Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M04121 Мемлекеттік және жергілікті басқару в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Пәндер

  • Адам ресурстарын басқару

    Пәннің мақсаты «Адам ресурстарын басқару» пәнін оқудың мақсаты – магистранттардың ұйымның адами ресурстарын басқарудың жалпы теориялық негіздері туралы түсінігін қалыптастыру, адам ресурстарын басқарудың заманауи технологияларымен танысу және меңгеру, менеджмент жүйесіне заманауи көзқарасты қалыптастыру. персоналды басқару саласында, адам ресурстарын басқарудың тиімділігін түсіну, адам ресурстарын басқару саласындағы заманауи технологияларды меңгеру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мемлекеттік сектордағы ойлау дизайны және инновациялық технологиялар

    Пәнді оқыту әртүрлі саладағы маман иелерінің Design Thinking (ойлау дизаны) әдісі бойынша инновациялық технологияларды қолдана отырып, меңгеруіне мүмкіндік береді. Оқу курсы жаңа қызмет көрсетуде басқару дағдыларын игеру үшін және ұжымдық үдерісте креативті ұйымдастыруды дамыту, мемлекеттік сектордағы ойлау дизайын білуді қамтиды. Пәнді оқыту нәтижесінде ойлау дизайны үдерісіндегі үйрету әдістемелерін тәжірибелік эмпатия негізінде нақты бизнес-жобаларда қолдану, жаңа идеялар мен шешімдердің прототипін анықтау және оларды тестілеу болып табылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Зерттеулердің қолданбалы әдістері

    Пән магистранттарға ғылыми зерттеудің әдістемелік негіздерін меңгертуді, эмпирикалық және қолданбалы зерттеу жүргізу дағдыларын қалыптастыруды көздейді. Курста зерттеу жоспарын әзірлеу, гипотеза құру, әдістерді негіздеу, деректерді талдау және интерпретациялау қарастырылады. Сонымен қатар, ғылыми ақпаратты өңдеу және талдау үдерісінде жасанды интеллект технологияларын қолдану жолдары меңгеріледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шет тілі (кәсіби)

    Пән магистранттың мәдениетаралық-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға және ауызша және жазбаша шет тілін меңгеруін жетілдіруге бағытталған. Пәнді игеру барысында магистрант өз идеяларын, мақалаларды, есептерді, тағы басқа ғылыми еңбектерді рәсімдеу кезінде жазбаша, ғылыми қоғамдастыққа хабарлау кезінде ауызша түрде шет тілінде жеткізуге машықтанады. Шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектерін түпнұсқа дереккөздерден оқу және шетелдік тәжірибені меңгеру үшін ақпараттарды аудару дағдыларын жетілдіреді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Цифрлық мемлекеттік басқару

    Пәннің мақсаты: Пәнді оқыту нәтижесінде цифрлық мемлекеттік қызметті ұсыну қағидаларын, цифрлық мемлекеттік қызметтерді дамытудың негізгі элементтерін, сандық басқарудың көшбасшылық және дағдыларын дамытуды, сандық мемлекеттік басқаруды құру стратегиясын, цифрлық талдау, өлшеу жүйесін қамтиды. "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы экономика салаларын цифрландыру, сандық мемлекетке көшу, адами капиталды дамыту, цифрлық мемлекет жағдайында алған білім мен іскерлікті тәжірибеде меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Инновациялар және технологиялық өзгерістерді басқару

    Пәннің мақсаты: Инновациялар мен технологиялық өзгерістерді басқаруда тиімді шараларды әзірлеу, өзгерістерді талдау және жұмыста жаңа тәсілдерді пайдалану ұсыныстарын енгізу. Инновациялық үдерісте инновациялық идеяларды дұрыс таңдау маңызды орын алады. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру, ең бірінші, қандай да бір ой негізінде құрылады. Бірақ инновациялық бизнесте дұрыс ойды таңдау жоғары мағынаға ие және болашақтағы жетістіктің немесе сәтсіздіктің кепілі болып табылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Стратегия және бизнес-саясат

