6B10173 Мейіргер ісі в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Заманауи медициналық талаптарға сәйкес келетін, кәсіби білім мен дағдыларды меңгерген, адамгершілік құндылықтарды ұстанатын, денсаулық сақтау жүйесінде сапалы мейіргерлік қызмет көрсететін білікті мамандарды даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B084 Мейіргер ісі
-
ҰБТ-дағы пәндер Биология және Химия
-
Білім беру саласы 6B10 Денсаулық сақтау
-
Дайындық бағыты 6B101 Денсаулық сақтау
Пәндер
-
Психикалық денсаулық және психиатрия
Пән психикалық денсаулықты сақтау, психикалық бұзылыстардың алдын алу, диагностикалау және мейіргерлік көмекті ұйымдастыру қағидаттарын үйретеді. Білім алушы психикалық ауытқулары бар пациенттерге дәлелді медицинаны, кәсіби этика мен қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, сапалы мейіргерлік көмекті көрсете алады. Сонымен қатар, ол пациенттермен, отбасылармен және әріптестермен тиімді кәсіби қарым-қатынас орнатып, психикалық денсаулықты нығайтуға бағытталған оқыту мен қолдауды жүзеге асырады.
Несиелер - 3
-
Медициналық биофизика
Пән тірі организмдердегі биофизикалық үдерістерді және олардың медициналық практикадағы қолданылуын қарастырады. Медициналық құрылғылардың жұмыс істеу принциптері мен физиологиялық жүйелердегі физикалық құбылыстар түсіндіріледі. Курсты игеру барысында білім алушылар пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ғылыми білім мен заманауи технологияларды қолдануды, сондай-ақ мейірбикелік диагноз қою кезінде дәлелді медицина принциптеріне негізделген клиникалық және теориялық білімді қолдануды үйреніп, сыни ойлау және кәсіби жауапкершілікті қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Түрік тілі ( А2)
Бұл курс түрік тілінің жалғастырушы деңгейін үйренуге арналған, "Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне" сәйкес А2 деңгейінде білім алушылардың практикалық дағдыларын дамытады. Курс білім алушылардың тілдік деңгейіне байланысты жазбаша (оқылым, жазылым) және тікелей ауызша (айтылым, тыңдалым) коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы қарапайым күнделікті әлеуметтік тақырыптарда сөйлесе алады, қарапайым жағдайларды сипаттай алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Мейіргер ісіндегі этика және деонтология
Пән мейіргерлік практикада оқыту, жекелеген тұлғалардың/пациент, отбасы, топтарды бекіту үшін мінез-құлық дағдыларын, салауатты өмір салтын оқытуды жүзеге асыруға мамандардың тәлімгерлік жасауы және тәлімгерлікте ғылыми негізделген қызмет түрлерін оқытады. Әртүрлі жағдайларда жеке пациенттермен, жанұялармен және топтармен, әріптестермен және басқа мамандармен нақты, тиімді және кәсіби қарым-қатынас орнатуды үйренеді.Мейіргер күтімінің сапасын арттыруға іс-шараларды қолданады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Медициналық биология және генетика негіздері
Пән адам ағзасының биологиялық құрылымы мен қызметін, тұқымқуалаушылық заңдылықтары мен генетикалық ақпараттың берілуін зерттейді. Білім алушылар молекулалық және жасушалық деңгейдегі биологиялық процестерді түсініп, генетикалық аурулардың алдын алу мен диагностикалау әдістерін меңгереді. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар дәлелді медицина қағидаларына негізделген клиникалық білімді пайдалана отырып, мейіргерлік қызметте қауіпсіздік пен тиімділікті қамтамасыз ете алады, сондай-ақ кәсіби дамуын үздіксіз жетілдіреді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Түрік тілі (А1)
Бұл курс түрік тілінің бастапқы деңгейін оқуға арналған, "Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреттеріне" сәйкес студенттердің А1 деңгейінде практикалық дағдыларын қалыптастырады. Курс студенттердің мәдениетаралық және коммуникативтік қарым-қатынасқа дайындығы мен қабілетін дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент нақты мәселелерді шешуге бағытталған таныс күнделікті сөздер мен қарапайым сөз тіркестерін түсінеді және қолданады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Мейіргер ісіне кіріспе
