6B03279 Сандық медиа және телерадиожурналистика в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Заманауи еңбек нарығында сұранысқа ие, инновациялық журналистік тәжірибеге ие, медиа үшін мультимедиялық контент жасай алатын, ақпаратты жинау, өңдеу және берудің сандық мобильді технологияларымен жұмыс істеу дағдысы бар цифрлық медиа саласындағы журналистерді даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B042 Журналистика және репортер ісі
-
ҰБТ-дағы пәндер Шығармашылық емтихан және Шығармашылық емтихан
-
Білім беру саласы 6B03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат
-
Дайындық бағыты 6B032 Журналистика және ақпарат
Пәндер
-
Сандық журналистикаға кіріспе
Пәннің мақсаты – студенттің сандық журналистикаға қатысты білімінің алғашқы теориялық дағдыларын үйрету және қазіргі жаңашыл инновациялық технологияларға байланысты тәжірибелік қызмет шеберлігінің негізін қалау болып табылады. «Сандық журналистикаға кіріспе» пәнін оқыту барысында студенттер жаңа цифрлық сауаттылық, бенчмаркинг, медиа цифрландыру жөнінде толық танысады, теориялық мазмұнда ақпарат алады. Пән журналистиканың медиа адресат, медиа алгоритм жүйелерінің қалыптасу үрдісіне, журналистиканың цифрлық элементтері мен қызметі, классикалық және цифрлық журналистиканың ерекшеліктерін білімгерлерге үйретуге бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Түрік тілі (А1)
Бұл курс түрік тілінің бастапқы деңгейін оқуға арналған, "Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреттеріне" сәйкес студенттердің А1 деңгейінде практикалық дағдыларын қалыптастырады. Курс студенттердің мәдениетаралық және коммуникативтік қарым-қатынасқа дайындығы мен қабілетін дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент нақты мәселелерді шешуге бағытталған таныс күнделікті сөздер мен қарапайым сөз тіркестерін түсінеді және қолданады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Академиялық жазбаға кіріспе
Пән әртүрлі санаттағы академиялық жұмыстарды (essay, report, etc) академиялық адалдық принциптерін сақтып, оңтайлы жазу үшін қажетті дағдылар мен біліктерді қалыптастырады. Пән білімгерлерге жазбаша сөйлеудің жанрлық, грамматикалық, стилистикалық және пунктуациялық ерекшеліктерін түсіндіріп, академиялық жазба жұмыстарды қатесіз жазу әдістерін үйретеді. Кәсіби қызметінде әлемдік дерек базаларын және ғылыми журналдардың онлайн жүйелерін пайдалану дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Электронды БАҚ жанрлары
Пәннің мақсаты болашақ журналистерге электронды журналистика жанрларының ерекшеліктерін, мазмұнын, жазылу пішінін, деректерді іріктеп, сұрыптау немесе жинақтап, талдау ыңғайын, электрондық журналистиканың тілдік-стильдік әдісін меңгеруін қалыптастырады. Теле-радиожурналистика жанрларының дәстүрлі жанрлармен өзара ерекшеліктерін теориялық және практикалық негізде айқындауға үйретеді. Пән электронды БАҚ өкілдерінің кәсіби шығармашылық шеберлігін жетілдірудің, электронды журналистика материалдарының сапалық деңгейін арттырудың әдіснамалық тәсілін игеруіне бағытталған. Телевизия, радио, интернет жанрларының стилдік, құрылымдық, логикалық формаларын меңгертеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ақпарат жинау және жазу шеберлігі
Пәннің мақсаты ақпарат жинау мен оны жазу жолдарын үйрету. Журналист қызметінің негізгі және жауапты бөлігі ақпарат жинаудан тұрады. Пән сапалы ақпаратты қалай алуға болатынына, оны қалай пайдалану керектігіне бағытталған. Студентке мақаланы қалай бастау, оны қалай жазу, логикалық бірізділік қағидаларын білуге, материалды қалай аяқтау керектігі жан-жақты түсіндіріледі және болашақ журналистің бойында жақсы мақала дайындау машықтары қалыптастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Медиа тарихы
Пәнді оқу барысында білімгер қазақ журналистикасының өткен тарихының «ақтаңдақ» тұстарын қайта қарап, кезінде нақақ жаламен жабылып қалған басылымдар туралы мағлұмат беру. Оқыту барысында, қазақ халқының жазба мұрасы оқу-оқыту процесіне орай ғылыми айналымға түсіп, тарихи саралауымызға қолайлы мүмкіндік беруге бағытталады. Сонымен қатар Еуропа, Америка, Азия, Африка елдері журналистикасының даму тенденцияларын игереді. Шетелдік БАҚ-тың экономикалық негізін, БАҚ-тың монополиялану процесін оқиды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Түрік тілі (А2)
