Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M02216 Түркітану в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Мамандандырылған ғылыми-зерттеу институттары, жоғары оқу орындары, ғылыми-өндірістік ұйымдар мен бірлестіктер, республикалық және аймақтық түркітану орталықтары, мемлекеттік органдар мен мүдделі министрліктер үшін түркітану саласындағы ғылыми-білімдік бағыттағы кәсіби кадрларды сапалы даярлау.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M054 Түркітану
  • Дайындық бағыты 7M022 Гуманитарлық ғылымдар

Пәндер

  • Ортағасырлық түркі әдеби жәдігерлерінің бүгінгі зерттелу мәселелері

    Пәннің мақсаты ортағасыр жазба ескерткіштерін салыстырмалы талдаудың заманауи инновациялық әдістерін оқып үйрену және мұрағаттардағы дереккөздермен жұмыс істеудің жүйелілік дағдысын қалыптастыру. Орта ғасырлық әдеби ескерткіштерді зерттеуге, қолжазбаларда сақталған мәтіндерді талдауға және түпнұсқамен салыстыра отырып айырмашылықтарын саралауға, артефакттермен анықтауға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Саян-Сібір тілдері теориясы және практикасы

    Пәннің мақсаты: Саян-Сібір тілдері теориясы және практикасын әлемдік жетекші түркологиялық институттардың жетістіктерін пайдалана отырып игерту. Түркітанушы ғалымдардың зерттеу мектептеріндегі Саян-Сібір тілдері жайлы барлық мәліметтерді жинақтау, Саян-сібір тілдерінің тарихымен таныса отырып қажетті біліктілікті қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Түркітанудағы сандық технология

    Пәннің мақсаты: түркі тілдерінің тарихы, жалпы сипаты, жеке түркі тілдерінің құрылымдық ерекшеліктерін жан-жақты, терең қарастыру үшін сандық технологиялар принциптерін меңгеру. Қазіргі түркітану ғылымын- дағы зерттеулерді жүзеге асыру үшін халықаралық мәліметтер базасымен, сандық дерекқорлармен, жасанды интеллект әдістерімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау

    Пәннің мақсаты: Ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік негіздерін білу негізінде филология саласындағы ғылыми зерттеулерді жоспарлау және жүргізу қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы болашақ маманның зерттеушілік мәдениетін қалыптастырады. Пән ғылыми зерттеулердің әдіснамасын, филологияда қолданылатын заманауи әдістерді зерттеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақстандағы түркітанудың ғылыми бағыттары

    Пәннің мақсаты: магистранттарды Қазақстандық түркітанудың ғылыми бағыттарымен таныстыру, жалпытүркілік кеңістіктегі отандық зерттеу мектептерінің орны, қалыптасу, даму кезеңдері жайлы мағлұмат беру, көшбасшы ғалымдардың еңбектеріне сараптама жасау секілді кешенді білім блогын игертуге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Басқару психологиясы

    Пәннің мақсаты: басқару психологиясының іргелі ұғымдарын зерделеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми даярлауды қамтамасыз ету, кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау. Курс психикалық процестердің дамуы мен жұмыс істеу заңдылықтарын, тиімді өзара әрекеттесу және қақтығыстарды жеңу, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі таныстыру негіздерін зерттеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Шетел тілі (кәсіби)

    Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әлемдік түркітану институттарының зерттеу бағыттары

    Пәннің мақсаты: қазіргі және әлемдік жетекші түркологиялық институттарындағы ғылыми зерттеулердің теориялық әдіснамасы мен тәсілдерін қолдана білу. Түркітанушы ғалымдардың зерттеу мектептерінің тарихымен таныса отырып қажетті біліктілікті қалыптастыру. Пән түркітану саласындағы әлемдік институттардың жұмысын, ежелгі және ортағасырлық қолжазбаларды, түркологияның қазіргі заманғы өзекті мәселелерін зерттеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Пәннің мақсаты: философия жайлы әлемді танудың ерекше формасы ретінде, оның негізгі бөлімдерін, проблемалары мен олардың болашақ кәсіби қызмет аясында зерттеу әдістері туралы тұтас жүйелі көзқарас қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Контактология: түркі мәдениетінің әлемдік өркениетке ықпалы

    Пәннің мақсаты: тарихи кезеңдегі түркі мәдениетінің басқа мәдени және өркениеттік формациялармен өзара байланысын теориялық тұрғыдан қорыту. Түркі халықтарының шығу тегі, қоныс аударуы, мемлекеттері мен империяларының құрылуы, түркі тілдерінің тілдік байланыстары, әлемдік діни картаға әсері, түркі мәдениетіндегі философиялық ағымдар.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Түркі әлемінің концептуалды бейнесі