Пән практикалық денсаулық сақтауға, емдеу мекемелерінің жұмыстарын ұйымдастыруға, науқасқа күтім және оның жанұясымен жақынырақ танысуға, жанұялық мәселелерін шешуге қалай көмектесуді оқытады. Әртүрлі жағдайларда науқастармен, әріптестермен дұрыс қарым – қатынас жасауды, сонымен қатар науқастар күтімін және дәрігерге дейінгі көмекті көрсетуді кәсіби қарым-қатынасты үйренеді. Пациенттердің отбасылар мен топтардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған әртүрлі іс-шараларға қолданады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Анатомия, физиология және патология-1
Пән адам ағзасының құрылымдық және қызметтік негіздері – жалпы анатомия, қалыпты физиология және жалпы патологиялық үдерістерді қамтиды. Студент адам ағзасындағы тіндер мен жүйелердің құрылымын және физиологиялық қызметтерін теориялық тұрғыда меңгереді. Сонымен қатар, жалпы патологиялық үрдістердің даму механизмдерін, себеп-салдарын, және олардың ағзаға әсерін жүйелі түрде талдай алады. Пән барысында алынған білім мейіргерлік тәжірибеде дәлелді медицинаны қолдану, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және кәсіби дамуды жоспарлау үшін негіз болады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Медициналық терминологиядағы латын тілі
Латын тілін үйрену студенттерге үнемі жаңарып отыратын медициналық терминологияны – медицина қызметкерінің болашақ мамандығының кәсіби тілін саналы түрде меңгеруге және сауатты қолдануға жол. Латын тілінде медициналық терминологияны меңгерудің негіздері грамматика элементтері мен сөзжасам принциптерін практикалық зерттеу арқылы бірінші курста қалануы керек. Латын терминдері көбінесе анатомиялық құрылымдарға, ауруларға, емдеу әдістеріне және медицинаның басқа аспектілеріне қатысты қолданылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Мейіргер ісіндегі ақпараттық жүйелер
Пән электрондық денсаулық сақтау саласын дамыту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде электрондық денсаулық сақтау секторын реттеуге және стандарттауды оқытады. Мейіргерлік қызмет көрсету үшін ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін пайдалана отырып, ақпараттық жүйелердің, денсаулық сақтаудың жүйелерін басқаруды үйретеді. Медициналық ақпараттың бірыңғай желісін пайдалана отырып, кәсіби тапсырмаларды орындауда әртүрлі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды мейіргер жұмысында қолданады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері
Пән экономикалық білімді қалыптастырады, кәсіпкерлік жүргізудің ғылыми негіздерін зерттейді. Кәсіпкерлік іс-әрекетті меңгеру барысында білімгер цифрлық технологияларды қолдана отырып мәліметтерді жинақтайды, бизнестің қыр сырын меңгере отырып, өз бетінше басқарушылық мәселелерді шешеді, алдында тұрған мақсаттарға қол жеткізу дағдыларын қалыптастыру арқылы көшбасшылық қабілетін көрсетеді. Білім алушы кәсіпті жүзеге асыру әдістерімен танысады, бизнесті ұйымдастыру мен басқару шешімдерін қабылдауға дағдыланады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Анатомия, физиология және патология-2
Пән адам ағзасының жеке мүшелері мен жүйелерінің қалыпты құрылымын, қызметін және оларға тән патологиялық үдерістерді қамтиды. Білім алушылар жүрек-қантамыр, тыныс алу, ас қорыту, несеп-жыныс, эндокриндік және жүйке жүйелерінің анатомиясы мен физиологиясын меңгере отырып, осы жүйелерде кездесетін патологиялық өзгерістерді талдай алады. Пән барысында алынған білім нақты клиникалық жағдайларды дәлелді ақпарат негізінде түсінуге, қауіпсіздік пен сапаны қамтамасыз етуге және кәсіби қызметін дамытуға бағытталады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жасанды интеллект негіздері
Пән жасанды интеллект саласындағы (ЖИ) негізгі ұғымдарды, ЖИ технологияларының архитектурасы мен жұмыс істеу принциптерін, қолдану әдістері мен мүмкіндіктерін оқытады. Курсты оқу барысында білім алушылар ЖИ технологияларының теориялық және практикалық негіздерін меңгеріп, оларды құқықтық және этикалық нормалар аясында кәсіби салалардағы міндеттерді шешуде тиімді қолдану дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Медициналық микробиология және инфекциялық қауіпсіздік
