Жаңа білім беру бағдарламасы

6B01609 Цифрлық тарих және археология в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Мәдениетаралық-коммуникативтік құзыреттілікті меңгере отырып, әрі қарай білімін өз бетінше жалғастыру дағдыларын қолданады, сондай-ақ педагогикалық және қоғамдық қызметте кәсіби қарым-қатынасты қалыптастырып, кәсіби қызмет барысында денсаулықты сақтау мен нығайтуды қамтамасыз ететін құралдар мен әдістерді мақсатты түрде пайдалана алады.
  • Қазақ халқының тарихының негізгі кезеңдерін, мемлекеттіліктің және өркениеттің эволюциясын жан-жақты және объективті түрде сипаттай алады, ғылыми зерттеу әдістері мен академиялық жазу дағдыларын меңгереді, академиялық адалдық қағидаттары мен мәдениетінің маңыздылығын түсінеді.
  • Әлеуметтік, этикалық, ғылыми құндылықтарын, ұстанымдарын, оқыту әдістерін сыни тұрғыдан бағалау негізінде кәсіби білімді қалыптастыру үшін ақпарат жинайды және оны интерпретациялайды, тұлғалық-педагогикалық дамуға жаңа мақсаттар қояды.
  • Оқыту мен ұлттық тәрбиенің психологиялық-педагогикалық мәселелерін, оның ішінде инклюзивті білім беру жағдайындағы ерекшеліктерін түсінеді, оқушылардың әртүрлі қабілеттерін ескере отырып, олардың психологиялық әл-ауқатын өмірлік және оқу контекстінде этикалық тұрғыдан қолданады.
  • Әр түрлі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы тарихты оқытудың озық тұжырымдамаларына негізделген теориялық білімді сыни тұрғыдан іріктейді және білімді оқытуды жетілдіреді және өзінің кәсіби өсуі үшін пайдаланады;
  • Әртүрлі тарихи кезеңдердегі адамзат өркениетінің өткенін зерделейді және біртұтас тарихи білімді қалыптастыру мақсатында тарихи оқиғаларда болып жатқан құбылыстар мен процестер арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды жалпылайды және талдайды; тарихи дереккөздер мен шығармаларды кезеңдерге қарай талдайды, тарихи әңгімемен жұмыс істеу барысында нақты белгілерді анықтайды және сыни тұрғыдан ойлауды қалыптастырады.
  • Тарихи-археологиялық зерттеулердің ерекшеліктері мен қасиеттерін түсіну; тарихи жәдігерлерді қалпына келтіру; виртуалды және толықтырылған шындықта визуализация құралдарын пайдалану және ақпараттық жүйелер мен цифрлық құралдарды пайдалана отырып үлкен деректерді өңдеу арқылы тарихи объектілердің цифрлық үлгілерін құру;
  • Қазіргі қоғамның географиялық дүниетанымын кеңейту және демонстрациялық эксперимент пен тәжірибелік жұмысты әзірлеу үшін ақпараттық технологияларды қолданады, табиғи пәндерді жаңаша оқытудың пәндік-тілді CLIL технологиясын қолдану, аналитикалық және сыни ойлауды дамытуға арналған тапсырмаларды дамыту үшін оқушылардың мәдениетаралық білімдерін кеңейтеді;
  • Пәнаралық зерттеу әдістерін қолдануға бағытталған заманауи педагогикалық технологияларды пайдалана отырып, тарихи білім беру саласындағы оқу, практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолданады, мақсаттармен берілген оқыту траекторияларына сәйкес оқу іс-әрекетінің шарттарын жобалайды.
  • Оқу және ғылыми үдерісте зерттеу үшін мәтін мен деректерді тақырыптық және кеңістіктік модельдеу әдістерін қолдану және практикалық мәселелерді шешу үшін ғылыми-зерттеу және жобалық семинарларды қолданады;
  • Ғылыми мәселелерді кешенді шешу үшін цифрлық тарих пен археологиядан алған білімдерін жалпылау, тарихи зерттеулер жүргізу, эксперимент жүргізу және оқу-тәрбие процесін жетілдіру үшін тарихи процестерді модельдеу; тарих және археология пәндері бойынша одан әрі білім алуды өз бетінше жалғастыру дағдыларын қалыптастыру үшін алған білімдерін жүйелейді.
Top