Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7R01101 Педиатрия в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Пациентке жетекшілік жасау: педиатрияда клиникалық диагнозды тұжырымдауға, емдеу жоспарын тағайындауға және медициналық көмектің барлық деңгейлерінде дәлелді тәжірибе негізінде оның тиімділігін бағалауға қабілетті;
  • Коммуникация және коллаборация: пациент үшін үздік нәтижелерге қол жеткізу мақсатында ауру баламен, оның айналасымен, денсаулық сақтау мамандарымен тиімді өзара іс-қимыл жасауға қабілетті;
  • Қауіпсіздік және сапа: медициналық көмектің қауіпсіздігі мен сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін тәуекелдерді бағалауға және неғұрлым тиімді әдістерді пайдалануға қабілетті;
  • Тәлімгердің бақылауымен және қадағалауымен есептік- медициналық құжаттаманы жүргізу: Жеке деректерді қорғауға және медициналық ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты нормалар мен ережелерді сақтай отырып, медициналық ақпаратты құпия түрде өңдеуге, кәсіби қызметте денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық жүйелерді пайдалануға қабілетті;
  • Зерттеулер: барабар зерттеу мәселелерін тұжырымдауға, педиатрия бойынша кәсіби әдебиетті сыни бағалауға, өзінің күнделікті қызметінде халықаралық дерекқорларды тиімді пайдалануға, зерттеу командасының жұмысына қатысуға қабілетті;
  • Оқыту және дамыту: өз бетінше оқуға және кәсіби команданың басқа мүшелерін оқытуға, пікірталастарға, конференцияларға және үздіксіз кәсіби дамудың өзге де нысандарына белсенді қатысуға қабілетті;
Top