Бұл курс түрік тілінің жалғастырушы деңгейін үйренуге арналған, "Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне" сәйкес А2 деңгейінде білім алушылардың практикалық дағдыларын дамытады. Курс білім алушылардың тілдік деңгейіне байланысты жазбаша (оқылым, жазылым) және тікелей ауызша (айтылым, тыңдалым) коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы қарапайым күнделікті әлеуметтік тақырыптарда сөйлесе алады, қарапайым жағдайларды сипаттай алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мультимедиялық журналистика
Мультимедиялық журналистика дағдыларын игерген түлектер мультимедиялық медиада және басқа байланыс арналарында жұмыс істейді. Сондықтан аудиторияда студенттер әр түрлі байланыс арналары үшін аудио, видео, инфографика, фотосуреттер мен мәтіндерді құру технологиясын бірдей меңгереді. Олар дәстүрлі медиа редакциясында да, кез келген эфирде де, виртуалды жобада да ыңғайлы. Негізгі зерттелген жобалар: ұйымдық коммуникация негіздері, әлеуметтік антропология мен журналистика, медиа саланың семиотикасы.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Икемді дағдылар
Пән адамның өзгермелі жағдайларға бейімделуге қажет икемді дағдыларды қалыптастырады. Курс барысында студенттер көпшілік алдында сөйлеу, презентация жасау, аудиторияның назарын аудару, сондай-ақ инклюзивті ортада тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытады. Нәтижесінде студент проблемалардың басымдылықтарын анықтап, оларды шешуде креативті ойлауды және тәуекелдерді болжауды үйренеді. Сонымен қатар, студент өз мүдделері мен сұхбаттасушының мүдделері үшін екіжақты ақпарат алмасуды инклюзивті тәсілдерді ескере отырып тиімді қамтамасыз ете алады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Сандық телерадио- журналистика
Пән мақсаты студенттерді жаңа технологиялар мен құрылғылардың көмегімен эфирге шығып жатқан радио мен теледидардағы шығармашылық еңбектердің сандық журналистика тұрғысындағы теориясы мен тәжірибесінің негіздерімен таныстыру. Бұқаралық ақпарат құралдарының ішіндегі телевизия мен радионың, интернеттің тарихынан бастап, осы күнге дейінгі инновациялық өрлеуі, техникалық тұрғыдағы дамуы пән барысында толығымен талқыланады. Пән қазіргі заманғы телерадиоарналардың сандық жүйедегі жаңаша жұмыс тәсілдерін теориялық негізде меңгертуге бағытталады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Түркі мемлекеттер тарихы
Пән студенттердің дүниежүзілік тарихи үдерісте түркі халықтары мен мемлекеттерінің орны мен рөлі туралы біртұтас түсініктерін қалыптастыруға, студенттердің тарихи ақпаратты іздеу, жүйелеу және жан-жақты талдау дағдыларын меңгеруге, өткен мен бүгінгі күннің тарихи процестерінің мән-жайын түсінуге, ақиқатқа бағдарланған өзіндік ұстанымдарын қалыптастыруға, азаматтық, отаншылдық, ұлттық бірегейлік, ұлтаралық және дінаралық толеранттылық көзқараста тәрбиелеуге, рухани құндылықтарды үйлестіруді үйретуге бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Конвергентті журналистика
Конвергенттік журналистика пәні арқылы студенттер заманауи технологияларды, жаңа аудио-видео мүмкіндіктерді жан-жақты пайдалануды үйренеді. Пәннің ізденістерге, тың формаларға жол ашу, ғаламтордың инновациялық, жаңғыртушылық мүмкіндігін пайдалана отырып, медиаөнімді дамытып беруге, оқытуға бағытталады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Ата-түрік принциптері
Пән білім алушыларда Түркияның тарихи дамуы туралы жан-жақты түсінік қалыптастырады, тарихи ақпарат жинау, талдау және жалпылау дағдыларын дамытады, Ататүрік принциптерін ғылыми бағалауды қалыптастырады. Курсты оқу барысында білім алушы дүниежүзілік-тарихи процесс контекстінде Түркия тарихының негізгі заңдылықтары, кезеңдері мен мазмұны туралы білімдер алады, студенттердің шығармашылық қабілетін, пайымдау еркіндігін, Ататүріктің рухани, тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, сақтау, қолдану және арттыруға деген қызығушылығын оятады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Ясауитану