    Пәннің мақсаты: түркі мәдениетінің әлемдік өркениеттегі орны мен рөлін анықтау қабілетін қалыптастыру. Курстың мақсаты - рухани құндылықтардың заманауи даму парадигмасындағы түркі әлемі тұжырымдамасының ерекшеліктерін зерттеу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Түркі халықтарының лингводерекнамасы

    Пәннің мақсаты қазіргі заманғы теориялар мен әдістер аясында латын, араб, парсы, осман және көне түркі тілдеріндегі дереккөздерді талдау қабілетін дамытуға бағытталған. Курс түркі халықтарының тарихын, тілі мен мәдениетін зерттеуге арналған жазбаша дерек көздерін саралау және транскрипциялау қабілеттерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жоғары мектептің педагогикасы

    Пәннің мақсаты: жоғары мектептің дидактикасы, білім беру теориясы мен менеджменті, оқытушылық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау негізінде жоғары оқу орындары мен колледждерде педагогикалық қызметке қабілеттілікті қалыптастыру. Оқу курсы білім беру мен Болон процесінің даму тенденцияларын зерттеуге бағытталған. Курс оқытушылық және кураторлық шеберлікті, оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі стратегиялары мен әдістерін меңгеруге көмектеседі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Әлем тілдеріндегі түркизмдерді зерттеудің методологиясы

    Пәннің мақсаты: Әлем тілдеріндегі түркизмдерді зерттеу әдістемесі әлемдік тілдердегі түркі тілдерінің тарихи ерекшеліктер мен олардың мағыналарын тарихи-тілдік тұрғыдан зерттеуге бағытталған. Түркі әлемінің ерекшеліктерін басқа тілдердегі түркілік сөздер арқылы ұлттық ерекшелігін экстралингвистикалық факторлармен анықтау маңызды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Түркі тілдеріндегі байырғы түбірлерді жаңғырту

    Пәннің мақсаты: Түркі тілдеріндегі байырғы түбірлерді талдаудың заманауи инновациялық әдістерін оқып үйрену және көне тілдік дереккөздермен жұмыс істеудің жүйелілік дағдысын қалыптастыру. Түркі тілдеріндегі байырғы түбірлерді, олардың әдеби ескерткіштерде кездесуін зерттеуге, қолжазбаларда сақталған көне түбірлерді талдауға бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Түркі әдебиеті тарихын зерттеу әдістемесі

    Пәннің мақсаты: Курс түркі әдебиетінің ең маңызды шығармаларын зерделеуге және әдеби зерттеу әдістемесінің тұжырымдамасын талдауға бағытталған, түркі әдебиет ескерткіштеріне салыстырмалы талдау, стилистикалық және жанрлық ерекшеліктері, тарихи-поэтикалық контекстін түсіну тұрғысынан жүргізілген.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Түркі дипломатиясының метатілі

    Пәннің мақсаты пән дипломатиялық қатынастар дың лингвистикалық және мәдени аспектілерін зерделеу, дипломатияның тарихи контекстерін, халықаралық ортадағы келіссөздер мысалдарын талдау нәтижесінде дипломатиялық метатілді қолдану дағдыларын дамытуға, дипломатиялық ноталар құрастыру және дипломатиялық хаттарды жазу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Түркі мемлекеттері ұйымы дипломатиясы

    Пәннің мақсаты: Түркі мемлекеттердің дипломатиясы тарихын, даму кезеңдерін, ортақ стратегиялық жоспарларын, сын-қатерлерін, қазіргі өзгерістерді сараптап, негізгі ресми құжаттамалармен жұмыс істеудің ерекшеліктерін халықаралық саясат, шығыстану, түркітану тұрғысынан анықтауға бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Көне ұйғыр ескерткіштеріндегі заңнамалық құжаттар

    Пәннің мақсаты: Көне ұйғыр ескерткіштеріндегі заңнамалық құжаттардың тілін талдау және ерекшеліктерін үйрету. Заңнамалық құжаттарды оқып, түсіну, сол дәуірдің құқықтық құрылымын білу, құжаттардағы жер-су атаулары мен адам аттарының ономастика, топонимия саласында құнды ресми құжаттар ретінде әлем өркениетіне қосқан үлесіне шолу жасау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Ортағасырлық мәтіндердің деректанымдық негіздері

    Пәннің мақсаты: Мыңжылдық тарихы бар араб графикалы түркі мәтіндерінің жазылу ерекшелігін, грамматикалық құрылымын, сөздік қорын және де терминологиясын зерттеуге, жалпы мәтіндерге толықтай талдау жасап, білімдерін тереңдетуге және оқу нәтижесінде магистранттардың осман, мәмлүк-қыпшақ мәтіндерімен салыстырмалы түрде талдауға, айырмашылықтарын анықтауға, кодикологиялық талдау жасауға бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Түркі әлемі ынтымақтастығын зерттеу теориясы мен әдістері

    Пәннің мақсаты: XIX ғасырдың ІІ жартысынан бастап бүгінгі күнге дейінгі түркі халықтары ынтымақтастығының қалыптасуы мен дамуын салыстырмалы талдау қабілеттерін қалыптастыру. Курс түркітілдес мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың, дипломатияның, ынтымақтастықтың даму перспективалары мен стратегияларын зерделеуде сыни көзқарастың мүмкіндіктерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Түркі дипломатиясы құжаттарының зерттелуі

    Пәннің мақсаты: түркітану саласындағы түркі дипломатиясы құжаттарының зерттелуіне қатысты заманауи ғылыми талдау жасаудың тәсілдерін меңгерту; дипломатиялық құжаттамаларды рәсімдеу ісін түсіну қабілетін қалыптастыру,осы құбылысты халықаралық өзара қарым-қатынастың қосымша ресурсы ретінде қолдану әдістерін қарастыру болып табылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Жалпыадамзаттық мәдениеттің бір бөлігі ретінде ғылыми ойлаудың тарихы мен философиясын терең ұғынуға негізделген пәнаралық, көпмәдениетті дүниетаным ұғымына ие болу;
  • Түркі тілдерін ағылшын тілімен салыстырмалы-салғастырмалы бағытта тіл ресурстарының стилистикасы және функционалды стиль түрлері, сөйлем жүйесінің күрделі мәселелері, ағылшын әдеби тілінің орфоэпиялық, орфографиялық нормалары туралы білімін оқыту және аударма тәжірибесінде қолдану;
  • Психология, педагогика және кәсіби шетел тілінің теориялық-әдіснамалық қағидаттарын білім беру және кәсіби мақсатта қолдану;
  • Инновациялық идеяларды, тәуелсіз болжамдарды, кәсіби жетілдірудің траекториясын қалыптастыру;
  • Түркітану мәселелері бойынша халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда шетел тілінде пікір айту дағдыларын дамыту; шетелдік ғылыми қауымдастықты түркітану мәселелерімен, зерттеу нәтижелерімен кәсіби ағылшын тілінде таныстыра алу; дәйексөз индексі жоғары мақалалар жариялау.
  • Білім алушылардың білім беру мәселелерін шешуде түркологиялық және пәнаралық білімді синтездеу мен трансформациялау әдістерін пайдалану;
  • Түркітану саласындағы түрлі зерттеулерді жүйелі түрде бағалау, Қыпшақ, Оғыз және Қарлұқ тілдік топтарының қолжазба материалдарын талдау;
  • Ежелгі және орта ғасырлардағы ескерткіштерді зерделеудің заманауи әдістері негізінде ЮНЕСКО тізіміне кірген және кіруге үміткер түркі халықтарының материалдық және материалдық емес мәдениетін зерттеп ғылыми жобаларды жүзеге асыру;
  • Заманауи түрік зерттеулерінің теорияларын қолдану, зерттеу нәтижелеріне өз позицияларын дәлелдеу, айқындау, ежелгі және ортағасырлық қолжазба материалдарын қолданумен ғылыми проблемаларды ұсыну, талдау және шешу;
  • Магистрлік зерттеулердің өзектілігінің траекториясын құру, мақсаттар мен міндеттердің анықталуын қамтамасыз ету, зерттеу әдіснамасын негіздеу; алынған ғылыми нәтижелерді бағалау және түсіндіру;
  • Түркітану саласындағы түркі дипломатиясы құжаттарының зерттелуіне қатысты заманауи ғылыми талдау тәсілдерін меңгеру; дипломатиялық құжаттамаларды рәсімдеу мәселесін түсіну, дипломатиялық ноталар құрастыру, дипломатиялық хаттарды жазу және дипломатиялық метатілді қолдану дағдыларын дамыту;
  • Жоғарғы оқу орындарында түркітану бойынша белгілі бір типтегі оқу түрлерінде (практикалық және семинарлық сабақтар) білім беру қызметін жоспарлау, ұйымдастыру; түркітану пәндерін оқытудың дәстүрлі және инновациялық әдістері мен технологияларын меңгеру;
Top