6B08171 Агрономия в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Өндірістік-технологиялық, ғылыми міндеттер мен проблемаларды шығармашылықпен шеше алатын, ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының стратегияларын, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге және ауыл шаруашылығы саласындағы қызметтің тұрақты түсімін алуға және бәсекеге қабілетті маман даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B077 Өсімдік шаруашылығы
-
ҰБТ-дағы пәндер Биология және Химия
-
Білім беру саласы 6B08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар
-
Дайындық бағыты 6B081 Агрономия
Пәндер
-
Жүйе биологиясына кіріспе (Cousera)
Пәннің мақсаты: Бұл курс студентті агрономия сияқты ауылшаруашылық ғылымдарына бағытталған заманауи жүйе биологиясымен таныстырады. Бұл олардың функцияларын құрайтын тірі ағзалардың жасушалары. Биология молекулярлықтан модульдікке ауысады. Біздің геномымыз және ген экспрессиясы туралы біліміміз тереңдеген сайын және жасушалық процестерге қатысатын молекулалардың (белоктар, липидтер, иондар) тізімдерін жасағанда, біз бұл молекулалардың дискретті функционалдық жүйелер ретінде әрекет ететін модульдерді қалыптастыру үшін бір-бірімен қалай әрекеттесетінін түсінуіміз керек.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Өсімдіктер биологиясы
Пәннің мақсаты: Өсімдіктердің құрылысы, морфологиялық белгілері, жіктелуі, көбеюі. Өсімдіктердің топыраққа, ылғалға және жылуға қоятын талабы. Өсімдіктің негізгі мүшелері. Өсімдік жасушасының қызметі және құрылысы. Тамырдың анатомиясы және морфологиясы. Жапырақтың анатомиясы және морфологиясы Сабақтың анатомиясы және морфологиясы.Өсімдіктің генеративтік мүшелерінің құрылысы. Төменгі және жоғарғы сатыдағы өсімдіктер. Ауылшаруашылық дақылдары және олардың биологиялық ерекшеліктері.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мамандыққа кіріспе
Курстың мақсаты: таңдалған мамандыққа қызығушылықты ыңталандыру, оқытуға сонымен қатар кәсіби білімді алудың заманауи әдістеріне саналы қатынасқа ықпал ететін дүниетанымын қалыптастыру. «Мамандыққа кіріспе» курсын оқып-үйрену білім алушыларды болашақ мамандығымен таныстыруға, таңдаған мамандық туралы тұтас көзқарас қалыптастыруға және қажетті білім мен дағдыларды игеруге ынталандыруға бағытталған.Болашақ маман пайдалы қазбалардың кен орындары туралы геологиялық деректерді меңгеруі, өндірілетін пайдалы қазбалардың құрамын, құрылымын және қасиеттерін, кен орындарын әзірлеудің нақты жағдайларын, ұңғымалардың, кеніштердің өнімділігін арттыру әдістерін ескере отырып, пайдалы қазбаларды өндірудің технологиялық процестерін меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жалпы химия
Пәннің мақсаты- бейорганикалық химияның теориялық негіздерін меңгеру. Атом – молекулалық ілім, химияның негізгі стехиометриялық заңдары, периодтық заң және периодтық жүйе, химиялық байланыс, химиялық реакциялар жүрудің негізгі заңдылықтары, бейэлектролиттер мен электролиттердің ерітінділері, электролиттік диссоциация теориясы қарастырылады
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Микробиология
Пәннің мақсаты - микробиология принциптерін, микроорганизмдердің әртүрлі топтарының морфологиясы мен физиологиясын зерттеу әдістерін қолдана білу. Студенттер жасушалық биология, бактериялар, құрылысы, дамуы, көбеюі және жіктелуі, саңырауқұлақтар, тағамдық өнімдер технологиясындағы микроорганизмдердің рөлі, патогендер мен микроорганизмдердің қасиеттері қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Генетика
Пәннің мақсаты: Генетика тірі ағзаның негізгі екі қасиетін – тұқым қуалаушылық және өзгергіштікті зерттеуге, оның заңдылықтарын әр түрлі деңгейде оқып үйретуге арналған. Клеткалық деңгейден бастап ағза деңгейіне дейін тұқым қуалау ақпаратының берілуі, оның механизмдері, ақпараттық материалдың негізінің құрамы туралы білім береді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мелиоративтік егіншілік
Пәннің мақсаты: Республикадағы мелиоративтік егіншіліктің дамуы және болашағы. Қазақстандағы жерді мелиорациялаудың агроэкологиялық негізі. Жерді суару мелиорациясының биологиялық және агротехникалық негіздері. Қазақстандағы суармалы аймақтар, олардың топырақ климат жағдайы. Топырақты эрозиядан қорғау. Сортаң топырақты мелиорациялау. Қазақстанның сортаң топырақтары және оларды игеру. Топырақтың қайта сортаңдануы және батпақтануы.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Климатология
Пәннің мақсаты. Зерттеу нысаның негізгі әдістері. Метерологиялық факторлардың ауыл шаруашылығының дамуына әсері. Негізгі метеорологиялық элементтер және олардың ауылшаоуашылық дақылдарының өсуі мен дамуына әсері. Метеорологиялық элементтерді бақылау, оларды жүргізу әдістері, метеорологиялық элементтерді шолу. Ауа-райын болжау. Ауыл шаруашылығы үшін қолайсыз метеорологиялық бақылаулар, болжаулар және оларды ауылшаруашылығында пайдалану. Қазақстанның климаттының ерекшеліктері.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Дара даму биологиясы
