Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7R01101 Акушерия және гинекология (ересектер, балалар) в ҚМУ
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Денсаулық сақтаудың қауіп факторларын анықтау үшін клиникалық, санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтік-мінез-құлық ғылымдарының жаңа қағидаттарына негізделген акушер-гинекологтардың резиденттерін оқыту, сапалы медициналық көмек және пациенттердің денсаулығын нығайту мақсатында акушерлік және гинекологиялық тәжірибелерін құзыреттерге жетуге бағытталған.
-
Академиялық дәреже Резидентура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
ЖОО атауы Қарағанды медицина университеті
-
Оқу мерзімі 3 года
-
Кредиттер көлемі 210
-
Білім беру бағдарламаларының тобы R032 Акушерия және гинекология ересектердің, балалардың
-
Білім беру саласы 7R01 Денсаулық сақтау (медицина)
-
Дайындық бағыты 7R011 Денсаулық сақтау
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Стационардағы акушерия/Ауыр жағдайдағы акушерия
Амбулаторлы гинекология
Амбулаторлы акушерия/Қауіпті факторлары бар жүкті әйелдерді жүргізу
Амбулаторлы акушерия/Физиологиялық жүктілікті жүргізу
-
3 Оқу жылы
Репродуктивті медицина және бедеулік/ Репродуктивті технологиялар
Таңдау компоненті/ Эндокринді гинекология
Стационардағы гинекология/Емдік гинекология
Балалар гинекологиясы және жыныстық денсаулық
Репродуктивті медицина және бедеулік/ Бедеу неке
Репродуктивті медицина және бедеулік/Қазіргі заманға сай перинатальді технологиялар. Жүктілік және ЭКҰ
Онкогинекология
Таңдау компоненті/ Жатыр мойны патологиясы. Кольпоскопия
Таңдау компоненті/ Тәжірибедегі УДзерттеу
Таңдау компоненті/ Гинекологиядағы эндовидеохирургия
Таңдау компоненті/ Отбасын жоспарлау және контрацепция
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін әйел адамдар мен кыз балаларға және олардың жанұя- туыс ортасымен, тиімді қарым-қатынасын көрсете алады, олардағы емдеуді талқылауға және бақылау процесін жүргізе алады. Күнделікті тәжірибеде кері байланысты қолдана алады.
- Пациенттерге күтім жасауды және әріптестермен қарым-қатынасты оңтайландыру үшін қол жетімді ақпараттық технологияны тиімді пайдалану. МСБК деңгейінде ақпараттық технологиялармен жұмыс істеу дағдыларын көрсете алады ((КМИС, АИС, ИСЛО және т.б.).
- Науқастарға бағытталған медициналық көмек көрсету үшін когнитивті құзыреттіліктер мен білімдерді көрсетеді. Кәсібиаралық іс-әрекеттерді және науқас- бағытталған кәсіпқой топтарды үнемі жетілдіріп отыруға қажетті танымдық көрсетеді.
- Әртүрлі патологиялық жағдайда, жүкті әйелдер мен гинекологиялық науқастарды,қыз балаларда акушерлік және гинекологиялық ауруларды анықтауды, сапалы нәтижелерді дәлелдей отырып, клиникалық диагнозды қою және акушерлік-гинекологиялық тактиканы қалыптастырады
- Шағын және үлкен акушерлік және гинекологиялық операцияларды жүргізу әдістері туралы білімдерін, сонымен қатар акушерлік, гинекология, репродуктология және балалар гинекологиясындағы минималды инвазивті емдеу әдістері туралы білімдерін көрсете алады.
- Әйелдердің репродуктивті денсаулығы туралы білімдерін көрсете алады. Медициналық технологиялар (биология, генетика, криобиология, цитология) және көмекші репродуктивті технологиялар (КРТ) –ЖИ; ИКСИ; ПГД; ЭЕ, емдеу әдістері мен процедуралары, әйел ағзасынан тыс жүктілікке қол жеткізуге бағытталған.
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің клиникалық хаттамалары мен медициналық көмектің жүйелілігін ескере отырып, клиникалық ұсыныстар негізінде аналық және перинатальды аурулар мен қауіпті факторлар тобына жататын және төмен қауіпті топтағы жүктілікті жүргізу бойынша білімдерін көрсете алады.
- Сынаулы тұрғыдан кәсіби әдебиеттерді талдау, халықаралық және отандық дерекқорларды өздерінің кәсіби практикаларында тиімді пайдаланады, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатыса алады.
- Әйелдер репродуктивті жүйесінің қатерлі ісіктерін алдын-алу және ерте диагностикалау үшін онкологиялық күмәндану негіздерін тиянақтай алады, уақытша және тұрақты еңбекке жарамсыздық мәселелерін, акушерия мен гинекологиядағы медициналық және еңбек сараптамаларын көрсе біледі.
- Этикалық қағидаларды ұстанатына отырып көрсетеді және науқастарды күтуге, ақпараттандырылған келісім алып оны іскери тәжірибе жүзінде көрсетеді, акушерлік және гинекологияға сәйкес, репродуктивті медицинаға және балалар гинекологиясына қатысты нормалы-құқықтық актілерді көрсетеді.
- Медициналық көмекті аймақтандыруды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің клиникалық хаттамалары мен клиникалық ұсыныстар негізінде акушерлік, гинекологиялық және соның ішінде балалар патологиясы кезінде шұғыл көмек және реанимация білімдерін көрсете алады
- Балалар мен жасөспірім қыздардағы балалар гинекологиясы, диагностика әдістері және кіші жамбас ауруларынын емдеудегі қазіргі заманғы мәселелер туралы түсінік беретін кәсіби құзіреттіліктер туралы білімдерін көрсете алады. Жыныстық саулықтың әлеуметтік-психологиялық сипаттамасының ерекшеліктері көрсетеді.