Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M08773 Аграрлық техника және технология в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Ауыл шаруашылығы өндірісінде мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, өндірістік-технологиялық, ғылыми, педагогикалық мәселелер мен міндеттерді шығармашылықпен шешуге қабілетті, ауыл шаруашылығының аграрлық техника мен технология саласындағы қызметін біліктілікпен атқара алатын қабілетті ғылыми-педагогикалық мамандар құзыреттілігін қалыптастыру.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Қазақша
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M136 Аграрлық техника және технологиясы
  • Дайындық бағыты 7M087 Агроинженерия

Пәндер

  • Ауылшаруашылығындағы инженерлік жобалау

    Пәннің мақсаты ауыл шаруашылығындағы инженерлік жобалау түрлері, техниканың дамуы және оның жобалау әдістерінің заңдылықтары, өзара байланысы, өндірістік машиналарын жобалаудың теориясы және нормативтік базасы, машина жасау технологиялық операциялары, үдерістері мен ерекшеліктері, бөлшекті дайындауға қажетті материалдар мен еңбек және материалдық шығындар.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жүйелерді модельдеу

    Ауыл шаруашылығындағы инженерлік жобалау түрлері, техниканың дамуы және оның жобалау әдістерінің заңдылықтары, өзара байланысы, өндірістік машиналарын жобалаудың теориясы және нормативтік базасы, машина жасау технологиялық операциялары, үдерістері мен ерекшеліктері, бөлшекті дайындауға қажетті материалдар мен еңбек және материалдық шығындар.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Білім алушылардың бойында дүниені танудың негізгі мәселелерін және оларды зерттеудің өзінің болашақ кәсіби қызметімен байланысты әдістері туралы басты түсініктерді және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Машина-трактор паркін техникалық қамтамасыз етудің ғылыми негіздері

    Ауыл шаруашылығын машина-трактор паркімен қамтамасыз етудің бүгінгі жайы мен дамыту бағыттары. Ауыл шаруашылығындағы озық технологиялар мен үдерістер, жоғары өнімді мобильдік машиналар. Саланы агротехнологиялық машиналар және құралдармен қамтамасыз етудің ғылыми негіздері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жоғары мектептің педагогикасы

    Пәннің мақсаты - болашақ мамандардың кәсіби-педагогикалық және психологиялық мәдениетінің негізін қалыптастыру. Магистранттар жоғары мектеп педагогикасының теориялық және әдіснамалық негіздерін біледі. Білім берудің қазіргі парадигмасын, еліміздегі жоғары кәсіби білім беру жүйесін, білім беру үрдісінің қазіргі жағдайын түсінеді, өзіндік белгі ерекшеліктерін анықтап айта алады. Озық білім беру технологияларын өз тәжірибесінде қолданады. Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби және коммуникативтік құзыреттілігін, білім беру сапасын талдай алады, жаңа оқу бағдарламаларын әзірлейді, білім беру процесін ұйымдастырудың инновациялық әдістерін әзірлеу принциптерін, талдау және зерттеу жұмысының нәтижелерін салыстырады, жинақтап қорыта алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шетел тілі (кәсіби)

    Пәннің мақсаты-халықаралық кәсіби ортаға ықпалдасуға және шетел тілін мәдениетаралық қарым-қатынас құралы ретінде және ғылым мен техниканың бейіндеуші және аралас салаларында шетелдік тәжірибені үйрену құралы ретінде қолдануға мүмкіндік беретін магистранттардың кәсіби бағытталған шет тілді коммуникативтік құзыреттілігін дамыту болып табылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Ауылшаруашылық машиналарының құрылысын жетілдіру әдістерін зерттеу

    Ауылшаруашылық машиналарының құрылысын жетілдіру әдістерін зерттеу түрлері, олардың ұтымды мәндерін ресурс үнемдеу критерийлері арқылы анықтау тәсілдері мен әдістері, олардың пайдалану көрсеткіштерін арттыру негіздері, ауылшаруашылығындағы егін шаруашылығы жұмыстарының технологиялары, ерекшеліктері мен оларға қойылатын агротехникалық талаптар.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Басқару психологиясы

    Кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін қолдану қабілетін қалыптастыру. Курс шеңберінде басқару психологиясының пәні, негізгі принциптері, басқару өзара іс-қимылындағы тұлға, жеке тұлғаның мінез-құлқын басқару, топтық құбылыстар мен процестерді басқару психологиясы, басшының жеке басының психологиялық ерекшеліктері, басқарудың жеке стилі, басқару қызметіндегі ықпал ету психологиясы, жанжалды жағдайларды басқару ашылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Егіншілік жүйелері және өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру

    Егін шаруашылығының негізгі салаларының жіктелуі, ерекшеліктері, егін шаруашылығында өнім өндірудің тиімді технологиялары, өндірілетін өнімдер түрлері, алынған өнімдер сапасын арттыру шаралары, өнімдер өндіруде қолданылатын инновациялық технологиялар мен техникалық құралдар, егін шаруашылығының негізгі салаларының жұмыстарын ұйымдастырудың жаңа әдістері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеу негіздері

    Зерттеу нысанын таңдау. Міндеттердің өзектілігін негіздеу. Ақпараттық ізденіс және зерттеу әдістемесін жасау. Ғылыми зерттеуді жоспарлау. Ғылыми зерттеудің тақырыбын таңдау және оның технико-экономикалық негіздемесі. Ғылыми-зерттеу жұмысын орындаудың негізгі кезеңдері. Эксперименттің негізгі түрлері. Зерттеу нәтижелерін өңдеу және талдау, қорытындылар мен ұсыныстарды тұжырымдау. Ғылыми есеп, оның мазмұны. Мақалалар. Монографиялар. Диссертациялар.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Эксперименттерді жоспарлау және өңдеу теориясы

    Ауылшаруашылық машиналарын пайдалануда жүргізілетін эксперименттерді жоспарлау теориясы жөнінде негізгі мәліметтер, факторлар мен негізгі мәліметтерді таңдау, оларды таңдауда корреляциялық қатынастар теориясын қолдану, екі және көп факторлы эксперименттерді жоспарлау әдістері, алынған нәтижелерді өңдеу әдістері, жауап беру функциясы мен графигін тұрғызу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Координаттық егіншілікте жасанды интеллект технологиясын қолдану

    Ауыл шаруашылығында жасанды интеллект технологиясын қолдану нездері. Ауыл шаруашылығында координаттық тәсілдердің пайда болуы және дамуы. Жаhандық ғарыштың жүйелік құралдары, дифференциалды тәсілдері, жер құнарлылығы мен дақыл өнімділіктерінің картографиясы алу. Ауылшаруашылық техникаларын автоматты басқару жүйесі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ауылшаруашылық машиналары құралдарының жұмыстық қабілетін арттыру технологиялары

    Құралдардың жұмыстық қабілетін арттыру жөнінде машина жасау мекемелерінің алдында тұрған мақсаттар. Ауылшаруашылық машиналары құралдарының жұмыстық қабілетін арттыру технологиялары. Жоғары ресурсты бөлшектер дайындауға қолданылатын инновациялық материалдар мен технологиялар. Жұмыстық қабілеті жоғары бөлшектер дайындау бойынша технологиялық ұсынымдар

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Ауылшаруашылығы үдерістерінде ғылыми зерттеулердің әдіснамасы

    Ауыл шаруашылығы өндірісі үдерістерін ғылыми зерттеу барысында эксперимент жасауды жеңілдету, өндіріс үдерістеріндегі негізгі агротехнологиялық параметрлері арасындағы байланыс, ғылыми зерттеулерде математикалық статистиканың заңдылықтарын пайдалану, алынған мәліметтерді өңдеу, жүргізілген ғылыми жұмыстың тиімділігін бағалау тәсілдері мен әдіснамасы.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жер өңдеу машиналарының жұмысшы құралдарының беріктігін нығайту

    Жер өңдеу машиналарын пайдалану барысындағы әртүрлі ақаулар, істен шығып жарамсыз күйге түсу себептері, жұмысшы құралдарын жөндеу тәсілдері, беттіктерді қалпына келтіру әдістерін қарастыру, жер өңдеу машиналарының жұмысшы құралдарының беттіктері беріктігін нығайту мен жаңартуда үздік технологиялық процестерін қолдану, заманауи нығайту технологиялары.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Ауылшаруашылығы өндірісі жүйесіндегі технологиялық үдерістерді техникалық қамтамасыз ету