Пәннің мақсаты: «Дара даму биологиясы» пәні бойынша курстың мақсаты білім алушыларды организмдердің көбеюі мен жеке дамуының заңдылықтарымен, гаметалардың морфологиясымен, физиологиясымен және дамуымен, жасушалық инженерия ұғымымен, соматикалық будандастыру және оның негіздерімен, дағдыларымен таныстыру. басқа организмге беруге арналған гендерді алу, эксперименттік және биохимиялық эмбриология, жеке дамудың биология әдістері: сипаттамалық, салыстырмалы, цитологиялық, биохимиялық, экологиялық және т.б.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Өсімдіктер анатомиясы және физиологиясы
Пәннің мақсаты: Өсімдіктер клеткасы. Су алмасу. Транспирация. Өсімдіктердің тыныс алуы. Фотосинтез. Өсімдіктердің минералды қоректенуі. Өсімдіктердің өсуі мен дамуы. Өсімдіктердің өсуі мен даму үдерістерінің жүруін біледі. Өсімдіктердің ауа, су, қорек режимдерін реттеу жолдарын біледі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Егіншілік
Пәнді игерудің мақсаты топырақтану және агрохимия негіздерімен заманауи егіншіліктің ұйымдастырушылық, ғылыми және әдістемелік негіздері, өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірудің қолданылатын технологиялары туралы білім кешенін қалыптастыру болып табылады. Міндеттері: егіншіліктің технологиялық әдістерінің агроэкологиялық тиімділігінің практикалық негіздерін қалыптастыру; топырақтың негізгі түрлерін тану, оларды егіншілікке пайдалану бағытын негіздеу; топырақтың құнарлылығын арттыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Агрометеорология
Пәннің мақсаты: Метеорологиялық элементтер. Ауа райын болжау. Ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуына ауа райының әсері. Негізгі метеорологиялық элементтердің ауыл шаруашылық дақылдарының өніп-өсуіне әсері. Ауыл шаруашылық өндірісін агрометеорологиялық мәліметтермен қамтамасыз етудің маңызы.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Экономика және кәсіпкерлік
Пәннің мақсаты: білім алушыларға болашақ кәсіби қызметіне байланысты экономикалық білім беруге, талдау дағдыларын және негізделген экономикалық шешімдер қабылдау қабілетін дамытуға бағытталған. Білім алушылар өздерінің қызмет салаларында қолданылатын экономика мен кәсіпкерліктің негізгі принциптерін меңгереді. Негізгі экономикалық түсініктер, экономикалық ақпаратты талдау әдістері, экономикалық шешімдерді қабылдау принциптері және бизнес стратегиялары қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қаржылық сауаттылық негіздері
Пәннің мақсаты - ұтымды экономикалық мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру; болашақ жұмыс үшін маман ретінде қаржылық сауаттылық білімдерін игеру және экономикалық салада тиімді өзін-өзі жүзеге асыру. Курс алынған білімді күнделікті өмірде одан әрі тиімді қолдану мақсатында жеке қаржылық жоспарлау, депозиттер, қаржы және кредит, сақтандыру, инвестициялар, зейнетақы, салықтар және басқа да қаржы санаттары сияқты негізгі бөлімдерді қамтиды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Құқық негіздері
Пәнді оқытудың мақсаты: Құқық негіздері курсы құқықтың негізгі ұғымдары мен принциптерін түсінуге бағытталған. Бұл курс құқықтық білім мен қоғамдағы құқықтық реттеудің негіздерін түсіндіре отырып, олардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруды көздейді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ауыл шаруашылық дақылдарының тыңайтқыштары
Пәннің мақсаты: Ауылшаруашылығы дақылдары өсімдіктерінің химиялық құрамы. Топырақтағы қорек элементтер қоры. Тыңайтқыштарды қолдану. Өнімділік және өнім сапасы. Тыңайтқыш қолдану және қоршаған орта.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 7
-
Экология және тұрақты даму
Пәнінің мақсаты: Экология және тұрақты даму пәнінің мақсаты - табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және қоғамның әлеуметтік, экономикалық қажеттіліктерін ескере отырып, тұрақты даму принциптерін түсіндіру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
AutoCAD және автоматтандырылған жобалау жүйелері негіздері
Пәннің мақсаты: автоматтандырылған жобалудың негізгі әдістері мен қолдану жағдайлары, ауыл шаруашылығы өндірісінде автоматтандырылған жобалау жүйелерін қолданудың ерекшеліктерін, автоматтандырылған жобалау жүйесін машина бөлшектерін жасау өндірісінде қолдану ерекшеліктерін, автоматтандырылған жобалау жүйелерінің түрлерін, автоматтандырылғын жобалау жүйелерінің конструкторлық және бағдарламалық құжаттарын, ауыл шаруашылығы өндірісінде машиналардың бөлшектерінің сызбаларын автоматтандырылған жобалау жүйелерін қолдану жолдарын меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері курсы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның себептері мен салдарын түсіну, сондай-ақ қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Курста сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша халықаралық және отандық тәжірибесіне, азаматтық қоғам өкілдерінің, жастардың және жалпы жұртшылықтың ролі туралы ақпараттарға талдау жасалады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Агрохимия
Пәннің мақсаты: Өсімдіктердің химиялық құрамы негізгі қорек элементтері. Өсімдіктің тамыр және ауа арқылы қоректенуі. Топырақтағы қорек элементтері. Тыңайтқыштар түрлері.Қоршаған ортаға тыңайтқыштардың әсері.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 7
