Инновациялық білім беру бағдарламасы

7M01734 Ағылшын тілі және медиадидактика в Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті

Оқыту нәтижелері

  • Оқытушылар, білім алушылар, олардың ата-аналары және басқа да мүдделі стейкхолдерлердің өзара әрекеттесу мәселелерін тиімді шеше отырып, көптілді және көпмәдениетті ортада білім беру қызметінің коммуникациясын жүзеге асырады.
  • Мәдениет, тіл, этникалық тиесілілік, дін және жалпы қоғамның маңыздылығын ұғыну арқылы білім алушылардың білім беру және ақпараттық ортада тұлғалық дамуына ықпал ететін ұжым қызметін ұйымдастыруды және талдауды жүзеге асырады.
  • Бірқатар пайымдау мен көзқарасты түсінуге ықпал ететін шет тіліндегі медиаконтент арқылы білім алушылардың мәдениеті мен сыни ойлау білімін қалыптастыруды және дамытуды жүзеге асырады.
  • Зерттелетін тіл аясында заманауи тәсілдер мен әдістерді қолдана отырып, салыстырмалы, салғастырмалы және дескриптивті талдау дағдыларын дамытуға бағытталған зерттеу жұмысын жүргізеді.
  • Грамматикалық құрылымдарды, синтаксисті қолдану іскерлігін көрсетеді, фразеологизм және лексикалық бірліктерді ағылшын тілін жоғары деңгейде меңгеру контекстінде пайдаланады.
  • Әртүрлі әлеуметтік-мәдени контекстте тілді, әдебиетті және көркем образдарды қабылдауға мәдени кодтардың әсері туралы білімін көрсетеді және оларды ағылшын тілін оқытуда және әдеби шығармаларды талдауда мәдени элементтерді біріктіретін өзіндік әдістемелік әзірлемелерде қолданады.
  • Білім алушылардың мақсаты, деңгейіне және оқыту мәнмәтініне байланысты талдау және оның тиімділігі, сондай-ақ өзінің әдістемелік шешімін әзірлеу арқылы шет тілін оқытудағы жаңа тәсілдерді меңгергенін көрсетеді.
  • Әлеуметтік және мәдени факторларды ескере отырып, көптілді және көпмәдениетті ортада білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамытуға бағытталған оқу материалын әзірлейді, сондай-ақ оқу материалы мен білім беру тәжірибесін талдау үшін әлеуметтік лингвистикалық деректі қолданады.
  • Жарияланымдағы авторлық жауапкершілік қағидаттарын көрсетеді, сондай-ақ деректің тұтастығын, сенімділігін, қайта жаңғырту дәлдігін және зерттеу дереғінің ашықтығын сақтайды. Бұдан басқа зерттеу этикасының іргелі қағыдаттарын сипаттайды, ғылыми зерттеулер мен жарияланымдарды реттейтін әдістемелік ұсыныстар мен құқықтық талаптарды зерттейді.
  • T-тесттері, ANOVA, корреляция, регрессия сияқты ең өзекті статистикалық әдістерді қолдана отырып, мәселелерді құрастырады және тұжырымдайды, сондай-ақ SPSS, Excel немесе Amos стандартты бағдарламаларын қолдана отырып, білім берудегі тілдің статистикалық дерегін талдау жолы мен шешімін әзірлейді.
Top