Пән ясауилік құндылықтармен таныстырады, академиялық, жеке, мәдени, кәсіби қатынастарда ғылым, діни төзімділік, адамдар қатынасы, құқығы туралы ясауилік ұстанымдарды қалыптастырады. Білім алушы Ясауи мәдениетінің ерекшелігін түсініп, қоғамдағы әлеуметтік, этикалық, конфессиялық, мәдени ерекшеліктермен салыстыра біледі. Ясауи ілімінің түркі халықтарының ұлттық мәдениеті, діни түсінігіндегі маңыздылығын түсінеді, қоғамдық ынтымақ, бірлікке ұйытқы болатын «хикметтің» ұлт руханиятындағы орнын саралап, белсенді кәсіби, әлеуметтік қатынас орнату қабілеттерін қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Қаржылық сауаттылық
Пән студенттердің қаржылық қатынастарының маңызды салаларын бейнелейтін негізгі қаржылық-экономикалық түсініктерді дамыту арқылы қаржылық сауаттылық негіздерін қалыптастырады. Сондай-ақ қаржылық нарықтағы тұтынушының, инвестордың, қарыз алушының, акционердің, салық төлеушінің, сақтандырушының, инвестордың әлеуметтік-экономикалық рөлін тиімді орындауға және тұтынушыларды пирамидалар мен қаржылық алаяқтықтан сақтандыруға бағытталған білім мен дағдыларды қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жасанды интеллект негіздері
Пән жасанды интеллект саласындағы (ЖИ) негізгі ұғымдарды, ЖИ технологияларының архитектурасы мен жұмыс істеу принциптерін, қолдану әдістері мен мүмкіндіктерін оқытады. Курсты оқу барысында білім алушылар ЖИ технологияларының теориялық және практикалық негіздерін меңгеріп, оларды құқықтық және этикалық нормалар аясында кәсіби салалардағы міндеттерді шешуде тиімді қолдану дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Құқықтық журналистика
Пәннің мақсаты жас журналистердің ақпарат алудан бастап, оны жариялау кезіндегі құқықтық нормаларды, қолданыстағы заңдарды басшылыққа алу қабілетін қалыптастырады. Құқықтық тұрғыдан студенттерге жан-жақты білім бере отырып, журналистің шығармашылығындағы кездесетін құқық мәселесі немесе заң аясындағы тақырыптарды сауатты жазуына ықпал жасайды. ҚР БАҚ туралы Заңындағы баптарды игертеді. Пән негізінен заң аясында жұмыс істеудің дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экология және өмір қауіпсіздігі
Пән экологиялық танымды қалыптастырады, қоршаған ортаның жай-күйін және қауіпті факторлардың адамға әсер ету дәрежесін бағалау және табиғатты ұтымды пайдалану аспектілерін қолдануды үйретеді. Курс барысында білімгер экологиялық проблемалар бойынша мәліметтерді цифрлық технологияларды қолдана отырып жинауға, оларды сыни көзқараспен талдауға, өз бетінше шешімдер қабылдауға машықтанып, экологиялық қағидаттарды сақтай отырып, командада жұмыс істеу қабілеттілігін қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Пән сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және академиялық адалдықты тарихи, сондай-ақ қазіргі заманғы мәтіндерде қалыптастырады, сыбайлас жемқорлықтың туындауының әмбебап мәнін, табиғатын, орнықтылығының себебін ашады. Білім алушы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени, адамгершілік-этикалық аспектілері бойынша материалдарды цифрлық технологиялар көмегімен жинау, талдау және ситуациялық міндеттерді өз бетінше немесе командада шешу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті дербес ұйымдастыру дағдыларын меңгереді
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Медиаэтика
Пәннің мақсаты студенттерді кәсіби журналистің моральдық-этикалық міндеттеріне, этика, эстетика ұғымдарын тереңдете оқыта отырып, журналистік этиканың заманауи құқықтық негіздеріне сауатты білім беру болып табылады. Заңдық нормаларға сәйкес қабылданған этикалық кодекстер мен журналистер өз қызметі барысында кездесетін этикалық нормалар аясында кең ақпарат алуына бағытталған. ҚР журналистерінің Этикалық кодексі және халықаралық журналистиканың этикалық кодексі салыстыра оқытыла отырып, теориялық сипатқа ие болады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Көшбасшылық теориясы
