Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M03117 Саясаттану в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Оқыту нәтижелері

  • Алынған теориялық білімдерін ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің әртүрлі нысандарында қолдана отырып, ғылым тарихы мен философиясы дамуының негізгі мәселелері мен қазіргі даму тенденцияларын талдайды
  • Кәсіби қызметінде шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас орнату дағдыларын қолданады.
  • Педагогикалық такт және этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттері мен дағдыларын көрсете отырып, ЖОО-да білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады
  • Заманауи аналитикалық әдістер мен жасанды интеллект құралдарын қолдана отырып, ғылыми-зерттеу нәтижелерін кешенді түрде талдайды.
  • Халықаралық ғылыми дерекқорлар өнімдерін және жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, ғылыми зерттеу нәтижелерін ғылыми этика талаптары мен академиялық адалдық қағидаттарына сай рәсімдеп, ғылыми еңбектерді әзірлейді.
  • Ұйымдастырушылық жұмыстың машықтарын иелене отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің құрылымындағы сыртқы және ішкі саясат жұмыстарын ұйымдастырады.
  • Халықаралық қатынастар, дипломатия, ұлттық немесе аймақтық сыртқы саясат, саясаттану мәселелері бойынша кәсіби кеңестер беріп, сараптама жасайды
Top