерекшеліктері; қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жалғастық, өлең үлгісі, жанрлық сипаты; қазақ поэзиясының өлең өрнектері пән мазмұнын қамтиды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
М. Әуезовтің әдеби әлемі
Пән мақсаты: қазақ әдебиеті тарихында айрықша орны бар, әдеби даму тарихында үлкен рөл атқарған Абай Құнанбайұлы мен Мұхтар Әуезов арасындағы рухани, идеялық байланыстарды, сабақтастық тарихымен магистранттарды таныстыру. Пән М.О. Әуезовтың әдеби шығармашылығы мен әдеби зерттеулерін, бүгінгі қазақ әдебиетіндегі Әуезов дәстүрін зерттеуге бағытталған. Ұлттық әдебиет дамуында дара орындары бар аса көрнекті, ұлы тұлғалардың шығармашылық ізденістерін, қайталанбас шығармаларын кешенді түрде ғылыми-зерттеу жасау әдістері қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Басқару психологиясы
Пәннің мақсаты: басқару психологиясының іргелі ұғымдарын зерделеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми даярлауды қамтамасыз ету, кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау. Курс психикалық процестердің дамуы мен жұмыс істеу заңдылықтарын, тиімді өзара әрекеттесу және қақтығыстарды жеңу, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі таныстыру негіздерін зерттеуге бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Коммуникативтік бірліктердің психолингвистикалық аспектісі
Мақсаты: коммуникативтік бірліктердің психолингвистикалық аспектісін саралайтын, оны ғылыми тұжырымдайтын маман қалыптастыру. Мәтіндегі эмоционалдылық, экспрессивтіліктің адам психологиясымен байланысы; коммуникативтік бірліктердің сөйлеу үдерісінде жүзеге асуы мен оны түсінудегі (қабылдау) жалпы заңдылықтар; грамматикалық құрылымдардың сөйлеуде іріктелуінің психолингвистикалық негіздері; психолингвистиканың зерттеу әдістері мен тәсілдері пән мазмұнын құрайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жоғары мектептің педагогикасы
Пәннің мақсаты: жоғары мектептің дидактикасы, білім беру теориясы мен менеджменті, оқытушылық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау негізінде жоғары оқу орындары мен колледждерде педагогикалық қызметке қабілеттілікті қалыптастыру. Оқу курсы білім беру мен Болон процесінің даму тенденцияларын зерттеуге бағытталған. Курс оқытушылық және кураторлық шеберлікті, оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі стратегиялары мен әдістерін меңгеруге көмектеседі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жазушы және әдеби дәстүр
Мақсаты: қазақ әдебиетінің бүгінгі даму-қозғалысын, ұлт әдебиетіндегі өмір мұратын, адам мен оның еңбегін айқындайтын, саралайтын, бағалайтын маман қалыптастыру. Бүгінгі қазақ әдебиетінің даму үдерістері; ұлт әдебиетіндегі адам өмірі мен мұратын, оның еңбегін айқындайтын қағидаттар; байырғы әдебиет дәстүрі мен қазақ әдебиетіндегі жаңашылдық сабақтастығы.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазіргі қазақ поэзиясының жанрлық ерекшелігі
Пәннің мақсаты: қазақ поэзиясының жанрлық сипатын әлемдік поэзияның даму тарихымен, қалыптасқан заңды жүйесімен салыстыра зерделеу. Қазіргі поэзияның даму бағыттарына, жанрлық өзгерістеріне, құрылымдық жүйесіне талдау жасау. Қазақтың қара өлеңі мен қазіргі ақ өлең ұғымдардың мәнін ашу. Қазіргі поэзияның жаһандану процесіндегі рөлі мен ұлттық сипатына талдау жасау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Тіл және әдебиеттің ортақ мәселелері