Курстың мақсаты - білімгерлерді көшбасшылық табиғатымен, көшбасшылықтың негізгі теорияларымен, елдің жаңғыртуының қазіргі кезеңіндегі көшбасшылық рөлімен; көшбасшылықтың психологиялық аспектілерімен, көшбасшының саяси мінез-құлқын анықтайтын, көшбасшылық имиджін қалыптастыру және насихаттау технологияларымен, маркетинг негіздерімен таныстыру, көшбасшылық қасиеттерді өзін-өзі дамыту дағдыларын үйрету, әрі қарай кәсіби және жеке өсуде, көшбасшылықты дамытудың негізгі үрдістерін оқыту.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері
Пән экономикалық білімді қалыптастырады, кәсіпкерлік жүргізудің ғылыми негіздерін зерттейді. Кәсіпкерлік іс-әрекетті меңгеру барысында білімгер цифрлық технологияларды қолдана отырып мәліметтерді жинақтайды, бизнестің қыр сырын меңгере отырып, өз бетінше басқарушылық мәселелерді шешеді, алдында тұрған мақсаттарға қол жеткізу дағдыларын қалыптастыру арқылы көшбасшылық қабілетін көрсетеді. Білім алушы кәсіпті жүзеге асыру әдістерімен танысады, бизнесті ұйымдастыру мен басқару шешімдерін қабылдауға дағдыланады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Радиодағы цифрлық монтаж
Пәннің мақсаты радиодағы цифрлық монтаждың жасалу жолдарын үйрету. Радиохабарын дайындаудың негізгі кезеңдерінің бірі монтаждау болып табылады. Бұл бір мезгілде монтажшымен бірге атқарылатын техникалық және шығармашылық процесс. Монтаждаудың жалпы құрылымымен байланысты, монтаждық фразалар мен эпизодтардан журналистік материалдың композициясы құрылады. Монтаж радио жазбаларды пайдалану кезінде де, тікелей эфир кезінде де жүзеге асырылуы мүмкін. Пән осы техникалық қызметтерді цифрлық жаңашылдықпен үйретуге бағытталады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Подкаст шеберлігі
Пәннің мақсаты цифрлық жүйедегі телехабар жасаудың технологиясымен таныстыру. Подкастинг — барлық жерде хабар тарату, кең хабар тарату. Интернеттегі радио және телехабарлар стилінде дыбыстық немесе бейне файлдарды (подкаст) жасау және тарату процесі (Интернетте хабар тарату). Әдетте, подкасттар басылымның белгілі бір тақырыбы мен мерзімділігі бар. Пән жаңа форматта хабар таратуды үйретуге бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Телерадиобағдарламаларды дайындаудың арнай курсы
Телерадиобағдарламаларын дайындаудың арнайы курсы журналистиканың бір бөлшегі ретінде қарастыруға болады. Телерадио бағдарламаларын дайындау барысында стдудент жеке авторлық бағдарлама құрудың концепциясын ұғады. Жеке авторлық бағдарламаны құру барысында сценарий әзірлеу, бағдарлама қонақтарын анықтау, таңдалған тақырыптарға орай іздену, тақырыпты ашу мақсатындағы ізденістер туралы білетін болады. Әрбір бағдарламаны әзірлеу барысындағы бастан аяқ жұмыс процессі сатылы үлгіде түсіндіріледі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тікелей эфир табиғаты
Пәннің мақсаты көрерменге тың әрі нақты мәліметтерден тұратын жаңалықтарды дайындайтын болашақ журналистерді дайындау. Тікелей эфир - көрермен алдындағы жауапты сәт. Тікелей эфирде жұмыс жасау асқан шеберлікте талап етеді. Телевизия саласындағы барлық шығармашылық әдіс тәсілдері мен шеберлігін шыңдау осы пән аясында жүреді. Пән тікелей эфирдің мақсаты мен мән-мағынасын, жауапкершілігін, кәсібилік дағдыларын түсіндіреді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Масс медиа және жарнама
Пәннің мақсаты жарнаманың медиалық тұрғыдан жасалуын үйрету. Жарнама мәтінін жазу шеберлігін үйрену. Мәтіннің жасалу жолдарын меңгеру. Жарнаманы графикалық безендіру ерекшелігі, тележарнамаға аудитория назарын аударту құпияларын үйрнеді. Жарнама әзірлеу барысындағы заңдылықтардың сақталуына көңіл бөлу. ҚР Жарнама беру және тарату бойынша заңдар мен ережелерді сақтауға, халықаралық талаптарды білуге бағытталған мәліметтер беріледі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Деректі фильм жасау шеберлігі
