7R01110 Гастроэнтерология (ересектер, балалар) в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Денсаулық сақтау саласына дербес кәсіби қызметке қабілетті және әмбебап білікті дәрігер гастроэнтеролог мамандарын тереңдетіп даярлау.
-
Академиялық дәреже Резидентура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 140
-
Білім беру бағдарламаларының тобы R004 Гастроэнтерология ересектердің, балалардың
-
Білім беру саласы 7R01 Денсаулық сақтау (медицина)
-
Дайындық бағыты 7R011 Денсаулық сақтау
Пәндер
-
Гастроэнтерология
Пән адам ағзасының асқазан-ішек жолдарының мен ұйқы безі ауруларының заманауи диагностикасын, дифференциальды диагнозын, олардың емін, алдын-алу әдістерін зерттейді. Резидент асқорыту жүйесі ауруларында клиникалық диагнозды тұжырымдап, дәлелді медицина негізінде медициналық көмек көрсетеді. Науқасты жүргізу барысында үздік нәтижеге қол жеткізу үшін халықаралық ғылыми дерекқордағы ақпараттарды пайдаланып, көрсетілген көмектің сапасын, қауіпсіздігін сақтай отырып, пациент ортасымен, денсаулық сақтау мамандармен тиімді әрекет ету дағдысын қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 46
-
Ультрадыбыстық диагностика
Пән резиденттерде адам ағзасында аурулар кезінде, жалпы медициналық қарау барысында науқастың жынысын, жасын ескере отырып, сондай-ақ жүктіліктің физиологиялық және патологиялық ағымында ультрадыбыстық диагностиканың негізгі әдістері, принциптері мен мүмкіндіктері туралы заманауи білімді қалыптастырады. Аурухана және амбулатория-емхана деңгейінде сәулелік диагностика қызметін ұйымдастыру, зерттеудің негізгі және қосымша әдістерін (бір өлшемді эхография, доплерография, дуплексті сонография) үйренеді. Білімгерлердің өз бетінше оқуға қабілеттілігін дамытады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 12
-
Нутрициология
Тағамның және тамақтану үрдісінің адам ағзасына тигізетін әсерін, тағамның қорытылуын, ағзадан шығу жолдарын зерттеп, емдәм принциптерін меңгертетін пән. Резидент әртүрлі патологиялардың емдәмін тағайындауда халықаралық деректердегі ақпараттарды қолданып, медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Денсаулық сақтау мекемелерінде алиментарлы-тәуелді және инфекциялық емес аурулардың алдын-алу бойынша халықтың әртүрлі топтарының әлеуетін және хабардарлығын арттыру мақсатында санитарлы-ағарту жұмыстарын жүргізеді. Өз бетінше оқуға қабілеттілігін дамытады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 12
-
Онкология негіздері
Пән науқастарды физикалық тексеруді, іш қуысын пальпациялауды дербес жүргізуді, асқазан мен тоқ ішектің ісікалды және ісік аурулары кезіндегі аспаптық зерттеу әдістерінің нәтижелерін дұрыс түсіндіруді, пациенттермен тиімді өзара іс-қимыл жасауды үйретеді. Клиникалық хаттамаларға сәйкес, онкологиядағы алдын алу және емдеудің негізгі принциптерін игеруге, науқастарды диспансерлеуді жүргізуге көмек береді. Халықаралық деректер базасын пайдаланып, ақпараттарды сыни бағалайды, өз бетінше кәсіби білімін үздіксіз дамытады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 13
-
Эндоскопия
Пән адам ағзасының қуысты мүшелерін арнайы құрылғының көмегімен визуальді тексеру әдісін, оның принциптерін, мүмкіндіктерін үйретеді. Резидент пәнді меңгеру барысында диагностиканың қыр-сырын өзі және командамен тереңдете игеріп, халықаралық ақпараттар дереккөздерін тиімді пайдаланып, науқас пен оның ортасымен, медицина қызметкерлерімен өзара, оңтайлы іс-әрекет жасау арқылы науқасқа қауіпсіз, сапалы медициналық көмек көрсету дағдысын қалыптастырады. Кәсіби құзыреттілікті дамытуда өздігінен білім алу дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 16
-
Гастроэнтерологиядағы зертханалық диагностика
Пән гастроэнтерология саласындағы зертханалық зерттеулер асқазан-ішек жолдарының функционалдық жағдайын және тіндердегі морфологиялық өзгерістер дәрежесін анықтау үшін диагностикалық маңызды. Гастроэнтерология саласындағы зертханалық зерттеулерге қандағы бауыр және ұйқы безі ферменттерін анықтау; копрограммаға нәжісті талдау, жасырын қан, гельминт жұмыртқасы, дисбактериоз, хеликобактер, бактерицидтік, энтеробиоз үшін қырыққабат; асқазан және дуоденальді секрециясын зерттеу кіреді. Диагноз тұжырымдауға негіз беретін, динамикасын, ем нәтижесі мен реабилитацияны бақылауға көмектеседі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Гепатология
