6B03203 Кітапхана ісі в Қызылорда "Болашақ" университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Талаптарға сай сапалы кітапханалық қызметті қамтамасыз ететін қажетті білім мен практикалық дағдыға ие кітапхана мамандарын даярлау, еңбек нарығында түлектердің бәсекеге қабілеттілігі мен кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру және дамыту үшін жағдай жасау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
ЖОО атауы Қызылорда "Болашақ" университеті
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B043 Кітапхана ісі, ақпараттарды өңдеу және мұрағат ісі
-
ҰБТ-дағы пәндер Қазақ/Орыс тілі және Қазақ/Орыс әдебиеті
-
Білім беру саласы 6B03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат
-
Дайындық бағыты 6B032 Журналистика және ақпарат
Пәндер
-
Кітапханатану
Кітапханатану пәнінің мақсаты студентті жалпы кітапханатану, кітапхана қоры, кітапхана каталогы (құжаттарды электронды тасымалдау), оқырмандармен жұмыс, кітапхана жұмысын ұйымдастыру, кітапхана ісінің тарихымен таныстыру. Пәнді оқыту барысында білім алушылар кітапханалық- ақпараттық қызметтің ерекшеліктерін, ақпараттық ресурстар, ақпараттық ізденістер, жаңа технологиялар, кітапханалық- ақпараттық қызметтің негізгі компоненттерін игереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мамандыққа кіріспе
Пәннің мақсаты студентке желі саласы ретінде кітапхана ісін ұйымдастыру мен басқаруды үйрету. Нәтижесінде әр типтегі кітапханалар жұмысының ерекшеліктерін біледі кәсіби санасын қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Құжаттарды аналитикалық-синтетикалық өңдеу
Пәннің мақсаты: студенттерге құжаттарды жинауға, өңдеуге, ретке келтіруге, іздеуге және таратуға ықпал ететін маңызды процестер туралы түсінік беру, ақпаратты аналитикалық және синтетикалық өңдеудің теориялық және әдістемелік негіздеріне үйрету. Пәнді оқу барысында болашақ мамандар дәстүрлі және автоматтандырылған режимдерде құжаттарды өңдеуге машықтанады
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Кәсіпкерлік
Пәннің мақсаты: кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық білім мен дағдыларды қалыптастыру. Пәннің міндеттері: студенттерді кәсіпкерлікті әлеуметтік-экономикалық басқару саласында теориялық біліммен, кәсіпкерлік қызметті табысты жүргізудің практикалық дағдыларын игеруге көмектесу, бизнес-жоспар әзірлеу, кәсіпкерлікті дамытуды реттеу мен қолдаудың мемлекеттік тетіктерін анықтау және пайдалану
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кітапханалық қызмет көрсету
Пәннің мақсаты студенттерге кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетуді, пайдаланушылардың ақпарат көздері мен қызмет көрсету нысандарын еркін таңдау құқықтарын сақтай отырып, ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етуді үйрету. Нәтижесінде кітапханалық кәсіби қызмет көрсетудің өзгерістерін ескере отырып, пайдаланушылардың ақпараттық сұраныстарын қанағаттандыруды үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кітапханалық қор
Пәннің мақсаты-кітапхана ісінің болашақ мамандарына кітапхана қорының әдістемесін, олардың қалыптасу тарихын, құжаттардың сандық және сапалық сипаттамаларын білуге дағдыландыру. Пәнді оқу барысында болашақ мамандар құжаттарды іріктеу, құжаттар ағынын ұйымдастыру, қорды қалыптастыру, оларды орналастыру, сақтау, зерттеу және тұтынушылардың сұраныстарына сәйкес қорды пайдалану дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қаржылық сауаттылық негіздері
