6B03270 Журналистика в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Өңірлік және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарына қоғамды шынайы ақпаратпен қамтамасыз етіп, оны оперативті түрде ұсына алатын, сонымен қатар жаңа медиа талаптарына сай, медиасауаттылық пен журналист этикасы қағидаларын меңгерген әмбебап, бәсекеге қабілетті, еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіби білікті мамандар даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B042 Журналистика және репортер ісі
-
ҰБТ-дағы пәндер Шығармашылық емтихан және Шығармашылық емтихан
-
Білім беру саласы 6B03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат
-
Дайындық бағыты 6B032 Журналистика және ақпарат
Пәндер
-
Мамандыққа кіріспе
Пәнді оқытудың мақсаты - мамандыққа қызығушылықты арттыру, кәсіби білім алудың заманауи әдістеріне сай дүниетанымын қалыптастыру. Мерзімді басылымдар мен телерадио туралы тұтас көзқарас қалыптастыру және қажетті білім мен дағдыларды игерту.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Қазақ журналистикасының тарихы
Пәннің мақсаты - қазақ баспасөзінің тарихын ұлт тарихымен байланыста қарастыра отырып, алғашқы газет-журналдардан бастап, тәуелсіздік жылдарына дейінгі жарық көрген басылымдар жайлы толыққанды ақпарат беріп, әр кезеңде шыққан газет-журналдардың бағыт-бағдарына, қоғамда атқарған рөлі, тұрақты айдарлары мен арнаулы беттері, публицистикалық мақалаларына бүгінгі күн көзқарасы тұрғысынан талдау жасау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі
Пәннің мақсаты – білім алушыларды еңбек қызметі мен күнделікті өмірде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге дайындау. Бұл еңбек қауіпсіздігі негіздерін, жұмыс орнында жарақаттар мен кәсіптік аурулардың алдын алу, сондай-ақ әртүрлі төтенше жағдайлар, табиғи және техногендік апаттар жағдайында адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін зерттеуді қамтиды. Білім алушылар өндірістік және тіршілік әрекеті жағдайларында өмірді, денсаулықты және қоршаған ортаны қорғау үшін қажетті білім мен практикалық дағдыларды меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Қазіргі журналистиканың жанрлық түрі мен қызметі
Пәннің мақсаты - студенттерді публицистика жанрлары және пішіндерімен, оларға қойылатын талаптармен, жазылу әдіс-тәсілдерімен, өзіндік ерекшелігімен, сипаттарымен таныстыру. Жанрлардың пайда болу тарихынан хабардар етіп, публицистика жанрларының тілдік, стильдік ерекшелiктерiн меңгерту. Жазу машығын қалыптастыра отырып, үйрету.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Зерттеу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің себептері, алғы шарттары, негізгі әдістері мен формалары қарастырылады. Курс барысында қазіргі қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері қаралады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, адамгершілік-этикалық әдістері мен нысандары талданады. Құзыреттілікті меңгерген болашақ мұғалімдер: - сыбайлас жемқорлықтың себептері мен түрлерін, оның қоғамға тигізетін әлеуметтік және экономикалық зиянын түсініп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі әдістері мен формаларын меңгерген; Бұл білім оларды құқықтық сана мен азаматтық жауапкершілікке үйретеді. - Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жолдарын біледі және бұл құндылықтарды оқу-тәрбие үдерісіне кіріктіре алады. Мұғалім оқушылардың әділдік, адалдық, жауапкершілік сияқты адамгершілік қасиеттерін дамытады. - Сыни тұрғыдан ойлай отырып, сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты құқықтық, моральдық және әлеуметтік мәселелерді талдай алады, оқушыларды заңға бағыну мен парасатты азамат болуға тәрбиелейді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Экология және тұрақты даму
