Жаңа білім беру бағдарламасы

7R01125 Неонатология в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Оқыту нәтижелері

  • Пациентке жетекшілік жасау: медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде дәлелді практика негізінде клиникалық диагнозды тұжырымдауға, емдеу жоспарын тағайындауға және оның тиімділігін бағалауға қабілетті.
  • Коммуникация және коллаборация: пациент үшін үздік нәтижелерге қол жеткізу мақсатында пациентпен, оның айналасымен, денсаулық сақтау мамандарымен тиімді өзара іс-қимыл жасауға қабілетті.
  • Қауіпсіздік және сапа: медициналық көмектің қауіпсіздігі мен сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін тәуекелдерді бағалауға және неғұрлым тиімді әдістерді пайдалануға қабілетті.
  • Тәлімгердің бақылауымен және қадағалауымен есептік- медициналық құжаттаманы жүргізу: заңнамаға сәйкес пациенттердің дербес деректері мен мәліметтерін пайдалана отырып, медициналық құжаттаманы, оның ішінде электрондық түрде жүргізуге қабілетті
  • Зерттеулер: барабар зерттеу мәселелерін тұжырымдауға, кәсіби әдебиетті сыни бағалауға, өзінің күнделікті қызметінде халықаралық дерекқорларды тиімді пайдалануға, зерттеу командасының жұмысына қатысуға қабілетті.
  • Оқыту және дамыту: өз бетінше оқуға және кәсіби команданың басқа мүшелерін оқытуға, пікірталастарға, конференцияларға және үздіксіз кәсіби дамудың өзге де нысандарына белсенді қатысуға қабілетті.
Top