Курсты оқудың мақсаты экономикалық ойлау тәсілін дамыту, экономикалық қатынастар саласындағы жауапкершілік пен адамгершілік мінез-құлықты тәрбиелеу, экономиканың қарапайым мәселелерін шешу үшін алған білімдері мен дағдыларын қолдану тәжірибесін қалыптастыру болып табылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экономикалық теория
Пәннің мақсаты студенттердің экономикалық ғылымның өзекті теориялық мәселелері және оның экономикалық саясат пен кәсіпкерлікті дамыту саласындағы практикалық қосымшалары бойынша өз ұстанымын қалыптастыру қабілетін дамыту; білім алушылардың экономикалық теорияның қолданбалы аспектілері саласындағы аналитикалық іс-әрекет дағдыларын қалыптастыру, өз бетінше ғылыми зерттеулер жүргізу және алынған нәтижелерді жалпылау, өз ұстанымын қорғауда дәлелдерді тұжырымдау және негіздеу қабілетін дамыту; өзінің кәсіби қызметін ұйымдастыру және басқару мәселелері бойынша кәсіби қарым қатынас пен коммуникацияны жүзеге асыру дағдыларын қалыптастыру
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кітапханашының кәсіби этикасы
Пәннің мақсаты кітапханашы-маманды кәсіби этика әдістеріне, ережелерге оқыту, пайдаланушылардың этикалық мәдениетін қалыптастыру икемін қалыптастыру. Пәнді меңгеру барысында студент оқырмандардың кітапхана мәдениетін және библиографиялық сауаттылық деңгейін анықтау дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Құқық жүйесі
"Құқық жүйесі" пәнін игерудің мақсаты білім алушылардың ұлттық заңнама саласында білімді, дағдылар мен құзыреттерді игеруі болып табылады. Курс бойынша қоғамдық қатынастар мемлекеттік-құқықтық әсер етудің нәтижесі ретінде қарастырылады, құқықтық нормалар әлеуметтік нормалардың бір түрі ретінде, мемлекет қоғамның саяси ұйымы ретінде зерттеледі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Электронды кітапханалар
Пәннің мақсаты: жергілікті, аймақтық және әлемдік тораптарда негізгі жұмыс әдістері дағдыларын қалыптастыру. Оқу барысында студенттер электрондық, желілік технологияларды, оларды кітапханалық-ақпараттық жұмыста пайдалану дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кітапхананың сирек басылымдар қоры
Курстың мақсаты сирек басылымдар қорымен жұмыс істеу әдістемесін үйрету. Нәтижесінде студенттер сирек басылымдар қорының құрамын, қалыптасу тарихын, оларды сақтау Ережесін, қорды жүйелеу мен жіктеуді ғылыми сипаттау мен каталогтауды игереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Жасанды интеллект негіздері
Бұл пән жасанды интеллекттің теориялық және практикалық негіздерін қамтиды. Студенттер машиналық оқыту, нейрондық желілер, табиғи тілді өңдеу (NLP) және компьютерлік көру сияқты негізгі ЖИ технологияларымен танысады. Сонымен қатар, Python негізінде деректерді талдау және ЖИ модельдерін әзірлеу дағдыларын үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Кітапхана ісінің техникалық құралдары
Курстың мақсаты-студентке кітапханалардың материалдық-техникалық базасы туралы кешенді түсінік беру, техникалық құралдардың кең спектрін, механикаландыру және автоматтандыру құралдарын қолдану, өндірістік мәселелерді уақтылы және дұрыс шешу үшін дағдыларды қалыптастыру. Білім алушылар заманауи техникалық құралдарды, механикаландыру және автоматтандыру құралдарын қолданудың теориялық білімі мен практикалық дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Инклюзивті білім беру