Пәннің мақсаты-табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды, қоршаған ортаны қорғауды және қоғамның әлеуметтік және экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыруды ескере отырып, тұрақты даму принциптерін түсіндіру. Курс Экологияның негізгі заңдарын, табиғи ресурстардың сарқылуын, климаттың өзгеруін, қоршаған ортаның ластануын, қалдықтар мәселелерін және басқа да экологиялық мәселелерді қарастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Қаржылық сауаттылық негіздері
«Қаржылық сауаттылық негіздері» пәні білім алушылардың жеке және отбасылық қаржы саласындағы базалық білімі мен практикалық дағдыларын қалыптастыруға, сондай-ақ жеке бюджетті, жинақтарды, кредиттер мен инвестицияларды басқаруға жауапкершілікпен қарауды дамытуға бағытталған. Курсты оқу күнделікті өмірде және кәсіби қызметте ұтымды қаржылық шешімдер қабылдау үшін қажетті тұрақты қаржылық әдеттерді дамытуға ықпал етеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Телерадиожурналистика
Пәннің мақсаты - студенттерге қоғамдағы тележурналистиканың алатын орны, ақпараттық қызметі, принциптері мен негізгі тиімді шарттарын үйрету. Тележурналистика қызметінің ерекшеліктерін, мемлекеттің қоғамдық-саяси дамуындағы тележурналистиканың жалпы теориялық заңдылықтарын, телерадиожурналистикадаға алғашқы ұлттық хабарлар мен телепублицистердің шығармашылық шеберлігін, тележанр табиғатын тануды меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Публицистикалық шығармашылық негіздері
Пәнді оқытудың мақсаты - қазақ публицистикасының қалыптасу, даму арналарымен таныстыру, публицистиканың алғашқы бастаулары, шығармашылық даралық ұғымы, публицистиканың тақырыбы мен негізгі бағыттары, жанрлық, пішіндік ерекшеліктері туралы мағлұмат бере отырып, белгілі публицистер шығармашылығын жанрлық тұрғыдан талдауға үйрету.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Экономика және кәсіпкерлік
Пәнді оқытудың мақсаты: Білім алушыларға болашақ кәсіби қызметіне байланысты экономикалық білім беруге, талдау дағдыларын және негізделген экономикалық шешімдер қабылдау қабілетін дамытуға бағытталған. Курстың бір бөлігі ретінде студенттер өздерінің қызмет салаларында қолданылатын экономика мен кәсіпкерліктің негізгі принциптерін меңгереді. Олар сондай-ақ экономикалық жағдайларда негізделген және тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін аналитикалық және кәсіпкерлік дағдыларды дамытады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Құқық негіздері
Пәннің мақсаты: құқықтың негізгі ұғымдары мен принциптерін түсінуге бағытталған. Бұл пән құқықтық білім мен қоғамдағы құқықтық реттеудің негіздерін түсіндіре отырып, олардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруды көздейді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қоғаммен байланыстың жаңа технологиялары
Пәннің мақсаты - студенттерге жаңа медиа талаптарына сәйкес қоғаммен байланыстың заманауи әдіс-тәсілдерін, оның қолдану ерекшеліктерін меңгерту, паблик рилейшнздің пайда болу тарихымен, коммуникациялық ортадағы тиімділігімен таныстыру, сонымен қатар ақпаратты басқару, оны жарнамалық әдіспен мультимедиалық нұсқада ұсыну тәсілдерін үйренеді, имиджмейкинг, брендинг, лоббилік қызмет маңызын жан-жақты түсіндіру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Журналистің сөйлеу мәдениеті мен техникасы
Пәннің мақсаты - тіл мәдениетіне қатысты еңбектермен, шығармалармен білім алушыларды жүйелі таныстыра отырып, шешендік сөздегі сөз тапқырлығын, сөзді астарлап, әр ойды анық жеткізудің тәсілдерін, жеткізілетін ойдың көркемдік бояуын сақтауды үйрету және журналистің кәсіби этикасы мен міндеттерін, тіл тазалығын жан-жақты меңгерту.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Телерадиохабар дайындаудың технологиясы
