Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B01506 Химия в Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Жаңартылған оқыту бағдарламасына сәйкес химияны оқытудың заманауи әдістерін меңгерген, химия саласындағы кәсіби міндеттерді шешу үшін кең іргелі білімі бар жоғары білікті, бәсекеге қабілетті педагог кадрларды даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B012 Химия мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Биология және Химия
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Бейорганикалық химияның теориялық негіздері
Экономика және кәсіпкерлік негіздері
Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
Құқық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
Ілиястану
Ғылыми зерттеу әдістері
Қаржылық сауаттылық негіздері
Орта мектепте химиялық эксперимент жүргізу әдістемесі
Бейорганикалық химиядан есептер шығару әдістемесі
-
2 Оқу жылы
Сирек кездесетін элементтер химиясы
Педагогика
Сапалық анализ
Периодтық жүйедегі элементтер химиясы
Оқушылардың физиологиялық дамуы
Сандық анализ
Инклюзивті білім беру
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
Кешенді қосылыстар химиясы
Аз қалдықты және қалдықсыз химиялық технологиялар
-
3 Оқу жылы
Оқыту мен білім беруде инновациялық әдістері
Физикалық химия
Физико-химиялық зерттеу әдістері
Зат құрылысы
Бағалаудың өлшемдік технологиялары
Кристаллохимия
Химияны оқыту әдістемесі
Органикалық химияның теориялық негіздері
Электрохимиялық зерттеу әдістері
Органикалық молекулалардың функционалды туындылары химиясы
Жасанды интеллект негіздері
Білім берудегі цифрлық технологиялар
Биоорганикалық химия
Беттік құбылыстар және дисперсті жүйелер
Химиялық экология
Қоршаған орта химиясы
Коллоидтық химия
Табиғи қосылыстар химиясы
-
4 Оқу жылы
Органикалық химиядан есептер шығару әдістемесі
Жоғары молекулалы қосылыстар химиясы (ЖМҚХ)
Қашықтықтан білім берудің әдістемесі мен технологиясы
Табиғи және синтетикалық полимерлер
Химиядан күрделенген есеп шығару әдістемесі
Орта мектепте химияның құрылымдық-мазмұндық бөлімдерін оқыту.
Химиялық технология
Биохимия
Химиялық синтез
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Кәсіби қызметтің ғылыми міндеттерін шешу үшін қазақ/орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша нысандағы коммуникацияны ұйымдастыру.
- Физикалық және коллоидтық химия есептерін шешуде жүйелік ойлау және сыни көзқарас негізінде химиялық кинетика және катализ негіздері туралы білімді тәжірибеде қолдану;
- Физика-химиялық талдау жүргізу, зертханалық, зерттеу жұмыстары барысында алынған эксперименттік деректерді түсіндіру кезінде пайымдаулар қалыптастыру және оларды тиісті теориямен байланыстыру;
- Химияның теориялық негіздері туралы алған білімдерін одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыруда және кәсіби қызметте қолдану үшін пайдалану.
- Өнеркәсіптік нысандардың қоршаған ортаға әсерін және жаһандық экологиялық проблемалардың қоғамның дамуына әсерін бағалау.
- Органикалық химияның теориялық негіздерін, органикалық қосылыстардың жіктелуін, органикалық реакциялар механизмдерін түсіндіру; көмірсутектердің функционалды туындыларының негізгі кластарын салыстыру.
- Құқықтық, экономикалық, кәсіпкерлік, өндірістік, экологиялық ортада, сондай-ақ қаржылық сауаттылық, инклюзия құндылықтары, тұрақты даму және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат салаларында қоғамдық, әлеуметтік маңызы бар құбылыстар мен үдерістерді түсінуге зерттеу әдістері мен инновациялық тәсілдерді бағалап, қолдана білу қабілетіне ие болу.
- Жоғары молекулалық қосылыстардың химиясы мен биохимиядан білімдер негізінде биологиялық молекулалар мен жоғары молекулалық қосылыстарға сапалық және сандық талдау жасау, организмдерде болатын химиялық өзгерістердің мәнін түсіндіру.
- Инновациялық педагогикалық әдістерді, соның ішінде цифрлық технологияларды, критериалды бағалауды және қашықтықтан оқытуды пайдалана отырып, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді оқу бағдарламаларын әзірлеу.
- Периодтық заңнан және элементтердің периодтық жүйесінен туындайтын заңдылықтар негізінде заттардың құрылымы мен қасиеттерін сипаттауды меңгеру.
- Бейорганикалық және органикалық заттарды синтездеудің технологиялық сызбаларының физика-химиялық принциптерін, химиялық өндірістің тиімділік критерийлерін қолдану.
- Даму процестерінің физиологиялық және функционалдық ерекшеліктерін және оқушыларға жеке білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, орта білім берудің оқу процесін ұйымдастыру.