Пән микроорганизмдердің жіктелуіне, морфологиясына және физиологиясына, патогендік және шартты-патогенді бактериялардың қасиеттеріне, инфекциялардың таралуына және олардың алдын алу шараларына бағытталған. Пән барысында білім алушы микробтардың патогендік қасиеттерін, инфекциялық аурулардың алдын алу үшін инфекциялық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, инфекциялық ауруларды диагностикалау әдістері мен алдын алу шараларын меңгереді. Медбикелер инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті кәсіби дағдыларды игереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Пән сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және академиялық адалдықты тарихи, сондай-ақ қазіргі заманғы мәтіндерде қалыптастырады, сыбайлас жемқорлықтың туындауының әмбебап мәнін, табиғатын, орнықтылығының себебін ашады. Білім алушы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени, адамгершілік-этикалық аспектілері бойынша материалдарды цифрлық технологиялар көмегімен жинау, талдау және ситуациялық міндеттерді өз бетінше немесе командада шешу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті дербес ұйымдастыру дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қаржылық сауаттылық
Пән алған білімдері мен оларды іс жүзінде қолдану, қаржылық ақпаратты пайдалану арасында тікелей байланыс құру негізінде жеке қауіпсіздік пен қаржылық сауаттылықты ескере отырып, қаржылық шешімдер қабылдау үшін білім алушылардың жауапкершілігін қалыптастыруды көздейді. Сондай-ақ тұтынушының, салымшының, қарыз алушының, акционердің, салық төлеушінің, сақтанушының, қаржы нарығындағы инвестордың әлеуметтік-экономикалық рөлін және пирамидалар мен қаржылық алаяқтықтардан тұтынушылардың қауіпсіз мінез-құлқын тиімді орындау дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Дәлелді мейіргер ісінің негіздері
Пән дәлелді медицина негіздерін және оның мейірбике ісінде қолданылатын негізгі принциптерін үйретеді. Оқыту барысында мейірбике ісінде нақты деректерге негізделген сенімді, өзекті ақпаратты қолдану дағдысы алынады. Клиникалық тәжірибені, пациенттердің құндылықтарын және мейірбикелік тәжірибені басқару үшін ең жақсы ғылыми дәлелдерді біріктіруге негізделген заманауи медициналық практикадағы маңызды бағытты білдіреді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Экология және өмір қауіпсіздігі
Пән білім алушыларда адамның қоршаған ортамен өзара іс-қимылы, экологиялық және техногендік тәуекелдер, тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаттары және қоғамның тұрақты дамуы тұжырымдамасы туралы білім жүйесін қалыптастырады. Білім алушы тұрақты даму мақсаттарын, инклюзивті орта ерекшеліктерін ескеріп, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді және негіздеуді меңгереді. Төтенше жағдайлар мен тәуекелдерді бақылау, талдау және алдын алу құралдарын қолдануға дағдыланады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Медициналық-санитариялық алғашқы көмектегі мейіргерлік іс
Пән халықтың денсаулығын нығайту үшін жаңадан медициналық санитарлық көмектің негізгі қағидаларын оқытады. Мейіргер күтімінің сапасын, тиімділігін және қауіпсіздігін арттыруға бағытталған әртүрлі іс-шараларды меңгереді. Амбулаториялық-емханалық жағдайларда медициналық құжаттама жүргізуге, пациенттердің, отбасылардың, топтардың, қызметкерлердің және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ілгерілету үшін ғылыми білімді, технологиялық жетістіктерді және кәсіби дағдыларды қолданады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Ясауитану
Пән ясауилік құндылықтармен таныстырады, академиялық, жеке, мәдени, кәсіби қатынастарда ғылым, діни төзімділік, адамдар қатынасы, құқығы туралы ясауилік ұстанымдарды қалыптастырады. Білім алушы Ясауи мәдениетінің ерекшелігін түсініп, қоғамдағы әлеуметтік, этикалық, конфессиялық, мәдени ерекшеліктермен салыстыра біледі. Ясауи ілімінің түркі халықтарының ұлттық мәдениеті, діни түсінігіндегі маңыздылығын түсінеді, қоғамдық ынтымақ, бірлікке ұйытқы болатын «хикметтің» ұлт руханиятындағы орнын саралап, белсенді кәсіби, әлеуметтік қатынас орнату қабілеттерін қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Пациент қауіпсіздігі және мейіргерлік күтім сапасы