Пәнді оқытудың мақсаты - студенттерге телерадиохабар дайындаудың ерекшеліктерін, телерадионың даму кезеңдері мен қазіргі цифрлық арналар ерекшелігін, телерадиохабар әзірлеудің шығармашылық процесін, жанрлар мен пішіндерді, журналистің еңбек қарым-қатынастарын реттейтін кәсіби-этикалық ережелер және қағидаларды, телерадиожурналистиканың қазіргі теориялық мәселелерін үйрету.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Масс-медиа және PR
Пәннің мақсаты - БАҚ-тағы PR-дың ерекшелігі, жарнаманың теориялық маңызы, жарнаманың қоғамда алар орны, PR-дың негізгі функциялары мен принциптері, БАҚ-тың типологиясын түсіндіріп, БАҚ-тағы жарнама жүйесінің өзіндік ерекшеліктерін, маңызын, Қазақстандағы қазіргі бұқарамен байланыс жүйесінің теориялық аспектілерін игерту.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
БАҚ Заңнамасы және этика
Пәннің мақсаты - студенттер құқықтық сауаттылықты меңгере отырып, бұқаралық ақпарат құралдары сүйенетін негізгі принциптер мен міндеттерді, сөз бостандығының жүзеге асырылуын, ҚР Конституциясын, ҚР БАҚ туралы заңын, авторлық және сабақтас құқық жөніндегі заңдарымен таныстырып, теориялық білімді меңгерту, үйрету.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Телерадиодағы журналистік зерттеу
Пәннің мақсаты - студенттерге телерадиожурналистикадағы журналистік зерттеудің қалыптасуын, аталған тақырыптағы бағдарламалардың ерекшелігі аудиторияға өтімділігін, журналистік шеберлік пен ақпаратқа қол жеткізудің әдіс-тәсілдерін үйрету, болашақ журналистердің кәсіби дағдыларын қалыптастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Бұқаралық ақпарат құралдарының тілі мен стилі
Пәнді оқытудың мақсаты - қазіргі теле және радио бағдарламаларында қолданылатын әдеби тілдің түрлі функционалдық стильдерін, оның тілдік құралдарын норма талаптарына сай пайдалануды меңгерту. Сондай-ақ ақпараттық, талдамалы, көркем публицистикалық жанрларда материалды сауатты дайындауды үйрету.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Әдебиет және журналистика
Пәннің мақсаты - әдебиеттану мен журналистика ғылымының зерттеу нысаны, негізгі салалары мен жанрлары, басты теориялық қағидалары мен ұғымдары туралы түсінік беру. Көркем шығарманың тақырыбы мен идеясы, образдар жүйесі, өлең құрылысы мен табиғаты, сюжет пен композиция ұғымдарымен таныстыру, әдеби шығарманың көркемдік, жанрлық және стилдік ерекшеліктері, суреткер шеберлігі туралы ұғым қалыптастыру. Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің, публицистер мен журналистердің шығармашылығымен танысу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Журналист этикасы
Пәнді оқытудың мақсаты - болашақ журналистердің білім-білігін, оның ішінде мемлекеттік заңдылықты және этиканы іс жүзіне асырылуын, дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Білім алушыларға кәсіби этика мәселелерін, оның нақты өмірмен байланысын үйрету. Тіпті халықаралық журналистика заңдылықтарынан да хабардар ету. Тіл мәдениетіне қатысты шешендік сөздегі сөз тапқырлығын, сөзді астарлап, әр ойды анық жеткізудің тәсілдерін, жеткізілетін ойдың көркемдік бояуын сақтауды үйрету. Тіл тазалығын қалыптастыруды жан-жақты меңгерту.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Сыр өңірі журналистикасының тарихы