    Пәннің мақсаты:Стратегия мен бизнес саясатпәніноқыту нәтижесінде қоғамның әлеуметтік дамуының тактикалық және стратегиялық маңыздылығын жоспарлау саласында білім беру. Нарықта стратегиялық және бизнес саясат мақсаттарына сай нақты міндеттермен тапсырмалар беруіне байланысты дұрыс баға, шешім қабылдай алады. Бизнесте құлдырау мен өрлеуден құтылу мүмкін емес болғандықтан, стратегиялық басқару үнемі дамып отырады. Стратегия арқылы нарық жағдайында ұйымдастырудың, басқару үрдісінің базасы болып табылады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мемлекеттік басқару теориясы және практикасы

    Пәннің мақсаты: Мемлекеттiк және жергiлiктi басқарудың тұжырымдамасымен, жүйелерiмен таныстыру, мемлекет пен өңiрлердi дамытудың стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыруды қамтамасыз ететiн кәсiби даярланған кадрлар резервiн құру. Мемлекеттік және жергілікті билік органдарындағы басқару процестерінің ерекшеліктерін мемлекеттік басқару саласын зерттеуге мүмкіндік беретін дағдыларды меңгеру, мемлекеттік және жергілікті басқару органдарында өз мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін қолданылатын негізгі әдістер мен технологияларды меңгеру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Электронды бизнесті басқару

    Пәннің мақсаты:Магистранттарды электронды бизнестегі әртүрлі масштабтағы жобаларды басқару үдерістеріне дайындау. Электрондық бизнестегі қазіргі заманғы концепцияларды зерттеу. Электронды бизнестегі жаңа интернет-технологиялар мен кәсіпкерлік қызмет пен бизнестің ерекшеліктері мен өзіндік үрдістерін игеруі, бизнесті дамытудың экономикалық тиімділігі тұрғысынан басқарушылық ұстанымдарды, экономикалық талдау әдістерін, заңдарды оқып үйрену кезінде қолдана білуі

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Үлкен деректер теориясы және мемлекеттік басқарудағы кибер қауіпсіздік

    Пәннің мақсаты: Үлкен деректер теориясы және мемлекеттік басқарудағы киберқауіпсіздік курсы қажетті эксперименттерді жоспарлау және жүргізу, алынған мәліметтерді түсіндіру және қорытынды жасау қабілетін көрсетеді. Мемлекеттік сектордағы цифрлық шабуылдардан жүйелерді, желілерді және бағдарламалық қосымшаларды қорғау бойынша шараларды іске асыру принциптерін зерделеуді ұсынады. Пәнді оқыту нәтижесі кибер шабуылдың себептерін және олардың жалпы мемлекеттік басқарудағы киберқауіпсіздік қамтамасыз ету ережелерін оқыту болып табылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Басқару психологиясы

    Пән басқарушылық қызметтің психологиялық теорияларының іргелі түсініктерін, әлемдегі басқарудың тиімді стратегиялары мен теорияларын зерттейді. Пәнді меңгеру барысында магистрант ұйымдастырушылық мінез-құлықтың психологиялық теорияларын синтездей білу, командада тиімді өзара іс-қимыл жасай білу, команда құру және басқару психологиясының ережелерін ескере отырып, оның жұмысын ұйымдастыру дағдыларын игереді. Көшбасшылық қасиеттерді көрсете білуді және шиеленістік ситуацияларды басқарудың психологиялық әдістерін қолдануды үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Жоғары мектептің педагогикасы

    Пән жоғары мектептегі тұтас педагогикалық үдерістің әдіснамалық негіздері мен қазіргі білім беру парадигмалары туралы білімдерді зерттейді. Пәнді оқу барысында магистрант жоғары кәсіби білімнің ролі мен маңыздылығын және жоғары мектеп оқытушысына қойылатын негізгі талаптарды меңгере отырып, жоғары оқу орындарында ғылыми-зерттеу әдістерінің түрлерін пайдалануды, нақты ғылыми-педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру мен жүргізудің әдістемесін қолдануды үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Академиялық ғылыми жазба.

