Жаңа білім беру бағдарламасы

8D04114 Мемлекеттік және жергілікті басқару в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Оқыту нәтижелері

  • Ғылыми-зерттеу еңбектерін жазуда, ғылыми этика шеңберінде академиялық адалдық қағидаларын қолданып, халықаралық ғылыми дерекқорлар өнімдерін пайдаланады
  • Кәсіби саласында қолданылатын заманауи зерттеу әдістері мен дағдыларының ерекшеліктерін жүйелі түрде түсініп, ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолдануға қабілетті
  • Зерттеу бағыты бойынша мақсаттар мен міндеттерді анықтай отырып, зерттеу нәтижелері негізінде қағидалар ұсынып, ғылыми еңбектерді әзірлейді және қорғайды
  • Мемлекеттік және жеке сектордағы үрдістердің сандық өзгерісін, мақсаттарға жетуін, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын талдап, басқару қызметін жасанды интеллект арқылы модельдеу және бағалау кезінде тиімді шешімдер қабылдайды
  • Стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін жаһандық және әлеуметтік-экономикалық даму жүйесінде тез бағдарлана отырып, стратегиялық ойлау арқылы мемлекет пен жеке сектордың тиімді өзара байланысы үшін бизнес модельдер мен басқару құралдарын қолданады
  • Заманауи әдістер мен бағдарламаларды, зерттеулердің сандық және сапалық әдіснамасын пайдалану арқылы басқару мәселелерін шешуде математикалық модельдердің әр түрлі формаларын қолданады
  • Мемлекеттік басқару және саясат саласындағы ғылыми зерттеулерді жаңа инновациялық технологияларды және жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып жүргізеді, нәтижелердің дәйектілігін енгізу жолдарын көрсете отырып дәлелдейді
Top