Пәнді оқытудың мақсаты - аймақтық журналистиканың қалыптасуы мен даму тарихынан, тәжірибесінен мәлімет ала отырып, алғашқы жарық көрген бұқаралық ақпарат құралдарының бағыттары, көтерген тақырыптары және ондағы публицистер шығармашылығымен таныстыру. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы өңірлік ақпарат құралдарының шығармашылық ізденістері мен тақырыптық, жанрлық ерекшеліктерін сараптауды үйрету.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Журналистиканың құқықтық негіздері
Пәннің мақсаты – БАҚ материалдарын дербес құқықтық талдаудың негізгі дағдыларын меңгеруді үйрету. Нарықтық экономиканың дамуын ескере отырып, БАҚ-тың құқықтық базасы үшін қажетті білім беру. БАҚ саласындағы дербес шешім қабылдауға және құқықтық білімді тереңдетуге бағдарлау.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Мультимедиалық журналистика және ЖИ
Пәнді оқытудың мақсаты - болашақ журналистер мультимедиалық құралдарды қолдана отырып, дәстүрлі редакция мен интернет журналистиканың ара жігін ажыратуды, ақпараттық-коммуникациялық технология, ақпараттық бәсекелестік заманындағы сандық журналистиканың маңызын, сандық журналистика мен шығармашылық ізденіс үйлесімін жан-жақты түсінеді. Жасанды интеллект мүмкіндіктерін журналистиканың барлық салаларында қолдануға жан-жаөты машықтанады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазіргі қазақ публицистері
Пәннің мақсаты - студенттерді бүгінгі қазақ публицистерінің шығармашылық шеберханасынан хабардар ете отырып, оларды тақырып қоюға, оқиғаны суреттеуге, талдауға, болжам жасауға, қоғамдық үдеріс пен оқиғаны бағалау мен зерттеуге, белгілі бір саланы таңдау және нақты жанрларға бейімделу секілді шығармашылық дағдыларды үйрету.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
3D технология және анимация жасау
Пәннің мақсаты - 3D модельдеу негіздерін зерделеуді үйретеді, ғылыми-техникалық және шығармашылық әлеуетін дамытады, білім алушылардың шығармашылық және дизайнерлік қабілеттерін шыңдайды және заманауи технологиларды игереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Телерадиохабар дайындаудың тәжірибелік курсы
Пәнді оқытудың мақсаты - студенттерге телеорталықтың мақсат-міндеттерін, қызмет көрсету аясын, түрлі техникалық бөлімдердің жұмыстарын түсіндіру, тележурналиске қажетті кәсіби істерге баулу, шығармашылық топтарға бөлініп, хабар жасаудың технологиялық ерекшелігімен таныстыру. Сценарий жазу, студия ішінде жұмыс істеу, хабарға қатысушыларды дайындау, жүргізуші және диктор қызметтерін атқару, редактор, оператор, режиссер, комментатор, жарық қоюшы және т.б. қосалқы топтардың міндеттерін біліп, оларға қойылатын талаптарды үйрету.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Медиаменеджмент
Пәнді оқытудың мақсаты - менеджмент және маркетинг ұғымымен, олардың тарихы мен теориясымен, тәжірибесімен, журналистиканы басқарудың тетіктерімен, редакция және баспа маркетингі, экономика дамуындағы журналистиканың рөлі және тағы басқа негізгі ұғымдармен жан-жақты таныстыру, тәсілдерін үйрету. Басқарудың заманауи әдістерін меңгеруге дағдыландыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Салалық журналистика
Пәннің мақсаты - мәдениет, өнер, спорт, ауылшаруашылық, экономика, құқық саласындағы журналистиканың өзіндік орнын тани отырып, білім алушыларды белгілі бір салаға бейімдеу. Салалық журналистикада жиі жазылатын жанрлар мен қазіргі пішіндік өзгерістерден хабардар болады, үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу
Пәннің мақсаты - білім алушыларға "100 жаңа оқулық" аясында аударылған кітапты негізге ала отырып, дәстүрлі және жаңа медиада мәтін жазудың шетелдік тәжірибесін меңгерту, мәтін жазу ерекшеліктеріне талдау жасауды үйрету, редакциялаудың отандық және шетелдік үлгісімен таныстыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Медиасауаттылық негіздері
