Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
8D01713 Шетел тілі: екі шетел тілі в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Шет тілі білімі мен ғылымы саласындағы бәсекеге қабілетті, кәсіби құзыреттіліктерді жүзеге асыратын, шет тілдерін оқыту саласында инновациялық зерттеу әдістемелерін, оқыту әдістерін және практикалық дағдыларын меңгерген ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.
-
Академиялық дәреже Докторантура
-
Оқыту тілі Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 3 года
-
Кредиттер көлемі 180
-
Білім беру бағдарламаларының тобы D019 Шет тілдері педагогтерін даярлау
-
Білім беру саласы 8D01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 8D017 Тілдер және әдебиет бойынша педагогтарды даярлау
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Академиялық хат
Шет тілдерін оқыту саласындағы білім беру бағдарламаларын әзірлеу
Коммуникативті құзыреттіліктерді дамытудың инновациялық әдістері
ЖОО-да шет тілін оқытудың әдістемелік негіздері
Ғылыми зерттеу әдістері
Шет тілдік білім берудегі жасанды интеллект және инновациялық технологиялар
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Академиялық адалдықты сақтай отырып, ғылыми зерттеулер мен педагогикалық эксперименттерді рәсімдейді, зерттеу нәтижелері мен қорытындыларын отандық және шетелдік басылымдарда жариялайды
- Өзекті заманауи ғылыми зерттеулерді жоспарлап және іске асырып, ғылыми зерттеулердің ұлттық және халықаралық жарияланымдарының жағдайы туралы білімді пайдалану арқылы ғылыми-зерттеу саласындағы кәсіби міндеттерді шешу үшін алынған нәтижелерді сандық және сапалық әдістермен өңдейді және бағалайды
- Психологиялық–педагогикалық маңызды зерттеулердің нәтижелерін өңдеп, сараптай отырып, нәтежелерін түсіндіріп, диагностикалап, оқу үдерісінде қолданып, шешім қабылдайды
- Тілдік білім берудің теориясы мен тәжірибесін дамыту үшін пәнаралық білімдерді интеграциялау негізінде инновациялық оқыту және әдістемелік шешімдерді тудыратын, шет тілін оқыту әдістеріне жаңа тұжырымдамалық тәсілдерді зерттейді және модельдейді.
- Жасанды интеллект технологиялары мен цифрлық құралдарды кіріктіре отырып, ұлттық тілдік білім беру жүйесін дамытуға маңызды жаңа ғылыми білім жасап, шет тілдерін оқытуда инновациялық әдіснамалық тәсілдерді әзірлейді
- Ұлттық және халықаралық деңгейде инновациялық білім беру экожүйелерін дамыту үшін желілік өзара әрекеттестіктің жаңа үлгілерін құра отырып, кәсіби қоғамдастықта стратегиялық зерттеулер бойынша ынтымақтастықты бастайды және үйлестіреді.