Инклюзивті тәжірибені ұйымдастыру мен жобалау аумағында студенттердің кәсіби құзыреттіліктерінің деңгейін көтеру.Инклюзивті білім беру барлық балалар әртүрлі оқытуды қажет ететін тұлға болып табылады деген ұстанымға бағытталған әдіснаманы дамыту. Мақсаты: Инклюзивті білім беру ұйымдарының мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету модельдері туралы түсініктер қалыптастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Кітапханалық маркетинг
Курстың мақсаты студенттердің маркетингтік ойлауын және оның жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін арнайы дағдыларын қалыптастыру. Студенттер маркетингті басқару қызметінің басым бағыты ретінде, оның кітапханалық-ақпараттық саладағы ерекшеліктерін, кітапхана қызметінің нәтижелілігін арттыру үшін тиімді жарнама және PR-тәжірибе дағдыларын игереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Кітапхана ісін ұйымдастыру және басқару
Пәннің мақсаты-студенттерге кітапхана қызметін ұйымдастыру, жұмыс жүргізу және басқарудың териясы мен тәжірибесінің маңызды жақтары туралы кәсіби білім беру. Оқу барысында болашақ мамандар басқару теориясының әдіснамалық негіздерін, оның даму заңдылықтарын, кітапхана ісін басқарудың принциптерін, функцияларын, әдістері мен формаларын біледі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері модулі (Экология және тұрақты даму, Тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау)
Табиғат және қоғамның тұрақты дамуының негізгі заңдылықтарын, энергияның тірі жүйелер арқылы ағып өтуі және заттар айналымының заңдылықтарын, экологиялық жүйелердің және бүкіл биосфераның қызмет атқару заңдылықтарын, табиғатты қорғау мен табиғатты ұтымды пайдаланудың негізгі принциптері және адамның мекендеу ортасымен қауіпсіз өзара әрекеттесуді және қауіпті және төтенше қауіпті жағдайларда жағымсыз факторлардан қорғану жүйесімен еңбек қауіпсіздінің негіздері туралы кешенді білім беру. Білім алушылардың бойына экологиялық тұрақтылықты дамыту үшін ластаушы заттардың шығарындылары экожүйелердің ассимиляция қабілетінен аспауы керек тіршілікті ұйымдастыруды және адамның тіршілік әрекетінде кездесетін әртүрлі қауіпті жағдайларда тірі қалудың алғы шарттарын үйрету және кәсіпорындардағы қауіпсіздік пен еңбекті қорғау қызметінің негізгі аспектілерін қамтитын білім мен дағды қалыптастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тіл және мәдениетаралық коммуникация
Курстың мақсаты-тұлғааралық қарым-қатынас теориясын, әдістемесін және басқаруын қарастыру. Нәтижесінде студент іскерлік қарым-қатынасты ұйымдастыру дағдыларын, тұлғааралық қарым-қатынастың стильдерін, технологиялары мен формаларын игереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мұрағат құжаттары
Пәнді оқытудың мақсаты мұрағаттық құжаттарды сақтау, есепке алу, жинақтау, пайдалану негіздерін игерту болып табылады. Білім алушылар мұрағаттанудың даму тарихымен танысады, мекемедегі құжаттармен жұмысты ұйымдастыру міндеттерін шешудің ұтымды тәсілдерін игереді, мұрағаттық құжаттарды сақтауды, толықтыруды, есепке алуды және пайдалануды ұйымдастыруды зерделейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кітапханалық-библиографиялық іс-әрекетті автоматтандыру
Пәннің мақсаты кітапханадағы ақпараттық-библиографиялық үрдістерді автоматтандыру бойынша жұмыс ұйымдастыруды, анықтама-библиографиялық аппаратын жасау, оқырманға ақпараттық-кітапханалық, анықтама-библиографиялық қызмет көрсету мәселелерін түсіндіру. Оқу барысында студент автоматтандырылған анықтама-библиографиялық бөлімнің жұмысын, библиографиялық және ақпараттық жұмыс теориясы мен практикасын, кітапхана-библиографиялық классификация кестесін меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Библиографиятану
