Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7R01132 Ревматология (ересектер, балалар) в ҚМУ

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Терең клиникалық дайындығы бар, ревматологиялық бейіндегі пациенттерге дәлелді медицинаның замануи қағидаттарына сәйкес медициналық көмек көрсетуге дайын, медицинада, ғылым мен тәжірибеде озық инновациялық технологияларды қолдануға, өмір бойы оқытуды жалғастыруға, қоғамның дамуына үлес қосуға қабілетті білікті ревматолог-дәрігерлерді даярлау.
  • Академиялық дәреже Резидентура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 140
  • Білім беру бағдарламаларының тобы R002 Ревматология ересектердің, балалардың
  • Дайындық бағыты 7R011 Денсаулық сақтау

Пәндер

  • Амбулаториялық - емханалық ревматология, ересектердің

    Амбулаториялық кезеңде ревматологиялық көмекті ұйымдастыру. Нормативтік-құқықтық құжаттама. Тіркеу-есеп беру құжаттарын жүргізу. ҚР клиникалық хаттамаларына, халықаралық ұсынымдарға сәйкес амбулаториялық-емханалық жағдайларда ревматологиялық бейіндегі аурулардың ажыратпалы диагнозы, диагностикасы, емдеу тактикасы, болжамы, алдын-алу, науқастарды оңалту, динамикалық бақылау. Жүкті әйелдерді, егде және қарт адамдарды емдеу және бақылау ерекшеліктері. Госпитализацияға көрсеткіштер. Еңбекке жарамсыздық сараптамасы. Шұғыл жағдайлар, диагностика, емдеу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 26
  • Стационардағы ревматология, ересектердің (Артрология)

    Ревматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру. Нормативтік-құқықтық құжаттама. ҚР клиникалық хаттамаларына, халықаралық ұсынымдарға сәйкес артрит және спондилоартрит, остеоартрит, микрокристалды артрит, басқа аурулардағы ревматологиялық көріністер, остеопороздың ажыратпалы диагнозы, диагностикасы, жүргізу тактикасы, болжам, алдын-алу, оңалтудың госпитальдық кезеңі, науқастардың жай-күйінің мониторингі. Жүкті әйелдерді, егде және қарт адамдарды емдеу және бақылау ерекшеліктері. Коморбидті жағдайлар.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 18
  • Амбулаториялық - емханалық ревматология, балалардың

    Ревматикалық аурулары бар балаларды тексеру ерекшеліктері. Синдромдық ажыратпалы диагноз қағидаттары, диагностика, ҚР клиникалық хаттамаларына, халықаралық ұсынымдарға сәйкес ревматикалық аурулары бар әртүрлі жастағы балаларды фармакотерапияның ерекшеліктерін ескере отырып емдеу тактикасы, алдын-алу, болжамы, мониторингі, оңалту. Баланың ата-анасымен тиімді қарым-қатынас. Балалардағы шұғыл жағдайлар, диагностикасы және емдеу ерекшеліктері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 26
  • Стационардағы ревматология, балалардың (Ревматологиядағы клиникалық зертханалық диагностика)

    Ревматологиядағы заманауи зертханалық зерттеу әдістері. Зертханалық зерттеу әдістерін жүргізуге арналған көрсеткіштер. Науқасты зертханалық тексеру жоспарын құру. Балалардағы зертханалық диагностиканың ерекшеліктері. Ревматикалық аурулары бар ересектер мен балаларды зертханалық тексеру нәтижелерін талдау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Иммунитеті әлсіреген науқастардағы инфекциялар

    Аутоиммунды ревматикалық аурулар кезіндегі бактериялық және вирустық инфекциялар. Созылмалы және оппортунистік инфекцияларға скрининг. Инфекциялардың алдын алу. Ревматологиялық бейіндегі пациенттердегі жұқпалы аурулардың/жағдайлардың диагностикасы. Инфекциялық аурулар және (немесе) жағдайлар кезінде ревматологиялық бейіндегі пациенттерді микробқа қарсы және вирусқа қарсы емдеу, оның тиімділігі мен қауіпсіздігін бақылау. Ревматологиялық бейіндегі пациенттердің вакцинопрофилактикасы.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Ревматологияда балалардың орфандық аурулары

    Дәлелді медицина деректеріне негізделген педиатриялық көмек көрсетудің халықаралық стандарттарына сәйкес балалардағы орфандық аурулар (полиангиитпен гранулематоз, полиангиитпен эозинофильді гранулематоз, спецификалық емес аортоартерит, Бехчет ауруы) диагностикасы, ажыратпалы диагностика, емдеу тактикасы, болжамы, оңалту.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Ревматологиядағы коморбидті науқас

    Ревматологиядағы коморбидтілік. Сүйек-буын жүйесінің коморбидті патологиясының ағым ерекшеліктері мен емдеу тактикасы. Ревматикалық аурулардың мультижүйелік көріністері. Коморбидті науқасты жүргізудегі мультипәнділік тәсілдер. Коморбидті патология кезіндегі шұғыл жағдайлар

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Ғылыми жоба

    Пән ғылыми зерттеулер стандарттарын, ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру мен зерттеу тобында жұмыс істеу, зерттеу жобасының элементтерін оқытуды қарастырады. Сонымен қатар, жоспарлауға жүйелік көзқарас пен зерттеу сұрағын, гипотезаны қалыптастыруды, дизайн және зерттеу әдістемесін, ақпаратты жинауды, дәлелді медицина мен халықаралық деректер қоры, ақпараттық технологиялар, деректерді өңдеу және талдау, нәтижелерді жариялау мәселелерін оқытады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Стационардағы ревматология, балалардың (Стационардағы ревматология, балалардың)