    технологиялық үдерістерді техникалық құралдармен қамтамасыз ету, атқаратын жұмыстар, ауылшаруашылығының өндірістік процесі барысында машиналармен, агрегаттармен қамтамасыз ету, олардың технологиялық, кинематикалық, энергетикалық, механикалық, жүктелу және пайдаланылу сипаттамалары, инновациялық технологиялар, айрықша заманауи техникалық құралдар.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Берілген ресурс бойынша бөлшектерді қалпына келтіру технологиялары

    Ауылшаруашылығы машиналарының бөлшектерін қалпына келтіру технологиялары және техникалық қондырғылар түрлері. Қалпына келтіру үдерісінің параметрлері мен жұмыс режимдері. Қалпына келтіру үдерісіне керекті материалдарды таңдау тәсілдері мен әдістері. Өнімділік, еңбек және тікелей шығындар. Қалпына келтіру үдерісінің тиімді жұмыс тәсілін анықтау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Ауыл шаруашылығы техникаларын пайдалануды бейімдеу технологиясы

    Ауылшаруашылық мекемелерінде машина-трактор агрегаттарының (МТА) негізгі типтерінің тиімді құрамын және жұмыс режимін негіздеп пайдалануға бейімдеу , техникалардың құрылымдылық ерекшіліктері, техникалық қызмет көрсету, күтіп-баптау, жөндеудің бейімделген технологиялары, ауылшаруашылығы техникаларын пайдалануды жергілікті жерге бейімдеу технологиясы.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ауылшаруашылығы өндірісін механикаландырудың теориялық негіздері

    Ауылшаруашылығы өндірісін механикаландырудың бүгінгі жайы мен дамыту бағыттарының теориялық негіздері, ауылшаруашылығы өндірісіне озық технологиялар мен үдерістерді енгізу, инновациялық технологиялық машиналар және құралдар, ауылшаруашылық техникаларын жасау және пайдаланудың ғылыми негіздері, ауылшаруашылығы өндірісі өнімдерін өңдеу үдерістерін механикаландырудың теориялық негіздері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ауылшаруашылық техникаларын диагностикалаудың әдістері

    Ауылшаруашылық машиналарын диагностикалаудың ерекшеліктері. Компьютерлік диагностикалау әдісі. Топырақты негізгі өңдеуге арналған ауыл шаруашылық машиналардағы диагностикалау әдістері. Улы химикат шашқыш машиналардың техникалық күйін тексерудің жаңа әдістері, диагностикалық аспаппен АШМ-ын тексеруге қолдану. Қолдананатын диагностикалық алфавиттік-цифрлық қондырғылар, компьютерлік технологиялар.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ауылшаруашылығы агрегаттары тиімділігін арттыру

    Ауылшаруашылығы агрегаттарын техникалық пайдалануды іске асыруда жобалық шешімдерді дайындаудың әдістемесі мен нормативтік базалар. Агрегаттардың пайдаланған техникалық материалдарын қалпына келтірудің технологиялық әдістерін зерттеу, олардың ресурстарын анықтау. Агрегаттарын пайдалану тиімділігін арттыру және қалпына келтіру әдістері. Технологиялық операциялар мен техникалық құралдар.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ауылшаруашылығы үдерістерін тиімді ұйымдастырудың теориясы

    Ауылшаруашылығының технологиялық және өндірістік үдерістері. Өндірістік және технологиялық үдерістерді ұтымды ұйымдастыру тәсілдері түрлері. Негізгі параметрлері мен көрсеткіштері. Өндірістік үдерістерді тиімді ұйымдастырудың математикалық әдістері. Негізгі тиімді параметрлері мен көрсеткіштерін анықтау жолдары. Технологиялық және өндірістік үдерістердің математикалық модельдері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ауылшаруашылығын материалдық-техникалық қамтамасыз ету логистикасы

    Ауылшаруашылығы жағдайындағы логистика. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету үдерісіндегі логистика. Ауылшаруашылығын материалдық-техникалық қамтамасыз ету логистикасының кластерлік жүйесін дамыту. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету логистикасының операциялары мен функциялары. Логистикадағы материалдар тасқыны. Көлік түрлері және көлік құрылғыларының тұрақтылығы.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Өнімділігі жоғары бөлшектерді дайындаудың инновациялық технологиялары