Пән деректі фильм жасауда таспа немесе микрофон, монтаждау құралдарымен жұмыс істеуді және бағдарламалық қаматамасыз етуді меңгеруге қызмет етеді. Деректі фильм жасаудағы журналистиканың тәсілдерін пайдалану арқылы ақпаратты сапалы жеткізу дағдысын үйренеді. Деректі фильм жасаудың әдіс-тәсілдерін және интервьюлерді, негізгі кадрларды, кадрдан тыс мәтіндерді жазу, музыкалық үйлесім, дикциялық оқылымды үйретуге бағытталады. Фильм идеясы мен телеоператорлық және режиссерлік шешімдер үйлесімін нақтылауға дағдыланады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бейнені цифрлық өңдеу
Пән мақсаты студиядағы монтаж үстелі арқылы цифрлық монтаж жасауды үйрету. Студент журналистикадағы техникалардың меңгереді; Пән видеотехника жайында мол мағлұмат беріп, оларға қойылатын талаптар туралы терең білім беруге бағытталған. Студенттер Adobe Premier, Adobe After Efect сынды компьютерлік бағдарламаларды жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырады. Бейнематериалдарды кесу, пішу, жалғау, аудиожолақтармен жұмыс, саз қосы дағдыларын терең меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жаңалық әзірлеу
Пәннің мақсаты қоғамдағы оқиғаларды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жылдам әрі шынайы жеткізуді үйрету. Ақпараттарды, өзекті қоғамдық құбылыстарды, оқиғаларды, түрлі жағдайларды жаңалық етіп әзірлеп, түрлі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әр түрлі формада жеткізуді үйренеді. Ақпарат жинап оны әзірлеу, жаңалық ретінде ұсынудың ұтымды әдістері үйретіледі. Пән арқылы жаңалық жазу мен жедел аудиторияға ұсынуды игереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Журналистика және дін
Пән мақсаты - қоғамда орын алатын діни бұрмалаушылық пен адасулардың алдын алуда журналистиканың қуатты қару екенін ұғындыру. Студент журналистика арқылы қоғамда діни ахуалдың тұрақтылығын сақтауға болатынын біледі. Қоғамға, аудиторияға діни тақырыптарды дұрыс, сауатты ұсынудың әдіс-тәсілдері мен шеберліктерін меңгереді. Көпқырлы журналистиканың осы қызметі арқылы теріс ағымдар мен секталардың шырмауынан адамдарды қорғауға болатынын ұғады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Сандық фотосуреттер әзірлеу
Пәннің мақсаты сандық фотоаппараттармен жұмыс істеу тәсілдерін үйрету болып табылады. Фотоаппараттың мүмкіндіктерін меңгерте отырып, оны дұрыс қолдануға баулу. Пән арқылы сандық фотоаппараттың конфигурияциясын меңгеріп, кәсіби функцияларды үйренеді. Фотожурналиястиканың жанрларымен танысады. Практика жүзінде түрлі фотожанрларда материалдарды әзірлейді, жылдам әрі сапалы түрде редакцияға жөнелту әдістерін меңгереді. Фотоаппараттың сандық және смарттық мүмкіндіктерін игереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Онлайн радио
Бұл пән – студенттерді заманауи форматтағы радио жұмысымен және ерекшеліктерімен таныстырады. Яғни: Онлайн радиоларда шектеулер жоқ, сондықтан қолданушылар интернетке кіре алатын кез келген жерде онлайн режимінде радио тыңдайды. Сонымен қатар, интернет (онлайн) радиолардың жұмысы тек бір ғана аудионы жіберумен шектелмейді. Онлайн радиода тыңдаушылармен графиканы, фотосуреттерді және сілтемелерді бөлісуге, сондай-ақ чаттар мен хабарламалар тақталарын құруға мүмкіндіктер бар. Пәнді оқыту барысында онлайн радионың осындай ерекшеліктері мүмкіндіктері сараланады, студенттер web-радиомен жұмыс жасауға машықтанады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Сандық БАҚ-тағы жаңалықтар
Сандық журналистика жаңа мамандардың санатын қалыптастыратын маңызды және тез дамып келе жатқан кәсіби сала. Пән жаңалықтардың сандық БАҚ-тағы көрінісін айқындауға бағытталған. Пәннің мақсаты сандық бұқаралық ақпарат құралдарында жаңалықтардың берілу тәсілдерін үйрету. Сандық теxнологияға көшіп жатқан заманда медиа тиімділігін дәл әрі нақты өлшеу БАҚ-тың бизнес-стратегиясына тікелей әсер етеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Эфир тілі
Пәннің негізгі мақсаты телевизиялық журналистикадағы экран тілінің негізгі элементтерін оқытуға бағытталады. Телеэкрандағы кадр, план, ракурс, стендап, интершум, синхрон, КТМ және падкасттарды түсіндіре отырып, экран тілінің ерекшелігіне қарай теориялық негізде оқытып үйретеді. Студенттер практикалық тұрғыда экрандағы пландарды қоюды, стендаптағы сөйлеу шеберлігін, кадрдан тыс мәтін әзірлеуді, синхрон алудағы шеберліктерді меңгеретін болады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Медиа техникасы мен технологиясы
