Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01401 Дене шынықтыру және спорт в М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Әртүрлі тілдік және мәдени ортада еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын меңгеріп, өзінің кәсіби саласында ғылыми коммуникациямен халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыра отырып, өз ойын ауызша және жазбаша түрде дұрыс ресімдей алады.
  • Жаһандану және интернационалдандыру жағдайында отандық ғылымды дамытудың заманауи тенденциялары, бағыттары мен заңдылықтарын талдауды жүзеге асыра отырып, алынған зерттеу нәтижелерін дұрыс ресімдей отырып, ғылыми зерттеу әдістерін пайдалана отырып, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласында зерттеулер жоспарлай және жүргізе алады, ғылыми зерттеу әдіснамасы саласындағы құзыреттерге ие.
  • Арнайы пәндерді оқытудың инновациялық тәсілдері, технологияларымен әдістерін пайдалана отырып, жоғары мектепте педагогикалық процесті жүзеге асыра алады, педагогикалық қызметтің өзіндік рефлексиясын жүзеге асыра алады, ғылыми зерттеулердің теориялық-әдіснамалық негіздеріне сәйкес білім беру ортасының зерттеу қызметін жүзеге асыра алады. Білім беру процесін басқару контекстінде білім алушылардың танымдық іс-әрекетінің психологиялық заңдылықтарын терең түсінуге негізделген тиімді командалық өзара әрекет жасау, негізделген шешімдер қабылдау және дау жағдайларды сындарлы шешу қабілетін қамтитын интеграцияланған басқарушылық құзыреттіліктерін көрсете алады.
  • Білім беру және жаттығу процесінде оқытудың заманауи инновациялық технологияларын, құралдарын, әдістері мен әдістемелік тәсілдерін қолданады; сабақтарды өткізудің мазмұны мен әдістемесінде, спорт түрлері бойынша жүктемелердің сауықтыру бағытында ғылыми мәселелермен оларды шешу тәсілдерін анықтайды.
  • Спортшылардың физикалық даярлығын басқаруда ғылыми негіздегі кәсіби жұмыстарға арналған педагогикалық әдістерді меңгереді; дене шынықтыру спорттық сабақтарды өткізу барысында, инструменталды әдістерді қолдана отырып, ағза мүмкіндіктерін педагогикалық- комплексті бақылауды іске асырады.
  • Дене шынықтыру және спорт саласында даму тенденциясы мен жағдайын ескере отырып, ғылыми зерттеу жобаларын (бағдарламалар және әдістемеліктер) құрастырады және іске асырады; дене шынықтыру спорттық салада өзекті ғылыми және тәжірбиелік мәселелерді анықтайды және талдайды; ғылыми зерттеулерді орындау барысында заманауи ақпараттық техологияларды қолдану және олардың нәтижелерін дене шынықтыру және спорт саласындағы жаттықтырады, рекреациялық, педагогикалық және ұйымдастыру- басқару қызметінде тиімді қолданады.
  • Оқу пәндер мазмұнын, технологияларын және нақты оқыту әдістерін жобалайды; оқыту тәсілдерін, әдістерін, технологияларын, әдістемелік үлгілерін құрастырады және меңгереді, білім беру үрдісіндегі нәтижелерді талдайды; кәсіби салада отандық және шет елдік әдістемелік тәжірбиені жинастырады, жүйелейді және жария етеді.
  • Ғылым және білім саласында ғылыми зерттеу нәтижелерін талдап, оларды нақты ғылыми зерттеу міндеттерін шешуде қолданады, өздігінен ғылыми зерттеу өткізеді; зерттеу міндеттерін өздігінен шешеді, жеке креативті мүмкіндіктерді қолданады; ғылыми зерттеу жұмыстары бойынша есеп құрастырады, ғылыми мақалалар, ғылыми конференцияға тезистер, магистерлік диссертация, пікірлер, рецензиялар жазады.

Ұқсас БББ

7M01401 Дене шынықтыру және спорт

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

7M01401 Дене шынықтыру және спорт

Қазақ спорт және туризм академиясы

7M01401 Дене шынықтыру және спорт

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

7M01401 Дене шынықтыру және спорт

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

7M01401 Дене шынықтыру және спорт

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ)

7M01401 Дене шынықтыру және спорт

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

7M01401 Дене шынықтыру және спорт

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

7M01401 Дене шынықтыру және спорт

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

7M01401 Дене шынықтыру және спорт

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

7M01401 Дене шынықтыру және спорт

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ)

Top