Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M11102 Мәдени-тынығу жұмысы в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру және мәдени салалардағы инновациялық қызметке қабілетті және қоғамның мәдени капиталын дамытуға үлесін қосатын мәдени-тынығу жұмысы үдерістерін терең түсінетін білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M148 Бос уақыт
-
Білім беру саласы 7M11 Қызмет көрсету
-
Дайындық бағыты 7M111 Қызмет көрсету саласы
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Мәдени-тынығу саласындағы зерттеу әдіснамасы
Әлеуметтік-мәдени қызмет пен тынығудың эпистемологиясы
Шет тілі (кәсіби)
Жоғары мектептің педагогикасы мен психологиясы
Ғылым тарихы мен философиясы
Мәдени-тынығу қызметі саласында ғылыми мақалалар жазу және жарияланымға беру технологиялары
Мәдени-тынығу қызметі саласындағы құқықтық реттеу нормалары
Тынығу индустриясындағы фандрайзинг және краудфандинг
Мәдени-тынығу жұмысының философиялық және мәдениеттанулық принциптері
Мәдени-тынығу жұмыстарын жобалаудың теориясы мен практикасы
Халықтық дәстүрлер мен мәдениеттің антропологиясы
Тынығу саласындағы инновациялық қызметті құқықтық қамтамасыз ету
Мәдениеттің теориясы мен тарихы
Мәдени-тынығу жұмысында магистрлік диссертациялар жазу стратегиясы мен әдістемесі
Тынығудың педагогикасы мен психологиясы
Оқыту нәтижелері
- Мәдени құбылыстарды терең талдау және мәдени мұраны ілгерілетуге, сыни ойлауға және аудиторияны жан-жақты дамытуға ықпал ететін инновациялық мәдени-тынығу бағдарламаларын әзірлеу үшін тарихи, философиялық және мәдениеттанулық ілімдер бойынша білім мен түсінікті көрсетеді;
- мәдени-тынығу жұмысы саласында келіссөздер жүргізуді, құжаттар жазуды және іс-шаралар өткізуді, сондай-ақ, халықаралық әріптестермен және аудиториялармен өзара іс-әрекет жасауды қоса алғанда, кәсіби қарым-қатынас жасау үшін шетел тілін пайдаланады;
- Білім беру және мәдени-тынығу іс-шараларын тиімді жоспарлап ұйымдастыру және оны өткізу үшін заманауи педагогикалық технологиялар мен қатысушылардың психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, педагогика, басқару психологиясы және тынығудың теориялық және практикалық білімдерін қолданады;
- Тарихи контекст пен әлеуметтік-мәдени факторларды ескере, тәжірибелерді бағалау және оңтайландыру үшін әдіснамалық, эпистемологилық және антропологиялық тәсілдерді пайдалана отырып, мәдени-тынығу қызметі саласында ғылыми зерттеулер мен сыни талдау жұмыстарын жүргізу дағдыларына иелік етеді;
- Жүргізілетін зерттеулердің жоғары сапасын және олардың тиімділігін көрсетуді қамтамасыз етуде академиялық жазылымның жоғары деңгейін көрсете отырып, ғылыми зерттеулердің заманауи әдістемелерін қолданып, магистрлік диссертациялар жазу стратегияларын дербес әзірлеу жұмыстарын жүзеге асырады;
- Мәдени-тынығу қызметі саласында терең зерттеулер жүргізу үшін әлеуметтанулық зерттеулерде талдаудың әртүрлі әдістерін қолдана біледі, сонымен қатар, ғылыми мақалаларды жазу мен жариялаудың заманауи технологияларын қолдану дағдыларына иелік ете келе, өз зерттеулерінің нәтижелерін беделді ғылыми журналдар мен басылымдарда ғылыми жарияланымдар түрінде тиімді ұсына отырып, ғылыми қоғамдастықты кеңейту және осы сала бойынша білімнің дамуына ықпал етеді;
- Құқықтық нормалар мен реттеулерді сақтай отырып, сервис және қызмет көрсету саласындағы жобалар мен бастамаларды тиімді басқару, сондай-ақ, заңнамалық талаптар мен ұсыныстарға сәйкес келетін стратегияларды әзірлеу үшін, мәдени-тынығу саласындағы инновациялық қызметін заңнамалық құқықтық қамтамасыз ету мәселелері бойынша өз пікірлерімен дәлелдей алады;
- Аудиторияның қажеттіліктерін талдай отырып, мәдени-тынығу бағдарламалары мен іс-шараларын жобалау теориясы мен практикасы саласындағы терең білімдерін көрсете отырып, әртүрлі әлеуметтік-мәдени контексттерге бейімделген инновациялық тұжырымдамалар мен стратегияларды әзірлеп іске асырады және с мәдени-тынығу қызметтерін тиімді, сапалы түрде ұсынуды қамтамасыз етеді;
- мәдени-тынығу жұмысы бастамалары мен жобаларын іске асыруда ресурстар мен қаржыландыруды сәтті тарту үшін жобаларды, ресурстарды және персоналды тиімді басқаруды және фандрайзинг пен краудфандинг әдістерін қоса алғанда, креативті индустрия мен тынығу салаларында іс-шараларды ұйымдастыруда менеджмент дағдыларын пайдаланады.
- Мәдени өнімдерді құру және мәдени іс-шараларды ұйымдастыруды тиімді басқару, сонымен қатар, мәдени жобалар мен оқиғаларды сәтті ілгерілетуде PR стратегияларын әзірлеп жүзеге асыру үшін мәдениет пен өнер саласындағы продюсерлеу мен PR технологияларын пайдаланады;
- Тынығу индустриясының экономикалық аспектілерінің принциптері мен тәсілдерін, соның ішінде нарықтық тенденцияларды, тұтынушылық сұранысты және қаржылық стратегияларды талдауды және қаржылық механизмдер, инвестициялар және қаржылық қолдау арқылы мәдени және көркемдік жобалардың дамуын ынталандыру үшін арт-банкинг құралдарын қолданады;
- Магистрлік диссертацияны сәтті қорғау үшін, жұмысты тиімді жоспарлау және ұйымдастыру дағдыларын, деректерді жинау мен талдауды, қорытындылар мен ұсыныстарды тұжырымдауды, сондай-ақ, ғылыми мәтіндерді жазу, ресімдеу мен сапалы ғылыми-зерттеу жұмысын орындауда ғылыми- жәнезерттеу жұмысы дағдыларын көрсетеді.