Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D01503 Физика в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Пәндер

  • Ғылыми нәтижелерді коммерцияландырудың практикалық аспектілері

    Тәуекелдерді басқару инновациясы барысында ақпараттық технологияларды қолдану теориясы мен ғылыми зерттеу нәтижелерін коммерцияландыру жолдары туралы негізгі теорияларды тұжырымдау; ғылыми зерттеулерге қатысушылардың рөлдерін бағалау; ғылыми зерттеудің нақты нәтижесін коммерцияландыру алгоритмін әзірлеу; өзінің кәсіби қызметінде ғылыми зерттеу нәтижелерінің коммерциялық әлеуетін бағалау саласындағы өзінің базалық білімін біріктіру; ғылыми зерттеу нәтижелерін коммерцияландыруды басқару.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Физиканы оқытудың әдістемелік жүйесі және ғылыми педагогикалық аспектілері

    Физика саласында білім беру, оқыту, тәрбиелеу және дамыту ұғымдарына ғылыми тұрғыдан анықтама беру; педагогикалық жүйе, әдістемелік жүйе, педагогикалық жобалау, педагогикалық технологиялар, педагогикалық техника мүмкіндіктерін бағалау; физиканы оқытудың әдістемелік жүйесін заман талабына сай әзірлеу, ғылыми педагогикалық зерттеулердің негізгі әдіснамалық сипаттамаларын айқындау; зерттеулерді жүргізу үдерісін ұйымдастыру; оқыту формалары мен әдістері, педагогикалық диагностика жасау сияқты өзекті мәселелерді айқындау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Академиялық хат

    Пән аясында ғылыми-зерттеу жұмысын жалпы академиялық адалдық қағидалары шеңберінде ғылыми этикаға сай жазу, жобалау, жүргізу жолдары және оларды салыстырмалы талдау, бағалау әдістері көрсетіледі. Сондай-ақ, халықаралық ғылыми дерекқорлар мен әртүрлі ғылыми баспалар таныстырлып, қалай жұмыс жасау, олардың өнімдерін қалай және қай жерде пайдалануға болатындығы үйретіледі. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына сілтеме жасау және плагиатқа тексеру әдістері мен бағдарламалары таныстырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Физиканың таңдаулы тараулары

    ҚР және шетелдерде таңдаған қызмет саласында табысты жұмыс істеуге мүмкіндік беретін жоғары кәсіби профильдік білім алуда физикалық мәселелерді шешудің практикалық дағдыларын дамыту; заманауи физикалық білімдерді салыстыру; физиканың таңдаулы тараулары бойынша негізгі теориялық білімдерді практикада қолдану мәселелерін; Заманауи физиканың өзекті мәселелерін синтездеу; Физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды зерттеудің заманауи эксперименттік тәсілдерін меңгеру; жаңа білім арқылы оқытудың мазмұнын әзірлеу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Физиканы оқыту әдіснамасы және заманауи ғылыми, жасанды интеллект технологиялары

    Қазіргі заманауи ғылыми технологияларды қолдану саласында жасанды интеллект элементтері бар білімдерді қалыптастыру; жоғары мектептің дидактика саласы мен арнайы саладағы білімді интеграциялау негізінде ЖОО-да сабақтардың барлық түрлерін әзірлеу; зерттеушілер мен білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыратын инновациялық технологияларды қолданып ЖОО-да барлық сабақ түрлерін әзірлеу; педагогикалық зерттеулердегі статистикалық әдістерді, ғылыми зерттеулердің қазіргі заманғы тәсілдерін, өңдеу және тәжірибелік мәліметтерді интерпретациялауды жоспарлап ұйымдастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеу әдістері

    Докторанттарда диссертациялық жұмысты орындау және ғылыми мақалаларды жазу кезінде қолданылатын ақпаратты жинау, өңдеу және талдау әдістері туралы терең білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру көзделеді. Бұл білім алушыға өзінің ғылыми-зерттеу жұмысында зерттеудің сапалық және сандық әдістерін негізге ала отырып дұрыс таңдау жасауға мүмкіндік береді. Ғылыми ізденістің заманауи талаптарына сәйкес жасанды интеллект технологияларын қолдану дағдылары қалыптастырылады. Жасанды интеллект негізіндегі құралдарды (мәтіндік модельдер, автоматтандырылған библиография, деректерді талдау жүйелері) қолдану арқылы ғылыми ақпаратты құрылымдау, зерттеу гипотезаларын дәлелдеу және академиялық жазылым сапасын арттыру мүмкіндіктері кеңейтіледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Ғылыми-зерттеу еңбектерін жазу барысында ғылыми этика нормаларын сақтай отырып, академиялық адалдық қағидаларын басшылыққа алады және халықаралық ғылыми дерекқорлар мен жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдаланады.
  • Кәсіби саласында қолданылатын заманауи зерттеу әдістері мен дағдыларының ерекшеліктерін жүйелі түрде түсініп, ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданады
  • Зерттеу бағыты бойынша мақсаттар мен міндеттерді анықтай отырып, зерттеу нәтижелері негізінде қағидалар ұсынып, ғылыми еңбектерді әзірлейді және қорғайды
  • Жоғары мектептің дидактика саласы мен арнайы саладағы білімді интеграциялау арқылы оқытудың жаңа формалары мен әдістерін пайдалану негізінде сабақтардың барлық түрлерін ұйымдастыра отырып, кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыратын педагогикалық зерттеулердегі статистикалық әдістерді, ғылыми зерттеулердің қазіргі заманғы тәсілдерін, өңдеу және тәжірибелік мәліметтерді интерпретациялауды іске асырады
  • Заман талабына сай оқытудың әдістемелік жүйесін жасауда педагогикалық жобалау, педагогикалық технологиялар, педагогикалық техника мүмкіндіктерін бағалайды
  • Ғылыми педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық сипаттамалары негізінде зерттеулерді жүргізу үдерісін ұйымдастырып, педагогикалық диагностика жасау сияқты өзекті мәселелерді айқындайды және жасанды интеллект элементтерін қолданады
  • Физика саласында жоғары кәсіби профильдік білім алуда физикалық мәселелерді шешудің практикалық дағдыларын, заманауи физикалық білімдерді дамыта отырып, физиканың өзекті сұрақтары бойынша негізгі теориялық білімдерін, заманауи физиканың өзекті мәселелерін синтездейді
Top