Пән пациент қауіпсіздігі мен мейіргерлік күтім сапасын қамтамасыз ету мақсатында, мейіргерлердің тиімді және кәсіби қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытады. Білім алушы медициналық ақпаратты дұрыс талдап, әртүрлі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, медициналық тапсырмаларды орындауды үйренеді. Пән барысында қауіпсіздік шараларын сақтау және жұмыс ортасының мәдениетін арттыруға бағытталған этикалық қағидалар талқыланады. Мейіргерлік қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған шешімдер қабылдау дағдылары қалыптасады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Салауатты өмір салты
Пән адамның физикалық, психикалық және әлеуметтік денсаулығын нығайтуға бағытталған салауатты өмір салтының негізгі қағидаларын қарастырады. Білім алушылар аурулардың алдын алу, зиянды әдеттердің әсерін азайту, дене белсенділігі, дұрыс тамақтану, психоэмоционалды тепе-теңдік сақтау, жеке гигиена сынды аспектілерді меңгереді. Пәнде адамның денсаулығына әсер ететін қауіп факторларын анықтау және оны басқару дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Фармакология негіздері
Пән дәрілік заттардың негізгі қасиеттерін, әсер ету механизмдерін, фармакокинетика мен фармакодинамика негіздерін зерттейді. Білім алушылар дәрілердің адам ағзасына әсерін, қолдану көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштерін, дәрі-дәрмекпен емдеудің қауіпсіздік талаптарын меңгереді. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар дәлелді медицина қағидаларына сүйене отырып, фармакологиялық ақпаратты сыни талдап, мейіргерлік қызметте дәрілік заттарды қауіпсіз әрі тиімді қолдана алады, сондай-ақ кәсіби этика мен заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, үздіксіз кәсіби дамуын жоспарлайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Клиникалық ойлау дағдылары
Пән науқасты клиникалық тексеру дағдыларын бекітуге, науқастарды басқаруға біртұтас тәсіл негізінде модельденген жағдайларда науқасты басқару стратегиясын анықтай білу қабілетін қалыптастыруға, сондай-ақ базалық және клиникалық пәндердің білімі мен дағдыларын біріктіруге мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Ауруханаішілік инфекциялардың эпидемиологиясы
Пән ауруханаішілік инфекциялардың эпидемиологиясы, олардың пайда болу себептері мен таралу механизмдерін зерттеуге бағытталған. Білім алушылар ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу, қадағалау және жою шараларын меңгереді. Пән аясында эпидемиологиялық зерттеу әдістерін қолдана отырып, инфекцияның таралуын бақылау, мониторинг жүргізу және ауруханаішілік қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру дағдылары қалыптасады. Сонымен қатар, нормативтік-әдістемелік және заңнамалық құжаттарды пайдалана отырып, мейірбике күтімінің сапасын арттыру және инфекциялардың алдын алуда кәсіби қызметті жүзеге асыруға дағдыланады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Аса қауіпті жұқпалы аурулардың заманауи мәселелері
Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды оқытады. Денсаулықты нығайту бағдарламаларын іске асыруды және олардың жеке, отбасы және халық деңгейінде тиімділігін бағалауды, жұқпалы аурулардың замануи мәселелерін шешуді үйретеді. Жеке пациенттердің, отбасылардың, топтардың, қызметкерлердің және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін білімін қолданады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Педиатриядағы мейіргерлік процесс
Пән балалардың денсаулығын сақтау мен қалпына келтіруге бағытталған мейіргерлік көмекті ұйымдастыруды зерттейді. Білім алушы балалармен, олардың отбасыларымен кәсіби қарым-қатынас орната отырып, дәлелді медицинаға негізделген мейіргерлік диагноз қоюды, қауіпсіз әрі сапалы күтім көрсетуді, салауатты өмір салтын насихаттап, өз-өзіне күтім жасауды меігереді, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алуға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Акушерия және гинекологиядағы мейіргерлік іс
Пән әйелдің репродуктивті денсаулығын қорғау, жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңдерде мейіргерлік көмекті ұйымдастыруды үйретеді. Білім алушы акушерлік-гинекологиялық жағдайларда дәлелді медицина, кәсіби этика және заманауи технологияларды қолдана отырып, әйелдерге қауіпсіз әрі сапалы мейіргерлік көмек көрсетуді меңгереді. Сонымен қатар күнделікті өмірде салауатты өмір салтын ұстану, өзін-өзі күту және мүмкіндіктерін кеңейту бойынша пациенттерді, отбасыларды және топтарды оқытып, қолдау көрсетуді үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Мейіргерлік тәжірибедегі реабилитология негіздері
