7M03140 Халықаралық қатынастар в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Мемлекеттердің, халықаралық ұйымдар мен басқада акторлардың өзара әрекетін, қазіргі халықаралық саясаттың әртүрлі аспектілерін бағалауға қабілетті, зерттеу дағдылары бар және дара зерттеу жұмыстарын орындай алатын, халықаралық қатынастар саласында ғылыми-педагогикалық қызметке дайын, сыртқы саясат және халықаралық қатынастар саласында біліктілігі жоғары мамандар даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M064 Халықаралық қатынастар
-
Білім беру саласы 7M03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат
-
Дайындық бағыты 7M031 Әлеуметтік ғылымдар
Пәндер
-
Шет тілі (кәсіби)
Пән магистранттың мәдениетаралық-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға және ауызша және жазбаша шет тілін меңгеруін жетілдіруге бағытталған. Пәнді игеру барысында магистрант өз идеяларын, мақалаларды, есептерді, тағы басқа ғылыми еңбектерді рәсімдеу кезінде жазбаша, ғылыми қоғамдастыққа хабарлау кезінде ауызша түрде шет тілінде жеткізуге машықтанады. Шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектерін түпнұсқа дереккөздерден оқу және шетелдік тәжірибені меңгеру үшін ақпараттарды аудару дағдыларын жетілдіреді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Қақтығыстар мен бейбітшілікті зерттеу теориялары мен тәсілдері
Бұл курс магистранттардың қақтығыстардың себептері мен шиеленісу динамикасын және бейбіт реттеу тетіктерін терең түсінуін дамытуға бағытталған. Магистранттар медиация, келіссөз және татуластыру сияқты қазіргі заманғы қақтығысты шешу теориялары мен әдістерін меңгереді. Аймақтық және жаһандық деңгейдегі этникалық, діни және саяси қақтығыстардың үлгілері арқылы сараптамалық ойлау мен талдау қабілетін жетілдіреді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мегатрендтер және әлемдік саясаттың жаһандық мәселелері
Курс қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі процестерді сыни ойлау негізінде талдауға бағытталған. Оқу барысында магистрант халықаралық қатынастардың негізгі парадигмаларын, олардың зерттеу объектісі мен негізгі мәселелігі туралы түсінік қалыптастыру, әлемдік саясаттың қазіргі тұжырымдары дағдыларын алу, мемлекетаралық қатынастарда экономикалық, әлеуметтік-мәдени, идеологиялық қатынастардың жұмыс істеуі заңдылықтарын анықтау, қазіргі халықаралық қатынастардың жаңа мегатрендтерінің теориялық аспектілерін қарастыру дағдыларын меңгереді
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Дипломатиялық қызметтің психологиялық аспектілері
Дипломаттар мен саясаткерлер практикалық психология әдістерін бұрын қолданған, бірақ психология ғылым ретінде халықаралық өмірдің және дипломатиялық қызметтің психологиялық аспектілерін зерттеуге аз көңіл бөлінген. Магистранттар дипломатиялық қызметтің әлеуметтік-психологиялық аспектілерін бұрыннан бар халықаралық қатынастардың тарихы мен теориясы, дипломатиялық және консулдық қызмет, әлеуметтік психология, әлеуметтану және мәдениеттану сияқты бағыттардың қиылысында оқитын болады. Сондай-ақ, осы курс бойынша сараптамалық-талдау жұмыстарын жүргізеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Халықаралық қатынастарда Орталық Азия
Курс қазіргі халықаралық қатынастардағы көп қырлы геосаяси құбылыстар мен тенденцияларды түсіну және геосаяси оқиғаларды болжай білу үшін ғылыми теориялар, мектептер, бағыттар мен тенденциялар туралы білімдерін ғылыми-зерттеу, сараптамалық, талдау және ғылыми-педагогикалық тәжірибеге біріктіруге бағытталған. Сондай-ақ Орталық Азия елдерінің сыртқы және ішкі саясатын, аймақтағы жаһандық және аймақтық ойыншылардың саясаттарын бағалайды және екі және көпжақты дипломатия шеңберіндегі ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын қарастырады және талқылайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазіргі халықаралық қатынастар теориялары
