7R01103 Жалпы хирургия в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Дәлелді практика негізінде диагностика мен емдеудің заманауи әдістерін меңгерген жоғары білікті, бәсекеге қабілетті хирург дәрігерлерді даярлау.
-
Академиялық дәреже Резидентура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 3 года
-
Кредиттер көлемі 210
-
Білім беру бағдарламаларының тобы R036 Жалпы хирургия
-
Білім беру саласы 7R01 Денсаулық сақтау (медицина)
-
Дайындық бағыты 7R011 Денсаулық сақтау
Пәндер
-
Онкологиялық аурулар
Пәнді оқыту барысында ісіктердің этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы және заманауи емдеу әдістерін үйренеді. Резидент онкологиялық қырағылықты, мультидисциплинарлық тәсілді, онкохирургия қағидаларын, алдын алуды, диспансерлеу және операциядан кейінгі бақылау мәселелерін үйренеді. Сондай-ақ онкологиялық ауруларды ерте анықтау мен хирургиялық емдеу дағдылары қалыптасады. Білім алушы медициналық көмектің қауіпсіздігі мен сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін тәуекелдерді бағалау және неғұрлым тиімді әдістерді пайдалану қабілеттерін жетілдіреді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Трансплантация негіздері
Пән бауырды, бүйректі және басқа да ағзаларды транспланттау кезінде донор-реципиентті іріктеуді, транспланттауды орындау техникасын және науқасты отадан кейін жүргізуді үйретеді. Резидент экстрокорпоральді детоксикацияның негіздерін, донорлық органдарды алудың техникасын, органдардың консервациясын, трансплантация иммунологиясын, органдарға трансплантация жасаудың анестезиологиялық-реанимациялық күтімін үйренеді. Бүйректің және ұйқы безінің трансплантациясы кезінде науқастарды іріктеуді және трансплантациядан кейін және дейін жүргізуді үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Хирургиядағы практикалық дағдылар
Пән хирургиялық дағдыларды, яғни тігіс салу техникасын, біріншілік хирургиялық өңдеу принциптерін, новокаинды блокадаларды, трахеостомия, әр түрлі қуыстардың пункциясын, қан кету кезінде көмек көрсету және қан құю ережелерін үйретеді. Резидент пәнді игеру адекватты зерттеу мәселелерін тұжырымдап, зерттеу командасының жұмысына қатысады, сондай-ақ пікірталастарға, конференцияларға және үздіксіз кәсіби дамудың басқа да нысандарына белсенді қатысады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Емханадағы хирургия
Резидент тері және тері асты қабаттардың, жұмсақ тіндердің жарақаттары кезінде алғашқы хирургиялық өндеу жүргізе алады. Күйіктер, үсіктер, тері мен теріасты құрылымдарының инфекциясы, сүйектердің, буындардың және де синовиальды қапшалардың қабынулары, аяқ-қолдың дегенеративті- қабынбалы аурулары, төменгі және жоғары қуыс вена жүйесінің жіті тромбоздық және қабынулы зақымданулары, жұтқыншактағы, сыртқы есту жолындағы және мұрын қуысындағы бөгде денелер кезінде амбулаториялық жағдайда хирургиялық көмек көрсетуді үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 16
-
Жоспарлы хирургия
Резидент эзофагит және рефлюкс-эзофагит, кардиоспазм, өңеш жарақаты мен күюі, өңеш дивертикулы мен веналарының варикозды кеңеюі, асқазан полиптері мен обыры, крона ауруы мен ұлтабар дивертикулы кезінде хирургиялық ем жүргізе алады. Асқазанға жасалатын оталарды, эхинококкоз ауруы кезіндегі оталарды, гепатобилиарлы жүйенің оталарын, тік ішекке жасалатын оталарды, проктопластиканы, отадан кейінгі вентральді жарықтары кезіндегі оталарды үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 58
-
Шұғыл хирургия
Резидент жедел аппендицит, жедел панкреатит, жедел холецистит, іштің жіті түйнелуі, асқазан мен ұлтабардың тесілген ойық жарасы, асқан-ішек жолдарының ойық жараларынан қан кету, қысылған жарық, іш қуысының жарақаттары, мезентериялық қан-тамырларының тромбозы, ішек өтімсіздігі және перитонит кезінде науқасты диагностикалайды, саралау диагностикасын жүргізе алады, хирургиялық емнің дәстүрлі және заманауи тәсілдерін орындай алады. Қазіргі заманауи технологиялардың инновациялық әдістерін қолдана алады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 60