Пәннің мақсаты бұқаралық ақпарат құралдарының техникасы мен технологиясын теориялық және практикалық негізде қолданудың аспектілерін ұғыну. Қоғаммен байланыс жөніндегі мамандардың кәсіби қызметін қамтамасыз ету. Қазіргі журналистикадағы газет-журнал (баспа) және электронды (теледидар және радиожурналистика, интернет-журналистика) болып бөлінеді, MS-журналистика) құралдардың техникалық мүмкіндіктерін меңгертуге негізделген пән. Медиадағы техника мен технологияның заманауи құралдарымен практикалық тұрғыда жұмыс жасау дағдыларын меңгертуге бағытталады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Медициналық журналистика
Бұл пән салалық журналистикаға бейімделуге бағытталған. Қалың бұқараны медицина саласы бойынша қоғамда қалыптасқан түрлі жағдайлардан дұрыс және сауатты ақпараттандыру. Пән - медицина бойынша нақты әрі дұрыс ақпараттармын қоғамға түсінікті үлгіде ақпарат таратуды меңгертеді. Қоғамда түрлі қауесеттер мен дұрыс емес түсінік қалыптасудың алдын алу мақсатында, медициналық журналистика салалық бағыты зор жауапкершілікке ие екендігін біледі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Сандық маркетинг
Пәннің мақсаты цифрлық маркетинг (онлайн маркетинг) жайында толыққанды мағлұмат беру. Дәстүрлі маркетинг – сұранысты жан-жақты зерделеп‚ болжау‚ жарнаманы пайдалану‚ тасымалдау тәсілдерін қолданып‚ тауарлардың тұтынушыға жетуіне ұйымдастыру болатын. Ал, сандық маркетинг ше? Бұл қазіргі кездегі сандық медианы қолдана отырып, жарнамалық және коммерциялық стратегиялардың тұрақты жасалу процестері. Сандық маркетингтің жақсы стратегиясына ие болу компанияларға да, фриланслерге де пайдалы. Пән олардың осындай артықшылықтарын түсіндіреді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Телеоператор шеберлігі
Пәннің мақсаты болашақ журналистер мен телевизия мамандарын қазіргі заманғы тележүргізуші жұмысымен таныстыру. Тележүргізуші шеберлігінің басты қағидалары үйретіледі. Теориялық білімін толықтыру және нақты тәжірибеден өткізу құзыреттіліктерін қалыптастырады. Пән аясында студенттерді тікелей эфирдегі сөйлеу мәдениетіне, шығармашылық шеберлікке, кәсіби біліктілікке, шешендікке, ұйшқыр ой қалыптастыруға баулуға ден қояды. Тележүргізушінің негізгі қырларына тоқталып, тележүргізуші қызметін нәтижелі үйретуге бағытталған.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Спорт журналистикасы
Пәннің мақсаты студенттерді спорттық тақырыпқа бейімдеу. Спорттық бағыттағы басылымдар, арнайы бағдарламалар немесе салалық бұқаралық ақпарат құралдары жұмыс жасайды. Соңғы уақытта спорт тақырыбындағы материалдарға сұраныс артқан. Пән қоғамдағы спорт мәселесін халыққа шынайы әрі көркем де бейнелі етіп жеткізудегі шеберлікті шыңдауға бағытталған. Пәнді оқу арқылы болашақ журналистер спорт тақырыбының қыр-сырына қанығып спорт саласына мамандану болмақ.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
SMM және PR
Пән мақсаты біздің өмірімізге жақында ғана енген SMM мен PR жайында түсінік қалыптастыру. Курс сандық технологиялардағы, медиа-арналардағы бірқатар маркетингтік процестерді түсініп, үйренуді қалыптастырады. Пәнді оқу кезінде студенттер сатып алушы тұлғасымен және тұтынушылардың мінез-құлқымен танысады. Сандық құралдарды пайдалану: әлеуметтік желілер, мессенджерлер, нәтижелерді талдау және бағалау, сондай-ақ әртүрлі арналар үшін SMM, SEO стратегиялары мен тактикасын әзірлеу.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Сюжет әзірлеу шеберлігі
Студенттерге тележурналистика және сюжет жайлы нақты ұғым қалыптастыру. Телесюжеттің теориялық табиғатымен таныстыру. Практикалық негізде сюжет әзірлеуге баулу. Болашақ журналистер сюжет жасау барысында бейне мен мәтіннің байланысын анықтайды. Сюжет жасау заңдылықтарының үйлесімділігін таниды. Телевизия қызметі қоғамдағы болып жатқан әлеуметтік құбылыстарды тану екендігін меңгереді. Ақпарат бойынша бейнекадр жинақтау және мәтінмен жұмыс, деректерге мән беруді түсінеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жаңа медиа