Пәннің мақсаты кітаби мұраларды, библиография тарихын, теориясын, библиография қызметін ұйымдастыру жолдарын үйрету. Нәтижесінде студенттер баспа өнімдерін іріктеп, оларды жүйелі түрде саралау, ғылыми сипаттама беру және қысқаша мазмұнын ашуды үйренеді, кітапхана-библиографиялық озық тәжірибелерді игереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кітапханадағы іскерлік қатынас мәдениеті
Пәннің мақсаты кітапханалық, іскерлік қарым-қатынас дағдыларын, сөйлеу мәдениетін меңгерту. Нәтижесінде студент қарым-қатынас жасауда өзін дұрыс ұстауды, әдептілікті, заман талабына сай білімді, қабілетті, мәдениетті іскер маман болуды, іскерлік қарым-қатынасқа тән ерекшеліктерді, қалыптасқан нормаларды, тіл мәдениетін игереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылыми-зерттеу әдістері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздерінің модулі (Ғылыми-зерттеу әдістері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері)
Болашақ мамандарда зерттеудің ғылыми тақырыбын таңдау және таңдалған тақырып бойынша қажетті библиографиялық жарияланымдар мен ақпараттық материалдарды іріктеп алу, ақпараттық процестердің ғылыми мәселелерін қою дағдыларын қалыптастыра отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен мінез-құлық үлгілерін зерделеу.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кітапхана каталогтары
Курстың мақсаты- каталогтардың түрлері мен формаларын, каталогтар мен картотекалар жүйесін ұйымдастыру, жүргізу және редакциялауды игерту. Нәтижесінде болашақ мамандар кітапхана қорын жіктеуді және жаңа технологияларды пайдалану негізінде қызмет түрін автоматтандыруды үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Құжаттану
Пәнді оқытудың мақсаты - студенттерге құжаттың дамуы, құжаттама жүйесі, қызметтік құжаттардың құрамы, оларды заманауи ережелерге сәйкес рәсімдеу ерекшеліктері туралы жан-жақты түсінік беру. Нәтижесінде болашақ мамандар ақпаратты құжаттаудың қазіргі заманғы мәселелерін, құжаттардың қалыптасу заңдылықтарын, құжаттама жүйелерін, құжаттар кешендерін игеру, құжаттамалық қамтамасыз етуді жетілдіру бағыттарын үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ақпараттық-іздеу жүйелері
Курстың мақсаты заманауи ақпараттық технологияларды сауатты пайдалануға қабілетті кәсіби маман қалыптастыру. Студенттер ақпараттық жүйелер теориясының негіздері, құжаттық және фактографиялық жүйелердің құрылымы мен жұмыс істеу ерекшеліктері, негізгі қызмет саласындағы кәсіби міндеттерді шешуді қамтамасыз етуде ақпараттық жүйелерді қолданудың негіздері туралы білімді игереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мәтінді талдау
Мақсаты білім алушыларға оқырманның оқу мәдениетін дамытуды, мәтінмен жұмыс жасауды үйрету. Нәтижесінде студенттер әртүрлі дереккөздерден алынған ақпаратты өңдеуге дағдыланады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Кітапхананың библиографиялық қызметі
Пәннің мақсаты-библиографияның негізгі ұғымдары мен категорияларын, қазіргі библиография жүйесін үйрету, библиографиялық басылымдардың түрлерін, ақпараттық-библиографиялық іздеу әдістерін меңгерту. Оқу барысында студенттер құжаттарды жүйелеуді, анықтамалық аппаратты құруды, практикалық қызметте библиографиялық әдістерді қолдануды, библиографиялық сипаттама жасауды үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 7
-
Кітапханалық-ақпараттық қызметті стандарттау