Пәннің мақсаты –ақпаратты сауатты тұтыну және талдау жасау дағдыларын игерту, жалған ақпарат пен шынайы ақпаратты ажырата білу жолдарын үйрету, өздері тұтынатын ақпарат көздерінің сенімділігін саралай алатын, мәлімет іздейтін кезде сенімді дереккөздерге сүйенудің маңыздылығын көрсету, манипуляцияға жол бермеу, түрлі фейктердің арбауына түспеу үшін қажетті құзіреттерді қалыптастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Заманауи Web-технологиялар
Пәннің мақсаты - WEB сайттарды жобалау этаптары мен принциптерін игеру және мәселенің шешілу жолдарын программалық құралдар көмегімен анықтай білу; HTML тілімен танысып, кілттік сөздер мен тэгтердің қолданылу мақсаттары мен қызметін практикалық тұрғыда толық меңгеру; JavaScript сценарийлерін WEB сайт әзірлеуде тиімді пайдалануға үйрену; WEB сайттарды құру, оларды серверлерде жариялау мақсаттарында жаңа программалық құрылғыларды тиімді қолдана білу.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазіргі баспа ісі және әдеби редакциялау
Пәннің мақсаты - студенттерді баспа ісінің ерекшелік сипаттарымен таныстыру, баспа өнімдерін әзірлеу мен басып шығару технологиясын үйрету, қазіргі баспалар жайында түсінік беру. Сондай-ақ. түрлі функционалдық стилдерге тән тілдік құралдарды норма талаптарына сай дұрыс қолдана білуді меңгерту және мәтіндерге әдеби редакциялау жүргізу жұмысының әдістемесін үйрету.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әлеуметтік медиа
Пәннің мақсаты - адамдарға ақпарат алмасу және тұтыну арқылы бір-бірімен өзара әрекеттесуге мүмкіндік беретін веб-байланыс құралдарын білім алушыларға кеңінен түсіндіру, олардың ақпарат ұсынатын негізгі көздерімен таныстыру, медианың әлеуметтік құбылыс екендігін айқындау.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Веб-технология негіздері: сайттар, қосымшалар және интерфейстер
Пәннің мақсаты - білім алушылардың cандық қорды пайдалану негізінде ғылыми-әдістемелік потенциалын дамыту, білім алу сатысында графикалық бейнелеу, мультимедиалық, бейне және дыбыс бөлімдерінің бағдарламасы бойынша алатын жаңалықтарды іске асыруға көмектесу.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Шетел журналистикасы
Пәнді оқытудың мақсаты - әлемдік баспасөз, радио, телевидение, ақпарат агенттіктерінің тарихын қамти отырып, шетел журналистикасының табиғаты мен өзіне тән ерекшеліктерін, құрылымдық сипаты мен бейнелеуші құралдары жайында толыққанды мәлімет беру, шетел журналистикасының қазіргі теориялық мәселелерімен таныстыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Деректі фильм жасау технологиясы
Пәннің мақсаты – деректі фильм жасау технологиясы, оған тән басты ерекшеліктерді үйрету. Деректі фильмнің қалыптасуы мен даму кезеңдері, шетелдердегі және отандық деректі фильмдер туралы мағлұмат беру. Деректі фильмдердің шығуы, дамуы, бүгінгі күнге дейін жарық көрген деректі фильмдердің тарихын, тәжірибесін, даму жолдарын кезеңдік тұрғыдан қарастырып, киномотографистердің шығармашылық шеберханасындағы болашақ журналистерге үлгі боларлық, тағылым аларлық дүниелерді насихаттау және игеру әдіс-тәсілдерін меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Маркетинг стратегиясы
Пәннің мақсаты – маркетинг старегиясындағы редакция мақсаттары мен оның әлеуетті мүмкіндіктерін және нарықтың мүмкіндіктері арасындағы стратегиялық сәйкестікті қалыптастыру, оны бір қалыпта ұстап тұрудың әдіс-тәсілдерін меңгеру. Маркетингтегі стратегиялық жоспарлаудың ерекшеліктері және міндеттерін біле отырып, редакциядағы стратегиялық жоспар өңдеу салаларын сараптай алады. Редакцияның мақсаты мен миссиясын орындау үшін маркетинг стратегиясындағы қолданатын үлгілерді игереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Телерадиодағы руханият мәселелері
