Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B04210 Құқықтану в М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Академиялық жазу және академиялық адалдық мәдениеті қағидаттарын ескере отырып, кәсіби ортада және қоғамда қазақ, орыс және шет тілдерінде еркін қарым-қатынас жасау.
  • Дүниетанымдық, азаматтық, рухани және әлеуметтік жауапкершілікті, ғылыми зерттеу әдістерін қалыптастыру негізінде әлеуметтік-мәдени, кәсіби дамуды көрсету.
  • Ақпараттық, есептеу және қаржылық сауаттылықты, кәсіпкерлік дағдыларды, ақпаратты жалпылау, талдау және қабылдау, мақсат қою және оған қол жеткізу жолдарын таңдау, соның ішінде жасанды интеллектті қолдану қабілетін көрсету.
  • Құқықтық ұғымдар мен түсініктерді ажырату, білімдердің біртұтас жүйесіндегі құқықтық және процессуалдық құбылыстар мен құқықты іске асырудағы олардың мәнінің өзара байланысы мен сипатын бағалау.
  • Сараптамаларды тағайындайтын органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыра білу, құрылымдық сараптама бөлімшелеріне басшылық жасау, криминалистикалық және өзге де сот сараптамаларының қазіргі заманғы мүмкіндіктерін тиімді пайдалану үшін жеткілікті көлемде сараптамалық зерттеу жүргізу.
  • Салалық заңнаманың жай-күйін талдау, заңнаманың новеллаларын түсіндіру, коллизияларды, олқылықтарды, нормативтік құқықтық актілердегі сәйкессіздіктерді анықтау, оларды түсіндіру.
  • Қолданыстағы заңнаманы және өзге де құқықтық актілерді қолдана отырып, оларды қылмыстық-азаматтық және әкімшілік сот ісін жүргізу саласындағы нақты жағдайларға қолданудың құқықтық салдарын болжай отырып, құқық бұзушылықтарды, басқа да заңдық фактілер мен мән-жайларды саралау.
  • Қылмыстық-құқықтық, қылмыстық-процестік, қылмыстық-атқару нормаларының құрылымы мен түрін анықтау, олардың қылмыстық сот ісін жүргізу саласында қолданылуын түсіндіру және бағалау.
  • Азаматтық-құқықтық, азаматтық-процестік, азаматтық-атқару нормаларының құрылымы мен түрін анықтау, олардың азаматтық сот ісін жүргізу саласында қолданылуын түсіндіру және бағалау.
  • Құқықтық жүйенің жұмыс істеу ерекшеліктерін және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік механизмін және олардың кәсіби қызметте құқықты іске асыру үшін қолданылуын талдау.
  • Зерттеушілік, кәсіпкерлік дағдылармен белгісіздік жағдайындағы жұмыс жасау дағдыларын іске асыру.
  • Жеке және командада тиімді жұмыс жасау, шешім қабылдауда икемділікпен дербестік таныту, дене дайындығы мен денені дамыту жолымен әлеуметтік бейімделу.
Top