-
Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі
Пән екі өзара байланысты аспектіні қамтиды: еңбек қауіпсіздігі - бұл жұмыскерлердің кәсіби қызметі барысында қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз етуге бағытталған, және тіршілік қауіпсіздігі - бұл адам өмірі мен денсаулығын күнделікті өмірде қорғауды қамтитын сала. Пән шеңберінде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәсіби аурулар мен жарақаттардың алдын алу бойынша құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шаралар, сондай-ақ төтенше жағдайларда әрекет ету ережелері мен әрекеттері (өрттер, техногендік апаттар, экологиялық қауіптер және т.б.) қарастырылады. Білім алушылар азаматтық қорғаудың негіздерін, алғашқы дәрігерге дейін көмек көрсету және құтқару жұмыстарын ұйымдастыру негіздерін зерттейді. Пән білім алушыларда қауіпсіздік мәселелеріне жүйелі көзқарас қалыптастыруға және жұмыс орнында және күнделікті өмірде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін практикалық дағдыларды дамытуға бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Инклюзивті білім беру
Бұл курстың мақсаты ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылар мен жұмыс істеудегі кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған. Курс ерекше қажеттілігі бар білім алушылармен түзету-дамытушылық жұмыстың заманауи формаларымен, әдістері мен технологияларымен танысу үшін негіз болып табылады. Психокоррекциялық сабақтардың әдіс-тәсілдерімен танысады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Мал шаруашылығы негіздері
Пәннің мақсаты: Мал шаруашылығының ауыл шаруашылығының бір саласы ретінде маңызы. Сүт өндіру технологиясы. Ірі қара етін өндіру технологиясы. Шошқа етін өндіру технологиясы. Жылқы шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы. Қой және ешкі шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы. Түйе шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы. Құс шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Дербес өсімдік шаруашылығы
Пәннің мақсаты әртүрлі агроэкологиялық жағдайларда танаптық дақылдарды өсірудің биологиясы, экологиясы және технологиясы бойынша теориялық және практикалық білімдерін игеру негізінде ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін арттырудың агротехникалық әдістерінің жүйесін, топырақ құнарлығын сақтау және оларды қорғаудың ресурс үнемдеу шараларын жасай білу деградациядан. Егістік дақылдарды өсірудің агротехникалық әдістері. Инновациялық технологиялардың даму принциптері. Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің биологиясы мен технологиясы.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Агрономиялық ғылыми зерттеулер әдістемесі
Пәннің мақсаты – ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу әдістемесін оқып-үйрену, далалық тәжірибелердің әртүрлі түрлерін жүргізу бойынша жұмыстарды орындау, статистикалық әдістерді қолдану арқылы алынған мәліметтерді интерпретациялау және қазіргі заманғы компьютерлік статистикалық бағдарламаларды меңгеру. Әртүрлі дақылдармен тәжірибе жүргізу әдістемесінің ерекшеліктері, құжаттаманы жүргізу және есеп беру тәртібі; жиынтық және іріктеу туралы, іріктеу әдісін ұйымдастыру, іріктеу көлемін жоспарлау, гипотезаларды тексерудің статистикалық әдістері, дисперсиялық талдаудың корреляция және регрессия мәні мен негіздері.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Топырақтану
Пәннің мақсаты Топырақ түзуші факторлар.Топырақ типтері.Топырақтың қасиеттері.Топырақтың құнарлылығын сақтау және арттыру жолдары.Топырақты бағалау. Қазақстандағы топырақ аймақтарының ерекшеліктері.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Энтомология және фитопатология
Пәннің мақсаты: Немотодалар, кен елер мен кеміргіштердің сыртқы және ішкі құрылысы. Олардың жіктелуі және экологиялық факторлардың зиянкестерге әсері. Дәнді дақылдар, көкөніс, техникалық және басқа дақылдарға зиян келтіретін зиянды нематодалар және кенелер. Зиянды кеміргіштер. Немотодалар, кенелер және кеміргіштермен күресу шараларының жүйесі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әртараптандыру дақылдарын өсіру технологиясыT2
Пәннің мақсаты: Көп салалы дақылдарды өсірудің агротехникалық әдістерінің толық кешенін жасау. Дақылдарды әртараптандыру туралы түсінік. Көп салалы дақылдарды өсіру технологиясының тәжірибесімен және нәтижелерімен танысу. Арамшөптер және олармен күресу шаралары. Әртараптандыру дақылдарының экономикалық және экологиялық тиімділігі. Пәнді меңгеру барысында студенттер аймақтың агроөнеркәсіп кешенінің топырақ-климаттық жағдайлары мен құрылымының ерекшеліктерін ескере отырып, көпсалалы дақылдарды өсірудің технологиялық процесін ұйымдастырудың практикалық дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Өсімдіктер биохимиясы
Пәннің мақсаты: Амин қышқылдары және пептидтер, ферменттер және олардың маңызы.Нуклеин қышқылдары. ДНК, РНК. Белок синтезі. Көмірсулар. Липидтер. Фитогормондар, антиоксиданттар. Витаминдер. Алкалоидтар.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Өсімдік шаруашылығы-1