Пәннің мақсаты - телерадиожурналистикадағы рухани мұраны насихаттауды үйрету, телерадиобағдарламалар даярлаудың тәсілдерін үйрету, ақпараттық, ойын-сауықтық бағдарламалар жүргізуге бағыт беру, ток-шоу хабарларының ерекшелік сипаттарын игерту, телехабар даярлау технологиясын, сөйлеу мәдениетін меңгерту, телерадиожурналистика үшін бағдарлама даярлайтын, өңдейтін және тарата алатын мамандардың біліктілігін қалыптастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Телерадиодағы шығармашылық мамандықтар
Пәннің мақсаты - телерадиожурналистика саласының теориялық негіздері мен тәжірибелік дағдыларын, телерадиожурналистиканың жанрлары мен пішіндерінің ерекшеліктерін, құрылымдық сипаты мен жұмыс жүйесінің шығармашылық тәсілдерін және телерадиодағы түрлі шығармашылық мамандықтардың ерекшеліктерін жан-жақты игерту.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Жарнама және маркетинг
Пәннің мақсаты - жарнамалық маркетингтік қызмет туралы түсініктерді игеру, жарнама нарығының негізгі субъектілерінің құрамын, олардың функциялары мен өзара іс-қимыл ерекшеліктерін зерттеу. Жарнамалық қызметі, жарнама және маркетингтін байланысы, бизнес-жоспарды құру және оны жылжыту оқу моделінің мысалында маркетингтік қызметі. Графиканың жарнамалық техникасының әдістері мен техникасын толық меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Подкаст жасау технологиясы
Пәннің мақсаты – білім алушыларды Қазақстандағы подкастинг, оның қалыптасу және даму жолы туралы ақпараттандырып, подкаст ұғымын, подкаст нарығын, подкаст жасау әдістерін түсіндіріп, қайда және қалай жазуды және жариялауды меңгертіп, тақырып таңдау, трейлер ойлап табу тәсілдерін үйретеді. Студенттер подкасттың коммуникациялық және технологиялық қырларын біліп, оның мазмұндық және техникалық мүмкіндіктерін сараптауды үйрену білігін қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Тілдік қарым-қатынас теориясы
Пәннің мақсаты - коммуникациялық құралдардың негізгісі - тілдік қарым-қатынас жасаудың ерекшеліктерін меңгерту, оның типтерін ажырата білу. Тілдік қарым-қатынас жасаудың басты ережелерін түсіндіру арқылы ортада дұрыс сөйлеуге баулу және сауатты сөйлем құрауды үйрету. Тілдік нормаларды меңгертуді көздейді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Тікелей эфир табиғаты
Пәннің мақсаты - телерадиожурналистиканың жанрлық ерекшеліктерімен таныстырып, тікелей эфир ерекшелігін, қойылатын талаптарды меңгерту. Телерадио бағдарламаларының дайындалуымен танысып, болашақ журналистерді мамандыққа бейімдеу мақсатында практикалық (семинар), лабараториялық (тәжірибелік) сабақтарда әртүрлі шығармашалық тапсырмалар бере отырып, тікелей эфирде жұмыс істеуді үйренеді. Эфир этикасы мен сөйлеу шеберлігін қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Талдамалы журналистика
Пәннің мақсаты – студенттерді қоғам дамуының практикалық және теориялық мәселелерімен тығыз байланыстағы өзекті қоғамдық құбылыс, оқиға, үдеріс, жағдай, қоғамдық-саяси бағыттағы ақпарат құралдарын түрлі қоғамдық, саяси топтардың, бірлестіктер мен партиялардың көзқарасын жеткізуші ретінде қарастыра отырып, себептерді анықтау, оқиға дамуының және өзгерісінің жағдайын түсіндіруге тәрбиелеу
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Ақпараттық сауаттылық негіздері
Пәннің мақсаты – ақпараттық сауаттылық туралы ұғым қалыптастыру, фактчекинг туралы түсінік беру, әр түрлі коммуникация құралдарындағы және әлеуметтік желідегі ақпараттың мазмұнын, оқиға мен құбылыстардың берілуін сыни тұрғыда қабылдауға үйрету, жалған, шынайы ақпаратты ажырату жолдарын меңгерту.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Мультимедиалық және конвергентті журналистика
