Жаңа білім беру бағдарламасы

7M10131 Геронтология в Астана медицина университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Егде және қарт жастағы адамдардың өмір сүру сапасы мен денсаулығын жақсартуға бағытталған кәсіби қызметті жүзеге асыратын, геронтология саласында тереңдетілген білімге ие кадрларды даярлау
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 1 год
  • Кредиттер көлемі 60
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M140 Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Білім беру саласы 7M10 Денсаулық сақтау
  • Дайындық бағыты 7M101 Денсаулық сақтау

Оқыту нәтижелері

  • ОН 1 – Егде жастағы адамдардың денсаулығын бағалай білу және адамның қартаюының биологиялық, әлеуметтік және психологиялық аспектілерін және оның себептерін білу.
  • ОН 2 – Әлеуметтік құбылыстар мен процестерді кәсіби ақпарат, ғылыми теориялар, концепциялар және өзекті тәсілдер негізінде талдау және жалпылау арқылы сипаттай білу.
  • ОН 3 – Геронтологиялық және гериатриялық көмекті ұйымдастыру, егде жастағы адамдардың денсаулығын сақтау шараларын бағалау;
  • ОН 4 – Қоршаған ортаның егде және қарт адамдардың денсаулығына әсерін бағалау, оны басқару жолдарын ұсыну;
  • ОН 5 – Геронтология саласындағы кәсіби қызметте қолданылатын жаңа практикалық білім мен дағдыларды жүйелі түрде меңгеруге қабілетті.
  • ОН 6 – Профилактикалық бағдарламалардың тиімділігін бағалай білу, егде және қарт жастағы адамдардың физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, олардың жеке қажеттіліктерін анықтай білу.
  • ОН 7 - Деректер негізінде жобаларды, соның ішінде басқарушылық бағыттағы жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру қабілеті, денсаулық сақтау мамандары мен басқа салалар мамандарымен ынтымақтастықты ұйымдастыру, көпсалалы топта жұмыс істей білу, мемлекеттік және шет тілдерінде қарым-қатынас жасай білу.
  • ОН 8 – Геронтология саласында дәлелді практикаға негізделген теория мен технологияларды қолдана білу қабілеті.
Top