Пәннің мақсаты: Білім алушыларда аса маңызды дәнді, дәнді- бұршақ, техникалық және майлы дақылдар бойынша тұқымтану, ресурсүнемдеу және әртүрлі топырақ –климаттық аймақтарда олардың биологиялық ерекшеліктерімен сәйкестірілген, экологиялық қауіпсіздігі ескерілген өсіру технологиясын теориялық негіздері аясында білім, біліктілік және кәсіби дайындық дағдыларын қалыптастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Ауылшаруашылығы дақылдарының селекциясы
Пәннің мақсаты: Тұқымтанудың ауыл шаруашылығы өндірісіндегі маңызы. Тұқымтану пәнінің міндеттері және оның басқа пәндермен байланысы. Тұқымның алғашқы пайда болуы, қалыптасуы және пісіп жетілуі. Тұқымды орғаннан кейін пісіп жетілуі, өнуі. Сұрыптау және сұрыптау әдістері. Сорт, штамма және асыл тұқым. Өсімдік селекциясының биологиялық негіздері. Селекциялық процестің нобайы. Бастапқы материал туралы ұғым, алу көздері, құрастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бастапқы материалды жасау әдістері
Пәннің мақсаты: Тұқымтанудың ауыл шаруашылығы өндірісіндегі маңызы. Тұқымтану пәнінің міндеттері және оның басқа пәндермен байланысы. Тұқымның алғашқы пайда болуы, қалыптасуы және пісіп жетілуі. Тұқымды орғаннан кейін пісіп жетілуі, өнуі. Сұрыптау және сұрыптау әдістері. Сорт, штамма және асыл тұқым. Өсімдік селекциясының биологиялық негіздері. Селекциялық процестің нобайы. Бастапқы материал туралы ұғым, алу көздері, құрастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Танаптық дақылдарды өсіру технологиясы 2Т
Пәннің мақсаты: Ғылымдағы жаңа техникалық дақылдар өсіру технологиясы тәжірибелері мен нәтижелерімен танысу. Арамшөптер және олармен күресу шаралары. Техникалық дақылдардың экономикалық және экологиялық тиімділігі. Қазақстанда техникалық дақылдарды өсіру технологиясы. Техникалық дақылдар туралы түсінік. Техникалық дақылдарды өсірудің мақсаты мен міндеттері. Майбұршақ дақылын өсіру технологиясы. Күздік арпа дақылын өсіру технологиясы. Зығыр дақылын өсіру технологиясы.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Молекулалық биология
Курстың мақсаты – молекулалық биологияның теориялық және практикалық негіздерін оқып үйрену. Про- және эукариоттық гендердің құрылысын зерттеу, оларды зерттеу әдістері. ДНҚ репликация процесі туралы түсініктер. Транскрипция және оның реттелуі. Трансляция, посттрансляциялық өзгерістер. Белоктар, олардың құрылысындағы өзгерістерді зерттеу. Белоктардың жасушалық органеллаларға тасымалдануы. Жасуша циклі
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қолданбалы агрохимия (минор)
Пәннің мақсаты- топырақ пен өсімдіктердегі химиялық процестер, минералды қоректену, тыңайтқыштар мен химиялық мелиорация құралдарын практикада қолдану туралы теориялық білім алу. Тыңайтқыштардың дақылдардың өнімділігі мен сапасына әсері. Химиялық және жапырақтық диагностика әдістерімен өсімдіктердің қоректік заттарға қажеттілігін анықтау. Білім алушылар қоректік заттарға, топыраққа, өсімдіктерге және тыңайтқыштарға талдау жүргізу бойынша практикалық дағдыларға ие болады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шалғындық мал азығын өндіру
Пәннің мақсаты: Ауыл шаруашылығында мал азығын өндіруде табиғи жайылым мен шабындықтардың алатын орны. Табиғи жайылым мен шабындықтардың әр аймақта орналасуы, онда өсетін өсімдік қауымының ерекшеліктері. Табиғи мал азықтық өсімдік түрлері,иолардың биологиялық және морфологиялық құрылысы мен мал азықтық маңызы. Егістікте мал азығын өндірудің маңызы, оның әр аймақ бойынша жем-шөп балансындағы мөлшері. Мәдени малазықтық дақылдар, олардың өнімі мен сапасы. Табиғи және мәдени жайылымдар мен шабындықтарды тиімді пайдалану, жақсарту негіздері, олардың ерекшеліктері. Жоғарғы сапалы мал азығын өндірудің үздік әдістері, ұйымдастыру тәсілдері. Мал басына керекті мал азығын әр кезеңге анықтау және оның маңызы.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Өсімдік қорғау
Пәннің мақсаты: Зиянды ағзалар жайлы түсінік. Арамшөптер, аурулар және зиянкестер түрлері. Зиянды ағзалардың жіктелуі. Зиянды ағзалармен күрестің агротехникалық, биологиялық және химиялық шаралары.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Танаптық дақылдардың дербес селекциясы
Пәннің мақсаты: Тұқымтанудың ауыл шаруашылығы өндірісіндегі маңызы. Тұқымтану пәнінің міндеттері және оның басқа пәндермен байланысы. Тұқымның алғашқы пайда болуы, қалыптасуы және пісіп жетілуі. Тұқымды орғаннан кейін пісіп жетілуі, өнуі. Сұрыптау және сұрыптау әдістері. Сорт, штамма және асыл тұқым. Өсімдік селекциясының биологиялық негіздері. Селекциялық процестің нобайы. Бастапқы материал туралы ұғым, алу көздері, құрастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Цитология негіздері
Пәннің мақсаты – жасушаның ұйымдастырылуы мен құрылымының іргелі принциптерін, оның қызмет ету механизмдерін меңгеру, жасушаның өмірлік циклінің кезеңін анықтау, уақытша және тұрақты препараттарды дайындаудың практикалық дағдыларын дамыту. өсімдік жасушаларының және цитологиялық зерттеудің басқа әдістері Жасуша теориясының негіздері. Өсімдік жасушасының құрылысы мен қызметі. Митохондриялар және хлоропласттар. Жасушаның тіршілік циклінің жалпы сипаттамасы. Митозимейоз.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мал азығын өндіру