Пәннің мақсаты студенттерге СИБИД стандарттары нормативтік құжаттарда қолданылатын кітапхана, библиографиялық, ақпараттық, баспа терминологиясының жүйесін түсіндіру. Оқу барысында болашақ мамандар СИБИД негізінде жүзеге асырылатын библиографиялық жазбаны қалыптастыру, индекстеу және т. б. негізгі технологиялық процестерді игереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Балалар мен жасөспірімдердің оқуын басқару
Балалардың дәстүрлі және электронды кітап оқуына басшылық жасау, кітапты көп оқитын орта қалыптастыру, балалардың назарын кітапқа аудару, кітаптың адам өміріндегі орны туралы түсінік беру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Автоматтандырылған кітапхана-ақпараттық жүйелер
Пәннің мақсаты студенттерге қазiргi есептеу техникасының және жаңа технологияны пайдаланудың негiзiнде ақпаратты жинақтау, өңдеу, сақтау, iздеу, таратумен байланысты ақпараттық процестердi игерту. Нәтижесінде білім алушылар автоматтандырылған кiтапханалық-ақпараттық жүйелер мен тораптардың негiзгi даму тенденциясы мен перспективасымен танысады, кітапхананың автоматтандырылған жұмыс орындарында қызмет көрсетуді игереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Кітапхана дизайны
Курстың мақсаты кітапханалық дизайнның эволюциянын, даму бағыттарын және түрлерін қарастыру болып табылады. Оқу барысында студент кітапхана ғимаратын жобалау, кітапхана интерьерін ұйымдастыру, дизайн, кітапхана жиһаздары мен жабдықтарын таңдау негіздерін үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Кітапханалық-педагогикалық қызмет көрсету
Курстың мақсаты кітапханалық-педагогикалық қызметтің теориялық негіздерін, технологиясын, электрондық ортадағы ерекшеліктерін, анықтамалық-библиографиялық қызметтің педагогикалық бағытын үйрету. Нәтижесінде білім алушы кітапхананы педагогикалық жүйе ретінде қарауға дағдыланады, кітапхана қызметінің педагогикалық әлеуетін пайдалана біледі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 7
-
Шетелдегі кітапхана ісі
Пәннің мақсаты болашақ мамандарда шетелдік кітапханалар пайда болғаннан бастап ақпараттандыру дәуірінің басына дейінгі тарихы туралы түсінік қалыптастыру. Нәтижесінде студенттер шетелдегі кітапхана ісінің эволюциясын, жұмыс істеу ерекшеліктерін, кітапхана жұмысын жетілдіру тәжірибесін үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Глобальды және жергілікті тораптар мен жүйелер
Пәнді оқытудың мақсаты студенттерде ақпараттық желілер мен ақпарат беру жүйелерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу негіздері туралы түсініктерді қалыптастыру. Білім алушылар ақпарат беру желілері мен жүйелерін, олардың техникалық және бағдарламалық компоненттерін, компьютерлік желілер мен телекоммуникация құралдарын зерделейді, өздерінің кәсіби қызметінде қолданады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Халықаралық кітапханалық ынтымақтастық
Курстың мақсаты Халықаралық кітапханалық ынтымақтастықтың пайда болуы, қалыптасу тарихы мен қазіргі жағдайы, кітапханааралық байланысты дамыту бойынша біліммен қамтамасыз ету. Нәтижесінде студенттер ИФЛА, ЮНЕСКО, ФИД, ИСО т.б. халықаралық ұйымдардың қызметін біледі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ақпараттық мәдениет
Пәннің мақсаты студенттерде ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, деректерді, ақпараттарды тиімді қолдану, тарату, сақтау, өңдеу механизімдерін жетілдіру, ақпаратты және ақпараттық құралдарды тиімді қолдануға үйрету. Нәтижесінде болашақ мамандар ақпарттық мәдениетті игереді, маңызды ақпаратты айқындайды, оның құндылығын бағалауға машықтанады, ақпаратты өңдеу және оны қолдана алу дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кітапханалық-библиографиялық зерттеулер
