Жаңа білім беру бағдарламасы

7M01557 Информатика в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Оқыту нәтижелері

  • Магистрантың ғылым тарихы мен философиясын терең түсінуіне негізделген пәнаралық дүниетанымын кеңейте отырып, ғылыми зерттеулер жүргізу үшін қажетті әдістемелік аппаратты дамытады
  • Кәсіби қызметінде шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас орнату дағдыларын қолданады
  • Педагогикалық такт және этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттері мен дағдыларын көрсете отырып, ЖОО-да білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады.
  • Заманауи аналитикалық әдістер мен жасанды интеллект құралдарын қолдана отырып, ғылыми-зерттеу нәтижелерін кешенді түрде талдайды
  • Халықаралық ғылыми дерекқорлар өнімдерін және жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, ғылыми зерттеу нәтижелерін ғылыми этика талаптары мен академиялық адалдық қағидаттарына сай рәсімдеп, ғылыми еңбектерді әзірлейді
  • Білім беруде пәндерді оқыту технологияларын, әдістері мен құралдарын жасай отырып, заманауи оқыту технологиясын оқу процесінде қолдана алады
  • Қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып, заманауи ақпараттық технологиялардың инновациялық педагогикалық әдістемелерін әзірлейді және жылжытады
  • Ақпараттық қауіпсіздік, бұлтты технологиялар мен сервистерді пайдалану дағдыларын меңгере және түсіндіре отырып, тестілік және жүйелік талдау әдістерін зерттеу саласында қолдана біледі
  • Педагогикалық міндеттерді жобалау, инновациялық үдерістерді енгізу, модельдеу, жинау, талдау, іріктеу дағдыларын жүзеге асырады және оларды жоспарлау, ұсыну және шығармашылық санаттары бойынша бөледі
Top