Пәннің мақсаты соңғы технологиялар арқылы журналистиканың жаңа бағытында жұмыс істеуді үйрету. Әлеуметтік желілерде аудио-бейне, контент салу, тегтеу және т.б. дағдыларды қалыптастырады. Жаңа мeдиa – кoмпьютepлiк гpaфикaмeн, cуpeттepмeн, бeйнe aқпapaттapмeн, aнимaциямeн, мәтiндepмeн, жoғapы caпaлы дыбыcтapмeн жұмыc icтeудi қaмтaмacыз eтeтiн мультимедиялы жүйe. Бұл пәнде студент жаңа технологияларды меңгере отырып, мультимедиялы контент дайындауды үйренеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Инфографика және флеш-технологиялар
Пән мақсаты журналистикадағы инфографика мен флеш-технологиялардың көрінісін көрсете отырып, оны қолдануды үйрету. Инфографика дегеніміз қандай да бір оқиғаны сипаттау немесе деректерді жеткізу мақсатында кез-келген мәтін мен графиканың үйлестіріліп берілуі. Flash-технологияның негізгі мүмкіндіктері қарастырылған: векторлық графика, анимацияның бірнеше түрін қолдау, синхрондық дыбыстық сүйемелдеуді қосу, импортталатын графикалық пішіндермен өзара әрекеттесуді қолдау. Пән студенттерді осы технологиялармен таныстырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Телепродюссерлік
Пәннің мақсаты телеарнадағы мамандықтың бірі телепродюссердің қызметімен таныстыру. Продюссер ол жобаны өндіруге тікелей қатысады, әкімшілік, технологиялық, шығармашылық немесе заңды аспектілері қызметін реттейді. Қандай да бір жобаны орындау кезінде телеарна саясатын реттейді. Телепродюссердің міндеті, оның атқаратын қызметі де түсіндіріледі. Пән аясында студенттерге продюссердің тікелей эфирдегі және алдын-ала жазылатын бағдарламалардағы атқатарын негізгі жұмысы да таныстырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мәліметтер журналистикасы
Пән ақпарат беру үшін қоғамдық қолжетімді мәліметтер базасын, яғни статистикалық мәліметтерді, графиктерді, тізімдерді, карталарды және т.б. пайдалана отырып, материал дайындауға үйретеді. Data-журналистика - журналистиканың жаңа түрі. Деректер өмірдің кез келген саласына: экономика, саясат, ғылым, білім және т.б. қатысты болуы мүмкін. Пән мәліметтер базасын пайдалануды үйретуге бағытталады. Білімгер ашық дереккөздер базасын пайдалану арқылы журналистік проблемаларды зерттеудің инновациялық әдістерін үйренеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Визуалды журналистика
Пәннің мақсаты журналистикадағы ақпараттарды тұтынушыға дұрыс әрі анық ұсыну. Визуалды журналистика пәні арқылы оқырманға, тыңдарман мен көрерменге ақпараттың негізгі деректерін айшықтап көрсетудің қыр-сырын меңгеретін болады. Ол үшін түрлі кестелер мен диаграммаларды, инфографикаларды әзірлеуді меңгереді. Материалдағы нақты қандай дәйекті айшықтауға болады, қайсыбір фактіге акцент беру керектігі туралы толық мағлұматтарға ие болады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Web журналистика
Пәннің мақсаты веб журналистиканың ерекшеліктерімен таныстыру. Веб сайттарды құру жолдары мен оны дамытудың тетіктері айтылады. Веб сайтқа контент, подкаст, инфографикаларды жедел жүктеу жолдары үйретіледі. Веб парақшаларға ақпарат әзірлеудегі стилдік ерекшеліктер меңгеріледі. Веб журналистиканың басты мақсаттарының бірі ретінде ақпаратты жедел әрі нақты үлгіде өз аудиториясына ұсынуға баулу болып табылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Фактчек
Фактчекинг тек журналистиканың құралы емес. Бір кездері ол қадағалаушы журналистика мен тергеу істерінің бөлігі болған. Қазір фактчекинг журналистиканың шекарасынан асып, аудиторияның медиасауаттылығын арттыратын маңызды әдістемелік құралға айналды. Ол дезинформациямен күрескенде сөз бостандығы принципін бұзбайтын жалғыз құрал. Студенттерге жалған жаңалықтар феномені қызметінің табиғаты, эволюциясы және заңдылықтары туралы түсінік қалыптастыру; жалған ақпаратпен, ақпараттық манипуляциялармен, жалған жаңалықтармен күресу қабілетін қалыптастыру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Телевизиядағы графикалық өңдеу, титрлармен жұмыс