Пәннің мақсаты: Ауыл шаруашылығында табиғи жайылым мен шабындықтардың алатын орнын, табиғи жайылым мен шабындықтардың әр аймақта орналасуын, онда өсетін өсімдік қауымының ерекшеліктерін игереді. Табиғи мал азықтық өсімдік түрлерін, биологиялық және морфологиялық құрылысы мен мал азықтық маңызын, мәдени малазықтық дақылдар, олардың өнімі мен сапасын, табиғи және мәдени жайылымдар мен шабындықтарды тиімді пайдалануды, жақсарту негіздері мен олардың ерекшеліктерін игереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Құс шаруашылығы Т2
Пәннің мақсаты - студенттерді құс шаруашылығы технологиялары жөнінде тәжірибелік және теориялық жоғары деңгейде жеткізіп дайындау. Құсты асылдандыру, азықтандыру, күтіп-бағу және құс шаруашылығы өнімдері технологияларымен таныстыру. Пәнді оқу кезінде білім алушы өз бетімен селекция деректері мен асылдандыру жоспарын, құстың сапасын бағалай және сұрыптай білуі, жұмыртқа өндіру үшін ата-аналық табындағы құстар санын есептеп, жұмыртқа, құс етін және құс шаруашылығының қосалқы өнімдерін өндірудің технологиялық процесінің құрылымын құра білуді меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Ауылшаруашылығын дағы машиналарды пайдалану
Пәннің мақсаты: Ауыл шаруашылығы машиналарындағы гидравликалық жүйенің жұмыс айырмашылығы. Гидравликалық агрегаттар жұмысы. Золотниктердің жұмыс принципі. Көлемді гидромашиналардың жіктелуін анықтау.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Күріш шаруашылығы
Пәннің мақсаты: Ғылыми агрономияның әдістері. Танаптық тәжірибеге қойылатын негізгі талаптар. Танаптық тәжірибедегі қателік түрлері және олардың пайда болуы себептері. Вегетациялар тәжірибелер. Егістік тәжірибелерінің түрлері. Тәжірибе нәтижелерін статистикалық өңдеу.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ауыл шаруашылық мелиорациясы
Пәннің мақсаты: Республикадағы мелиоративтік егіншіліктің дамуы және болашағы. Қазақстандағы жерді мелиорациялаудың агроэкологиялық негізі. Жерді суару мелиорациясының биологиялық және агротехникалық негіздері. Қазақстандағы суармалы аймақтар, олардың топырақ климат жағдайы. Топырақты эрозиядан қорғау. Сортаң топырақты мелиорациялау. Қазақстанның сортаң топырақтары және оларды игеру. 5.Құзіреттілігі: сортан топырақты мелиорациялау. Қазақстанның сортаң топырақтары және оларды игеру. Топырақтың қайта сортаңдануы және батпақтануы.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Гендік инженерияның негіздері
Пәннің мақсаты: Молекулалық және клеткалық инженерия белгілі бір мақсатпен жасанды айқын қасиеттері бар генетикалық материалдарды алдын ала құрастырып, оларды басқа клеткаға енгізіп, көбейтіп, Зат алмасу процесін өзгеше жүргізу. қуалау және оның өзгергіштігі жыныссыз көбеюдің цитологиялық негіздері,тұқым қуалау және будандастыру мен телудегі өзгергіштігі. Генетикалық код, популяция және оның генетикалық құрамы.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жасушалық селекция негіздері
Пәннің мақсаты – жаңа сорттар жасау үшін тәжірибелік дағдыларды пайдалана отырып, жасуша шаруашылығы саласында теориялық және практикалық білімдерін дамыту. Молекулалық маркерлер: жіктелуі және негізгі ұғымдары.Жасуша технологияларының бір бағыты өсімдіктердің жаңа формалары мен сорттарын жасауда дәстүрлі селекция процесін жеңілдететін және тездететін селекцияда қолдану болып табылады. Оқшауланған жасушалар мен ұлпаларды in vitro жағдайында өсірудің қолданыстағы әдістері.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Танаптық дақылдардың дербес генетикасы
Пәннің мақсаты: тұқым қуалау және оның өзгергіштігі жыныссыз көбеюдің цитологиялық негіздері,тұқым қуалау және будандастыру мен телудегі өзгергіштігі. Генетикалық код, популяция және оның генетикалық құрамы.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Тыңайтқыш қолдану жүйесінде жасанды интеллект технологиясын қолдану
Пәннің мақсаты: Өсімдіктердің химиялық құрамы негізгі қорек элементтері. Өсімдіктің тамыр және ауа арқылы қоректенуі. Заманауи жасанды интеллект технологиясын қолдану жүйесі. Топырақтағы қорек элементтері. Тыңайтқыштар түрлері.Қоршаған ортаға тыңайтқыштардың әсері.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Өсімдіктер биотехнологиясы
Пәннің мақсаты: Пәнді меңгеру нәтижесінде студент биотехнологиялық зертхананың ұйымдастырылуын, өсімдіктерді микрокөбейтудің принциптері мен әдістерін білуі керек; зарарсыздандырылған қоректік орталарды дайындай білу, өсімдік шикізатын «in vitro» өсіру туралы түсініктері болуы; зарарсыздандырылған биотехнологиялық зертхананың құрал-жабдықтарында жұмыс істеу дағдылары болуы.Пәннің қысқаша мазмұны, түсініктері, негізгі және қолданбалы міндеттері, зерттеу әдістері, оның экологиясы, агрохимиясы, өсімдік шаруашылығы, селекциясы және биотехнологиясы.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Селекцияның биохимиялық негіздері T2