    Балалардағы ревматикалық аурулардың диагностикасы. Ревматологиялық бейіндегі аурулары бар әртүрлі жастағы балаларда ҚР клиникалық хаттамаларына, халықаралық ұсынымдарға сәйкес ажыратпалы диагноз жүргізу, фармакотерапияның ерекшеліктерін ескере отырып емдеу, профилактика, оңалту, динамикалық бақылау. Ревматикалық аурулары бар балалардың өмір сапасын бағалау. Балалардағы сирек ревматикалық аурулар.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 34
  • Стационардағы ревматология, ересектердің (Ревматологиядағы визуалды диагностика)

    Ревматикалық ауруларды диагностикалаудағы визуалды әдістердің маңызы. Зерттеудің визуалды әдістерін жүргізуге көрсеткіштер. Ересектер мен балалардағы сүйек-буын жүйесінің патологиясын зерттеу әдістері (рентгенография, МРТ, КТ, ультрадыбыстық, сцинтиграфия, артроскопия, денситометрия және т.б.). Зерттеу нәтижелерін талдау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Ревматикалық аурулар және жүктілік

    Ревматикалық аурулары бар жүктілерді емдеу және бақылау мәселелерін терең оқыту. Ревматикалық аурулары бар әйелдердің прегравидарлы дайындығының мәселелері. Ревматикалық аурулар ағымына жүктіліктің әсерін және ревматикалық аурулардың жүктілік дамуына және босануға әсері. Анасының ауруының ұрыққа әсері. Ревматикалық аурулары бар әйелдерді жүктілік және босанудан кейінгі кезеңде емдеу және бақылау амалдары.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Ревматологиядағы пациент-орталықтандырылған күтім мен нәтижелі комплаенс

    Пациент – орталықтандырылған күтім: әдістемесі, қағидалары, мәселері мен ролі және науқастармен, оның жақындарымен, денсаулық сақтау қызметкерлерімен коммуникация кезіндегі дәрігердің негізгі құзыреттері. Пациент – орталықтандырылған күтім мен отбасылық дәрігерлік медицина. Коммуникациялық микромашықтар техникасы. «Күрделі науқаспен» жұмыс жасау техникасы. Ауыр және жағымсыз жаңалықтарды естірту. Әртүрлі ревматологиялық аурулар кезіндегі пациент - орталықтандырылған күтім. Нонкомплайенс.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Стационардағы ревматология, ересектердің (Дәнекер тіннің жүйелік аурулары, жүйелік васкулиттер)

    Дәнекер тіннің жүйелік аурулары, жүйелік васкулиттер, ҚР клиникалық хаттамаларына, халықаралық ұсынымдарға сәйкес ажыратпалы диагноз, диагностика қағидалары, болжам, емдеу медициналық оңалту, профилактика және динамикалық бақылау бағдарламалары. Дәнекер тінінің жүйелік аурулары және жүйелік васкулиттері бар жүкті әйелдерді емдеу ерекшеліктері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 18

Оқыту нәтижелері

  • Кәсіби әдебиетті бағалау, өзінің күнделікті қызметінде халықаралық деректер базасын тиімді пайдалану, ғылыми-зерттеу жұмысына қатысу.
  • Амбулаторлық-емханалық жағдайда ревматикалық ауруы бар әртүрлі жастағы балаларға диагноз қоюды, фармакотерапия ерекшеліктерін ескере отырып емді тағайындауды, алдын – алуды, медициналық оңалтуды және динамикалық бақылауды жүзеге асыру.
  • Әрі қарай өз бетінше оқу және өзін-өзі жетілдіру қабілетін көрсету, кәсіби команданың басқа мүшелерін оқыту.
  • Стационарда ревматикалық ауруы бар ересек науқастарға диагностика жүргізуді, емді тағайындауды, алдын – алуды, медициналық оңалтудың госпиталды кезеңін жүзеге асыру.
  • Амбулаторлық-емханалық жағдайда ревматикалық ауруы бар ересек науқастарға диагностика жүргізуді, емді тағайындауды, алдын – алуды, медициналық оңалтуды және динамикалық бақылауды жүзеге асыру.
  • Стационарда ревматикалық ауруы бар әртүрлі жастағы балаларға диагностика жүргізуді, фармакотерапия ерекшеліктерін ескере отырып емді тағайындауды, алдын – алуды, медициналық оңалтудың госпиталды кезеңін жүзеге асыру.
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау жүйесінің құқықтық және ұйымдастыру алаңы шеңберінде өз мамандығы бойынша әрекет ету, төтенше жағдайларда медициналық көмек көрсету.
  • Ақпараттандырылған келісімді алу, ревматологиялық көмектің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін этикалық қағидаттарға бейілділігін көрсету.
  • Пациент үшін үздік нәтижелерге қол жеткізу мақсатында пациентпен, оның ортасымен, пәнаралық және кәсіби топтар құрамында денсаулықсақтау мамандарымен тиімді өзара қатынасты көрсету.
  • Өмірге қауіпті және шұғыл жағдайларда білікті көмек көрсету.
  • Ревматикалық ауруы бар ересек және бала жасындағы науқастарда зертханалық және визуалды диагностика әдістеріне көрсеткіштерді анықтау және олардың нәтижелерін талдау.
Top