Пәнннің мақсаты студенттерге ғылыми-зерттеу жұмысына қатысу үшін қажетті білім, білік және дағдылар кешенін меңгерту. Студенттер әдіснаманы, логиканы, кітапхана саласын зерттеуді ұйымдастыруды игереді, оқырмандардың кітапханалық-библиографиялық қызмет көрсету сапасы туралы пікірлерін, олардың кітапханаға деген қарым-қатынасын және кітапханалық қызметтерді және олардың даму үрдістерін талдау, халықтың кітапханалық қызмет түрлеріне сұранымын талдауды үйренеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кітапхананың жобалық қызметі
Курстың мақсаты кітапханалардың гранттық қызметінің пайда болуы мен қалыптасу тарихымен таныстыру, кітапхана ісіндегі инновациялық технологияларға оқыту. Нәтижесінде студенттер жобалық басқару негіздерін, жоба түрлерін талдауды, зерттеуді, өзін-өзі бағалау дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Абайтану
Курстың мақсаты Абайдың өмірбаяны мен шығармашылық мұрасын, Абай дәуірінің тарихи-мәдени және әдеби контекстін оқыту. Нәтижесінде білім алушы әдеби мәтіндердің көркемдік ерекшелігін зерттеуге, талдауға дағдыланады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Электронды ресурстар
Курстың мақсаты студенттерді кітапханадағы электрондық ресурстармен практикалық жұмыстың негізгі бағыттары мен формаларымен таныстыру. Білім алушылар электрондық ресурстар мен олардың құрылымын, желілік жергілікті және қашықтықтағы электрондық ресурстардың технологиялық жолдарын қарастыруды, жұмыс технологиясымен және қызмет көрсетуді ұйымдастырумен таныс болады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кітапханалардағы әдістемелік жұмыс
Курстың мақсаты студенттерді кітапханалардың әдістемелік қызметтерінің пайда болу және қалыптасу тарихымен таныстыру, кітапхана ісінде қолданылатын инновациялық технологияларды меңгерту, кеңес беру қызметіне дайындау. Оқу барысында студенттерде инновациялық-әдістемелік қызметтің мазмұны, негізгі аспектілері, әдістемелік мониторинг жүргізу, әдістемелік ұсынымдар жасау туралы түсінік қалыптасады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кітапхана қорын ұйымдастыру
Курстың мақсаты- әртүрлі типтегі кітапханалардың қорларымен жұмыс істеуге қабілетті маман дайындау, қорды ғылыми негізде жинақтау, ұйымдастыру және басқаруды игерту. Нәтижесінде болашақ мамандар кітапхана қорын жинақтауды, құжаттарды сақтау және қорды толықтыруды, үйренеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Электронды-кітапханалық жүйелер
Пәннің мақсаты-білім алушыларға ақпараттық iздестiру жүйесiн, ақпараттық iздестiру тiлiн, электрондық басылым, электрондық құжат, электрондық оқулық т.б. үйрету. Нәтижесінде студенттер түрлі электронды-кітапханалық жүйелерді игеріп, пайдаланушыларға қажет ақпараттарды жүктеуді меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кітапханалық-ақпараттық қызметінің менеджменті
Пәннің мақсаты студенттерді кітапхана қызметін ұйымдастыруға, басқаруға, менеджментті енгізуге дайындау, кітапхана-ақпараттық ұйымдардың басқару қызметін талдау дағдыларын меңгерту. Нәтижесінде студенттер кітапхананың материалдық, қаржылық және кадрлық ресурстарын басқарудың әдістерін игереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Балалар кітапханасының кітапханалық-ақпараттық қызметі