Пәннің мақсаты – дәнді дақылдың және басқа да экономикалық құнды бөлігінің жоғары өнімділігі мен сапасын қалыптастыруға негіз болатын ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің мәні мен зат алмасу заңдылықтарын білу және биохимиялық талдау әдістерін қолдану. асылдандыру әдістерін жетілдіру. Өсімдік шаруашылығы өнімінің сапасының жалпы сұрақтары. Дәнді, бұршақ, майлы дақылдар дақылдарының сапасын қалыптастыру негіздері. Өсімдіктердің дәні мен жасыл массасын бағалаудың биохимиялық әдістері.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жеміс жидек шаруашылығы
Пәннің мақсаты: Жеміс-жидек өсімдіктерінің шығу тегі және өмір сүру ұзақтығы. Жеміс дақылдарының биологиясын, олардың көбеюін және бақ өсіру, жеміс өндірісі жайлы білім және практикалық дағдылар кешенін қалыптастырады. Пәнді меңгеру барысында студент оларды түрі және аймақтық белгілері бойынша жіктейді, жеміс-жидек дақылдарын өндіруде қолданылатын технологиялардың экономикалық тиімділігін анықтай алады, жұмыстарын ұйымдастыра алады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Техникалық дақылдарды өсіру технологиясы
Пәнді меңгеру барысында студенттер техникалық дақылдарды өсірудің заманауи технологияларын игеріп, ауданның нақты топырақ-климаттық жағдайларын ескере отырып, жетекші егістік дақылдарының технологиялық карталарын өз бетінше жасау бойынша практикалық тәжірибе жинақтайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Маркерлік селекция
Пәннің мақсаты: Молекулярлық-генетикуалық маркерлер. Молекулярлық маркерлерді пайдаланудың негізгі бағыттары және артықшылықтары. Негізгі молекулярлық-генетикалық әдістер. Ауыл шаруашылылық дақылдары селекциясында негізгі молекулалық-генетикалық тәсілдер.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Суармалы егіншіліктегі ауыспалы егістіктер
Пәннің мақсаты: Суармалы егіншіліктің биологиялық және агротехникалық негіздері. Ауылшаруашылық дақылдарын суару технологиясы.Ауыспалы егісте тыңайтқыштарды пайдалану, топырақ өңдеу ерекшеліктері. Арамшөптер, олармен күрес. Ирригациялық эрозия, түрлері және болдырмау шаралары. Суармалы жерлердің сортаңдануымен күрес. Суармалы жерлерді қарқынды пайдалану жолдары. Суарудың экономикалық тиімділігі. Суармалы жерлердің өнімділігін көтеру және ауыспалы егісті құрастыру ерекшеліктері. Ауыспалы егісте тыңайтқыштарды пайдалану, топырақ өңдеу ерекшеліктері.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ауылшаруашылық кәсіпкерлігі (Минор)
Пәннің мақсаты білім алушылардың қазіргі заманғы ұйымдастырушылық теорияның ережелерін, өндірісті ұйымдастыру, ауылшаруашылық кәсіпорындарының құрылысы мен қызметі принциптерін игеру, теориялық ережелерді экономикалық жүйенің бастапқы буыны ретінде кәсіпорындардың қалыптасуы мен тиімді жұмыс істеуі туралы практикалық біліммен бекіту болып табылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Өсімдік шаруашылығы-2
Пәннің мақсаты: Білім алушыларды көкөніс, бақша, картоп және әртараптандыру дақылдары бойынша тұқымтану, ресурсүнемдеу және әртүрлі топырақ-климаттық аймақтарда олардың биологиялық ерекшеліктерімен сәйкестендірілген, экологиялық қауіпсіздігі ескерілген өсіру технологияларын теориялық негіздері аясында білім, біліктілік және кәсіби дайындық дағыдарын қалыптастыру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Егіншілік жүйелері
Пәннің мақсаты: Егіншіліктің ғылыми негіздері. Топырақ құнарлылығы, өсімдік өсуіне қолайлы жағдай жасау. Арамшөптер және олармен күрес. Топырақ өңдеу. Ауыспалы егіс жайлы ілім. Егіншілік жүйелері
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Жоғары сапалы тұқым өндірісінің технологиясы T2
Пәннің мақсаты – жоғары сапалы тұқым алу үшін іс-шараларды ұйымдастыру дағдыларын меңгеру. Жоғары сапалы тұқым өндіру технологиясы. Егістік дақылдарының тұқым шаруашылығындағы тұқымдық бақылау. Тұқымдарды сақтау, орау, таңбалау. Өнеркәсіптік тұқым шаруашылығы. Зерттелетін шаруашылықтың ұйымдық-экономикалық сипаттамасы, егістік алқаптары және ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін бағалау. Тұқымға деген қажеттілікті және тұқымдық дақылдардың алқаптарын есептеу, күтіп-баптау шаралары. Тұқымдық дақылдарды жинау ерекшеліктері.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ауыл шаруашылығы дақылдары тұқым шаруашылығының теориялық негіздері
Пәннің мақсаты: Ауыл шаруашылығы дақылдары тұқым шаруашылығының теориялық негіздері тәжірибелер жүргізу. Алғашқы материал экологиялық сортсынау. Сорт жаңарту және сорт алмастыру. Мемлекеттік сортсынау жүйесі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Суармалы егіншілік
Пәннің мақсаты: Суармалы егіншіліктің биологиялық және агротехникалық негіздері. Ауылшаруашылық дақылдарын суару технологиясы.Ауыспалы егісте тыңайтқыштарды пайдалану, топырақ өңдеу ерекшеліктері. Арамшөптер, олармен күрес. Ирригациялық эрозия, түрлері және болдырмау шаралары. Суармалы жерлердің сортаңдануымен күрес. Суармалы жерлерді қарқынды пайдалану жолдары. Суарудың экономикалық тиімділігі. Суармалы жерлердің өнімділігін көтеру және ауыспалы егісті құрастыру ерекшеліктері. Ауыспалы егісте тыңайтқыштарды пайдалану, топырақ өңдеу ерекшеліктері.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Жылыжай шаруашылығы