Пәннің мақсаты: тіл мен әдебиетке ортақ мәселелерді ғылыми тұрғыдан зерделеп, зерттеуге арналған филологиялық жаңа бағыт туралы ғылыми түсінікті қалыптастыру. Лингвистикалық стилистика мен әдебиеттану стилистикасының айырмашылықтары, тілдік норма мен стилистикалық норманы ажырату жолдары, сөз таңдау шеберліктері, тілдік құралдардың көркем әдебиетте қолдану тәсілдері, тілдік бірліктердің бейнелеу-мәнерлеу құралдарына айналу жолдары пән мазмұнын құрайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Сөйлеу және тіл экологиясы
Мақсаты: қазіргі сөз экологиясына ықпал ететін тілдік және экстралингвистикалық факторларды, тілдік норманың өзгеру сипаттарының бағыттарын анықтайтын, саралайтын, оның шешімін табатын маман қалыптастыру. «Тіл экологиясы» түсінігінің негізгі аспектілері (мәдени, жанрлы-стилистикалық, нормативті, реттеуші), тілдік процестердің тарихи-мәдени сипаты; тілдің жағдайын анықтайтын экстралингвистикалық факторлар, оның игі және кері ықпалдары пән мазмұнын қамтиды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ғылым тарихы мен философиясы
Пәннің мақсаты: философия жайлы әлемді танудың ерекше формасы ретінде, оның негізгі бөлімдерін, проблемалары мен олардың болашақ кәсіби қызмет аясында зерттеу әдістері туралы тұтас жүйелі көзқарас қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы
Мақсаты: медиа-мәтіндердің пагматикасын талдай алатын, бағалай алатын маман қалыптастыру. Медиа-мәтіндердің ғаламның медиа-бейнесін қалыптастырудағы рөлі, ақпарат ұғымы мен әлеуметтік сипаты, ақпараттың прагматикалық аспектісі, газет мәтініндегі адресант пен адресат арасындағы рөлдік қатынастар, түрлі дереккөздерден маңызды деректерді талдау, жинау, оларды сұрыптау, өңдеуді қамтиды: қоғам дамуының түрлі аспектілеріндегі басымдықтарды болжау жолдары мен әдістері қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
БАҚ тілі: терминологиялық аспект
Мақсаты - Бұқаралық ақпарат құралдарының ғылыми терминологияны қалыптастыру мен дамытудағы рөлін, терминдену үрдісін, терминдердің қалыптасуына әсер ететін лингвистикалық және экстралингвистикалық факторлардың арасалмағын айқындау. Пән бұқаралық ақпарат құралдарының терминология мәселелерін шешудегі, терминдерді аударудағы, қолданудағы, олардың баламасының дұрыс қалыптастырылуын талқыға салу мен бекітудегі қызметін, терминдердің ұлттық бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Қазақ әдебиетіндегі шығыс дәстүрі
Ауызша және жазбаша көркем әдебиетте суреттелген, бейнеленген, баяндалған халықтың өзіндік төл әдет-ғұрыптары мен заманалар бойында сырттан ауысып келген, бірте-бірте жұрт бойына мықтап сіңген шығыстық салт-дәстүр түрлері, әдеби ықпалдастық, шығыс, түркі әдебиетіндегі назира дәстүрі, шығыстық наным-сенімдердің енуіне себеп болған тарихи оқиғалар, әлеуметтік-психологиялық жағдаяттарды талдау қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Қазақ лексикасы дамуының этимологиялық негіздері
Пәннің мақсаты: қазақ тілінің түрлі даму кезеңдеріндегі тарихи-фонетикалық, тарихи морфологиялық өзгерістерді саралай алатын алатын маман қалыптастыру. Қазақ тілінің тарихи даму кезеңдеріндегі лексикалық өзгерістер; сөз мағынасының дамуына әсер етуші құбылыстар; қазақ тілінің тарихи деректеріне тарихи-салыстырмалы, когнитивтік, ономосиологиялық талдау жүргізу әдістері; сөздердің семантикалық дамуы - пән мазмұнында қамтылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Қазақ әдебиетінің жаңа бағыттары
Мақсаты: гуманитарлық білімнің жалпы жүйесіндегі жаңа зерттеулердің рөлі мен қызметін саралай, бағалай, қолдана білетін маман қалыптастыру. Қазіргі әдебиеттану теориясы саласындағы заманауи ғылыми зерттеулер мен тәжірибелердің үдерісі, дамуы; қалыптасқан білім парадигмаларын өзінің ғылыми зерттеулерімен байланыстыру жолдары, жаңа ғылыми парадигмалар: көркем мәтін поэтикасы, семиотика, герменевтика, структурализм т.б. ұғымдар пән мазмұнынын қамтиды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Қазақ лебізінің ғылыми парадигмалары