Бұл курс халықаралық қатынастардың теориялық және тұжырымдамалық парадигмаларының ұзақ эволюциясын сыни тұрғыдан бағалауға және қолдануға бағытталған. Негізгі классикалық және жаңа теорияларды зерттей отырып феминизм, постмодерндік теориялар, жаһандану теориялары және экологиялық теориялар және т.б. сияқты жаңа теорияларды да талдайды. ХҚ-ғы ауқымды теориялық негіз жас зерттеушілерге жаһандану, интеграция, аймақтанудың қазіргі әлемдік процестерін, геосаяси және экономикалық тенденцияларды дұрыс бағалауға көмектеседі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Зерттеулердің қолданбалы әдістері
Пән магистранттарға ғылыми зерттеудің әдістемелік негіздерін меңгертуді, эмпирикалық және қолданбалы зерттеу жүргізу дағдыларын қалыптастыруды көздейді. Курста зерттеу жоспарын әзірлеу, гипотеза құру, әдістерді негіздеу, деректерді талдау және интерпретациялау қарастырылады. Сонымен қатар, ғылыми ақпаратты өңдеу және талдау үдерісінде жасанды интеллект технологияларын қолдану жолдары меңгеріледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Халықаралық қатынастарда этика және зерттеу әдістері
Курс магистрантқа дәлелденген, тексерілген нәтижелер алу үшін объективті ғылыми зерттеулер жүргізу үшін практикалық дағдыларды қалыптастыруға арналған. Оқу барысында халықаралық қатынастар теориясының эволюциясы, халықаралық зерттеулердің ерекшелігі, әдіснамалық тәсілдер мен зерттеу әдістері қарастырылады. Сонымен қатар курс магистранттың халықаралық қатынастардағы субъектілердің табиғаты, халықаралық қатынастар жүйесін біртұтас көрініс ретінде түсіну себептері, әрекет ету факторлары туралы сыни ойлау қабілеттерін дамытуға арналған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Халықаралық қатынастарда адам құқықтары
Курс адамның мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары жүйесіне негізделген сараптамалық және талдау жұмыстарын жүргізу үшін магистранттарға іргелі білімдер мен жалпы принциптерді қалыптастыруға арналған. Сонымен қатар курс адам құқықтарының әмбебаптығын, адам құқықтары және халықаралық мораль жөніндегі халықаралық конвенцияларды, халықаралық адам құқығының мәдениетаралық негізінің мүмкіндігін, заңдылық пен құрылымдық шектеулерді түсінуге және ғылыми теориялар туралы білімді қолдануға бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Академиялық ғылыми жазба.
Пән академиялық жазылым талаптарын меңгеру, ғылыми этика және академиялық адалдық қағидаттарын сақтау негізінде ғылыми мақалалар дайындау тәсілдерін игеруге бағытталады. Мәтін құрастыру әдістері, академиялық жазбалардың түрлері, халықаралық ғылыми дерекқорларды пайдалану жолдары және ғылыми журналдардың құрылымдық әрі мазмұндық талаптарына сай мақала рәсімдеу дағдылары қалыптастырылады. Мақаланы журналдардың онлайн жүйелері арқылы ұсыну тәртібі үйретіледі. Ғылыми деректерді талдау мен библиографиялық ақпаратты өңдеу үдерісінде жасанды интеллект технологиялары қолданылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ғылым тарихы мен философиясы
Пән ғылыми ойлаудың тарихы мен философиясы, ғылымның философиялық негіздері, эмпирикалық және ғылыми танымның генезисі, мәні, болашағы туралы білімді қалыптастырады, білімгерлердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуіне қажетті әдістемелік аппаратты дамытады. Проблемалық оқыту, тақырыптық талқылау, жоба әдісі сияқты оқытудың белсенді әдістері қазіргі заманғы ғылым жетістіктерін сыни тұрғыдан бағалау дағдыларын меңгеруге, өзіндік этикалық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Халықаралық қатынастарда Таяу Шығыс