Пәннің мақсаты - болашақ журналистерге дәстүрлі редакция мен конвергентті журналистиканың ара жігін ажыратуды, сандық журналистика мен шығармашылық ізденіс үйлесімін түсіндіреді, журналистиканың барлық салаларына мамандануға баулиды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Телевизиядағы ұлттық хабарлар
Пәннің мақсаты – ақпараттық дәуірде телеарна арқылы мемлекеттің ұлттық саясатының аумақтық мәселесін насихаттауда ұлттық нақышымызды дәріптейтін хабар жасау тәсілдерін үйрету. Теледидар экономикалық, саяси және мәдени мәселелерді насихаттауда ұлттық ерекшеліктерді басты назарда ұстау қажеттігін, қоғамдық теледидар құру, әлемнің ұлттық бейнелерін көрсететін теледидар модельдерін жасаудың маңызын түсіндіру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бұқаралық коммуникация және халықаралық қатынас
Пәннің мақсаты - халықаралық қатынастарға терең талдау жасауды үйрету, шетелдік басылымдардың тәжірибесімен танысып, халықаралық қатынастарға ғылыми көзқарас қалыптастыруды меңгерту. Халықаралық тақырыптарда материал дайындауды үйренеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылыми-танымдық журналистика
Пәннің мақсаты - білім алушыларды қазақ журналистикасы тарихындағы ғылыми басылымдардың тарихы, ерекшелігі, тақырыптық өзгешелігі туралы теориялық біліммен таныстыра отырып, ғылыми мақалаларға қойылатын талаптарды меңгерту. Ғылым және оның қоғамдағы рөлі, ғылыми-таным туралы түсінік қалыптастырады, ғылыми-танымдық журналистиканың қажеттілігін, ғылыми журналистиканың салалық журналистикамен байланысын, журналистикадағы ғылыми-зерттеу әдістерінің тәсілдерін меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазіргі заманғы бұқаралық коммуникация құралдары мен PR
Пәннің мақсаты - білім алушыларды қоғаммен байланыс саласына мамандандыра отырып, қазіргі БАҚ-тағы PR көрінісі, БАҚ-тағы PR-дың маңызы және ақпарат құралдары мен PR-дың байланысын меңгерту, PR-дағы зерттеулер мен ақпараттық PR материалдарын жазуға бейімдеу.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Балаларға арналған хабар дайындаудың технологиясы
Пәннің мақсаты - қазақ телевизиясындағы балаларға арналған телехабарлардың, соның ішінде «Балапан» арнасы арқылы беріліп жүрген түрлі бағдарламалардың жалпы мазмұны мен бағытына, телеэкран мәдениетіне, бағдарлама жүргізушісінің шығармашылық шеберлігін айқындап, жаңашылдық бағыттарын саралауды үйрету. Ұлттық телевизиядағы балаларға арналған телехабарлардың жалпы сипатына, мазмұны мен пішініне баға беруді, оларды дамытудың жолдарын қарастыруды, заман талабына сай телехабарлар жасаудың тәсілін меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ақпараттық менеджмент
Пәннің мақсаты - білім алушыларға ақпаратты басқару тәсілдерін үйрету, қоғамның кез келген саласына ақпарат арқылы жетекшілік жасауға болатынын түсіндіру. Менеджменттің негізгі қағидалары мен медиадағы ақпаратты басқару тетіктерін ұштастыра отырып, оны медиа саласында қолдануды меңгертеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Спичрайтинг және мәтін жазу технологиясы
Пәннің мақсаты – Спичрайтинг саласында теориялық білім беру жүйесін қалыптастыру, практикалық дағдыларды қалыптастырып, әлеуметтік және тілдік нұсқаларды қолдануға үйрету. Көпшілік алдында сөйленетін сөздің мәтінін жазу процесін, тәсілін, заңдылықтарын үйрету.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Медиа-талдау және ақпараттық аудит