Мақсаты: қазіргі қазақ лебізінің (сөйлеу) өзекті мәселелерін антропологиялық ғылыми теориялар негізінде зерделейтін маман қалыптастыру. Қазақ тіл біліміндегі лебіз қағидаларының қалыптасуы мен дамуы; функционалды-семантикалық ерекшеліктері; сөйлеу жүйесінің мәні мен маңызы; сөз қолданысындағы нормалардың көрінісі мен ерекшелігі; диалог пен монологтың қызметі, түрлері мен қолданысының әлеуметтік-психологиялық, лингвофилософиялық, аксиологиялық аспектілері пән мазмұнын қамтиды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Мәтін талдаудың лингвистикалық аспектілері
Мақсаты: мәтін талдаудың лингвистикалық аспектілерін меңгерген маман қалыптастыру. Мәтіннің белгілері - құрылымдық, интегративті, сабақтастық, бүтіндік; мәтін түзудегі емле белгілерінің қызметі; мәтіннің коммуникативтік құрылымы; лингвостилистикалық, лингвопоэтикалық әдіс- тәсілдер негізінде мәтінді талдау түрлері; түрлі жанрлы мәтіндерді іздеу жұмыстарын жеңілдету үшін мәтіннің кілт сөздерін анықтау және редакциялау машықтары қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Алаштану: ХХ ғасыр басындағы қазақ тіл білімі
Мақсаты: қазақ тіл білімінің қалыптасып, даму кезеңіндегі ғалымдардың ұстанымдарын саралайтын маман қалыптастыру. А.Байтұрсынұлы, Е.Омаров, Қ.Кемеңгерұлы, Т.Шонанов, Қ.Басымұлы, Қ.Жұбанов, т.б. ғалымдардың ұстанымдарының өздеріне дейінгі және кейінгі ғалымдардың ұстанымдарымен салыстырыла сипатталуы, уәжделуі; ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кезеңдегі ғалымдардың тіл білімінің түрлі салаларына қосқан үлестері, олардың қазақ тіл біліміндегі орны пән мазмұнын қамтиды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Қазақ әдебиетіндегі ұлттық идея философиясы
ППәннің мақсаты қазақ әдебиетіндегі ұлттық идея философиясын пәнаралық байланыстар негізінде айқындау және 2 әдебиеттанудағы ғылыми негізінде жүйелі білім қалыптастыру. Пән көркем сананың табиғаты; көркем шығармадағы дүниетаным мәселелері; тұлға концепциясының философиялық-адамгершілік құндылықтар жүйесінің негізі ретінде айқындалуы; әдеби шығарманы жалпы адамзаттық құндылықтардың аксиологиясы ретінде қарастыруға бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Түркілік мәдени-тілдік феномен
Мақсаты: көне түркілік тарихи ескерткіштер негізіндегі түркі халықтарының дамуындағы негізгі заңдылықтар мен ерекшеліктерді жаңа теориялық бағытта талдай алатын маман қалыптастыру. Концептуалды-мәдениеттанымдық бағыттың дамуына ықпал етуші факторлар, лингво-психологиялық, лингво-философиялық дүниетанымның қазақ тарихындағы көрінісін жаңа теориялық бағытта талдау әдістері; концепт, концептосфера және ұғым терминдерінің бір-бірімен байланысы, ерекшеліктері пән мазмұнын қамтиды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Қазақ әдебиетІнің көркемдік-эстетикалық әлемі
Пәннің мақсаты: әдеби-эстетикалық түсініктер мен әдебиеттанудағы ізденістер негізінде ұлттық әдебиеттің құрылысын зерттеу бағыттарын, көркемдік-эстетикалық ерекшеліктерін анықтау жайында жүйелі білім қалыптастыру. Пәннің мазмұны қазақ әдебиеті құрылысы бойынша теориялық білімдер, шығармашылық процесс психологиясы, әдеби туындыны қабылдау туралы жүйелі түсінікті қамтиды. Халық онтологиясы және эстетикасымен үздіксіз байланыс туралы ұғым қалыптастыруға бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- ЖОО-да оқытуға қажетті алдыңғы қатарлы әдістемелік, теориялық, тәжірибелік ұғым-түсініктерді, заманауи технологияларды қолдана отырып, білім беру мекемелерінде кәсіби педагогикалық қызметті жүзеге асыру.