    Пән академиялық жазылым талаптарын меңгеру, ғылыми этика және академиялық адалдық қағидаттарын сақтау негізінде ғылыми мақалалар дайындау тәсілдерін игеруге бағытталады. Мәтін құрастыру әдістері, академиялық жазбалардың түрлері, халықаралық ғылыми дерекқорларды пайдалану жолдары және ғылыми журналдардың құрылымдық әрі мазмұндық талаптарына сай мақала рәсімдеу дағдылары қалыптастырылады. Мақаланы журналдардың онлайн жүйелері арқылы ұсыну тәртібі үйретіледі. Ғылыми деректерді талдау мен библиографиялық ақпаратты өңдеу үдерісінде жасанды интеллект технологиялары қолданылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Пәннің мақсаты ғылыми ойлау тарихы мен философиясы, ғылымның философиялық негіздері, эмпирикалық және ғылыми білімнің генезисі мен мәні, өсуі мен перспективалары туралы білімді қалыптастыру. Қолданылатын проблемалық оқыту, тақырыптық талқылаулар, жобалық әдіс сияқты оқытудың белсенді әдістері магистранттарда заманауи ғылыми жетістіктерді сыни бағалау, қазіргі кезеңнің өзекті мәселелеріне қатысты өзінің этикалық ұстанымын қалыптастыру және пікір-таластарда өзінің көзқарасын негіздеп, дәлелдей алу дағдыларын меңгертуге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Жаһандық демократиялық басқару және азаматтық қоғам

    Пәннің мақсаты: Курс табиғи және әлеуметтік кеңістіктегі трансұлттық және жаһандық сипаттағы проблемаларды реттеуді анықтайтын институттардың, принциптердің, саяси және құқықтық нормалардың, мінез-құлық нормаларының жүйесімен танысады. Бүгінгі күні жаһандық ойлау қабілетін басқаруды және азаматтық қоғамды ұйымдастырудың қажеттілігін, демократиялық жаңғыру үрдісінің кейбір өзіне тән ерекшеліктерін қарастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы басқарудың моделі

    Пәннің мақсаты: Оқу пәнінде қазіргі қоғам сыбайлас жемқорлыққа қарсы басқарудың моделін кәсіби даярлауға жоғары талаптар қояды. Қазіргі жағдайда, әртүрлі іс-әрекеттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимылын жүзеге асыру қажеттілігі, адамның қоғамға қатысты әрекеттерінің мақсаттары мен салдарларын түсіну маңызды. Мемлекеттік органдар жүйесіндегі жемқорлықтың құқықтық аспектілерін талдау және бағалау. Басқару органдарында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылық жүйесін сақтау және нығайту мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Болашақтың жаһандық көшбасшыларды дайындау

    Пәннің мақсаты: Болашақтың көшбасшылары жаһандануды дұрыс қолдануларымен қауіпсіз және одан әділдірек жасай алатын жаңа жолдарды анықтай отырып, озық экономикалар үшін оның толық әлеуетін ашу үшін саясаттар әзірлеулері қажет екендігін түсіндіреді. Болашақтың көшбасшылық қабілетін қалыптастыру дайындау тұрақтылық пен тыныштықтың арқауы. Жаһандану дәуіріндегі жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мәселесін зерттеу, қазіргі қоғамның дамуы үшін, теориялық және тәжірибелік маңызын түсіндіру болып табылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Мемлекеттік басқару және әлеуметтік әл-ауқат

    Пәннің мақсаты: Әлеуметтік салада және халықтың әлеуметтік әл-ауқатын қорғауда басқару негіздерін меңгеру. Мемлекеттік басқару коғам дамуының барысында әлеуметтік –экономикалық даму бағдарламаларының тиімділігін бағалауға қабілетін қалыптастыру. Әртүрлі категориялық тұрғындардың әлеуметтік әл- ауқаттың нормативті- құқықтық базасының қалыптасуының негізгі бағыттары мен әлеуметтік әл- ауқаттың теориялық модельдерінің дамуын қарастыру болып табылады

