Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M01408 Дене шынықтыру және спорт в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Дене шынықтыру және спорт саласының өзекті бағыттары бойынша жүйелі теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларға ие, ғылыми-зерттеу және педагогикалық іс-әрекетте өзін-өзі дамыту мен жүзеге асыруға қабілетті педагогика ғылымдарының магистрлерін дайындау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M005 Дене шынықтыру педагогтерін даярлау
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған педагогтарды даярлау
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Дене шынықтыру мен спорттағы ғылыми зерттеулер технологиясы
Салауатты өмір салтының заманауи технологиялары
Білім беру ұйымдарындарындағы денсаулықты сақтау технологиялары
Дене шынықтыру мен спорттағы ғылыми зерттеу әдістері
Ғылым тарихы мен философиясы
Шет тілі (кәсіби)
Жоғары оқу орындарындағы дене шынықтыру-сауықтыру мен спорттық жұмысты ұйымдастыру және әдісі
Дене шынықтырумен айналысатындар жағдайының психодиагностикасы, психокоррекциясы
Басқару психологиясы
Дене шынықтыру мен спорттағы ғылыми зерттеулердің инновациялық бағыттары
Денешынықтыру және спорт саласындағы денешынықтыру-сауықтыру қызметінің заманауи технологиялары
Дәстүрлі емес дене шынықтыру-спорттық әрекеттердің пcихолого-педагогикалық сипаттамасы
Жоғары мектептің педагогикасы
Дене шынықтыру және спорттағы ғылыми-педагогикалық негіздер
-
2 Оқу жылы
Жоғары жетістік спортындағы допингтік бақылау
Дене шынықтыру және спорт саласындағы жобалау қызметі
Дене шынықтыру және спорттағы менеджмент және маркетинг
Зерттелген деректердің сараптамалық және статистикалық өңдеу жұмыстары
Дене шынықтыру мен спорттағы ғылыми зерттеу этикасы
Паралимпиадалық спорт түрлері бойынша психолого- педагогикалық бағыттау
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Негізгі дүниетанымдық және әдістемелік мәселелерді, соның ішінде ғылым дамуының заманауи кезеңінде пайда болатын пәнаралық сипаттағы мәселелерді, сыни талдайды және кәсіби қызметте пайдаланады.
- Заманауи педагогикалық технологияларды және коммуникативті дағдыны игере білу
- Білім беру процесі кезінде, оның ішінде цифрлық ортада, оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау талаптарын сақтау, білім беру, ғылым және инновациялардың интеграциясын ескере отырып, оқытылатын пәндер бойынша оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу, рефлексия және оқыту практикасын зерттеу негізінде оқытудың тиімді технологиялары мен әдістерін іздеуді жүзеге асыру, болашақ мамандарды даярлау процесіне жұмыс берушілерді тарту
- Ғылыми зерттеулер жүргізу кезіндегі этикалық нормаларды, ғылыми зерттеу әдіснамасын, сабақты зерттеу әдістерін білу, оқыту тәжірибесін жақсарту үшін ұйымдастырылған оқу қызметін, оқу-тәрбие процесін зерттеу; білім беру, ғылым және инновациялардың интеграциясын ескере отырып, оқытылатын пәндер бойынша оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу; заманауи және инновациялық (соның ішінде цифрлық) оқыту технологияларын қолдану, ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттіліктерін ескеру, білім алушылардың таңдаған мамандығына деген тұрақты қызығушылығын қалыптастыру
- Командалық спорт түрлерінде және дене шынықтырумен айналысқан кезде психикалық үдерістердің өту ерекшеліктерін анықтау, алынған диагностика нәтижелерін өңдеу және талдау жүргізу; бакалавриаттың семинарлық/практикалық сабақтарын өткізу кезінде психологиялық-педагогикалық білімдер мен пәндік саладағы білімдердің интеграциясын қамтамасыз ету.
- Ғылым саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді, білім беруді дамытудың стратегиялық құжаттарын білу, дене шынықтыру-спорттық қызметте басқару дағдыларына ие болу, өзекті ғылыми және практикалық мәселелерді анықтау және талдау
- Педагогикалық этика нормаларын, психологиялық-педагогикалық және пәндік (арнайы) білімдерді интеграциялаудың әдістерін, тетіктерін және қағидаттарын білу, паралимпиада спортында жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін психологиялық дайындықтың және өзін-өзі тәрбиелеу үдерісінің тиімділігін арттыру.
- Зерттеулердегі және допингтік бақылаудағы инновациялық бағыттарды білу; дене шынықтыру және спорт саласындағы жобалық қызметпен айналысу, білім алушылардың жобалық қызметіне басшылықты жүзеге асыру, ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру және жүргізуде жасанды интеллектіні қолдану, ғылыми нәтижелілікті және жарияланымдық белсенділікті арттыру.