Пән реформалау жағдайындағы дәлелдерге негізделген мейірбикелік қызмет деңгейіндегі мейірбикелік масштабты диагностика мен оңалтудың теориясы мен принциптері. Диагностика проблемасының қазіргі жағдайының негізгі ұстанымдарын жарықтандыру, мейірбикелік медициналық оңалтуға онтогенетикалық, филогенетикалық тәсілдің негізгі заманауи тұжырымдамалары ұсынылған және заманауи әдістері қамтылған. Нейрореабилитациядағы, кардиореабилитациядағы, депрессия мен мазасыздықтағы негізгі мейірбикелік шкалалар. Нейрореабилитациядағы, кардиореабилитациядағы негізгі оңалту іс-шаралары.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Мейіргер ісіндегі әлеуметтік қауіпсіздік және тұлғаларды қорғау
Пән мейіргер ісіндегі әлеуметтік қауіпсіздік ұғымын, әлеуметтік тұрғыдан осал топтармен жұмыс істеу қағидаларын және адам құқықтарын қорғау негіздерін оқытады. Білім алушылар зорлық-зомбылық пен кемсітудің алдын алу шараларын, әлеуметтік қолдау жүйесін, құқықтық және кәсіби-этикалық нормаларды қолдануды үйренеді. Пән барысында тұлғаларды қорғау, қауіпсіз ортаны қалыптастыру және мейіргерлік қолдау көрсету бойынша тәжірибелік дағдылар қалыптасады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Терапиядағы мейіргерлік іс
Пән патологиялық үрдістердің себептері мен әсер ету факторларын, ішкі орган ауруларының негізгі емін дұрыс жүргізуді және олардың тиімді профилактикасын оқытады. Мейіргер күтімінің сапасын, тиімділігін және қауіпсіздігін арттыруға бағытталған әртүрлі іс-шараларды үйретеді. Терапиялық аурулар кезіндегі мейіргерлік араласуды жоспарлауды және жеке адамдардың/пациенттердің, отбасылардың, топтардың, қызметкерлердің және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қолданады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 7
-
Медициналық статистика
Денсаулық сақтау мәселелерін зерттеуде нысандарға табиғи және эксперименттік зерттеулерді жоспарлау арқылы олардың нәтижелерін статистикалық талдау ережелерін оқытады. Сыни тұрғыдан талдауда және тәжірибе барысында сенімді, өзекті, дәлелді ақпаратқа қол жеткізу үшін нақты статистикалық зерттеу әдістерін пайдалануды үйретеді. Халық денсаулығының жай-күйіне талдау жасай алады, әлеуметтік маңызы бар көрсеткіштер бойынша денсаулықты нығайту бағдарламаларын тиімділігін бағалауда қолданады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Реанимациядағы мейіргер ісі
Пән мейіргерлерді әр түрлі емдік – профилактикалық мекемелерде реанимациялық көмек көрсетуді оқытады. Науқастың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жағдайын жақсарту үшін білімі мен кәсіби дағдыларды қолданып, науқастарға көмек көрсетуді үйренеді. Жоғары білімді мейіргер ауруханаларда, емханада, травмалық пунктте дәлелді медицина қағидаларына негізделген заманауи теориялық және клиникалық білімді пайдалана отырып, күтімін жақсарту үшін идеяларды қолданады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Үйдегі мейіргерлік күтім
Пән үйде мейірбикелік күтімді ұйымдастыру және жүргізу дағдыларын қалыптастыруға, пациенттермен және олардың отбасыларымен тиімді қарым-қатынас орнатуға, салауатты өмір салты мен өзін-өзі күтуге көмектесу әдістерін үйретуге бағытталған. Пән барысында дәлелді медициналық ақпаратты қолдану, пациенттің қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету, сондай-ақ мейіргердің кәсіби дамуын үздіксіз жетілдіру үшін қажетті дағдыларды меңгереді. Үйде қауіпсіз, сапалы және тиімді күтім жасау принциптері қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Хирургияда мейіргерлік күтім
Пән әр түрлі хирургиялық жағдайларда жарақат алған науқастарды асептика және антисептика ережелеріне және талаптарына сәйкес дұрыс көмек көрсетуді оқытады. Шұғыл жағдайларда көмек көрсетуді және хирургиялық дағдыларды, кәсіби әдеп қағидаларын мейіргерлік күтімде дұрыс қолдануды үйретеді. Ғылыми білімге, технологиялық жетістіктерге және кәсіби дағдыларға сүйене отырып, пациентке бағытталған жоғары сапалы мейіргерлік күтімді қолданады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 7
-
Гериатрия және мейіргерлік күтім