Пәннің мақсаты студенттерге балалардың зияткерлігіне және өзін-өзі тануына, өздігінен білім алуына ықпал жасауды үйрету. Оқу барысында болашақ маман балаларды оқуға, әлемдік және ұлттық мәдениетке баулуға, оқу және кітап құндылықтарын насихаттауға, балалардың қоғамның әлеуметтік-мәдени ортасына кірігуіне ықпал етуді меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Әлем кітапханалары мәдениет орталығы ретінде
Студенттерді әлемдік әдеби процестің даму ерекшеліктерімен таныстыру. Зерттелетін дәуірдің нақты тарихи жағдайларының ерекшелігін, әдеби процестің заңдылықтарын, зерттелетін әдебиеттің тарихи және көркемдік маңыздылығын ашу.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Кітапхана ісіндегі жаңа технологиялар
Пәннің мақсаты студенттерге қазіргі кітапхана жұмысында пайдаланушылардың сұраныстарын қанағаттандыру және оқуға тарту үшін ақпараттық және коммуникациялық технологияны пайдалану қажеттілігін көрсету. Нәтижесінде болашақ маман жаңа технологияны кәсіби сауатты пайдаланады, заманауи пайдаланушылардың қажеттіліктеріне сәйкес жауап беретін білім мен дағдыларды игереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Кітапхана ісін ұйымдастыру және басқару
Пәннің мақсаты-студенттерге кітапхана қызметін ұйымдастыру, жұмыс жүргізу және басқарудың териясы мен тәжірибесінің маңызды жақтары туралы кәсіби білім беру. Оқу барысында болашақ мамандар басқару теориясының әдіснамалық негіздерін, оның даму заңдылықтарын, кітапхана ісін басқарудың принциптерін, функцияларын, әдістері мен формаларын біледі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Философиялық және әлеуметтік-саяси білімнің негіздерін, Қазақстанның тарихи даму кезеңдерін, экономикалық теорияның бағыттарын, қызметтің әртүрлі салаларындағы базалық құқықтық білім мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты талдауға,орыс және шет тілдерін меңгеру дағдыларын үйретуге, дене шынықтыру деңгейін қолдай отырып, патриотизм мен азаматтық ұстанымды қалыптастыруға қабілетті және қаржылық шешімдер қабылдай алады кез-келген ортада физиологиялық ерекшеліктері бар тұлғаларға тең мүмкіндіктер мен қолжетімділікті қамтамасыз етеді
- Әлемнің ірі кітапханаларының мәліметтер базасын, ақпараттық жүйелерді пайдаланып кітапханалық-библиографиялық зерттеу жұмыстарымен айналысуға, кітапхана интерьерін, дизайнын жасауға қабілетті.
- Кітапхана жұмысын ұйымдастыру және басқаруға, маркетинг пен менеджментті енгізе отырып, заманауи ақпараттық технологиялар процестерін қолдану арқылы пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, гранттық жобаларды құруға қабілетті
- Кітапхана қорын құжаттармен толықтыруға, мұрағаттық және сирек құжаттарды ғылыми зерттеуге, қорды техникалық және ғылыми өңдеуге қабілетті
- Кітапхананың техникалық құралдарын пайдаланып, ақпараттық-кітапханалық қызметін, каталогын автоматтандыруға,жасанды интеллект негіздері әдеби мәтіндердің көркемдік ерекшелігін зерттеуге, жаңа технологиялармен жұмыс жасауға қабілетті.
- Ақпараттық, іскерлік мәдениетін, кәсіби этиканы қалыптастыра отырып, электронды ресурстарды, жасанды интеллект модельдерін қарастырып, оларды нақты мәселелерде қолдана алады іздеу жүйелерін және деректер қорын қалыптастыруға, өңдеуге, жіктеуге қатыса алады.
- Әртүрлі жастағы оқырмандардың жас ерекшеліктеріне қарай кітапханалық-ақпараттық іс-әрекеттерді ұйымдастыруға қабілетті.
- Шетел кітапханаларының жұмыс істеу ерекшеліктерін ескеріп, отандық стандарттарды сақтай отырып, кітапхана жұмысын жетілдіруге, кітапханалық-педагогикалық, библиографиялық кәсіби қызмет көрсетуге қабілетті.