8D01705 Қазақ тілі мен әдебиеті в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Тіл білімі және әдебиеттанудың заманауи ғылыми парадигмасы мәселелерінде зерттеудің әдіснамалық принциптерін меңгерген, білім беруде, оқытуда, зерттеулік тәжірибеде оны қолдана алуға қабілетті жоғары білікті педагогикалық кадрларды даярлау
-
Академиялық дәреже Докторантура
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 3 года
-
Кредиттер көлемі 180
-
Білім беру бағдарламаларының тобы D017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау
-
Білім беру саласы 8D01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 8D017 Тілдер және әдебиет бойынша педагогтарды даярлау
Пәндер
-
Академиялық хат
Пән аясында ғылыми-зерттеу жұмысын жалпы академиялық адалдық қағидалары шеңберінде ғылыми этикаға сай жазу, жобалау, жүргізу жолдары және оларды салыстырмалы талдау, бағалау әдістері көрсетіледі. Сондай-ақ, халықаралық ғылыми дерекқорлар мен әртүрлі ғылыми баспалар таныстырлып, қалай жұмыс жасау, олардың өнімдерін қалай және қай жерде пайдалануға болатындығы үйретіледі. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына сілтеме жасау және плагиатқа тексеру әдістері мен бағдарламалары таныстырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ этнолингвистикасы
Этнолингвистиканы зерттеу объектісі, даму тарихы, этнолингвистика жөнінде ғалымдардың пікірлері, этнолингвистиканың лингвистикалық пәндермен байланысы, тіл және мәдениеттану, тіл және халықтық менталитет, тіл және мифология, қазақ этнолинвистикасының зерттелуі, қазақ этнолингвистикасының өзіндік ерекшеліктері мен жүйелілік принциптері қарастырылады. Этнолингвистикалық арналар, этнолингвистикалық мектептер және олардың қалыптасу бағыттары жайлы ақпараттар беріледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ лингвоэкологиясы
Қазіргі лингвоэкологиялық зерттеулердің аспектілері, ұғымдары мен категориялары, әлемдік тілдік әралуандықты сақтау проблемасы, тілдік орта және тілдік тұлға, мемлекеттік тіл саясаты және тілдік импульс, тілдің өміршеңдігі, глоттофагия, тілдік жағдаят қарастырылады. Тілдік тұлғаның сөз мәдениеті, қатысымдық нормалар, эмотивті лингвоэкология меңгертіледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
ЖОО-да қазақ әдебиетін оқытудың әдістемелік негіздері
Пәннің мақсаты: ЖОО-да әдебиетті оқытудың жаңа әдіснамалық тәсілдерін сыни тұрғыдан талдайды және жаңа гипотезалар жасалады, қазақ әдебиетін оқытудың ғылыми-әдістемесін, әдебиеттанудың әдістемелік мәселелерінің негізгі тұжырымдары мен топшылауларын, соңғы зерттеулердің нәтижелерін, әдістеме саласындағы жаңа бағыттар және әдебиеттің методологиясын меңгере алады. Зерттеудің әдіснамалық принциптері мен әдіснамалық тәсілдерін педагогикалық қызмет саласында теориялық және практикалық білімін эксперименталды-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында пайдалана біледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеу әдістері
Докторанттарда диссертациялық жұмысты орындау және ғылыми мақалаларды жазу кезінде қолданылатын ақпаратты жинау, өңдеу және талдау әдістері туралы терең білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру көзделеді. Бұл білім алушыға өзінің ғылыми-зерттеу жұмысында зерттеудің сапалық және сандық әдістерін негізге ала отырып дұрыс таңдау жасауға мүмкіндік береді. Ғылыми ізденістің заманауи талаптарына сәйкес жасанды интеллект технологияларын қолдану дағдылары қалыптастырылады. Жасанды интеллект негізіндегі құралдарды (мәтіндік модельдер, автоматтандырылған библиография, деректерді талдау жүйелері) қолдану арқылы ғылыми ақпаратты құрылымдау, зерттеу гипотезаларын дәлелдеу және академиялық жазылым сапасын арттыру мүмкіндіктері кеңейтіледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
ЖОО-да қазақ тілін оқытудың әдістемелік негіздері
Пәннің мақсаты: білім берудегі жаңа тенденцияларды негізге алып, қазақ тілін жоғары оқу орындарында оқытудың философиялық, педагогикалық, методологиялық негіздерімен таныстырады. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің дамуын әлеуметтік-қоғамдық талаптармен ұштастыра қарайды. Осыған сай қазақ тілін меңгертудің жаңа жүйесін зерттей отырып, білім алушылардың маман ретінде кәсіби тұрғыдан дамуына жағдай тудырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Тіл білімі мен әдебиеттанудың ішкі салалық ғылыми ілімдерін игеріп, ғылыми зерттеулер ұйымдастыру дағдыларын көрсете отырып, кәсіби қызметінде инновациялық технологияларды интеграциялауға және саралауға қабілетті
- Ғылыми-зерттеу еңбектерін жазу барысында ғылыми этика нормаларын сақтай отырып, академиялық адалдық қағидаларын басшылыққа алады және халықаралық ғылыми дерекқорлар мен жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдаланады
- Зерттеу бағытына сәйкес мақсаттар мен міндеттерді айқындай отырып, жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы алынған зерттеу нәтижелеріне сүйеніп ғылыми негізделген қағидалар ұсынады, ғылыми еңбектерді әзірлейді және ғылыми қауымдастық алдында қорғайды
- Қазіргі заманғы теорияларды, концепцияларды, әдебиеттанудың, тіл білімінің әдіснамасын, оқыту әдістерін талдап, көркем шығармашылықты зерттеудің жаңа технологияларын қолданып, әдебиет шығармаларын әдеби және тілдік тұрғыдан сараптауға қабілетті
- Кәсіби саласында қолданылатын заманауи зерттеу әдістері мен дағдыларының ерекшеліктерін жүйелі түрде түсініп, ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданады
- Кәсіби бейімделудің жоғары дәрежесі бар бәсекеге қабілетті тұлға ретінде ғылыми орталықтар мен тәжірибелі мамандар қауымдастығымен бірлікте жұмыс жасауға бейімделіп, шешім қабылдау іскерлігі мен дағдыларын үйлестіре алуға қабілетті