Пән егде жастағы адамдар мен қарттарға мейіргерлік көмекті ұйымдастырудың теориялық негіздерін және күтім ерекшеліктерін үйретеді. Білім алушы геронтологиялық пациенттермен тиімді кәсіби қарым-қатынас орната отырып, дәлелді медицинаға негізделген мейіргерлік диагностика жүргізуді, қауіпсіз және сапалы күтім көрсетуді меңгереді. Сонымен қатар, студент ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, салауатты өмір салтын насихаттайды, пациент пен отбасына бағытталған оқыту әдістерін қолданады, топ жұмысын үйлестіру мен кәсіби этика қағидаларын сақтауды үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Жұқпалы аурулар эпидемиологиясы және мейіргерлік алдын алу шаралары
Пән жұқпалы аурулардың таралуын зерттейді және олардың алдын алу шараларын мейірбикелік тәжірибеде қолдануға үйретеді. Білім алушы эпидемиологиялық деректерді талдайды және профилактикалық шаралардың көмегімен аурулардың алдын алу әдістерін меңгереді. Пән барысында жұқпалы аурулардың алдын алу үшін қажетті кәсіби дағдыларды меңгереді, қоғамның денсаулығын сақтау мақсатында дәлелді медициналық ақпаратты пайдалана отырып, қауіпсіздік шараларын іске асыруды қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Әлеуметтік маңызды аурулар
Пән әлеуметтік маңызы бар аурулардың тізбесін анықтайтын нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мейіргерлік күтім мен көрсетілетін қызметтердің сапасын дербес қамтамасыз етуді және бағалауды оқытады. Пациентерді диспансерлік бақылаудан өткізуді, оның ішінде жұмысқа жарамсыздығын анықтауды, церебральді инсультте жедел көмек көрсетудің алгоритмдерін үйренеді. Әлеуметтік маңызы бар аурулар бойыншаденсаулықты нығайту бағдарламаларын іске асыруда.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Зерттеудің сандық және сапалық әдістері
Пән сандық және сапалық зерттеулер бойынша алғашқы деректерді жинау және талдауды үйретеді. Сапалық зерттеулер алғашқы ақпарат көздерінен алынған деректерді жинау мен талдауды, қауіпсіз медициналық ақпараттың бірыңғай желісін пайдалануды және тереңдетілген сұхбат жүргізуді меңгереді. Нормативтік құқықтық актілерге сәйкес,кәсіби қызметінде ғылыми зерттеу әдістерін, академиялық жазба негіздерін, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін қолданады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Эпидемиологиядағы және жұқпалы аурулардағы мейіргер ісі
Пән инфекциялық науқастарға күтім жасауды, оларды қарап тексеруді, зерттеуді, оларға шұғыл көмек көрсетуі бойынша өз дағдылары мен іскерліктерін меңгеруді оқытады. Әртүрлі жағдайларда жеке адамдармен/пациенттермен, жанұялармен және топтармен, әріптестермен және басқа мамандармен нақты клиникалық шешімдерді қабылдау мен ойластыруды үйренеді. Болашақ маманға кәсіптік біліктілігін қалыптастыруда дәлелді медицина қағидаларына негізделген заманауи теориялық және клиникалық білімді қолданады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Созылмалы аурулар кезіндегі мейіргерлік күтім
Пән созылмалы аурулары бар пациенттерге мейіргерлік күтім көрсетуге бағытталған. Білім алушылар созылмалы аурулардың клиникалық ерекшеліктерін, симптомдарын, асқынуларын және емдеу принциптерін меңгереді. Пән барысында пациенттің жағдайын бағалау, күтімді жоспарлау және жүзеге асыру, сондай-ақ мейіргерлік көмектің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету дағдылары дамытылады. Сонымен қатар, салауатты өмір салтын насихаттау, өзін-өзі күту және денсаулықты сақтау бойынша пациенттерді оқыту әдістерін қолдану қарастырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мамандандырылған мейіргерлік көмек
Пән дәлелді медицина қағидаларына сүйене отырып, күрделі клиникалық жағдайларда жоғары деңгейдегі кәсіби мейіргерлік көмекті ұйымдастыруды үйретеді. Білім алушылар әртүрлі аурулар мен патологиялық жағдайлар кезінде мейіргерлік шешімдер қабылдауды, пациенттің жағдайын бағалауды, күтімді жоспарлау мен жүзеге асыруды, мейіргерлік көмектің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді меңгереді. Сонымен қатар, денсаулықты нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру және өзін-өзі күту дағдыларын дамыту мақсатында пациенттер мен олардың отбасыларын оқыту әдістерін қолдану дағдыларын игереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Емдік дене шынықтыру және массаж
