Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D03104 Мәдениеттану в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Оқыту нәтижелері

  • Қазіргі заманғы тәжірибе-эксперименттік жұмыс әдістерін меңгереді, негізгі теориялық және қолданбалы зерттеулер жүргізеді, жоғары білім беру ұйымдары мен басқа мекемелерде оқу-әдістемелік жұмысты жоспарлайды және ұйымдастырады; әдістемелік құзыреттілікті дамытады.
  • Мәденеит саласындағы нормативтік құжаттарды талдайды және оларды кәсіби қызметте қолданады; мәдени саясатты дамыту стратегиясын әзірлейді және негіздйдіу; мәдениет контекстінде стратегиялық талдау әдістерін (SWOT, PEST және т.б.) қолданады; жобалық ұсыныстарды әзірлейді.
  • Ғылыми іс-әрекет нәтижелерін талдаудың наукометриялық әдістерін қолданады; қазіргі заманғы өнер туындыларының бағдарлануын талдайды; Орталық Азия елдеріндегі мәдени саясаттың мәні мен эволюциясы туралы түсінікке ие болады; зерттеу жұмысының нақты кезеңдерін талдау үшін теориялық модельдер мен білімді қолданады; заманауи ғылыми және практикалық мәселелерді шешеді; ғылыми-зерттеу және басқару қызметін жүзеге асырады.
  • Ғылыми мәтіндерді талдайды және түсіндіреді; дәлелдерді, болжамдар мен логиканы анықтайды; әртүрлі академиялық мәтіндер жазады; зерттеу мәселесін тұжырымдайды, мәдениет және антропология саласындағы ғылыми, аналитикалық және қолданбалы зерттеулерді әзірлейді; академиялық жазу стилін әртүрлі контексттерге бейімдейді (грант өтінімі, аналитикалық есеп және т.б.).
  • Мәдени құбылыстарды тарихи-теориялық контексте талдайды; алынған білімді сәйкес жобаларда – зерттеуден бастап мәдени саясатты әзірлеуге дейін қолданады; қазақстандық мәдениеттанушы ғалымдардың ғылыми мәтіндерін талдайды; қазақстандық мәдени көзқарастарды жаһандық теориялармен салыстырады және интеграциялайды.
Top