Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M01738 Орыс тілі мен әдебиеті в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Заманауи ғылыми және практикалық мәселелерді шешуге қабілетті, әлеуметтік ортада зерттеу және басқару қызметін тиімді жүзеге асыратын, жоғары оқу орындары мен орта арнаулы білім беру мекемелерінде арнайы пәндерді оқыту үшін қажетті білімі мен іскерлігі бар, кәсіптік білім беру жүйесінің келесі сатысы - докторантурада оқуын жалғастыруға дайын кәсіби мәдениет деңгейі жоғары педагогтарды даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M018 Орыс тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M017 Тілдер және әдебиет бойынша педагогтарды даярлау
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Шет тілі (кәсіби)
Жоғары мектепте орыс тілін оқытудағы заманауи білім беру технологиялары
Зерттеулердің қолданбалы әдістері
Тіл білімінің философиалық-әдістемелік мәселелері
Әдебиеттанудың философиялық-әдістемелік мәселелері
Әдебиет теориясының өзекті мәселелері
Сөйлеу әрекетінің теориясы
Сын және қазіргі әдеби үдерістің өзекті мәселелері
Орыс тілі және мәдениет аралық қарым-қатынас
Жоғары мектептің педагогикасы
Жоғары мектепте әдебиетті оқытудағы заманауи педагогикалық технологиялары
Ғылым тарихы мен философиясы
Мәтінді филологиялық талдау
Басқару психологиясы
Академиялық ғылыми жазба
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Алынған теориялық білімдерін ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің әртүрлі нысандарында қолдана отырып, ғылым тарихы мен философиясы дамуының негізгі мәселелері мен қазіргі даму тенденцияларын талдайды
- Кәсіби қызметінде шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас орнату дағдыларын қолданады
- Педагогикалық такт және этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттері мен дағдыларын көрсете отырып, ЖОО-да білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады
- Заманауи аналитикалық әдістер мен жасанды интеллект құралдарын қолдана отырып, ғылыми-зерттеу нәтижелерін кешенді түрде талдайды
- Халықаралық ғылыми дерекқорлар өнімдерін және жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, ғылыми зерттеу нәтижелерін ғылыми этика талаптары мен академиялық адалдық қағидаттарына сай рәсімдеп, ғылыми еңбектерді әзірлейді
- Жеке ғылыми зерттеу үшін талдау нәтижелерін қолдана отырып, зерттеулерді жоспарлап, жүргізе отырып, ғылыми саладағы зерттеулерді диагностикалау, талдау және жалпылау негізінде кешенді мониторинг жүргізе отырып, рефлексияға қабілетті қалыптасқан зерттеу мәдениетін көрсете отырып, ғылымның өзекті мәселелерін дербес және сыни тұрғыдан талдауды жүзеге асыра алады
- Қазіргі отандық және әлемдік тіл білімінің лингвистикалық зерттеулерінің негізгі бағыттары туралы білімдерін көрсете отырып, лингвистика дамуының генезисін, философиялық негізін және маңызды кезеңдерін талдайды
- Әдебиеттану саласындағы заманауи ғылыми парадигмаларды, оның даму динамикасын, әдебиеттанудағы әдіснамалық принциптер жүйесі мен әдістемелік тәсілдерді қолдана отырып, түрлі мәтіндерді білікті талдау және интерпретациялау дағдыларын меңгерген
- Мәдениетаралық қарым-қатынастың табысты жүзеге асырылуына ықпал ететін тіл мен мәдениеттің өзара іс-қимылының үлгісі мен типологиясын, мәдениеттердің вербалды және вербалды емес маркерлерін, тілдің, сөйлеу мен сөйлеу әрекетінің психологиялық және лингвистикалық аспектілерін талдайды
- Коммуникативтік және шешендік құзыреттілікті құрайтын элементтер туралы білімдерін көрсете отырып, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын меңгерген
- Бастамашылық танытып және шешімдер, келісімдер мен шарттар қабылдау үшін өзіне жауапкершілік алып, ынтымақтастыққа дайындығын көрсетіп орыс педагогтарының, тіл орталықтарының, кәсіби бірлестіктер мен қауымдастықтардың әдістемелік бірлестіктерінің тәжірибесін талдап, тексеріп жинақтайды