Курс Таяу Шығыс елдерінің қазіргі халықаралық қатынастардағы рөлін, олардың тенденциялары мен әлемдік саясатқа қатысуын зерттеу және талдау мақсатында ғылыми теориялар, мектептер мен тенденциялар туралы білімді зерттеу, сараптамалық және аналитикалық тәжірибесінде қолдануға бағытталған. Сондай-ақ Таяу Шығыстағы қарқынды дамып келе жатқан құбылыстарды және аймаққа әсер ететін жаһандық тенденцияларды түсіну нәтижесінде жақын және алыс болашақтағы мемлекетаралық қатынастар жүйесінің жағдайын талдайды және болжайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жоғары мектептің педагогикасы
Пән жоғары мектептегі тұтас педагогикалық үдерістің әдіснамалық негіздері мен қазіргі білім беру парадигмалары туралы білімдерді зерттейді. Пәнді оқу барысында магистрант жоғары кәсіби білімнің ролі мен маңыздылығын және жоғары мектеп оқытушысына қойылатын негізгі талаптарды меңгере отырып, жоғары оқу орындарында ғылыми-зерттеу әдістерінің түрлерін пайдалануды, нақты ғылыми-педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру мен жүргізудің әдістемесін қолдануды үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Басқару психологиясы
Пән басқарушылық қызметтің психологиялық теорияларының іргелі түсініктерін, әлемдегі басқарудың тиімді стратегиялары мен теорияларын зерттейді. Пәнді меңгеру барысында магистрант ұйымдастырушылық мінез-құлықтың психологиялық теорияларын синтездей білу, командада тиімді өзара іс-қимыл жасай білу, команда құру және басқару психологиясының ережелерін ескере отырып, оның жұмысын ұйымдастыру дағдыларын игереді. Көшбасшылық қасиеттерді көрсете білуді және шиеленістік ситуацияларды басқарудың психологиялық әдістерін қолдануды үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Әлемдік акторлардың сыртқы саясаты
Курс халықаралық өмірдегі (жаһандық немесе аймақтық деңгейде) ұлы державалардың рөлі мен ықпалын зерттеу үшін ғылыми теориялар, мектептер, бағыттар мен тенденциялар туралы білімдерін ғылыми-зерттеу, сараптамалық, талдау және ғылыми-педагогикалық тәжірибеге біріктіруге бағытталған. Сондай-ақ, негізгі державалардың өлшемдері мен параметрлерін, олардың әлемдік саясатқа әсер ету дәрежесін анықтайды және осы елдердің сыртқы саяси доктриналарын зерттеумен қатар, тарихын, экономикасын, мәдениетін талдайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Салыстырмалы саясат теориялары
Курс салыстырмалы саясаттың негізгі теориялық тәсілдерін және жекелеген елдердің саяси тарихын қарастырады. Ол магистранттарды мемлекет және қоғам қарым-қатынастары, мемлекеттік әлеует, институттардың рөлі, ұлтшылдық, мәдени/этникалық плюрализм, саяси мәдениет, демократия және т.б. сияқты осы саланың негізгі тақырыптарымен таныстыруға арналған. Сондай-ақ курс әлемдік саясаттағы ағымдағы оқиғаларды салыстырмалы талдауда зерттелген тұжырымдамалар мен теорияларды қолдануға ықпал етеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Қазіргі қауіпсіздік мәселелері және қақтығыс аймақтары
Бұл курстың мақсаты – магистранттардың қазіргі халықаралық қауіпсіздікке төнетін сын-қатерлер мен қақтығыс аймақтарын терең түсінуін қалыптастыру. Украина, Таяу Шығыс, Ауғанстан, Таулы Қарабақ пен Африка елдері мысалында студенттер жаһандық акторлардың стратегияларын талдауды, бейбітшілікті орнату сценарийлерін әзірлеуді және өңірлік тұрақтылыққа әсерді бағалауды үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Халықаралық оқиғаларды қойылымды-сараптамалы болжау
Курс халықаралық қатынастардың қазіргі жүйесіндегі процестерді қарастырады. Оқу барысында магистрант қазіргі заманғы талдаудың теориялық және әдістемелік негіздерін нақты халықаралық жағдайларды шешу үшін қолдану, халықаралық-саяси ақпаратты өңдеу және талдау әдістерін меңгеру, халықаралық жағдайларды зерттеудің әдіснамалық талдау дағдыларын қалыптастыру, халықаралық проблемаларды қолданбалы зерттеу дағдыларын қолдану, қойылымды-сараптамалы болжауды қалыптастыру мақсатында халықаралық процестерді талқылау дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Халықаралық қатынастарда ойын теориясы