-
Гинекологиядағы шұғыл хирургия
Пәнді игеру кезінде жүкті әйелдердегі шұғыл хирургиялық ауруларды дифференциалды-диагностикалық іздеу жүргізу, шұғыл жағдайларда толық көлемде медициналық көмек көрсету, профилактикалық және оңалту іс-шараларын жүргізу дағдыларын жетілдіреді. Резиденттер жүкті әйелдердегі жедел аппендицит, жедел холецистит, жедел панкреатит, іштің жіті түйнелуі, қысылған жарық, мезентериялық қанмен қамтамасыз етілудің жіті бұзылысы, іш жарақаттарының этиологиясын, патогенезін, клиникасын, дифференциалды диагностикасын және емдеу әдістерін үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Апаттар хирургиясы
Пән апаттар кезінде және соғыс уақытында зардап шеккен халыққа мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді үйретеді. Резидент политравма, термиялық зақымданулар, ишемиялық жарақат, бас және мойын жарақаттары, омыртқаның зақымдануы, жамбас және жамбас мүшелерінің зақымдануы, кеуденің зақымдануы, іштің зақымдануы кезінде алғашқы және мамандардырылған көмек көрсете алады. Өмірлік маңызды функциялардың бұзылуы кезінде реанимациялық және шокқа қарсы іс-шараларды орындай алады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Бариатриялық және метаболикалық хирургия
Пәнді оқу барысында білім алушы бариатриялық және метаболикалық оталардың түрлерін, көрсеткіштерімен қарсы көрсеткіштерін, орындау техникаларын үйренеді. Сондай-ақ бариатриялық және метаболикалық операциялардан кейін науқастарға эстетикалық және реконструктивті операцияларды орындауға көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштерді, орындау техникасын үйренеді. Және де резидент медициналық көмектің қауіпсіздігі мен сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін тәуекелдерді бағалау және неғұрлым тиімді әдістерді пайдалану қабілеттерін жетілдіреді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Урология
Пәнді игеру барысында резидент урологиялық науқастарды физикалық, зертханалық, функционалдық және аспаптық зерттеу әдістерін жүргізіп, кең таралған дәрігерлік манипуляциялар мен операциялардың практикалық дағдыларын орындайды. Резидент фимоз, парафимоз, варикоцеле және несеп-тас аурулары кезінде консервативті және оталық ем жүргізуді үйренеді. Қуық асты безінің аденомасы кезінде эндоскопиялық диагностика, урофлоуметрия жүргізеді және де эпицистостомия орындай алады. Несеп жолдарының жыланкөздеріне операциялық араласуларды орындау техникасын үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Анестезиология және реаниматология
Пән жедел және жоспарлы ауруханаға жатқызылған хирургиялық науқастарға анестезия жүргізу ерекшеліктерін, яғни, анестезия көрсеткіштерін, қарсы көрсеткіштерін, қоланылатын препараттарды және отадан кейінгі науқасқа күтім жасау әдістері мен дағдыларын үйретеді. Өңеш және абдоминалды хирургияда, бассүйек-ми және жұлын зақымдануы кезінде, жүрек пен ірі қантамырлар патологиялары кезінде, офтальмологияда, жақ-бет хирургиясында, отоларингология хирургиясында қолданылатын анестезиялар және операциядан кейін қарқынды ем жүргізу тәсілдерін үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Эндоскопиясы бар гастроэнтерология
Пәнді игеру барысында ас қорыту жүйесінің ауруларын диагностикалау мен емдеудің заманауи эндоскопиялық әдістерін клиникалық медицинада орган-кешенді қолдану туралы білімі мен практикалық дағдыларын жетілдіреді. Резиденттер лапароскопиялық аппендэктомия және холецистэктомия, герниопластика, литотрипсия, литоэкстракция, эндоскопиялық папиллосфинктеротомия оталарын үйренеді. Панкреатодуаденальды аймақтын, асқазан мен үлтабар ойықжара ауруының, рефлюкс-эзофагит пен көкеттің өнештік тесігі жарығы кезінде лапароскопиялық араласуларды үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Торакальды хирургия