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Халықаралық экономикалық интеграция

    Пәннің мақсаты: Халықаралық экономикалық интеграция пәні – түрлі елдердің ұлттық шаруашылықтары арасындағы ынтымақтастық және олардың интеграциялануын жүйелендіру, құрылымдық жақындығын көрсетеді. Экономикалық интеграцияның әлеуметтік-экономикалық дамудағы әсерін, жаңа технологияның және халықтың орналасуысында географиялық өзгерістер негізінде талдау. Магистранттар жаһанданудың халықаралық интеграциясына қатысты негізгі терминдер мен анықтамаларды меңгереді;интеграциялық процестердің негізгі теориялық түсініктерін;халықаралық интеграциялық бірлестіктердің түрлері;халықаралық интеграциялық бірлестіктерді институционалдық-құқықтық тіркеу; экономикалық жаһандану жағдайындағы ең маңызды интеграциялық құрылымдар.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Адам капиталын мемлекеттік басқару

    Пәннің мақсаты: Курс адами капиталды басқарудың теориясы мен тәжірибесінің тұжырымдамалық негіздеріне, адами капиталды басқару тәжірибесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге арналады; адами капиталдың кәсіби сапаларын дамыту, ұйымның адами капиталының қызметін ұйымдастыру, адами капиталды басқарудағы мәдениеттің рөлін арттыру, адами капиталды басқарудағы халықаралық тәжірибе, адами капиталға инвестиция және даму мәселелерін қарастырады. Білім алушылар адами капиталды басқару ерекшеліктерін; адами капиталды басқарудың үлгілері мен механизмдерін, адами капиталды басқару және оның біртұтас көзқарасын қалыптастырудың отандық ұйымдардағы ерекшеліктерін білуі қажет.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Үкіметтік бағдарламаларды және жобаларды басқару

    Пәннің мақсаты: Аймақтық және мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды басқаруда мемлекеттің шектеулі қаражаттарын, ресурстарын тиімді пайдалану құралы. Мемлекеттік Ұлттық бағдарламалар арқылы мемлекеттік реттегіштер жүйесінің белгілі нысаналы бағытта кешенді, сапалы қолданылуда қамтамасыз ететін ресурстарды тиісті жоспарлау, ұйымдастыру, басқару және бақылау арқылы көздеген мақсаттарға жеткізуге бағытталған пән саласы.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 7

Оқыту нәтижелері

  • Алынған теориялық білімдерін ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің әртүрлі нысандарында қолдана отырып, ғылым тарихы мен философиясы дамуының негізгі мәселелері мен қазіргі даму тенденцияларын талдайды
  • Кәсіби қызметінде шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас орнату дағдыларын қолданады
  • Педагогикалық такт және этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттері мен дағдыларын көрсете отырып, ЖОО-да білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады
  • Заманауи аналитикалық әдістер мен жасанды интеллект құралдарын қолдана отырып, ғылыми-зерттеу нәтижелерін кешенді түрде талдайды
  • Халықаралық ғылыми дерекқорлар өнімдерін және жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, ғылыми зерттеу нәтижелерін ғылыми этика талаптары мен академиялық адалдық қағидаттарына сай рәсімдеп, ғылыми еңбектерді әзірлейді.
  • Мемлекеттік басқару заңдылықтарын және олардың көріну нысандарын, қазіргі әлемде болып жатқан жаһандану процестерін біле отырып, мемлекеттік басқару саласында іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуге қабілетті
  • Мемлекеттік қызметті ұйымдастыру және басқару жүйесін дамытудың экономикалық талдау әдістерін, заңдар мен адам құқығын оқып үйренуге қабілетті
  • Мемлекеттік басқару саласында ұсыныстар мен сипаттамаларды тұжырымдай отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен жаһандану дәуіріндегі жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға қабілетті
  • Мемлекеттік және жергілікті басқарудың негізгі үрдістерін зерттей отырып, мемлекеттік және жергілікті басқару саласында кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілетті
Top