Бұл курс ойын теориясына сыни баға беруге және оны халықаралық мәселелер мен жағдайларды талдауға қолдану дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде магистранттар төмендегі мәселелерді қарастырады: ойын теориясының негізгі анықтамаларын, құралдарын, негізгі әдістерін, халықаралық қатынастар саласындағы ойын моделін талдауға қабілеттілігін қалыптастыру, әлеуметтік және кәсіби міндеттерді шешу үшін осы әдістерді пайдалану, сараптамалық және талдау жұмыстарын дайындау.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Миграция және халықаралық саясат
Курс магистранттарға халықаралық еңбек миграциясының себептері мен ағымдағы тенденциялары, факторлары мен салдары, оның әлемдік экономикалық қатынастардағы рөлі туралы білім береді. Ол сондай-ақ магистранттарға сараптамалық және талдау жұмыстарын жүргізу үшін көші-қонның себептерін талдауға және көші-қон процесін болжауға көмектеседі. Нәтижесінде магистранттар халықаралық көші-қонның себептерін, түрлері мен проблемаларын, негізгі еңбек нарығы мен олардың ерекшеліктерін анықтауды үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Жаһандық саясаттағы салыстырмалы аймақтандыру және аймақтық ұйымдар
Аймақтандыру барған сайын жаһандық саясаттың маңызды тақырыптарының біріне айналды. Дегенмен, аймақтандыру деп аталатын құбылыс аймақтан аймаққа айтарлықтай айырмашылықтарды көрсетеді. Осы тұрғыда әртүрлі аймақтандыру қозғалыстарының мәдени, тарихи, саяси, экономикалық және институционалдық негіздерін салыстыру және халықаралық қатынастардағы «аймақ» құбылысын осы салыстыру әдісімен зерттеу құнды және маңызды тақырып ретінде қарастырылады. Курс аймақтық интеграциялық үдерістер бойынша сараптамалық және талдау жұмыстарын жүргізуге ықпал етеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 7
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Алынған теориялық білімдерін ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің әртүрлі нысандарында қолдана отырып, ғылым тарихы мен философиясы дамуының негізгі мәселелері мен қазіргі даму тенденцияларын талдайды
- Кәсіби қызметінде шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас орнату дағдыларын қолданады.
- Педагогикалық такт және этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттері мен дағдыларын көрсете отырып, ЖОО-да білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады
- Заманауи аналитикалық әдістер мен жасанды интеллект құралдарын қолдана отырып, ғылыми-зерттеу нәтижелерін кешенді түрде талдайды
- Халықаралық ғылыми дерекқорлар өнімдерін және жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, ғылыми зерттеу нәтижелерін ғылыми этика талаптары мен академиялық адалдық қағидаттарына сай рәсімдеп, ғылыми еңбектерді әзірлейді
- Сыни ойлау негізінде халықаралық қатынастарда болып жатқан оқиғаларды жіктеп және талдап, ақпараттарды өңдейді
- Қазіргі заманғы аймақтық, интеграциялық, жаһандық, геосаяси, әлеуметтік-мәдени, демократиялық, саяси, миграциялық және дипломатиялық үдерістердің даму жолдарын болжайтын сараптамалық және талдау жұмыстарын жүргізеді
- Кәсіби қызмет шеңберінде қауіпсіздіктің жаңа өлшемдерін ескере отырып, жаһандық және аймақтық қауіпсіздік, қақтығыс және бейбітшілік мәселелері бойынша өзекті зерттеу тапсырмаларын әзірлейді
- Халықаралық қатынастар саласында іргелі теориялық және қолданбалы зерттеулер жүргізеді
- Халықаралық қатынастар саласындағы ғылыми теориялар, мектептер, бағыттар мен тенденциялар туралы білімдерін қолданады