Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M01903 Арнайы педагогика в Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Аутизм спектрінің бұзылуындағы мінез-құлықты талдау, даму бұзылыстары, білім беру жүйесіндегі интеграция стратегиялары бойынша магистрлерді терең академиялық және кәсіби даярлау
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M021 Арнайы педагогика
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M019 Арнайы педагогика
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Білім беру мен ғылыми зерттеулердегі жасанды интеллект
Аутистік спектрі бұзылған балалардың дифференциалдық диагностикасы
Аутистік спектрі бұзылған тұлғаларға білім беру саласындағы зерттеулер 2: Озық зерттеулер
Аутистік спектрі бұзылған балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы және жүйелеуі
Аутистік спектр бұзылуы жұмысына ата-аналарды тарту
Позитивті ата-аналық қызмет
Жоғары мектеп педагогикасы
Аутистік спектрі бұзылған балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау
Ғылым тарихы мен философиясы
Аустистік спектрінің бұзылуы кезіндегі жұмыс істеу стратегиялары мен әдістері
Аустистік спектрінің бұзылған балаларды білім беру жүйесіне кіріктіру
Шет тілі (кәсіптік)
Аустистік спектрінің бұзылуы кезінде жеке дамуды қамтамасыз ету
Мәліметтерді талдау
Аутистік спектрі бұзылған тұлғаларға білім беру саласындағы зерттеулер 1: Негізгі зерттеулер
Басқару психологиясы
Зерттеуді қарастыру
Дәлелге негізделген тәжірибе
Сенсорлық интеграция-тиімділігі дәлелденген тәжірибе ретінде
Белсенділік және мінез-құлық теориялары
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Зерттелетін саладағы озық білімді терең және толық түсінеді; психологиялық-педагогикалық ғылым мен білім беру практикасының мәселелерін шешу үшін негізгі ғылыми тұжырымдамаларды таңдайды және қолданады
- Тұтас ғылыми дүниетанымға ие болады, қоғамдағы жаһандық әлеуметтік-саяси процестерді түсіну және зерттеу аясында әдістеме мен ғылыми әдістер кешенін қолданады; өзін ғылыми-кәсіби қызметтің барлық салаларында цифрлық педагог ретінде көрсетеді
- Академиялық және кәсіби міндеттерді шешу үшін көптілді, көпмәдениетті және ғылыми ортада табысты, сындарлы кәсіби коммуникацияны және әлеуметтік өзара іс-қимылды, академиялық жазудың ғылыми стилін меңгереді
- Өзінің ғылыми зерттеу процесін жобалайды, бейімдеуге және енгізуге қаблетті; өзін адамгершілік бағыттағы педагог-менеджер, әдіскер, сарапшы ретінде көрсетеді; білім беру саласындағы бизнес-процестерді басқару дағдыларын меңгеререді
- Ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарға білім беру саласындағы заманауи ғылыми парадигманы білу мен түсінуді көрсетеді, оның даму перспективалары мен жағдайларын болжайды
- Білім беру процесін технологияландыру талаптарын ескере отырып мүмкіндіктері шектеулі балалар тобының күрделене құрамына қатысты қарқынды дамып келе жатқан білім беру жүйесіндегі кәсіби міндеттерді шешеді
- Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың білім беру, абилитациялау, оңалту, әлеуметтік бейімдеу және интеграция процестерін зерттейді, жобалайды, іске асырады, білім беру процесінде инновациялық технологияларды, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады
- Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды оқытуды, дамытуды, тәрбиелеуді дараландыру үшін тиімді психологиялық-педагогикалық, оның ішінде инклюзивті технологияларды жобалайды және енгізеді, психологиялық-педагогикалық бағдарламалар әзірлейді; әртүрлі әлеуметтік-институционалдық, этносаралық, мәдениетаралық және конфессияаралық жағдайларда ерекше қажеттіліктері бар адамдарды сүйемелдейді
- Білім беру процесінің сапасын қамтамасыз ету үшін менеджмент технологияларын қолданады, ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды ұйымдастырудың нысандары мен әдістерін жобалайды, заманауи Квалиметрия мен стандарттау жетістіктері негізінде педагогикалық өлшеуіштер, индикаторлар, бақылау-бағалау материалдары жүйесін әзірлейді
- Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың өзекті мәселелері бойынша жүйелі тәсіл тұжырымдамаларын, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, дербес ғылыми зерттеулерді жүзеге асырады; жоғары мектептің қазіргі заманғы педагогикасының педагогикалық теориясы мен әдіснамасы және оларға сәйкес келетін оқыту мен тәрбиелеу технологиялары мен әдістері саласындағы білім жүйесі негізінде педагогикалық процесті жоспарлайды, жобалайды және іске асырады, арнайы пәндерді оқытудың қазіргі заманғы әдістері мен әдістемелерін қолданады, оқу бағдарламалары мен тиісті әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлейді, оқу процесінде қазіргі заманғы білім беру және ақпараттық технологияларды қолданады
- Білім беру ұйымдарымен, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау ұйымдарымен, шетелдік әріптестермен мүмкіндіктері шектеулі адамдарды оқытудың, кәсібилендірудің және әлеуметтік бейімдеудің өзекті міндеттерін шешу кезінде өзара іс-қимылды жүзеге асырады
- Кәсіби және жеке өзін-өзі тәрбиелеуді жоспарлайды, одан әрі білім беру бағыты мен кәсіби мансабын жобалайды
Ұқсас БББ
7M01903 Арнайы педагогика
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
7M01903 Логопедия
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)
7M01903 Арнайы педагогика
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
7M01903 Логопедия
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)