Пән кеуде қуысының хирургиялық патологиялары кезінде клиникалық диагнозды негіздеуді, науқастың жағдайының ауырлығын бағалауды және қажет болған жағдайда шұғыл және жоспарлы операциялық араласулар жүргізу әдістерін үйретеді. Резидент бронх жыланкөзі, плеврит, плевра эмпиемасы және пиопневмоторакс, өкпенің қатерсіз және қатерлі ісіктері, бронхоэктаз ауруы, өкпе кисталары мен поликистозы, өкпеден қан кету, медиастинит, жүректің жарақаттануы кезінде хирургиялық ем жүргізе алады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 8
-
Травматология
Пәннің игеру кезінде резидент клиникалық практикада жиі кездесетін кеуде қуысы, бас-сүйек, иық-білек, омыртқа, жамбас-сан, тізе, табан сүйектерінің жарақаттары, шығулары кезінде физикальды тексереді, рентгенологиялық зерттеу нәтитижелерін интерпретациялайды, хирургиялық және травматологиялық көмек көрсете алады және де басқа да емдік манипуляцияларды үйренеді. Қазіргі заманғы ортопедия мен травматологияның өзекті мәселелері бойынша пікірталастар мен конференцияларға және үздіксіз кәсіби дамытудың басқа да түрлеріне белсенді түрде қатысады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Балалар хирургиясы
Пәнді игеру барысында балалардың хирургиялық ауруларының, даму кемістіктерінің, жарақаттық зақымданулардың, шұғыл жағдайлардың бастапқы диагностикасын орындайды және бастапқы диагностика мен емдеу, профилактика, оңалту және шұғыл көмек көрсету тактикасы бойынша практикалық дағдыларын жетілдіреді. Резиденттер балалар сүйектерінің сынықтары, үсік және күйік, қисық мойын, маймақтық, сан сүйегінің шығуы, омфалит, гастрошизис, кіндік бауының жарығы кезінде косервативті жіне оперативті ем жүргізе алады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 8
-
Іріңді хирургия
Пән іріңді-септикалық аурулардың дамуының негізгі патогенетикалық байланыстарын, диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерін үйретеді. Резидент бас сүйегінің инфекцияланған жаралары, флегмоналары, остеомиелиті, карбункулдар мен фурункулдар, көздің іріңді аурулары, мойын флегмоналары, иық буынының аймағында іріңді қабынулары, саусақтар мен қолдың және білектің флегмоналары, бауыр және көкбауыр абсцесстері, ойық жаралар, сіреспе кезінде хирургиялық ем жүргізе алады. Және аутодермопластика, ампутациялар және экзартикуляцияларды орындайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 32
Профессии
Оқыту нәтижелері
- медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде дәлелді практика негізінде клиникалық диагнозды тұжырымдауға, емдеу жоспарын тағайындауға және оның тиімділігін бағалауға қабілетті;
- пациент үшін үздік нәтижелерге қол жеткізу мақсатында пациентпен, оның айналасымен, денсаулық сақтау мамандарымен тиімді өзара іс-қимыл жасауға қабілетті;
- медициналық көмектің қауіпсіздігі мен сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін тәуекелдерді бағалауға және неғұрлым тиімді әдістерді пайдалануға қабілетті;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау жүйесінің құқықтық және ұйымдастыру саласы шеңберінде өз мамандығы бойынша әрекет етуге, төтенше жағдайларда базалық көмек көрсетуге, ұлт денсаулығын нығайту саясатын жүзеге асыру үшін кәсіби емес командалар құрамында жұмыс істеуге қабілетті;
- барабар зерттеу мәселелерін тұжырымдауға, кәсіби әдебиетті сыни бағалауға, өзінің күнделікті қызметінде халықаралық дерекқорларды тиімді пайдалануға, зерттеу командасының жұмысына қатысуға қабілетті;
- өз бетінше оқуға және кәсіби команданың басқа мүшелерін оқытуға, пікірталастарға, конференцияларға және үздіксіз кәсіби дамудың өзге де нысандарына белсенді қатысуға қабілетті.