Телеарнадағы графикалық өңдеу жұмысын бағдарламаларда немес сюжеттерде көптеп қажет етеді. Бұл пәнде жарнамалардан анимацияға дейінгі жұмыстарды өндіріс дизайнына дейін қамтитыны түсіндіріледі. Телеарнадағы бейнелерді титрмен көркемдеудің маңыздылығы анықталады. Бұл пән болашақ журналистерге телевизиядағы кадрларда қоданылатын графика мен жазулардың түрлі өзгеріске ұшырауының басты мақсаты айқындалып, монтаждың маңыздылығы түсіндіреді. Adobe Premier, Adobe AfterEfect және т.б. компьютерлік бағдарламаларды меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Бағдарламалау және мобильді қосымша
Пәннің мақсаты жаңа технологияларды қолдана отырып, ақпарат беруді үйрету. Қазіргі уақытта мобильді қосымшаларды әзірлеу ақпараттық технологиялар саласындағы ең танымал іс-әрекеттердің бірі. Күнделікті ақпартатты мобилдендіру қазіргі сандық технологияда зор қарқын алуда. Егер мобильді қосымшалар кәсіби түрде құрастырылса, адам өміріндегі күнделікті іс-әрекетін жеңілдету үрдісіне пайдасы мол болмақ. Пән мобилді қосымшаларды медиаөнім дайындау барысында пайдалануды үйретуге бағытталады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Оқу студияларының жұмысы
Пәннің мақсаты журналистика саласы бойынша оқу студияларындағы шығармашылық жұмыстарға баулу. Телестудия, Фотостудия, Радиостудиядағы шығармашылық жұмыстардың қыр-сырын меңгертеді. Студиядағы техникалық және шығармашылық мамандардың қызметтерімен таныстырады. Оның қатарынде дыбыс және теле режиссерлер, жарық қоюшылар, сценаристер, продюсерлер, бас продюсерлер, реквизиттер, әкімшілер, гримерлар, графикалық және аудиолық өңдеушілер және т.б., мамандардың міндеттерін теориялық және практикалық тұрғыда таныстыруға бағытталады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
3D технологиялары және анимация
3D, анимация және модельдеу соңғы жылдары қарқынды дамып келеді. Бұл, сөзсіз, өнердің жаңа саласы кино,медиа, анимация, жарнамалық роликтер дайындау, түрлі презентациялар жасаудан бастап, сәулет өнері мен инженерияда және көптеген салаларда қолданылады. Пәннің мақсаты компьютерлік бағдарламаларды меңгеріп, медиа өнімді безендіруде көркемдік элементтерді дұрыс қолдануды меңгертеді. Қазіргі цифрлық технология тәжірибелеріне сай медиа дизайнының қыр-сырын меңгеруге бағытталады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 6
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Зерттелетін салада мәліметтерді жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде өз бетінше шешімдер қабылдау арқылы көшбасшылық қабілетті қалыптастырады.
- Интернационалдық ортада мемлекеттік және шетел тілдерінде кәсіби, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қарым-қатынастар орнатады.
- Кәсіби қызметінде ғылыми зерттеу әдістерін, академиялық жазба негіздері, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін қолданады.
- Кәсіби қызметінде қоғамның рухани құндылықтарын және экономикалық, экологиялық, құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарын сақтайды.
- SMM трендтерді қадағалау және оларды өз жұмысында пайдалану арқылы, танымал тақырыптық форумдармен, қауымдастықтармен жұмыс істей алады.
- Электронды құралдардың, жасанды интеллект технологияларының медиа платформалардың және әлеуметтік желілердің түрлі типтерінің артықшылықтары мен тәуекелдерін бағалай алады.
- Ақпаратты жинау және цифрлық өңдеу арқылы қоғам өміріндегі өзекті оқиғаларды эфирде тарата отырып, жаңа көзқарастарды зерттеу тұрғысынан қолдана алады.
- Газет-журнал, теле-радио, интернет жұмысының тәжірибесін үйрену арқылы түрлі журналистік жанрларда контенттер әзірлей алады.
- Материалдарды өңдеу, оның ішінде келтірілген дәйексөздердің, есімдердің, цифрлардың және басқа да нақты деректердің дұрыстығын қамтамасыз ете отырып, құрастыра алады.
- Кәсіби қызметінде қоғамның рухани құндылықтарын және экономикалық, экологиялық, құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарын сақтайды.
- Аудио (-бейне) жабдықтарды қолдана отырып, маңызды оқиғаларды тікелей эфирде жариялауды ұйымдастыра алады.
- Материалдарды (сценарийлерді) эфирге бейімдеуді/редакциялауды ұйымдастырып, бағдарламалар мен көрсетілімдердің сценарийін жаза алады.