Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7R01109 Клиникалық фармакология в ҚМУ

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Дәлелді медицина принциптеріне негізделген медицинада, ғылымда және тәжірибеде озық инновациялық технологияларды қолдануға және дамытуға қабілетті клиникалық фармакология саласында терең білімі бар жоғары білікті мамандарды дайындау және қоғамның ұсынылатын медициналық қызметтер мен емдеу нәтижелерін жоғары сапада қажеттілігін қанағаттандыру.
  • Академиялық дәреже Резидентура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 140
  • Білім беру бағдарламаларының тобы R042 Клиникалық фармакология
  • Дайындық бағыты 7R011 Денсаулық сақтау

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Денсаулық сақтау ұйымдарында дәрілік заттарды пайдалануға бағалау жүргізу (АВС, VEN талдаулар, қажеттілікті талдау).
  • Науқастардың жасын (балалар, егде адамдар), физиологиялық (жүктілік, лактация) және патологиялық мәртебесін (жұтылу, бүйрек, бауыр жеткіліксіздігі) ескере отырып, науқастың жағдайына дәрілік заттардың әсерін болжау
  • Микробқа қарсы құралдарды пайдалануды жоспарлау және медициналық ұйымның инфекциялық бақылау мамандарымен бірлесіп антибиотикорезистенттілікті тежеу бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысу
  • Дәрілік заттарды ұтымды пайдалануға сараптама жүргізу және бағалау кезінде дәлелді медицина деректерін пайдалану
  • Науқастың өміріне қауіп төндіретін жағдайларда диагностика жүргізу және шұғыл көмек көрсету
  • Амбулаториялық, стационарлық науқастың электрондық медициналық картасында тексеру жазбасын ресімдеу және өз мамандығы бойынша медициналық құжаттаманы жүргізу.
  • Денсаулық сақтау ұйымының дәрілік формулярын әзірлеу.
  • Науқастың физиологиялық және патологиялық бейінін ескере отырып, дербестендірілген ұтымды фармакотерапия мәселелері бойынша медицина қызметкерлеріне консультациялық көмек көрсету
  • Тағайындалған дәрілік заттарды қабылдау (режимі, дозасы), олардың тамақ ішумен байланысы, ауру ағымының ерекшеліктері, аллергоанамнезі бойынша науқастарға кеңес беру
  • Біріктірілген фармакотерапияны тағайындағанда жағымсыз дәрілік реакциялар мен қауіпті дәрілік өзара әрекеттесулерді болжау және оларды болдырмау бойынша тиісті шаралар әзірлеу
  • Жаңа дәрілік заттардың клиникалық сынақтарын/ зерттеулерін ұйымдастыруға және жүргізуге, сонымен қатар бұрын пайдаланылатын дәрілік заттар мен медициналық технологияларды қайта бағалауға қатысу
  • Дәрілік терапияның тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалаумен науқастың мәселелерін белгілеу
Top