Пәннің мақсаты: Жабық топырақтың ұйымдастыру-экономикалық ерекшеліктері аясында, теориялық білім және оранжерея – жылыжай кешендері жағдайында көкөніс және гүл дақылдарының, саялы ағаштар, бұталар отырғызу материалын өсіру технологияларын құрастыру және оны бақ-парк құрылысы нысандарын көгалдандыру элементтер ұстап тұруға және қызмет көрсетуге қолданудың дағдыларын қалыптастыру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеу технологиясы
Пәннің мақсаты: Ғылымдағы жаңа астық дақылдар өсіру технологиясы тәжірибелері мен нәтижелерімен танысу. Арамшөптер және олармен күресу шаралары. ауылсшаруашылық дақылдардың экономикалық және экологиялық тиімділігі. Қазақстанда техникалық дақылдарды өсіру технологиясы. Астық дақылдар туралы түсінік. Астық дақылдарды өсірудің мақсаты мен міндеттері. Майбұршақ дақылын өсіру технологиясы. Күздік арпа дақылын өсіру технологиясы. Зығыр дақылын өсіру технологиясы.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Егіншіліктегі интенсивті технологиялар
Пәннің мақсаты. Интенсивті технологиялық биологиялық маңызы. Сорт таңдау. Егілетін материалға қойылатын талаптар. Жақсы алғы дақылдарға орналастыру. Топырақ өңдеудің сапасы. Себу мерзімі. Өсімдіктің дамуын басқару. Өсімдікті зиянды ағзалардан қорғаудың біріктірілген жүйесі. Өнімді жинау мерзімін биологиялық негіздеу.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Жүзім шаруашылығы
Пәннің мақсаты: Жеміс-жидек, көкөніс өнімдерін халық шаруашылық маңызы. жеміс ағаштары мен жидектердің, көкөніс дақылдарының биологиялық ерекшеліктері, түрлері. Оларды өсіру технологиялары жеміс және көкөніс шаруашылығының экономикалық тиімділігі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің сапасын бақылау
Пәннің мақсаты: пән стандарттаудың анықтамалары мен негізгі ұғымдары. Нормативтік құжаттар, қазіргі әлемдегі стандарттау жөніндегі құжаттар. Мемлекеттік стандарттарда стандарттау нысаны талаптарын орындауға арналған міндеттері.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Селекция мен тұқым шаруашылығында зертханалық-танаптық тәжірибелердің әдістемесі
Пәннің мақсаты: Ауыл шаруашылық дақылдарының селекциясы мен тұқым шаруашылығы бағытында тәжірибелер жүргізу. Алғашқы материал экологиялық сортсынау. Сорт жаңарту және сорт алмастыру. Мемлекеттік сортсынау жүйесі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Селекция мен тұқым шаруашылығының нормативтік-құқықтық негіздері T2
Пәнді меңгерудің міндеттері студенттердің Қазақстандағы селекция және тұқым шаруашылығының құқықтық негіздерін білуі, тиісті нормативтік-құқықтық құжаттармен танысуы. Селекциялық қызмет және оның реттелуі. Селекциялық жетістіктерді мемлекеттік сынау, пайдалану және қорғаудың жалпы мәселелері. Тұқым шаруашылығы қызметі және оның реттелуі. Қорғалатын сорттарды пайдаланғаны үшін селекциялық алымдарды (роялти) жинау жүйелері және нарықтағы бақылау, дүние жүзінде селекциялық және тұқым шаруашылығын құқықтық реттеуді дамытудың негізгі тенденциялары.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Аймақтық суармалы егіншілігі
Пәннің мақсаты: Суармалы егіншіліктің биологиялық және агротехникалық негіздері. Ауылшаруашылық дақылдарын суару технологиясы.Ауыспалы егісте тыңайтқыштарды пайдалану, топырақ өңдеу ерекшеліктері. Арамшөптер, олармен күрес. Ирригациялық эрозия, түрлері және болдырмау шаралары. Суармалы жерлердің сортаңдануымен күрес. Суармалы жерлерді қарқынды пайдалану жолдары. Суарудың экономикалық тиімділігі. Суармалы жерлердің өнімділігін көтеру және ауыспалы егісті құрастыру ерекшеліктері. Ауыспалы егісте тыңайтқыштарды пайдалану, топырақ өңдеу ерекшеліктері.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Астық дақылдарын өсіру технологиясы
Ғылымдағы жаңа техникалық дақылдар өсіру технологиясы тәжірибелері мен нәтижелерімен танысу. Арамшөптер және олармен күресу шаралары. Техникалық дақылдардың экономикалық және экологиялық тиімділігі. Қазақстанда техникалық дақылдарды өсіру технологиясы. Техникалық дақылдар туралы түсінік. Техникалық дақылдарды өсірудің мақсаты мен міндеттері. Майбұршақ дақылын өсіру технологиясы. Күздік арпа дақылын өсіру технологиясы. Зығыр дақылын өсіру технологиясы.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Минералды қоректенуді болжау (Минор)
Пәннің мақсаты: Өсімдіктердің қоректенуінің диагностикасы – өсімдіктерді қоректік заттармен қамтамасыз етуді орнатуға бағытталған әдістердің жиынтығы. Өсімдіктердің қоректенуін диагностикалаудың мақсаты - өсу жағдайларын үнемі бақылау және қажет болған жағдайда вегетациялық кезеңде өсімдіктердің қоректенуін реттеу. Өсімдіктердің қоректенуі, қоректенуіне байланысты топырақ қасиеттері және тыңайтқыштарды қолдану. Органикалық және минералды тыңайтқыштардың түрлері. Топырақты химиялық мелиорациялау, тыңайтқыштардың және химиялық мелиоранттардың барлық түрлерін тиімді пайдалану. Тыңайтқыштарды қолдану жүйесі, тыңайтқыштардың дақылдың құрамына және сапасына әсері.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Көп жылдық шөптерді өсіру технологиясы