Пән науқастардың қалпына келуін жеделдету, алдын алу және оңалту мақсатында емдік дене шынықтыру (ЕДШ) мен массаждың теориялық негіздері мен тәжірибелік әдістерін үйретеді. Білім алушылар бұл пән аясында анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, түрлі аурулар мен жағдайлар кезінде ЕДШ мен массаж әдістерін дұрыс қолдану, пациенттерге физикалық белсенділіктің пайдасын түсіндіру және салауатты өмір салтын қалыптастыру жолдарын меңгереді. Сонымен қатар, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен кәсіби этика қағидаларын сақтау дағдылары қалыптасады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Денсаулық жағдайын клиникалық бағалау және мейіргер ісі негіздері
Пән пациенттің денсаулығын кешенді клиникалық бағалауды жүргізуді, дәлелді медицина қағидаларына сүйене отырып мейіргерлік шешім қабылдауды үйретеді. Пән аясында мейіргерлік күтімнің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін денсаулықты нығайту және профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру қарастырылады. Сонымен қатар, пациенттер мен олардың отбасыларына салауатты өмір салтын ұстану бойынша оқыту әдістерін қолдану арқылы қолдау көрсету дағдылары қалыптасады. Білім алушылар кәсіби этика қағидаларын сақтап, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдаланып, әртүрлі медициналық жағдайларда нақты және кәсіби қарым-қатынас орнатуды меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мейіргер ісіндегі көшбасшылық
Пән көшбасшының рөлі, тиімді коммуникация, жанжалдарды басқару, топтық жұмыс және этикалық көшбасшылық қағидалары қарастырылады. Білім алушы этикалық талаптарды сақтап, көшбасшылық негіздерін, шешім қабылдаудың тиімді әдістерін, мейірбике ісін басқару дағдыларын, жұмыс ортасын жақсартуды және тәртіп кезінде командамен, әріптестермен және пациенттермен тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын меңгереді. Олар пациенттер мен қызметкерлердің әл-ауқатын жақсарту үшін көшбасшылық принциптерін қолдана алады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Дәлелді мейіргерлік практика бойынша тереңдетілген курс
Пән дәлелді медцицинаның негізгі қағидаттарын үйретеді. Мейіргер күтімінің сапасын, тиімділігін және қауіпсіздігін арттыруда дәлелді медицинаның әлемдік тәжірибелерімен алмасуды меңгереді. Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін клиникалық тәжірибемен байланыстырып және пациенттің құндылықтарымен біріктіру және қорыту дағдыларымен көрсете біледі. Дәлелді медицина қағидаларына негізделген мейіргерлік күтімнің озық ғылыми теориялық және клиникалық білімін, пациенттерді күту үшін меңгеріп қолданады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Мейіргерлік тәжірибедегі әкімшілік үрдіс
Пән мейіргерлік тәжірибеде әкімшілік үрдісті ұйымдастыру және басқару негіздерін үйретеді. Білім алушылар мейіргерлік қызметтің тиімділігін арттыру, кадрларды басқару, ресурстарды ұйымдастыру және сапа бақылау мәселелерін меңгереді. Пән аясында көшбасшылық, қақтығысты басқару, кәсіби этика қағидаларын қолдану дағдылары дамытылады. Сонымен қатар, білім алушылар нормативтік-құқықтық құжаттарды пайдалана отырып, мейіргерлік қызмет сапасын қамтамасыз ету және бағалау әдістерін меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Жедел және шұғыл жағдайларда медициналық көмек
Пән жедел және төтенше жағдайларда медициналық көмек пен емдеу ережелерін оқытады. Мейіргер күтімінің сапасын, тиімділігін және қауіпсіздігін, шұғыл жағдайлардағы мейіргерлік іс-шаралардың ұйымдастырылуын және көмек көрсету дағдыларын үйретеді. Көмек сапасын жақсарту үшін көпбейінді командада жаңа білімдер мен идеяларды тиімді жасау және ілгерілету үшін ғылыми білімді, технологиялық жетістіктерді және кәсіби дағдыларды қолданады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Медициналық іс құжаттарды жүргізу
Пән медициналық құжаттаманың құқықтық және кәсіби негіздерін, денсаулық сақтау ұйымдарындағы құжат түрлерін және оларды дұрыс рәсімдеу ережелерін үйретеді. Білім алушы мейіргерлік құжаттарды дәл, уақтылы және стандарттарға сәйкес жүргізуді меңгереді, медициналық ақпаратты құпия сақтау, талдау және құжаттарды басқару дағдыларын қалыптастырады. Сонымен қатар, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, қауіпсіз медициналық ақпарат жүйесінде жұмыс істеу біліктілігін дамытады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мейіргер ісіндегі менеджмент және сапа