Пән бауырдың патоморфологиясы мен патофизиологиясы туралы заманауи мәліметтерді, бауырдың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларын, атап айтқанда вирустық гепатиттер, бауырдың алкоголді емес майлы ауруы, бауырдың алкогольді зақымдануы, аутоиммунды аурулар, тұқым қуалайтын зат алмасу бұзылыстары, бауырдың уытты зақымдануы және т.б. инновациялық технологиялар арқылы диагностикасы мен дәлелді медицина тұрғысынан емдеуді үйретеді. Этиопатогенетикалық емдеу тәсілдері мен терапия мониторингін меңгереді. Бауыр трансплантациясына көрсеткіштері мен мүмкіндіктері.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 35
-
Стационардағы гастроэнтерология (балалар)
Пәнді меңгергеннен кейін резиденттер гастроэнтерологиялық аурулары бар балаларды диагностикалауға және емдеуді дәлелді медицина тұрғысынан және ҚР ДСМ хаттамаларына сәйкес жүзеге асыруға қабілетті болады. Білім алушылар тәуекелдерді бағалай алады және баланың жасын ескере отырып, қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етудің тиімді әдістерін қолдана алады. Сондай-ақ үздіксіз тұлғалық және кәсіби өсуді шыңдай отырып, пациенттерге күтім жасауды үнемі жақсарту үшін қажетті қасиеттерді көрсететін болады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Жүктілердегі гастроэнтерологиялық патологияның ерекшеліктері
Пән жүктілік кезінде асқазан-ішек жолдары және бауыр ауруларының ерекшеліктерін ерте анықтап, заманауи зерттеу әдістерін сапалы, қауіпсіз қолдану арқылы, клиникалық диагнозды тұжырымдап, дәлелді медицина қағидаттары негізінде ем жоспарын тағайындауды, оның тиімділігін бағалауды үйретеді. Резидент науқасты жүргізу барысында кәсіби міндеттерді орындау, Халықаралық деректер базасын тиімді пайдалану, денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері мен пациент ортасымен өзара, тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Гастроэнтерологиядағы шұғыл жағдайда көмек көрсету
Пән – асқазан-ішек жолдарының аурулары кезінде туындайтын өмірге қауіпті жедел жағдайларды танып, шұғыл және алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын қалыптастырады. Жедел панкреатит, асқазан-ішек жолдарынан қан кету, жедел холецистит, ішек өтімсіздігі сияқты патологияларды диагностикалау мен емдеуді үйретеді. Пән шеңберінде клиникалық ойлау қабілеті, жедел көмек көрсету алгоритмдері мен науқасқа күтім жасау дағдылары жетілдіріледі. Сонымен қатар, шұғыл жағдайларда көпсалалы әрекет етуді, заманауи емдеу тәсілдерін қолдануды және науқастың өмірін сақтап қалуға бағытталған шешімдер қабылдауды меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Гастроэнтерология саласында клиникалық диагнозды тұжырымдай отырып, медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде дәлелді тәжірибеге негізделген емдеу жоспарын тағайындап және оның тиімділігін бағалай алады;
- Пациент үшін үздік нәтижелерге қол жету мақсатында пациентпен, оның ортасымен, денсаулық сақтау мамандарымен тиімді өзара іс-қимыл жасай алады;
- пациентке көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін тәуекелдерді бағалауға және неғұрлым тиімді әдістерді пайдалануға қабілетті ;
- Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінің гастроэнтерология мамандығы бойынша құқықтық және ұйымдастық шеңберлер аясында әрекет ете отырып, төтенше жағдайларда базалық көмек көрсетеуге, ұлт денсаулығын нығайту саясатын жүзеге асыру үшін кәсіп- топтар құрамында жұмыс жасауға қабілетті.
- адекватты зерттеу мәселелерін тұжырымдай алады, кәсіби әдебиеттерді сыни тұрғыдан бағалауға, өзінің күнделікті қызметінде Халықаралық деректер базасын тиімді пайдалануға, зерттеу командасының жұмысына қатысуға қабілетті;
- өз бетінше оқуға және кәсіби команданың басқа да мүшелерін оқытуға, пікірталастарға, конференцияларға және үздіксіз кәсіби дамытудың басқа да нысандарына белсенді қатысуға қабілетті.