Пәннің мақсаты: Ауыл шаруашылығын толық мөлшерде қамтамасыз етудің кешенді шараларынан тұрады, сондай-ақ табиғи жайылымдарды тиімді пайдаланудың, оларды өндіру əдістерін жақсартудың арқасында пішен, пішендеме, сүрлеммен қамтамасыз етеді жəне жайылымдар мен шабындықтарды ұтымды пайдалану жолдарын үйретеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Өсімдік шаруашылығы өнімдерін стандарттау және сертификаттау
Пәннің мақсаты: Пен стандарттаудың анықтамалары мен негізгі ұғымдары. Нормативтік құжаттар, қазіргі әлемдегі стандарттау жөніндегі құжаттар. өнiм сапасын арттыру, ғылымның, техниканың дамуына, халықтың және халық шаруашылығының сұранымына сәйкес өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жандандыру және үйлестiру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Топырақ қорғау егіншілігі
Пәннің мақсаты: Эрозия дамуының факторлары және механизмі. Егістік топырағын эрозиядан қорғау кешені. Ұйымдастырушылық шаралары, топырақ қорғау ауыспалы егістері, өңдеудің топырақ қорғау жүйесі, топырақ қорғау егіншіліктеріндегі арам шөптермен күресу ерекшеліктері. Жерді рекультивациялау. Астық дақылдарының ылғалмен қамтамасыз етілуі, қар тоқтату. Кебір топырақтар және оларды игеру. Топырақ қорғау егіншілігінің экономикалық тиімділігі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ауыл шаруашылық дақылдарының селекциясы мен тұқым шаруашылығында зияткерлік меншіктің негіздері T2
Пәннің мақсаты – селекция және тұқым шаруашылығы саласындағы зияткерлік меншікті халықаралық және отандық құқықтық реттеу негіздерін әзірлеу және тәжірибеде қолдану. Селекция және тұқым шаруашылығының заңнамалық базасы. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің топырақпен күресуін жүргізудің ғылыми-әдістемелік негіздері. Роялтидің қаржыландыру көздері және құқықтық негіздері. Өсімдік шаруашылығының теориялық негіздері. Бастапқы материалды құрудың генетикалық әдістері. Өсімдік шаруашылығының түрлері мен әдістері, аналитикалық селекция, селекция. Өсімдік шаруашылығындағы бастапқы материал.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Селекциялық-тұқым шаруашылығы үдерісін ұйымдастырудағы инновациялық технологиялар
Пәннің мақсаты: Тұқымтанудың ауыл шаруашылығы өндірісіндегі маңызы. Тұқымтану пәнінің міндеттері және оның басқа пәндермен байланысы. Тұқымның алғашқы пайда болуы, қалыптасуы және пісіп жетілуі. Тұқымды орғаннан кейін пісіп жетілуі, өнуі. Сұрыптау және сұрыптау әдістері. Сорт, штамма және асыл тұқым. Өсімдік селекциясының биологиялық негіздері. Селекциялық процестің нобайы. Бастапқы материал туралы ұғым, алу көздері, құрастыру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Философиялық, әлеуметтік-экономикалық, қаржылық, кәсіпкерлік және құқықтық білімнің негіздерін біледі, азаматтық ұстанымын көрсетеді, қоғамның тарихи дамуының негізгі кезеңдері мен заңдылықтарын талдайды, құжаттамамен және көпшілік алдында сөз сөйлеу үшін қазақ (орыс) және шет тілдерінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас дағдыларын, сондай-ақ этикалық және әлеуметтік қарым-қатынас әдістерін меңгереді.
- Ауыл шаруашылығы өндірісінде автоматтандырылған жобалау, Агрометеорология бойынша алған білімдері мен практикалық дағдыларын қолданады, өсімдік шаруашылығының ерекшеліктерін талдайды, ауыл шаруашылығы дақылдарын өндірудің ең тиімді әдістерін таңдайды.
- Алынған теориялық және әдістемелік білімді өзінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде қолдану, жеке селекция, биохимия, генетика, жем-шөп өндіру, өсімдік шаруашылығы өнімдерін стандарттау және сертификаттаудың ең тиімді әдістерін таңдайды, дақылдарды өсіру технологияларын меңгереді.
- Алған теориялық және әдістемелік білімдерін қолданады. Еңбекті қорғау және өмір қауіпсіздігі, экология және тұрақты даму саласында, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, инклюзивті білім беру, мал шаруашылығының әртүрлі салаларында инновациялық технологияларды қолдану әдістеріне ие болады.
- Машинаны пайдалану, Топырақтану, жеке генетика негіздерін меңгерген, өсімдік шаруашылығында және Суармалы егіншілікте топырақты қорғау үшін, сондай-ақ егістік дақылдарды өсіру кезінде заманауи технологияларды пайдаланады, дала жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік қағидаттарын біледі.
- Ауылшаруашылық мелиорациясы, маркер селекциясы, күріш және техникалық дақылдарды өсіру кезінде жасанды интеллекттің жаңа технологияларын қолданады, ауыспалы егіс, өсімдіктерді өсіру және қорғау, бастапқы материалды құру және тыңайтқыштарды қолдану технологияларын меңгереді.
- Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру үшін селекциялық-тұқым өсіру процесін ұйымдастыруда, зертханалық-далалық тәжірибелерді, агрономиялық ғылыми зерттеулерді жүргізуде инновациялық технологияларды қолданады.
- Магистратурада оқуды жалғастыру үшін білім берудің жеке траекториясын дербес қалыптастырады, күнделікті кәсіби қызметке қажетті жаңа білімді меңгереді, өзінің кәсіби қызметін талдайды және жоспарлайды, ауыл шаруашылығы өндірісіндегі ұйымдастырушылық-басқарушылық, коммуникативтік, мәдени, зияткерлік, моральдық және құзыреттерді дамытады.