Пәннің мақсаты - білім алушыларға медиa-талдау жүргізуді, ақпараттарға талдау жасауды және ақпараттық сауаттылық мәселесін игерту, БAҚ пен aқпaрaттық қызметтердің бұл функциялaрды сaпaлы орындaуына талдау жасау, aқпaрaт aрнaлaрымен тиімді жұмыс жасауды меңгерту. Ұжыммен жұмыс істеу aрқылы медиa және өзге де aқпaрaттық қызметтерге жоғaры сaпaлы қызмет көрсетулер ұсынуды түсінеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
БАҚ-тағы халықаралық мәселелер
Пәннің мақсаты - халықаралық қатынастар жүйесінің құрылысы мен өзгеру заңдылықтарын түсіндіру. Мемлекеттердің сыртқы саясатының мәнін, мазмұны мен мақсатын оқып-біледі. Халықаралық саясаттың барысын, даму зандылықтарын БАҚ материалдары бойынша пайымдауға үйренеді. Халықаралық қатынастардағы мәселелерді жүйелеу, зерттеу тәсілдерін меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қоғаммен байланыстағы БАҚ-тың рөлі
Пәннің мақсаты - БАҚ саласымен тығыз байланысты қоғаммен байланыстың мәні мен маңызын, функциясын, міндеттерін, алдыға қойған мақсаттарын кеңінен түсіндіру. Қоғаммен байланыстың бүгінгі таңдағы технологияларын кез келген салада қолдануға үйрету, сол арқылы кәсіби дағдыны қалыптастыруға баулу.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Телевизия және ұлттық сана
Пәннің мақсаты - телевизияның негізгі қызметтерінің бірін ескере отырып, телеэкраннан ұлттық идеологияны насихаттауға баулу. Ұлттық хабарлар арқылы ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, сол бағытта әзірленген хабарлардың мазмұны мен құрылымын жасауға бағыт-бағдар беру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тіл және мәдениетаралық коммуникация
Пәннің мақсаты - тілдік, мәдени қарым-қатынас теориясы мен тәжірибесінің ерекше көкейкестілігін айқындауды үйрену. Мәдениетаралық коммуникация проблемаларына талдау жасауды үйреніп, ғылыми зерттеулерде көрсетілген маңыздылығын меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Цифрлық және әлеуметтік медиа
Пәннің мақсаты - болашақ журналист мультимедиалық құралдарды қолдана отырып, дәстүрлі редакция мен конвергентті журналистың ара жігін ажырату; ақпараттық-коммуникативноқ технология, ақпараттық бәсекелестік заманындағы сандықика журналистың маңызын, сандық журналистика мен шығармашылық ізденіс үйлесімін жан-жақты түсіну.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Білім алушылардың игерген теориялық білімдері мен тәжірибесі сараланып, баға беріледі, болашақ маман ретінде құзыреттіліктері қалыптасады.
- Жаратылыстану пәндері арқылы алынған білімді өз құқықтары мен міндеттерін, ұлт тарихы мен мәдениетін дамытуға қолданады.
- Қазақ журналистикасы тарихының қалыптасуы мен дамуын біледі, публицистиканың жанрлары мен нысандарын, қазіргі теориялық мәселелерді талдайды.
- Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеріп, оларды журналистік зерттеулер мен танымдық хабарлар дайындау барысында іс жүзінде қолданады.
- Журналистиканың негізгі ұғымдары мен теориялық аспектілерін түсінеді, қазіргі БАҚ-тың спецификалық өлшемдерін анықтайды және саралайды, бұқаралық ақпарат құралдары мен әхлеуметтік желілерге жарнама ұсынады және PR қызметі, қоғаммен байланыстың жаңа технологияларын меңгереді.
- Отандық және шетелдік журналистиканың тарихы мен қалыптасуын салыстырады, телерадиожурналистика жанрларын жіктейді, әртүрлі жагнрларда материал дайындауды меңгереді, репортаж дайындау, тікелей эфирде жжұмыс ждасауға машықтанады, эфир этикасы мен дауыс қою шеберлігін үйренеді.
- Журналистік шеберлікті, журналистік этиканы, сөйлеу мәдениетін қалыптастырады, қоғаммен байланыс саласын меңгереді, салалық және конвергентті журналистикаға бейімделеді, бәсекеге қабілетті маман ретінде сараптама жүргізеді.
- БАҚ-та менеджмент және маркетинг мәселелерін қалыптастырады, құқықтық мәселелерді меңгереді, журналистиканы толық игерген маман болып қалыптасады.