    Ауылшаруашылығы машиналарының өнімділігі жоғары бөлшектерін, дайындамаларын жасаудың инновациялық технологиялық əдістері, беттік пішінге байланысты дайындау ерекшеліктері, технологиялық нормалау негіздері мен технологиялық үдерістердің техника-экономиялық тиімділігі, өнімділігі жоғары бөлшектерді дайындауда қолданылатын технологиялық желілер мен техникалық жабдықтар

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Өсімдік шаруашылығындағы перспективті технологиялар мен техникалық құралдар

    Өсімдік шаруашылығындағы перспективті технологиялар мен техникалық құралдар, сапалы өнім алудың озық технологиялық үдерістері. Өсімдік шаруашылығының перспективті өндірістік технологиялық үдерістері, қолданылатын машиналар мен агрегаттар, олардың технологиялық, жүктелу және пайдалану сипаттамалары, перспективті инновациялық технологиялар. Өсімдік шаруашылығындағы айрықша заманауи технологиялар мен техникалық құралдар ерекшеліктері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Машина жетілдірудің ғылыми – техникалық негіздері

    Ауылшаруашылығында машиналарды жетілдірудің ғылыми-техникалық негіздері. Машиналардың параметрлері мен жұмыс режимдерін жетілдіру. Олардың ұтымды мәндерін ресурс үнемдеу критерийлері арқылы анықтау. Жетілдірудің жаңа тәсілдері мен технологиялары. Ауылшаруашылығы машиналарының өнімділігін арттыру жолдары. Қуаттылығын мен тарту күшін жоғарылату.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Дүниетанымдық көз қарас қалыптастыру үшін философиялық білімдер негіздерін пайдалана алады, құжаттармен жұмыс істеуге және көп алдында шығып сөйлеу үшін қазақ, шетел тілдерінің ауызша және жазбаша қолдануын, әлеуметтік және этикалық коммуникативтік тәсілдерді меңгерген.
  • Аграрлық саладағы зерттеуді қажет ететін мәселелерді анықтай біледі. Ғылыми аграрлық техникалық салада қолданылатын әдістерді және тәжірибелерге қойылатын негізгі талаптарды меңгереді. Өз бетінше аграрлық техникалық саладағы зерттеулерді жоспарлай алады.
  • Ауылшаруашылық дақылдарын өсіруде қолданылатын агротехнологиялық машиналар мен оларды жасаудағы инновациялық технологиялар, сондай-ақ жасанды интеллект жүйелері бойынша білімін өндірісте және ғылыми-педагогикалық қызметте қолданады. Ауылшаруашылық техникаларының жаңа түрлері мен әмбебап машиналар шығарудың біріктірілген заманауи әдістерінде жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін пайдаланады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау мен өңдеуде де жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін заманауи техникалар мен технологияларды қолданады.
  • Ауылшаруашылық дақылдарын өсіруде қолданылатын агротехнологиялық машиналар мен оларды жасаудағы инновациялық технологиялар, сондай-ақ жасанды интеллект жүйелері бойынша білімін өндірісте және ғылыми-педагогикалық қызметте, ғылыми-әдістемелік жұмыстарды және зерттеулерді жүргізуде қолданады. Ауылшаруашылық техникаларының жаңа түрлері мен әмбебап машиналар шығарудың біріктірілген заманауи әдістерінде жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін пайдаланады.
  • Өзінің жеке кәсіби қызметіне өзіндік бағалауды іске асыра, кәсіби қызметін талдай және жоспарлай алады. Күтілетін нәтижелер мен мақсатқа жетуді қамтамасыз ету жобаларын, ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жүргізуді жоспарлайды, жасайды және басқарады. Диссертация жазу үшін ауылшаруашылық машиналарды жасау, пайдалану мен жөндеудің инновациялық технологиялары жайлы материалдарды және ғылыми зерттеу жұмысының тиімділігін бағалау әдістерін қолданады.
  • Ауылшаруашылығы өндірісінің өнімдерінің өнімділігін арттыруда инновациялық технологиялар мен техникалық құралдарды, ғылыми-зерттеулер нәтижелерін пайдалана отырып, агротехнологиялық машиналарды тиімді қолдану әдістерін меңгерген.
Top