Пән денсаулық сақтау жүйесін реформалау денсаулық сақтау жүйесінде жұмысты ұйымдастыру үшін емдік-диагностикалық процесті ұйымдастырумен қатар, басқару жұмысын жүзеге асыруға, экономикалық және әлеуметтік сипаттағы мәселелерді шешуге, басқа елдердің менеджмент тәжірибесін талдауды оқытады. Кәсіби қарым-қатынас пен өзара әрекеттесуді игере отырып, мейіргер ісіндегі менеджмент және сапа жүйесін үйретеді. Көшбасшылықтағы негізгі қағидаларды, дағдыларды қолданады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Мейіргер ісіндегі экономика және маркетинг
Пән мейірбике ісіндегі экономика мен маркетингтің негіздерін қарастырады. Білім алушы медициналық ұйымдардың қаржылық тиімділігін арттыру, ресурстарды басқару және қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша білім алады. Пән барысында пациенттермен, әріптестермен және басқа да мамандармен кәсіби қарым-қатынас құру дағдыларына ие болып, өз қызметтерін тиімді жарнамалау, кәсіби этиканы сақтау және ұйымның ішкі мәдениетін арттыру үшін маркетингтік стратегияларды қолдануды үйренеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 4
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Зерттелетін салада мәліметтерді жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде өз бетінше шешімдер қабылдау арқылы көшбасшылық қабілетті қалыптастырады.
- Интернационалдық ортада мемлекеттік және шетел тілдерінде кәсіби, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қарым-қатынастар орнатады.
- Кәсіби қызметінде ғылыми зерттеу әдістерін, академиялық жазба негізіндерін, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін қолданады.
- Кәсіби қызметінде қоғамның экономикалық, экологиялық, құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарын және рухани құндылықтарын сақтайды.
- Жеке тұлғаларға/пациенттерге, отбасылар мен топтарға мейіргерлік қызмет көрсету үшін ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін ескере отырып, өзінің кәсіби дамуын үздіксіз жетілдіруді жоспарлай алады.
- Пациенттердің/клиенттердің, отбасылар мен топтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, жұмыс ортасының атмосферасын сақтау және ұйым мәдениетін арттыру мақсатында кәсіби әдеп қағидаларын сақтайды. Сыни тұрғыдан талдайды және барлық пәндер бойынша сенімді, өзекті, дәлелді ақпаратты пайдаланады.
- Әртүрлі жағдайларда жеке адамдармен/пациенттермен, жанұялармен және топтармен, әріптестермен және басқа мамандармен нақты, тиімді және кәсіби қарым-қатынас пен өзара әрекеттесуді көрсетеді.
- Қауіпсіз медициналық ақпараттың бірыңғай желісін пайдалана отырып, кәсіби тапсырмаларды орындауда әртүрлі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланады.
- Күнделікті өмірде салауатты өмір сүруге, мүмкіндіктерді кеңейтуге, автономияға және өзін-өзі күтуге көмектесу үшін пациентке бағытталған оқыту әдістерін пайдалана отырып, жеке тұлғаларды/пациенттерді, отбасыларды және топтарды оқытады және ынталандырады.
- Мейіргер күтімінің сапасын, тиімділігін және қауіпсіздігін арттыруға бағытталған әртүрлі іс-шараларға мамандарды дайындауға қабілетті.
- Жеке адамдардың/пациенттердің, отбасылардың, топтардың, қызметкерлердің және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ілгерілету үшін ғылыми білімді, технологиялық жетістіктерді және кәсіби дағдыларды қолданады.
- Дәлелді медицина қағидаларына негізделген заманауи теориялық және клиникалық білімді пайдалана отырып, өз бетінше мейіргерлік диагноз қоя алады.
- Кәсіби дамудың жоғары құндылығын, қызметкерлер мен ұжымның әлеуетін, топ жұмысын үйлестіру үшін қажетті көшбасшылықтағы негізгі қағидаларын мойындайды, жанжалдарды басқару әдістерін тиімді пайдаланады.
- Нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мейіргерлік күтім мен көрсетілетін қызметтердің сапасын дербес қамтамасыз етеді және бағалайды.
- Халық денсаулығының жай-күйіне талдау жасай алады, әлеуметтік маңызы бар аурулар бойынша денсаулықты нығайту бағдарламаларын іске асырады және олардың жеке, отбасы және халық деңгейінде тиімділігін бағалай алады.