- БАҚ саласында, ақпараттық-аналитикалық орталықтарда басымдыққа ие тақырыптарды іріктеу: түрлі дереккөздерден маңызды деректерді жинау, талдау, саралау. Материалды БАҚ форматының талабына және аудитория сұранысына сай сәйкестендіру. Материалды редакциялауда автор ойының мағынасын толық ашатын әдістерді қолдану, мәтінді орфография, пунктуация ережелеріне сәйкес түзету, публицисткалық стильге сай өңдеу.
- Қазақ филологиясының негізгі заңдылықтарына сүйеніп, тіл мен әдебиет теориясы, тарихы салаларының қағидаларын меңгеріп, жаңа ғылыми парадигмалар негізінде белсенді үдерістерді, пәнаралық өзекті мәселелерді айқындауда білімнің когнитивтік нәтижелерін құзыреттілік құралы ретінде пайдалану.
- Пәнаралық білім негізінде филологиялық зерттеу әдіснамасын меңгеріп, зерттеу жүргізуде заманауи әдістердің басым және әлсіз тұстарын бағалай отырып, технологиялық шешімін табу.
- Қазақ тілінің синхрониялық сипатын іргелі филологиялық білім негізінде диахрониялық тұрғыда саралау. Салыстырмалы-тарихи, этимологиялық, типологиялық зерттеу әдістерін пайдалана отырып сөздіктер құрастыруға қатысу.
- Басқару-әкімшілік саласында, құзырлы орындарда, тіл саясаты бөлімдерінде филолог-маман ретінде тілдік жағдаятты экстралингвистикалық үдерістермен байланыстыра отырып баға беру. Басқару психологиясын игере отырып, білім беру және ғылым саласында менеджер болу.
- Лингвопоэтика, лингвокогнитология, лингвоэкология, лингвоаксиология, психолинвистика, функционалды стилистика т.б. тіл білімі бағыттарының теориялық және әдіснамалық негізін меңгеріп, өзекті ғылыми-теориялық тақырыптар бойынша жоба ұсыну, ұжымдық зерттеу жұмыстарына қатысу.
- Алаштық зерттеушілердің тұжырымдарын бүгінгі таңдағы тіл біліміндегі жаңа бағыттармен, инновациялық парадигмалармен байланыстыра талдау.
- Әлемдік ғылым кеңістігіндегі философияның ролін зерделеу. Қазіргі ғылыми парадигмалар аясында ғылым тарихы, философия, психология, педагогиканың теориялық-әдіснамалық қағидаттарын білім беру және кәсіби мақсаттағы мәселелердің шешімін табуда қолдану.
- Ұлттық кодты – ұлттық құндылықтардың негізі, түпқазығы ретінде қарастырып, оның тілдегі көрінісіне түркі және қазақ ғұламалары еңбектері негізінде когнитивтік кешенді талдау жасау.
- Ғылыми зерттеу үдерісінде және тиісті кәсіби салада қарым-қатынас құралы ретінде шет тілдерін қолдана білу.
- Білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес, әлемдік халықаралық тәжірибеге, ұлттық құндылықтарға, тіл мен әдебиеттің қағидаларына (антропоөзектілік, андроөзектілік, мәтін, мәнөзектілік) негізделген магистрлік диссертация жазу, дәйексөз индексі жоғары «Scopus» деректер базасындағы, БҒСБК ұсынған журналдарда мақалалар жариялау.
- Ұлттық әдебиет дамуында дара орындары бар ұлы тұлғалардың өмірбаяндық, шығармашылық ізденістерін кешенді түрде саралау, ғылыми зерттеу жүргізу. Әдеби шығармаларды зерттеуге қатысты талдаудың қазіргі әдістерін сыни бағалау.
- Ұлттық әдебиеттің құрылымын зерттеу бағыттары мен көркемдік-эстетикалық ерекшеліктерін, философиялық-әдістемелік мәселелерін саралау, көркем шығарманы мәдениет феномені ретінде талдап, жалпы адамзаттық құндылықтардың аксиологиясы ретінде қарастыру.