Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M01510 Математика в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Бәсекеге қабілетті, сұранысқа ие, жалпы және кәсіби мәдениет деңгейі жоғары, өзін-өзі дамытуға қабілетті, қоғамның саяси, әлеуметтік-экономикалық және технологиялық дамуының инновациялық өзгерістері жағдайында әлеуметтік бейімделуге қабілетті білім беру және математика ғылымдар саласында біліктілігі жоғары ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M010 Математика педагогтерін даярлау
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M015 Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Анализдің фундамантальды сұрақтары
Басқару психологиясы
Математикалық білім беруді ақпараттандырудың талаптары мен технологиялары
Ғылым тарихы мен философиясы
Жоғары мектеп педагогикасы
Шетел тілі /кәсіби
Жасанды интеллектті оқытудың математикалық негіздері
Ассоциативті емес алгебралар
Математиканы оқытудың психологиялық және педагогикалық негіздері
Оқушылардың кеңістіктік ойлау қабілетін дамыту
Мектепте математиканы оқытудың мотивациясы
Жоғары оқу орындарында математикалық пәндерді оқыту
Компьютерлік томографияның математикалық есептері
Алгебра, геометрия және логиканың іргелі мәселелері
Стандарттық бағдарламалық есептерді шығару практикумы
Анықталған және еселі интегралдардың қолданылуы бойынша практикум
-
2 Оқу жылы
Математикалық әдістерді педагогика мен психологияда қолдану
Интегралдық есептеулердің қолданылуы бойынша практикум
Трансценденттік теңдеулер мен теңсіздіктер және оларды шешу әдістемесі
Математиканы оқыту үдерісінде логикалық ойлауды дамыту
Математиканың логикалық құрылымы
Алгебра және анализ бастамалары бойынша параметрлі трансценденттік теңдеулер мен теңсіздіктер
Экономика мен экологиядағы математикалық әдістер
Ғылыми-педагогикалық эксперимент нәтижелерін математикалық өңдеу
Математиканы педагогикалық және кәсіптік орта оқу орындарында оқыту
Модульдер және көріністер
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Ғылымның тарихы мен философиясы, Тіл білімі, жоғары мектеп педагогикасының заманауи методологиясы, басқару психологиясының жетістіктері, соның ішінде осы саладағы ең озық білім элементтері туралы білімдері мен түсініктерін көрсетеді және оларды кәсіби деңгейде қолданады; әртүрлі әлеуметтік жүйелерде мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде қарым-қатынас жасайды, сондай-ақ инклюзивті білім беруді қамтамасыз етеді.
- Алгебра, геометрия және логиканың іргелі сұрақтары туралы мәліметтерді жинақтай, сыни талдай, жүйелей және түсіндіре алады. Мәліметтерді, идеяларды, проблемалар мен оның шешімдерін білім алушыларға, мамандарға, келешек педагогикалық қызметінде әріптестеріне жеткізуге қабілетті болады.
- Математиканың теориялық және концептуалдық негіздерін, оның жалпы ғылымдар жүйесіндегі орны мен құндылықтарын, даму тарихы мен қазіргі жағдайын біледі. Математиканың іргелі пәндерінен алған білімдерін теориялық және ғылымы практикалық есептерді шығаруда қолданады.
- Физикалық, техникалық және басқа процесстердің математикалық модельдерін құруды және оларды шешу әдістерін біледі. Білім беру қызметінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады. Бағдарламалық қамтамасыз етуді және шешілетін кәсіби міндеттерді ескере отырып, оны пайдалану перспективаларын бағалайды.
- Жоғары оқу орындарымен орта мектептерде математиканы оқытуда дидактиканың принциптері мен әдістерін қолданады. Білім беру ұйымдарында пән саласының ерекшелігін ескере отырып педагогикалық қызметті жоспарлайды және жүзеге асырады. Кәсіби мәселелерді шешу үшін психологиялық және педагогикалық диагностика әдістерін қолданады. Білім беру стандартының талаптарына сәйкес білім алушылар үшін оқу-әдістемелік материалдарды әзірлейді. Кәсіби мәселелерді шешу үшін психологиялық және педагогикалық диагностика әдістерін қолданады.
- Қазіргі ғылымда қолданылатын математиканы зерттеу әдістерін меңгереді, олардың теория мен практикадағы мүмкіндіктерін түсінеді. Жасанды интеллект саласындағы міндеттерді шешу үшін математикалық әдістерді қолданады, деректерді талдау және өңдеу үшін машиналық оқыту алгоритмдері мен модельдерін пайдаланады. Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің нәтижелерін ЖИ әдістерін қолдана отырып математикалық өңдеуге дағдыланған
- Ассоциативті емес алгебралар, Алгебралық құрылымдардың көріністері бойынша игерген білімдерін осы теория обектілерінің қасиеттерін сипаттауға қолдана алады, оларға қатысты есептерді шеше алады, шешу әдістері мен тәсілдерін түсінеді. Зерттеу әдістерін меңгеріп, олардың қасиеттерін зерттеу дағдылары қалыптасады.
Ұқсас БББ
7M01510 Математика
Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті (Halyqtar dostyǵy)
7M01510 Математика
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
7M01510 Математика
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
7M01510 Математика
Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті (Halyqtar dostyǵy)
7M01510 Математика
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті