Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D01303 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

Пәндер

  • Ғылымиметрия негіздері

    Пәннің мақсаты: докторанттардың наукометрия әдістері туралы заманауи түсініктерін қалыптастыру, алынған білімдерді ғылыми және инновациялық қызметте, оның ішінде ғылыми жұмыстың нәтижелілігін бағалау және сапасын арттыру, сондай-ақ ғылыми мақалалар жазу және наукометриялық көрсеткіштерді талдау әдістерін меңгеру дағдылары мен іскерліктерін дамыту. Қысқаша сипаттама: «Ғылымиметрия негіздері» курсы «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын докторанттарға арналған. Ол педагогика мен психология саласында ғылыми зерттеулермен айналысатын докторанттарға наукометрия туралы білімді жүйелеуге бағытталған. Дәрістер барысында докторанттар ғылыми қызмет пен технологияларды өлшеудің негізгі әдістері, авторлар мен журналдардың наукометриялық көрсеткіштері, сондай-ақ осы көрсеткіштердің ғылыми білім мен ғылыми қарым-қатынас мәнімен байланысы туралы білім алады. Ерекше практикалық және теориялық зерттеулерде наукометрияны қолдануға, сондай-ақ ғылыми зерттеулерді жүргізу барысында тиімділікті бағалау мен шешім қабылдауға назар беріледі. Практикалық сабақтарда негізгі библиометриялық көрсеткіштер қарастырылады, нақты құралдарды пайдалана отырып есептеулер жүргізіледі, наукометрияның мүмкіндіктері мен шектеулері талқыланады, сондай-ақ ғылыми жарияланымдарды бағалаудың баламалы әдістері ұсынылады. Докторанттар ғылыми мақалаларды дұрыс рәсімдеуге және құрылымдауға, педагогикалық және психологиялық эксперименттердің нәтижелерін статистикалық өңдеу талаптарын зерттеуге, сондай-ақ Science Citation Index сияқты ғылыми іздеу үшін әмбебап құралдарды қолдануға үйренеді. Сабақтарда мақалаларды жариялауға журналдарды таңдау мәселелері (жыртқыш журналдар мен клон-журналдар!), шетелдік және қазақстандық журналдардың рейтингісі қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Академиялық хат

    Пәннің мақсаты - ғылыми жазу, жариялау қызметі және рецензиялау дағдыларын дамытуға бағытталған. Ғылыми мақалаларды құрылымдауға, сілтемелерді рәсімдеуге, дәлелдерге, халықаралық ғылыми басылымдардың стилистикасы мен талаптарына, тақырып таңдау, ақпарат іздеу, жазылым үдерісі, сыни ойлау, зерттеу әдісі, гипотеза және оны құру, мәліметтерге талдау жасау, кіріспені, негізгі бөлімдерді, қорытындыны жазу, сондай-ақ академиялық жазу мен рецензиялау этикасына ерекше назар аударылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеу әдістері және жасанды интеллектіні қолдану мүмкіндіктері

    Пәннің мақсаты: ғылыми зерттеу жүргізу үшін қажетті әдіс-тәсілдерді, ғылыми білімнің негіздерін және жасанды интеллектіні (ЖИ) қолдану тәсілдерін үйретуге бағытталған. Дәріс сабақтарында педагогикалық-психологиялық зерттеулердің құрылымын және қағидаларын, ғылыми зерттеу әдістерінің теориялық аспектілерін және ЖИ-дің негізгі концепциялары мен алгоритмдерін,. машиналық оқыту, нейрондық желілер, табиғи тілдерді өңдеу сияқты ЖИ салаларымен таңыстыру. Практикалық сабақтарда докторанттар ғылыми зерттеу әдістері нәтижесін өңдеу ерекшеліктерімен таңысады. Сабақ барысында докторанттар бақылау бағдарламасын, тәжірибесін жасап, ғылыми зерттеу әдістерін апробациялауды құрастырып, таңдаған әдістердің тиімділігін және оптималдығын дәлелдеуді үйренеді және ЖИ құралдарын пайдаланып, ғылыми зерттеу жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беріледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Бастауышта білім берудің философиясы мен әдіснамасы

    Пәннің мақсаты: докторанттарды бастауышта білім берудің философиясы мен әдіснамасының қалыптасуымен, даму векторларымен таныстыру. Қысқаша мазмұны: Ғылым әлеуметтік институт ретінде: құрылымы мен функциялары. Ғылымның қоғаммен, ғалымның әлеуметтік жауапкершілігімен байланысын анықтау. Бастауыш білім беру философиясы мен методологиясы мен қалыптасуы мен даму векторлары. Педагогикалық категория ретіндегі «білім мазмұны» ұғымының мән-мағынасы мен көлемі. Негізгі компоненттердің (білім, білік және дағды, іс-әрекет тәсілдерінің орындалуы, креативтік іс-әрекет тәжірибесі, іс-әрекетке, өз ісіне, өз іс-әрекетіне сезімдік-мазмұндық қарым-қатынас) сипаттамасы. Білім мазмұнын қалыптастыру деңгейлері және олардың сипаттамалары. Білім мазмұны оқытудың мақсаты, нәтижесі, объектісі және құрал ретінде. Бастауыш сынып мұғалімнің жалпы педагогикалық дайындығының мазмұны. Мемлекеттік стандарттар. Оқу жоспары.Типтік оқу бағдарламалары. Бастауыш мектептің оқу пәндері жиынтығы. Бастауыш білім беру мазмұнының қажеттілігі. Отандық білім беру сапасының әлемдік білім беру сапасынан айырмашылығы.Оқыту сапасын арттыруда білім беру үдерісі. Бастауыш білім беру деңгейінде 1-4-сынып оқушыларын оқытудың негізгі міндеттері. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық TIMSS, PIRLS бағдарламалары.«Тіл және әдебиет» білім саласы (Әліппе, ана тілі, қазақ тілі, әдебиеттік оқу, орыс тілі, шетел (ағылшын) тілі. «Адам және қоғам» білім саласы.«Дене шынықтыру» білім саласы.«Өнер» білім саласы.«Математика және информатика» білім саласы.«Жаратылыстану» білім саласы.Педагогикалық үдерістегі жаңа инновация. Педагогикалық оқыту технологияларының ерекшеліктері. Педагогикалық оқыту технологияларының түрлері. Психология, педагогика ғылымдарында сыни ойлаудың маңызы. Оқушылардың сыни ойлау дағдысын дамытудың халықаралық және отандық тәжірибесі. Инклюзивті білім беру туралы жалпы түсінік. Инклюзивті білім берудің мақсаттары мен міндеттері. Бастауыш білім беру мазмұнында инклюзивті білім беруді жүзеге асыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жоғары мектептің білім беру үдерісіндегі сандық технологиялар

    Пәннің мақсаты: сандық білім беру жағдайында жас ғалымдар мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, жоғары білім берудегі білімнің, ғылыми жетістіктердің, техниканың белгілі бір аймағында қойылған мақсатқа жету бағытында ұйымдастырылған, жоспарлы күйде тұрақты жүзеге асырылатын білімді, біліктілік және дағдыларды меңгеру. Қысқаша сиапттама: педагогикалық ақпараттарды талдау және оны қорыту АКТ-ны пайдалану бойынша ақпараттық сауаттылығын, білімділігін және ақпараттық қабілеттіліктері, АКТ-ны пайдалану іс-әрекетінің қарапайым бейімделушілік, іс-әрекеттік-ізденушілік, жүйелік-шығармашылық деңгейлері, АКТ-ны пайдалану қызметі үздіксіз білім беру аясында шығармашылықпен жұмыс жасау қабілетін қалыптастыруға негізделген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Жоғары оқу орындарында зерттеу іс-әрекетін ұйымдастыру

    Пәннің мақсаты: зерттеу іс-әрекетін жоғары оқу орнының білім беру үдерісінің құрамды бөлігі ретінде зерделеу. Қысқаша мазмұны: Зерттеу іс-әрекеті жоғары оқу орнының білім беру үдерісінің құрамды бөлігі ретінде.Білім алушыларды кәсіби даярлау үдерісінде зерттеу іс-әрекетін ұйымдастырудың теориялық негіздері. Білім алушылардың зерттеу іс-әрекетін ұйымдастырудың әдіснамалық тұғырлары.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Болашақ бастауыш білім мамандарын дайындаудың кәсіби құзыреттілік тұғырлары

    Пәннің мақсаты- докторанттарда ҚР білім беру жүйесінің құзыреттілік тұғырды жүзеге асыру жолдары туралы, құзыреттілік тұғырдың даму тарихы туралы, құзыреттілік тұғырдың мәні туралы теориялық және практикалық білімді қалыптастыру. Қысқаша мазмұны: Заманауи әлемдегі құзыреттілік амалдардың дамуының негізгі тұжырымдамалары. Әлемдік педагогикалық ғылым мен ҚР құзыреттілік амалдардың даму тарихы. Болондық үрдістің талаптары Құзыреттілік амалдардың дамуында халықаралық ұйымдардың қызметтік бағыты. Негізгі әдіснамалық амалдардың сипаттамасы: жүйелілік, біртұтастық, аксиологиялық, акмеологиялық, тұлғаға-бағдарланған, іс-әректтік, мәдениеттанушылық және т.б. Аталмыш амалдардың құзыреттілік амалды қамтамасыз етудегі орны мен маңызы.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін сыни тұрғыдан ойлау тұрғысынан даярлауға қойылатын негізгі талаптарды біледі және білім беру бағдарламаларын талдайды.
  • Педагогикалық білім беру жүйесімен байланысты өзінің ғылыми-педагогикалық қызметінің стратегиясын анықтайды, басқару қызметінің құрылымындағы күрделі шешімдерді моделдейді және әзірлейді, зерттеу нәтижелерін жариялайды.
  • Педагогикалық эксперименттік ғылыми зерттеулер жүргізеді, талдайды және олардың қорытындысын шығарады; зерттеу мәліметтерін математикалық өңдеу әдістерін меңгереді.
  • Зерттеу жұмысын ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптарды біледі, педагогикалық зерттеу нәтижелерін түсіндіре біледі, ғылымның қазіргі ағымдарын талдай алады.
  • Тұлғаны оқыту, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін шешу үшін педагогикалық сүйемелдеу бағдарламаларын, әдістемелік материалдарды дербес әзірлейді.
  • Қазақстан Республикасында және әлемде педагогикалық зерттеулердің қазіргі тенденциялары, педагогикалық ғылымның даму бағыттары мен заңдылықтары туралы білімдерді меңгереді және кәсіби қызметті оңтайландыруға теориялық-әдіснамалық тәсілдемелерді жүзеге асырады.
  • Білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық, оқу-әдістемелік құжаттар туралы білімдерін қолданады; халықаралық білім берудің педагогикалық тұжырымдамалары мен білім беру стратегияларын талдайды.
  • Академиялық мәтіндердің құрылымдық ерекшеліктерін және оларды рәсімдеуге қойылатын талаптарды ажыратады.
  • Бастауыш білім беру мәселелерін кәсіби және академиялық ортада білікті талқылайды, қорытындыларды дәлелдейді, өз білімі мен жетістіктерін әріптестеріне, ғылыми қоғамдастыққа және кең жұртшылыққа хабарлайды.
  • Өзіндік бірегей зерттеулерді жүзеге асыра отырып, ұлттық немесе халықаралық деңгейде жариялануы мүмкін ғылыми саланың шекарасын кеңейтеді.
  • Бастауыш білім беру мазмұнын ескере отырып, жаңа курстар әзірлейді және оларды оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз етеді, қазіргі ғылыми зерттеулердің нәтижелерін анықтайды.
  • АКТ-ны пайдалану және ғылыми зерттеу мәдениетін көрсетеді.
Top