Жаңа білім беру бағдарламасы

7M01722 Орыс тілі мен әдебиеті в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Ғылым тарихы мен философиясының, педагогикалық деонтологияның негізгі бағыттарын біледі, психологиялық-педагогикалық және арнайы білімдерді интеграциялаудың механизмдері мен принциптерін көрсетеді, академиялық және кәсіби ортада қарым-қатынастың стратегиялары мен тактикасын меңгеруді көрсетеді; заманауи және инновациялық (оның ішінде цифрлық) оқыту технологиялары арқылы кәсіби қызметте жаңа білім мен дағдыларды өз бетінше меңгереді және пайдаланады.
  • Тіл білімі дамуының қазіргі салаларында білімдерін қолданады, тілдің қазіргі ғылыми ұғымдар жүйесіндегі орнын, тіл мен қарым-қатынастың байланысын түсінетіндігін көрсетеді, тіл білімі бойынша ұлттық және халықаралық мәліметтер базасымен жұмыс жасайды, жоғары оқу орындарында тіл сабақтарын (дәрістерден басқа), оқытудың белсенді әдістерін қолдана отырып, студентке бағдарланған оқыту және бағалау принциптерін ескере отырып, жүргізеді.
  • Әдебиеттану ғылымының қазіргі заманғы даму тенденциялары туралы білімін көрсетеді, синхрониялық және диахрониялық әдебиеттің негізгі заңдылықтарын өз бетінше зерделеу дағдыларына ие болады, әдебиеттану бойынша республикалық және халықаралық мәліметтер базасымен жұмыс істейді, жоғары оқу орындарында әдебиеттану пәнінен оқу сабақтарын (дәрістерден басқа), оқытудың белсенді әдістерін қолдана отырып, студентке бағдарланған оқыту және бағалау принциптерін ескере отырып, жүргізеді.
  • Орыс тілі мен әдебиетін оқытудың заманауи және инновациялық (оның ішінде цифрлық) технологияларын қолданады, білім, ғылым және инновациялардың интеграциясын ескере отырып, оқытылатын пәндер бойынша оқу-әдістемелік материалдарды әзірлейді, жасанды интеллектті қолдана отырып, ЖОО-да тілдік және әдебиеттану пәндерін оқытудың әдістемелік тәсілдерін, тұжырымдамаларын, технологияларын білу негізінде педагогикалық міндеттердің стандартты емес шешімдерін ұсынады.
  • Ғылыми зерттеу әдістемесін меңгергенін көрсетеді, бакалавриат студенттерінің зерттеушілік дағдыларын диагностикалайды, мамандық бойынша теориялық және практикалық білімді өз бетінше меңгеруге және жалпылауға, оларды сыни талдауға қабілетті, тіл білімі мен әдебиеттану саласындағы проблемалық мәселелерді анықтай алады, ғылыми түсінік пен зерттеуді талап ететін, студенттерде таңдаған мамандығына тұрақты қызығушылықты қалыптастырады.
Top