Жаңа білім беру бағдарламасы

6B02160 Сценография - Театр техникасы және спектакльді көркемдеу в Қазақ ұлттық өнер университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Заманауи сценография саласындағы дәстүрлі және заманауи технологиялар мен әдістерді меңгерген – суретші – сахна технологы біліктілігі бойынша бакалаврды дайындау.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B108 Сценография
  • Дайындық бағыты 6B021 Өнер

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мінез-құлықтың этикалық және құқықтық нормаларын қолдану және қолдау, адамгершілік және құқықтық мәдениет деңгейін арттыру бойынша жұмыс істеу. Мәдениет саласын басқару және бизнес жүргізу. Кәсіпкерлікті қаржыландыру және мемлекеттік реттеу негіздерін білу. Қауіпсіздік негіздерін білу, қоршаған ортаға қатысты білімге ие болу.
  • Академиялық бейнелеу өнерінің терең білімін, дағдыларын, тәсілдерін меңгеру.
  • Танымдық көзқарасы кең шығармашыл тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін қоғамдық, гуманитарлық пәндер, бейнелеу өнері және сценография тарихы салаларында базалық білімдері болуы.
  • Арнайы компьютерлік бағдарламаларды қолдана білу және кәсіби қызмет саласында графикалық дизайн, ақпараттық технологиялар негіздерін білу.
  • Құқықтық және іскерлік этика нормаларын сақтай отырып, шығармашылық ұжымда жұмыс істеу қабілеті болуы.
  • Қазақстанның дәстүрлері мен өнері, сондай-ақ жаһандық мәдениет құндылықтары туралы теориялық білімді меңгеру және оларды ғылыми зерттеулер жүргізу үшін қолдану.
  • Сахна декорациясын жасау технологиясын меңгеру.
  • Қазіргі театр өнерінің даму тенденцияларын білу.
  • Cахна кеңістігін көркемдік шешудің мақсаты мен әдістерін білу және түсіну.
  • Театр қойылымдарын жасау процесінде технологиялық және ұйымдастырушылық мәселелерді шешу.
  • Өндірістік ортада көркемдік, технологиялық және ұйымдастырушылық сипаттағы авторлық шешімдерді қабылдау дағдыларын меңгеру.
Top